Life News Новостной агрегатор

Stan.kz — страница 15

Источник: Stan.kz · сбросить

Архив материалов источника Stan.kz, страница 15. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Stan.kz » публикация №29070

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❓🤔 Бірыңғай QR-мен қашан төлем жасай аламыз Банкаралық төлемдерге арналған бірыңғай QR-код жүйесі 19 шілдеде іске қосылады. Мұны Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты. Ертеңнен бастап заң нормалары күшіне енеді. Оған сәйкес енді банктер бұл жүйеге қатысуға міндеттеледі. Жобаның заңнамалық негізі 2025 жылдың қараша айында қабылданған. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29069

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

‼️ Төрт жасөспірім парк аумағындағы көгалды өртеп жіберді Оқиға 18 маусымда Астанада Триатлон паркінде болған. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Жасөспірімдердің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29068

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Тоқаев денсаулық саласында маман тапшылығын жоюды тапсырды Сөзінше, бұл мәселенің зардабын әсіресе ауылдық жерлер тартып отыр. "Ол үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек жұмысшыларын қолдау бағдарламасын әзірлеу қажет. Дәрігерлер мемлекет қамқорлығын сезінуі керек. Олар үшін лайықты жалақы, толық әлеуметтік пакет және жергілікті жерде жұмыс істеуге ынталандыратын тетіктер болуға тиіс", – деді ол. Президенттің сөзінше, елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр. Сондықтан Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет, дейді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29067

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💬 "Дөрекілік пен мәдениетсіздіктің көрінісі" Тоқаев қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Мұны ол медицина қызметкерлерімен кездесуде айтты. Президент еліміздің зайырлы мемлекет екенін тілге тиек етті. Десе де бұл ұлт болмысынан аттау деген ұғым емес дейді. “Озық, заманауи елдің азаматтары қоғамда, көпшілік ортада, әсіресе, жұмыс орнында өздерін орынды ұстай білуі қажет. Мысалы, соңғы уақытта көп адамдардың амандасу кезінде де өрескел, орынсыз әрекеттерге жол беріп жатқанын көріп жүрміз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты күшейте түсу қажет. Бұл – жай ғана шағын мәселе емес. Әр халықтың тұрмыстық салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына қарап, шетел адамдары сол елдің қаншалықты мәдениетті, дамыған жұрт екендігі жөнінде пайым жасайды”, – деді ел басшысы. Сөзінше, өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс. Ал мұның бәрі қоғамдық орындарда әдеп сақтау, өзін дұрыс ұстау, өзара құрмет көрсету сынды негізгі қағидалардан басталатыны анық. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29066

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Бір бөлмелі пәтерге 990 адамды заңсыз тіркеген Алматыда Наурызбай ауданында тұратын ер адам үйіне адамдарды заңсыз тіркеп отырған. Ол осы үшін ақшалай сыйақы алған. Оның әрекеті заңсыз көші-қонды ұйымдастыру деп бағаланды. Осылайша сот "резеңке пәтердің" иесін 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесті. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29065

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қолына сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген ана естеріңізде ме? Оны алматылық мейрамхана қызметкері Алмат Несіпқалиев тауып, сөйлескен. Әйелге қолдау білдіру үшін мекенжайын сұрап, әріптестерімен бірге оның үйіне барып қайтыпты. Ер адамның сөзінше, әйел…


Stan.kz » публикация №29064

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қайран 34 миллион теңге... 🥲💰 Павлодар облысы Көктас ауылы маңындағы көпір суға кетті. Ол былтыр ғана 34 миллион теңгеге жөнделген. Десе де су тасқынына шыдамаған. Бұл көпірді төрт ауылдың тұрғындары пайдаланады. Олар өзеннің арғы бетіне осы көпір арқылы өтіп, мал азығын дайындайтын. Енді тұрғындар не істерін білмей жатыр. Қыстан қалай шығамыз деп уайым қылып отыр. Ал әкімдік мердігер компанияны сотқа берген. Кейін тараптар келісімге келген. Оған сәйкес, "СтройЭталон" ЖШС көпірді 25 шілдеге дейін қалпына келтіруі тиіс. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29063

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Суши кафесінен 65 адам уланып қалды Оқиға Алматы облысы Боралдай ауылы Sushi Time деп аталатын қарапайым фаст-фуд мейрамханасында болған. Тұтынушылар өзін жайсыз сезінетінін айтып, ауруханаға жүгінген. Олар мейрамханадан пицца, суши және басқа да тағамдарды жегенін айтқан. Тұтынушылардың көпшілігі роллы мен пицца комбосына тапсырыс берген екен. Сосын жүрегі айнып, іші ауырып, құса бастаған. Қазір өңірдегі үш ауруханада 36 науқас емделді. Жағдайы тұрақты. 29 адам амбулаториялық емге жіберілді. Мекеменің өзі уақытша жабылды. Иесі фаст-фуд индустриясында 6 жыл жұмыс істеп келе жатыр екен. Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр дейді. Санитарлық дәрігерлер кафені тексерген. Олар зертханалық тексеру үшін шикізат пен өнімдердің сынамаларын алғған. Қорытындысы енді шығады. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29062

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Бүгін АҚШ пен Иран келісімге келгенін мәлімдеді Оған қоса Ливанда атысты тоқтату туралы уағдаластық жасалғанын айтты. Ал Трамп Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының қайта жанданатынын және Иранға қарсы теңіз блокадасының тоқтатылатынын жария етті. Енді Женевада…


Stan.kz » публикация №29061

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇺🇿🇨🇴 “Өзбекстан” “Колумбия” құрамасына есе жіберді Кездесу 3:1 есебімен Колумбияның пайдасына шешілді. Ал Өзбекстан құрамасы Әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Өзбекстан құрамасы келесі ойынын 23 маусым Португалияға қарсы өткізеді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29060

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🌐 Сәрсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Қазақстандықтардың жеке дерегі жабық сайт арқылы шетелге сатылған, қылмыстық схеманы ұйымдастырды деп күдікке ілінгендер ұсталып, изоляторға қамалды 🔶 Қазақстан алкоголь тұтыну деңгейі бойынша Орталық Азия елдерінің арасында бірінші орынға шығып, "ең ішкіш" ел атанды 🔶 Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін 600 миллион доллар қарыз алайын деп отыр 🔶 АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады 🔶 "Ордабасы" футбол клубы сатылды, алайда кім алғаны әзірге нақты айтылмады t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29057

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚽️😍Дастан Сәтпаев “Қайрат” сапындағы соңғы ойынанда дубль жасады Алматылық “Қайрат” Қазақстан Премьер-лигасының матчында петропавлдық “Қызылжарды” 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Кездесудің басты кейіпкері 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев болды. Ол дубль авторы атанып, “Қайрат” сапындағы Алматыдағы соңғы ойынында жанкүйерлерімен әдемі қоштасты. Жас футболшы жақын күндері Англияға аттанып, “Челси” клубына қосылады. Алматылықтардың үшінші голын клубтың жастар құрамасының ойыншысы Исмаил Бекболат соқты.


Stan.kz » публикация №29056

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌹Ақтауда әкімдіктің рұқсатынсыз тегін гүл таратқан кәсіпкер айыппұл арқалады Әкімдік қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Ақтау жағалауында өткен би кешіндегі құқық бұзушылықты анықтаған. Кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, енді ол 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Әкімдік мәліметінше, қоғамдық орындарда жарнамалық акциялар өткізу, сондай-ақ гүл, азық-түлік, киім және басқа да тауарларды тегін тарату уәкілетті мемлекеттік органдармен міндетті түрде келісуді талап етеді. t.me/stankznews



Stan.kz » публикация №29054

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🗓️Қазақстандағы мерекелер санын қысқарту ұсынылды Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев кәсіби мерекелер жүйесін қайта қарап, мемлекеттік органдардың құрылған күндеріне арналған атаулы мерекелерден бас тартуды ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанда 74 кәсіби мереке бар, олардың шамамен 20%-ы нақты мамандықтарға емес, ведомстволардың құрылған күндеріне арналған. Депутат мұндай мерекелердің көптігі олардың маңызын төмендететінін айтты. Сондай-ақ ол қайталанатын және тар ауқымды мерекелерді біріктіріп, тізімді екі жыл сайын қайта қарап отыруды ұсынды. Пономаревтің пікірінше, бұл кәсіби мерекелердің мәнін арттырып, еңбек адамдарына деген құрметті күшейтеді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29052

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Назарбаевтың әйгілі видеосы қай жағажайда түсірілді❓😁 Оның құпиясын блогер Февралев ашты. Блогердің айтуынша, Назарбаев бұл видеоны Рио-де-Жанейродағы әйгілі Копакабана жағажайында түсірген. Февралев оған дәлел ретінде видеода экс-президенттің артқы жағында көрінетін төбелер мен ғимараттарды көрсеткен. Ал желі қолданушылары "енді қазақтар бұл трендті түсіру үшін Бразилияға баратын болды ғой" деп әзілдеді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29051

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

"Ордабасы" футбол клубы сатылды Клубтың 100% мемлекеттік акциялар пакеті 16 маусымда электрондық сауда арқылы өткізілді. Клубтың сатылу бағасы бастапқы құнынан небәрі 1000 теңгеге жоғары болды, яғни 156,9 миллион теңге. Алғашында “Ордабасыны” 224,2 миллион теңгеге сату жоспарланған. Алайда 28 мамырға белгіленген алғашқы аукцион өтпей қалды. Себебі сатып алуға ниет білдірген бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Кейін қайта сауда жарияланып, клуб бағасы 67,3 миллион теңгеге төмендетілді. Әзірге клубты сатып алған адамның аты-жөні ресми жарияланбады. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29050

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Әлем чемпионатындағы әсерлі көрініс 😍 Өзбекстан құрамасының жанкүйерлері футболдан әлем чемпионатында тек өз елінің емес, бүкіл Орталық Азия елдерінің туын желбіретті. Жанкүйерлердің әрекетіне желі қолданушылары риза болып жатыр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29049

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Министрдің өз баласы әскерге бара ма❓🤔 Сауалға Қорғаныс вице-министрі Асқар Мұстабеков жауап берді. Қазір оның бір ұлы әскерде шекара қызметінде жүр. Ешқандай шағымы жоқ дейді. Болашақта келісімшарт негізінде әскери қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр екен. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29047

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

62 жастағы әйел 34 әшекейді интим жеріне жасырып өтпек болған Ол зергерлік бұйымдарды Каспий теңізі арқылы қатынайтын Әзірбайжан паромымен елге заңсыз жеткізбек болған. Десе де ол шекара бекетіне келгенде ұсталған. Себебі әйел жүруге қиналып, қолын ішіне қайта-қайта қоя берген. Бұл шекарашылардың күдігін туғызған. Тексеру барысында одан 34 алтын бұйым табылған. Олардың қатарында сақина, білезік және сырға болған. Зергерлік бұйымдар тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29046

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

АҚШ-та қазақстандық терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды Мұны АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі мәлімдеді. Олар Еламан Балтагерейді 5 маусымда ұстаған. Өткен жылдың жазында АҚШ-тың иммиграциялық соты қазақстандықты елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда ол сот отырысына келмеген. Енді ол терроризмге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен қамауға алынған. Оған қоса ер адамға қатысты АҚШ-тан шығару туралы шешім күшінде тұр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29045

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💰 Еліміз бюджет тапшылығын жабу үшін 1 млрд доллар қарыз алмақ Билік Халықаралық қайта құру және даму банкінен 92,3 миллиард иен (шамамен 280 млрд 592 млн теңге) көлемінде қарыз алмақ. Несиені өтеу мерзімі – 11 жыл. Оның алғашқы бес жылы жеңілдік кезеңі ретінде қарастырылған. Тиісті келісім бүгін Мәжілісте қаралып жатыр. Оған қоса еліміз Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жылдық 1,2% мөлшерлемемен 400 миллион доллар (195 млрд 660 млн теңге) қарыз алады. Одан бөлек, 1,5 млрд доллар (733 млрд 725 млн теңге) көлемінде еурооблигациялар шығару жоспарланған. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29044

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Астанадағы Amanat партиясының маңдайшасы "Әділет" деп өзгерді Жаңа атау Amanat-тың орталық аппаратының ғимаратына қойылды. Мұндай өзгерістер еліміздің басқа қалаларында да жүзеге асып жатыр екен. Айта кетейік, мұндай өзгеріс осыдан 20 жыл бұрын болған еді.…


Stan.kz » публикация №29043

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🥂 Еліміз Орталық Азиядағы “ең ішкіш” ел атаныпты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен World Population Review бірлесіп есеп жүргізген. Оған сәйкес, Қазақстанда 15 жастан асқан бір азамат жылына орта есеппен 5,4 литр таза спирт тұтынады. Ал: 🔶 Қырғызстан – 3,9 литр; 🔶 Өзбекстан – 2,1 литр; 🔶 Тәжікстан – 0,7 литр. Осылайша, Тәжікстан Орталық Азиядағы ең "салауатты" немесе ең аз алкоголь тұтынатын ел атанды. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29042

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Халықтың жеке дерегін таратқандар ұсталды Қылмыстық топты Қазақстан мен Чехия полициясы құрықтады. Құқық қорғау органдары Чехияның Усти-над-Лабем, Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында бір мезгілде тінту жүргізді. Тексеріс кезінде деректер сақталған цифрлық тасымалдағыштар мен қолма-қол ақша тәркіленді. Мәліметке сәйкес, қылмыстық топ халықаралық деңгейде әрекет еткен. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29041

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🌐 Сейсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу аяқталды, күдікті қазір Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталып жатыр 🔶 Павлодарлық ер адам туыстарымен бірге есірткі қосылған көкнәрды азық-түлік ретінде сатып келген 🔶 АҚШ полициясы қазақстандық Әсет Құралбайдың қаза тапқанын растады, енді отбасы оның денесін елге әкелу үшін қаражат жинап жатыр 🔶 Қазақстандық пойыздар интернетпен қашан қамтылады, ҚТЖ өкілі жауап берді, "Қазақстан темір жолы" басшысы өзінің жеке бизнесі барын растады, ұлттық компания басшылар мен қызметкерлер қанша сыйақы алғанын айтты 🔶 Атыраудағы бір отбасы мүшелерін өлтірді делінген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев осы әрекеті үшін Меккеге барып, кешірім сұраған t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29040

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚡️СҚО-да жұмысшы егістікті химикаттармен дәрілеу кезінде көз жұмды Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғыны ауданның бір ЖШС-інде жалданып жұмыс істеген. Егістіктерді гербицидтермен өңдеу барысында оның жағдайы күрт нашарлап, ер адам есінен танып қалған. Әріптестері жедел жәрдем шақырып, уақыт жоғалтпау үшін зардап шеккен адамды дәрігерлерге қарай жолға алып шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі – нақты түрі анықталмаған пестицидтердің уытты әсері деп көрсетілген. СҚО полиция департаменті жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29039

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚆Түркістан облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті Оқиға 16 маусымда Шиелі-Түркістан темір жол учаскесінде болған. “ҚТЖ” мәліметінше, Саратов - Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында техникалық себептерге байланысты бір вагон рельстен шығып кетті. Жолаушыларға медициналық көмек ұсынылған. Оларды тасымалдау үшін қосымша пойыз бөлінді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29038

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді Президенттің төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Үкімет мүшелері ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгерді. Бұл сала тек ірі державалардың «жабық клубына» тиесілі болған дәуір артта қалды. Сондай-ақ мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен және басқа да шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты дамыту қажет екенін айтты. Президент Үкіметке ғарыш саласын жаңғыртуды және оның әлеуетін мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануды көздейтін бірқатар нақты тапсырма берді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29037

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қостанайда бес күдіктіні сотқа апара жатқан полиция көлігі жол апатына ұшырады Қызметтік көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, аударылып қалған. “Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қызметтік Jac маркалы автокөлік қызметтік жарықтары қосулы күйде қиылыстан өту кезінде маневрдің қауіпсіздігін толық тексермей, жасыл бағдаршамға өтіп бара жатқан Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан", - делінген полиция хабарламасында. Апаттан кейін қызметтік көліктегі бес адам қалалық ауруханаға жеткізіліп, бастапқы тексеруден өткен. Ал жарақат алған екі полиция қызметкері әлі ауруханада тексеруден өтіп жатыр. t.me/stankznews


Архив Stan.kz — страница 15

Это 15-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.