Stan.kz » публикация №29051
"Ордабасы" футбол клубы сатылды Клубтың 100% мемлекеттік акциялар пакеті 16 маусымда электрондық сауда арқылы өткізілді. Клубтың сатылу бағасы бастапқы құнынан небәрі 1000 теңгеге жоғары болды, яғни 156,9 миллион теңге. Алғашында “Ордабасыны” 224,2 миллион теңгеге сату жоспарланған. Алайда 28 мамырға белгіленген алғашқы аукцион өтпей қалды. Себебі сатып алуға ниет білдірген бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Кейін қайта сауда жарияланып, клуб бағасы 67,3 миллион теңгеге төмендетілді. Әзірге клубты сатып алған адамның аты-жөні ресми жарияланбады. t.me/stankznews





























