Stan.kz » публикация №29075
Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистияға кімдер ілігуі мүмкін: Министрлік түсіндірді ІІМ мәліметінше, қылмыстық амнистия қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасағандарға қолданылады. Сондай-ақ залал келтірілмеген немесе толық өтелген жағдайда ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталғандар да рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Ведомствоның мәліметінше, амнистия 15 мыңнан астам адамға, оның ішінде 1,5 мың сотталғанға қатысты болуы ықтимал. Ал әкімшілік амнистия аясында 2026 жылғы 17 наурыз сағат 24:00-ге дейін жасалған құқық бұзушылықтар бойынша орындалмаған айыппұлдарды есептен шығару көзделген. Бұл шара азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге, нотариустарға, адвокаттарға және жеке сот орындаушыларына қатысты болмақ. ІІМ дерегінше, тек ведомство желісі бойынша 17 млрд теңгеден асатын шамамен 1 млн әкімшілік айыппұл рақымшылыққа ілігуі мүмкін. t.me/stankznews





























