Халықтың табысы неге азайды❓🤔 Депутат Сергей Карплюк премьер-министр Олжас Бектеновтен экономика өсіп жатқанымен, халықтың нақты табысы неге азайғанын сұрады. Бектенов Үкімет экономикалық өсімді өз алдына мақсат емес, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың құралы ретінде қарастыратынын айтты. Оның сөзінше, өткен жылы экономика қарқынды дамығанымен, елде инфляциялық қысым жоғары болды. "Инфляция шарықтау кезеңінде 12,9%-ға жетті. Қазір Үкіметтің, Ұлттық банктің және басқа да мемлекеттік органдардың қабылдаған шараларының нәтижесінде бес айдың қорытындысы бойынша инфляция 10,4%-ға дейін төмендеді. Жақын уақытта оны 10%-дан төмен деңгейге түсіруді жоспарлап отырмыз, деді премьер-министр. t.me/stankznews
Stan.kz — страница 11
Архив материалов источника Stan.kz, страница 11. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
💬 "12 мүшесі сау күйінде жерлегіміз келеді" Сарбаз Ербаянның отбасы ұлының мәйітін сот-медициналық сараптамаға беруден бас тартты. Олар тіпті іске қатысты тергеуді тоқтататынын мәлімдеді. Мұны отбасының адвокаты Инга Иманбай да растады. Оның айтуынша, Ербаян…
Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болды Елде магнитудасы 7,1 болатын дүмпу тіркелді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Десе де олардың нақты саны әзірге белгісіз. Табиғи апат салдарынан ғимараттар да қираған. Елде төтенше жағдай режимі енгізілді.…
⚽️🇵🇹Криштиану Роналду Өзбекстан құрамасының қақпасына 2 рет гол соғып, әлем чемпионатының рекордын орнатты Португалиялық шабуылшы K тобындағы екінші тур матчында есеп ашты. Ол ойынның 6-минутында айып алаңы ішінен бір-ақ жанасумен қапталдан берілген пасты…
🇰🇿🌐 Бейсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Венесуэлада екі жойқын жер сілкінісі тіркелді, қаза тапқандардың саны 10 мыңнан асады деген болжам бар 🔶 Алматы облысында өртенген күйі табылған полицейдің артында жеті баласы қалды, кейін оған қатысты жаңа деректер айтылды 🔶 Алматыда төрт айлық сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген ана басқа қалаға көшіп кеткен, ұсынылған көмектен бас тартқан 🔶 Павлодар облысында ішінде 13 адамы бар тікұшақ апатты жағдайда, мәжбүрлі түрде қонды 🔶 Қазақстанда енді шетелдіктерге суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынады 🔶 Қазақстанда енді жұмыс берушілер әріптестері үшін жұмыс істеген қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге міндетті t.me/stankznews
Шетел азаматтары үшін Қазақстанға кіру ақылы болады Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік шекарадан өту тәртібін түбегейлі өзгертетін ауқымды заңнамалық түзетулерді бекітті. Енді шетел азаматтары үшін Қазақстанға кіру ақылы болады және цифрлық рұқсат беру жүйесі енгізіледі. Қазақстанда көші-қон жүйесі толықтай цифрландырылмақ. Жаңа заң бойынша үш негізгі ұғым енгізіледі: электронды кіру рұқсаты, иммигранттың цифрлық профилі және шетел азаматтары туралы деректер сақталатын орталық база. Барлық ақпарат бірыңғай цифрлық платформада біріктіріледі. Сондай-ақ елге келушілер үшін міндетті алым енгізіледі, оның мөлшерін үкімет айқындайды. Бұл жүйені мемлекеттік үлесі басым оператор басқаратын болады. t.me/stankznews
Қыздың бөксесінен ұстаған... Бұл жағдай Алматы метросында болған. Бейтаныс ер адам қыздың бөксесінен екі рет шапалақпен ұрған. Адам көп болған соң қыз біреудің сөмкесі тиіп кеткен болар деп ойлаған. Алайда ер адам үшінші рет бойжеткенді бөксесінен қысып ұстаған. Сол сәтте қыз айғай шығарып, оны суретке түсіріп үлгерген. Десе де ер адам "Алатау" станциясына келгенде вагоннан шығып, қашып кеткен. Оның қашқанын екі куәгер растады. Қыз ер адамның үстінен арыз түсірген. Нәтижесінде ер адам анықталып, 5 тәулікке қамауға алынды. t.me/stankznews
🇰🇿🇪🇺 Еуропалық Одақпен толық визасыз режим: Қазақстандықтар үшін шенген визасы жойылуы мүмкін СІМ өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, енді тараптар келісімдерге қол қоюға дайындық үшін ішкі рәсімдерді жүргізеді. Министрлік болашақта Еуроодақпен толық визасыз режим енгізілуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Алайда алдымен визалық талаптарды жеңілдету туралы келісімге қол қойылып, содан кейін ғана визасыз режим мәселесі қаралады. “Бұл азаматтарымыздың Еуропаға сапарларын жеңілдететін маңызды қадам болады”, – деді Жетібаев. t.me/stankznews
Блогер Джузефина әлеуметтік желідегі тікелей эфирі үшін 10 тәулікке қамалды Ол эфирде әкесінің оны бала кезінде зорлағанын айтқан. Алматы полициясы видеода айтылған ақпарат бойынша тексеру жүргізген. Контент авторы мен ата-анасынан жауап алған. Нәтижесінде құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпарат расталмаған. Сонымен қатар видеода блогер тыйым салынған заттарды қолданғанын көрсеткен. Медициналық тексеріс блогердің есірткі заттарын қолданғанын растады. Нәтижесінде сот блогерді 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. t.me/stankznews
Өртенген күйі табылған полицейдің соңында жеті баласы қалды Полицияда 15 жылдан астам еңбек еткен Аслан Әлсеровты туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Оның мәйіті Кеген ауданының таулы аймағынан табылған еді. Көршілерінің сөзінше, қанды қылмыс пәтерде…
АҚШ-та қазақ азаматын іздеу жұмыстары аяқталды Өкінішке қарай, Әсет Құралбайдың мәйіті табылды. Оның денесің елге жеткізу үшін әпкесі Чикагоға ұшпақ. Айта кетейік, 24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго маңында тұрған. Ол соңғы рет 2 маусымда хабарласқан, ал 7…
Компания тұсаукесерінен екі күн өткен соң жүргізушілер ереуілге шықты Наразылыққа шыққандар Алматыға жаңадан келген GreenSM компаниясының жүргізушілері. Олар табыс азайғанын, тапсырыс көп түспейтінін айтты. Оған қоса төлемдерге қатысты да мәселеге тап болдық дейді. Кей жүргізушілер компаниямен жұмысын тоқтатуға дайын отыр. Сонымен қатар такси жүргізушілері компания басшылығына ұжымдық үндеу әзірлеген. Оған 100-ден астам адам қол қойған. t.me/stankznews
Енді әріптесінің жұмысын істеген қызметкерге қосымша ақы төленеді Егер жұмыстағы әріптесіңіз демалысқа шықса, ауырып қалса немесе басқа себеппен жұмысқа келмей, оның жұмысын сіз атқарсаңыз, жұмыс беруші сізге қосымша ақы төлеуге міндетті. Бұған дейін көптеген компания мұндай төлемді жасамайтын. Себебі Еңбек кодексінде мұны төлемеуге мүмкіндік беретін норма болған. Енді бұл норма алып тасталды. Яғни бір адамның жұмысын қосымша атқарған қызметкерге міндетті түрде қосымша ақы төленуі тиіс. Алайда заңда бұл төлемнің нақты мөлшері көрсетілмеген. Сондықтан оның көлемін жұмыс беруші мен қызметкер өзара келісіп белгілейді. Ал кей сарапшылар бұл өзгеріске қарсы. Олардың пікірінше, әріптестің ауырып қалуы немесе демалысқа шығуы сияқты жағдайлар жиі болады. Сондықтан мұндай жағдайда жұмыс берушіні міндетті түрде қосымша ақы төлеуге міндеттеу бизнеске қосымша салмақ түсіреді. t.me/stankznews
Елімізде енді шетелдіктер суррогат ана қызметін пайдалана алмайды Сенат заң жобасын мақұлдады. Енді оған сәйкес, суррогат ана қызметіне Қазақстан азаматтары және ресми некеде тұрған ерлі-зайыптылар ғана жүгіне алады. Қазір қолданыстағы заңда қажет шарт бала сүйгісі келетін ерлі-зайыпты мен суррогат ананың арасында жасалатыны көрсетілген. Алайда тапсырыс берушілер міндетті түрде "Қазақстан азаматы болуы керек" деген талап қарастырылмаған. Енді бұл норманы өзгерту ұсынылып отыр. t.me/stankznews
‼️ Төтеншеліктердің ұшағы апатты жағдайда қонды Олар Павлодар облысындағы Байдалы уылы маңына тұрақтаған. Бұл "Қазавиақұтқару" әуе компаниясына тиесілі Ми-8 АМТ тікұшағы. Тікұшақ ішінде 13 адам болған. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мәліметке сәйкес, құтқарушылар 76 жастағы ер адамды іздеуге шыққан екен. Ол балық аулауға бара жатып мотоциклмен аударылған. Салдарынан аяғын жарақаттап алған. Сосын құтқарушылардан көмек сұраған. Оны төтеншеліктер бір тәулік іздеп, ақыры тапқан. Қария дәрігерлерге тапсырылған. Қазір жағдайы жақсы. t.me/stankznews
😍💔 Бір қолына сәбиін, арқасына ауыр сөмкесін ілген ана... Желі қолданушылары бір қолына сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген әйелді іздеп жатыр. Оның фотосы Threads желісінде жарияланды. Әйелдің суретін блогер Sasha Wu’style жариялаған. Оның айтуынша, ол…
Бұларға не болған... 🤔😁 Полицейлер қызметтік көлікпен жол ережесін өрескел бұзған. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады. Кадрдан екі патрульдік көліктің тұтас жолақ сызығын кесіп өтіп, қарсы бағытқа шыққанын көруге болады. Салдарынан қарсы келе жатқан көлік жүргізушісі сақтану үшін бағытын өзгертуге мәжбүр болған. Сол сәтте жол жиегімен кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіге де қауіп төнген. Бұл жағдай Абай облысы Водный ауылында болған. Полицейлердің неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз. t.me/stankznews
💔 Ербаян Мұхтардың өлімінің себебі айтылды Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сарбаздың қазасына ауыр бассүйек-ми жарақаты мен кейін пайда болған инфекциялық асқынулар себеп болған. Салдарынан оның бірнеше өмірлік маңызды ағзасы істен шыққан. Министрлік…
💔 Айдаладан полицейдің өртеніп жатқан денесі табылды Оқиға Алматы облысы Кеген ауданында болған. Қаза тапқан азаматтың жеке басы анықталды. Ол Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл қызметін атқарған. Аслан Әлсеров есімді 37 жастағы…
Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болды Елде магнитудасы 7,1 болатын дүмпу тіркелді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Десе де олардың нақты саны әзірге белгісіз. Табиғи апат салдарынан ғимараттар да қираған. Елде төтенше жағдай режимі енгізілді. АҚШ-тағы мамандар жер сілкінісі салдарынан ондаған мың адам қаза табуы мүмкін деп болжап отыр. t.me/stankznews
🇰🇿🌐 Сәрсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Әскерде басынан жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар ауруханада көз жұмды, марқұм Ербаянның отбасы мәлімдеме жасап, қылмыстық істен бас тартатынын айтты, мәйіті сараптамаға жіберіліп, мәйітхана маңында полициямен жанжал болды 🔶 Дастан Сәтбаев "Челсиге" ауысар алдында Қазақстандағы ең қымбат футболшы атанды, оған қоса ол 20 жасқа дейінгі үздік 10 сұрмерген қатарына қосылды 🔶 Алматы облысында айдаладан полицейдің өртенген денесі табылды, оның әйелі мен баласы күдікке ілінді 🔶 Алматы-Қорғас тасжолында жантүршігерлік апат болып, бір отбасынан үш адам көз жұмды 🔶 Қазақстандағы интернет әлемдегі ең арзан интернеттердің бірі деп танылды t.me/stankznews
Қазақстанда автокөлік нөмірлерінің жаңа түсі пайда болады Тоқаев Қазақстанда электрмобильдер үшін арнайы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Тиісті норма "цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның заңның 70-бабына енгізілген. Жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлердің түсі мен дизайны заңның өзінде көрсетілмеген, оларды ішкі істер министрлігі қосымша нормативтік-құқықтық актілер арқылы айқындайды. Бұған дейін ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов нөмірлік белгілері әлемдік жалпы қабылданған тәжірибеде жасыл түспен боялатынын айтқан. t.me/stankznews
💰Ұлттық банк БЖЗҚ-ға инвестициялар бойынша көбірек еркіндік берді: Салымшылар үшін не өзгереді Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық декларациясын жаңартты. Енді зейнетақы қаражаты бұрынғыдан кеңірек құралдарға салына алады. – Инвестициялау мүмкіндіктері кеңейді – «Баламалы қаржы құралдары» енгізілді (жеке компания акциялары, хедж-қорлар, жылжымайтын мүлік, инфрақұрылымдық облигациялар) – Бағалы қағаздарды кепілмен уақытша қарызға беру механизмі қосылды Қазір БЖЗҚ активтері шамамен 26,4 трлн теңгені құрайды, ал жеке басқарушыларда — 110 млрд теңге. Келешекте инвестициялық табыс артуы мүмкін, бірақ тәуекел деңгейі бұрынғыдай сақталмақ. t.me/stankznews
💬 "Аяқ-қолын байлап, ас-су бермей қойған" 90 жастағы қария туған ұлының қорлығына шыдамай, терезе арқылы қашып шыққан. Бұл жағдай Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған. Қарияны туған баласы еркінен тыс үйде байлап ұстаған. Тамақ, су бермеген. Тіпті сыртқа шығармай, аяқ-қолын байлап ұстаған. Жақындарының сөзінше, зейнеткер үйден өздігінен қашып шыққан. Ол қайшы тауып алып, қол-аяғын байлаған скотчты кескен. Кейін түн ішінде терезе арқылы сыртқа шығып, туған ағасының үйіне жетіп, көмек сұраған. Қарияның туыстары әділ тергеу жүргізіп, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Ал полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу жүріп жатыр. t.me/stankznews
🎓💸Жоғарғы оқу орнына түсіруге уәде беріп, ақша алған: Астанада университет қызметкері сотталды Астанада жоғары оқу орнының қызметкері талапкерлерді заңсыз жолмен оқуға түсіремін деп алдап, 18 адамнан ақша алған. Жалған мөрлер мен жалған құжаттарды пайдалану арқылы ол жоғары оқу орнына оқуға түсіруге ықпал етемін деген жалған ақпаратпен алдап, әрқайсысынан 600 мыңнан 900 мың теңгеге дейін ақшалай қаражат иемденген. Сот үкімімен кінәлі адам 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді. t.me/stankznews
💬 "Найзағай ойнап, шошып қалдық" Бүгін түнде Шымкентте ауа райы күрт құбылып, Алматыдан Шымкентке бағыт алған SCAT ұшағы Таразға қонуға мәжбүр болды. Жолаушының айтуынша, рейс бастапқыда сағат 22:50-ге ұшуы тиіс болған. Алайда ұшақ әуелі 30 минут, кейін тағы жарты сағат кешігіп, нәтижесінде түнгі сағат 00:00-де ұшқан. Шымкент әуежайына қонуға шамамен 15 минут қалғанда ауа райы күрт нашарлаған. Найзағай ойнап, ұшақ 15 минут бойы шайқалған. Жолаушылардың көбі үрейленіп, кейбірі дұға оқып, жылаған. Сосын ұшақ Шымкентке қона алмай Таразға бет алған. Олар Таразда 1,5 сағатай болып, кейін Шымкентке рейсті жалғастырған. t.me/stankznews
🛰️ Қазақстандағы интернет әлемдегі ең арзан интернет деп танылды Global Broadband Price League рейтингіне сәйкес, елде үй интернетінің орташа айлық бағасы 15,23 доллар (7 422,80 теңге). Көрсеткіш Жапония, Германия, АҚШ және Оңтүстік Корея сынды дамыған елдерден…
🛰️ Қазақстандағы интернет әлемдегі ең арзан интернет деп танылды Global Broadband Price League рейтингіне сәйкес, елде үй интернетінің орташа айлық бағасы 15,23 доллар (7 422,80 теңге). Көрсеткіш Жапония, Германия, АҚШ және Оңтүстік Корея сынды дамыған елдерден әлдеқайда төмен. Осылайша Қазақстан үй интернетінің бағасы бойынша 214 елдің ішінде 19-орынға жайғасты. Талдауға Қазақстан бойынша 11 тариф енгізілген. Зерттеуде тек үй интернеті есепке алынған. Мобильді интернет, 4G және 5G тарифтері қарастырылмаған. t.me/stankznews
Жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының үш адамы мерт болды Қайғылы жағдай Алматы – Қорғас тасжолында болған. Салдарынан 40 жастағы ерлі-зайыпты мен олардың 20 жастағы қызы қаза тапты. Көлікте марқұмдардың екі баласы мен 10 айлық немересі де болған. Олар аман қалған. Десе де түрлі дене жарақат алып, қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Отбасы отырған көлікке мас жүргізуші соқтығысқан. Оның құқық қорғау органдарымен байланысы бар екені айтылды. Енді марқұмдардың туысы істің ашық әрі әділ тергелуін сұрап отыр. t.me/stankznews
Бәрі Ван Дамм әйтеуір... 😁 Ер адам мас күйінде екі лифтіні бүлдіріп кеткен. Бұл жағдай Астанадағы түрғын үй кешендерінің бірінде болған. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады. Кадрдан лифтке әрең кіріп, есігін ұрып жатқан ер адамды көруге болады. Салдарынан…
Архив Stan.kz — страница 11
Это 11-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.