🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі. Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады. t.me/stankznews
Stan.kz — страница 13
Архив материалов источника Stan.kz, страница 13. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Маңғыстауда бала қатарластарымен қатар балабақша тәрбиешілерін де қорқытып келген Ата-аналар бұзық баланы "директордың баласы" деп атайды. Ол тыныштық уақытында балалардың бөлмесіне кіріп, ұйықтатпайды екен. Тіпті оның бұзақылығына шыдамаған тәрбиешілер жылап…
🇰🇿🇶🇦 Тоқаев Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты. “Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын”, – делінген жеделхатта. t.me/stankznews
📲Қазақстандықтарға нөмірі мен смартфонын бөгде адамға беруге тыйым салынбақ Бұл шектеу тек жақын туыстарға қолданылмайды. Өзгерістің мақсаты – байланыс нарығындағы тәртіпті күшейту. Билік "сұр" телефондардың санын азайтып, IMEI нөмірін ауыстыру және бөтен…
⚡ Александр Пак 10 жылға сотталды Алматыдағы Әл-Фарабидегі апат бойынша сот үкімі шықты. Судья айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды. t.me/stankznews
Әл-Фарабидегі апаттан қаза тапқан қыздың әкесі күдіктіден 100 миллион теңге өтемақы талап етті Марқұм Томирис Қыдырбектің әкесі қызының қазасы өзі үшін орны толмас қайғы екенін айтты. Оның сөзінше, сотталушының ешбір әрекеті бұл қасіреттің орнын толтыра алмайды.…
⚽️Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бап бапкері болды Ол бұған дейін 2016-2017 жылдары және 2020-2022 жылдары бас бапкер болған еді. t.me/stankznews
Тойға барғандар жаппай уланып, ауруханаға түсті Бұл жағдай Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Қандыағаш қаласында болған. “Тұмар” мейрамханасына тойға барғандар арасынан 102 адам уланып, ауруханаға түскен. Оның ішінде 34 науқаста сальмонеллездің ықтимал жағдайы тіркелген. Қазір науқастардың жағдайы орташа ауыр. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал мейрамханаға тексеру басталды. Мамандар тағам өнімдері мен қоршаған ортадан сынамалар алып, сараптамаға жіберген. Ал мейрамхана жұмысы уақытша тоқтады. t.me/stankznews
Таиландта қазақстандық рэпер бір жоғалып, табылды Бұған дейін желіде рэпер Кисло-Сладкийдің (Дархан Жұмабек) Паттайя қаласында жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Сол кезде оның видеосы да жарияланған. Кадрдан ер адамның жалаңаш күйде, ес-түссіз жүргенін…
Енді жігіттерді әскерге оқу орнынан әкетіп жатыр Алдын әскерге мейрамханадан, көшеден күштеп әкетіп жатқанын көрдік. Енді міне әскери комиссариат өкілдері оқу орындарына жетті. Бұл жолы Таразда. Олар студентті "Парасат" колледжінде емтихан тапсырып жатқан…
Ер адам өнер көрсетем деп абайсызда өртене жаздады Бұл жағдай Астанада жағалауда болған. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады. Кадрдан аузынан жалын шығарып жатқан ер адамды көруге болады. Бір сәтте сол жалын денесіне тарап, үстіндегі киім өртенеді. Әзірге ер адамның жағдайы қалай екені белгісіз. Тиісті органға сауал жолдадық. t.me/stankznews
💬 "Мен кешірім бермедім" Әл-Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томирис Қыдырбектің әкесі Нұрлан Шатенов жәбірленуші деп танылды. Күдікті Пактың қорғаушылары өтінішке қарсы шықты. Олардың айтуынша, Шатенов 2018 жылдан бері әйелімен ажырасқан және алимент…
💬 "Мен кешірім бермедім" Әл-Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томирис Қыдырбектің әкесі Нұрлан Шатенов жәбірленуші деп танылды. Күдікті Пактың қорғаушылары өтінішке қарсы шықты. Олардың айтуынша, Шатенов 2018 жылдан бері әйелімен ажырасқан және алимент…
Таиландта қазақстандық рэпер бір жоғалып, табылды Бұған дейін желіде рэпер Кисло-Сладкийдің (Дархан Жұмабек) Паттайя қаласында жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Сол кезде оның видеосы да жарияланған. Кадрдан ер адамның жалаңаш күйде, ес-түссіз жүргенін көруге болады. Ол осы әрекетінен кейін із-түссіз жоғалған. Десе де кейінірек рэпердің Таиландтағы ауруханалардың бірінен табылғаны айтылды. Оның қайда жүргенін жергілікті тұрғындар хабарлаған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Әзірге оған ешкімді кіргізбей жатыр екен. Мәліметке сәйкес, ол Пхукетте бейнебаян түсіруге кеткен. Алайда музыкант белгіленген жерге бармаған. t.me/stankznews
Енді жігіттерді әскерге оқу орнынан әкетіп жатыр Алдын әскерге мейрамханадан, көшеден күштеп әкетіп жатқанын көрдік. Енді міне әскери комиссариат өкілдері оқу орындарына жетті. Бұл жолы Таразда. Олар студентті "Парасат" колледжінде емтихан тапсырып жатқан жерінен алып кеткен. Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрдан бір жігітті екі адамның көлікке күштеп отырғызып жатқанын көруге болады. Десе де жігіт кейін әскерге өз еркімен бара жатқанын мәлімдеді. Студент 2006 жылы туған. Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғыны. Оған әскерге шақыру қағазы жіберілген. Алайда ол талапты орындаудан бас тартқан. Сосын оны пунктке мәжбүрлі түрде жеткізген екен. t.me/stankznews
Енді 24 маусымнан бастап ескі 2000 теңгелік банкнот қабылданбайды Ұлттық банк мәліметінше, ескі үлгідегі банкноттарды айналым мерзімі аяқталған соң да жаңасына айырбастауға болады. Ескі ақшаны барлық банк пен Қазпошта бөлімшелерінде тағы үш жыл бойы ауыстыруға болады. Ал Ұлттық банк филиалдары мұндай айырбастауды мерзімсіз жүргізеді. t.me/stankznews
Биыл әлем чемпионатында ең көп жалақыны кім алады? 11 футболшының тізімін Forbes Global жариялады. Олар: Криштиану Роналду – 300 миллион доллар; Лионель Месси – 140 миллион доллар; Килиан Мбаппе – 95 миллион доллар; Эрлинг Холанд, Норвегия — 80 миллион доллар; Винисиус, Бразилия — 60 миллион доллар; Мохамед Салах, Мысыр — 55 миллион доллар; Садио Мане, Сенегал — 54 миллион доллар; Джуд Беллингем, Ұлыбритания — 44 миллион доллар; Ламин Ямаль, Испания — 43 миллион доллар; Гарри Кейн, Ұлыбритания — 41 миллион доллар. t.me/stankznews
🇰🇿🌐 Демалыс күндері елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Енді Қазақстанда түнгі 12-де от шашу атып, туған күн тойлайтындар жазаланады, оларға 22 мың теңге көлемінде айыппұл салынады 🔶 Ақтөбеде автогаз құю бекетінде көлік өртеніп, жалын арасынан балалармен қосқанда үш адамның денесі табылды, кейін автогаз станциясының иесі ұсталып, қамауға алынды 🔶 Шығыс Қазақстан облысындағы орман алқабында өрт шықты, оны сөндіруге ТЖМ қызметкерлері мен екі тікұшақ жұмылдырылды 🔶 Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек пен тоғыз дәрігер жіберді, дәрігерлер бір апта бойы тұрғындарды тегін қарайды 🔶 Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп, 5 алтын иеленді t.me/stankznews
Санжар Ташкенбай төртінші алтынды әкелді🥳🥇 Қытайда өткен әлем кубогының финалында ол өзбекстандық Асылбек Жалиловты жеңді. 50 келі салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. t.me/stankznews
Еншімізде 3 алтын🥇🥳 Назым Қызайбайдан бөлек екі спортшымыз да алтын медаль алды. Виктория Графеева тайвандық Лин Ютингті, Абылайхан Жүсіпов үндістандық Дипакты жеңді. Енді түстен кейінгі сессияда екі финал бар. t.me/stankznews
Ақтөбеде қатты дауылдан ағаштар құлап, көп үйлерде жарық өшті Сағат 13:30 шамасында Ақтөбеде кенеттен күшті дауыл тұрды. Мира көшесіндегі №5 ғимараттың ауласында ағаш тұрғын үйдің дәл жанына құлады. Тұрғындар басқа аулалардағы құлаған ағаштар кіреберістерінің жанында тұрған көліктерге зақым келтіргенін айтады. t.me/stankznews
Түркістан облысында пойыз жолына бес жасар бала шығып кеткен Шорнақ станциясының маңындағы рельске бес жасар бала шығып кетті. Пойыз сағатына 70 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда, локомотив бригадасы баланы байқап, апаттық тежегішті басты. Алматы-2-ден Саратовқа баратын №7/8 жолаушылар пойызының машинисі пойызды тоқтата алды. Пойыз төрт минутқа кешікті. t.me/stankznews
Елімізге +1 алтын🥇 Боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды. Ол финалда италиялық Сирин Чараабиді 4:1 есебімен жеңді. Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы. t.me/stankznews
Елімізге +1 алтын🥇 Боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды. Ол финалда италиялық Сирин Чараабиді 4:1 есебімен жеңді. Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы. t.me/stankznews
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді Дәрігерлер бір апта бойы тұрғындарды тегін қарайды. Ал гуманитарлық жүктің жалпы салмағы - 318,8 тонна. Оның құрамына 1,867 тонна дәрі-дәрмек (вирусқа қарсы, гипогликемиялық, гастроэнтерологиялық, жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған, бронхты кеңейтетін және басқа да препараттар), медициналық бұйымдар, 300 тонна қант, 100 жазғы шатыр, төсек-орын жабдықтары және басқа да қажетті заттар кірді. t.me/stankznews
ШҚО-да орман өрті шықты: Өрт сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды Өрт 20 маусымда Асу-Бұлақ орман шаруашылығы аумағындағы Аюда шатқалында шыққан. Құрғақ шөп, бұталар мен орман өсімдіктері жанған. Қазір мамандар өрт ошақтарын оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеуде. Тікұшақтар қауіпті учаскелерге су төгіп жатыр — әуе техникасы 13 рет ұшып, 39 тонна су шашқан. t.me/stankznews
Курьер болып жүрген декреттегі аналардың төлемі тоқтатылмайды — министрлік Қазақстанда бала күтімі кезінде курьер болып, қосымша табыс табатын аналарды әлеуметтік төлемнен айырады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның айтуынша, декреттегі ата-аналарға төлем бала 1,5 жасқа толғанға дейін сақталады. Жұмысқа шығуына байланысты төлем тек адамның өз өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. t.me/stankznews
Ақтөбеде автогаз құю бекетінде көлік өртеніп, 3 адам қаза тапты Оқиға 19 маусым күні кешке болған. Өрт небәрі 8 минутта сөндірілгенімен, көлік салонынан үш адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар. Өрт сөндірушілер жалында станцияға…
Ақтөбеде автогаз құю бекетінде көлік өртенді: Жалыннан балалармен қосқанда үш адамның денесі табылды Оқиға 19 маусым күні кешке болған. Өрт небәрі 8 минутта сөндірілгенімен, көлік салонынан үш адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар. Өрт сөндірушілер жалында станцияға тарамауының алдын алған. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр. t.me/stankznews
Енді Қазақстанда түнгі 12-де от шашу атып, туған күн тойлайтындар жазаланады Ішкі Істер министрлігі тұрғындардан шағым көбейгендіктен тексеріске шығатынын алға тартты. Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйлердің ауласында дәл осындай жағдайлар өзгелерді ұйықтатпай мазаны алады. Бос бөтелкелер мен пиротехника қалдықтарын да аяқ астында қалдыратындар бар. Полиция ескертуге көнбегендерге 22 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын айтты. Егер қайталанса, әкімшілік жазаның көлемі екі есеге ұлғаяды. Туған күнді шуламай тойлаңыздар… t.me/stankznews
Архив Stan.kz — страница 13
Это 13-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.