Life News Новостной агрегатор

Stan.kz — страница 10

Источник: Stan.kz · сбросить

Архив материалов источника Stan.kz, страница 10. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Stan.kz » публикация №29257

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Алматы облысында ағаш құлап, көліктерді басып қалды: Зардап шеккендер бар ТЖД мәліметінше, оқиға 27 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасындағы жолда болған. Оқиға орнына келген ТЖД күштері ағаштың құлауы салдарынан екі жеңіл көліктің зақымданғаны анықтады. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29256

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😱Ақмола облысында жұмысшылар отырған тіркеме-будка аударылып кеткен Оқиға салдарынан Біржан сал ауданындағы «Қазгер» ЖШС-нің төрт қызметкері өндірістік жарақат алды. Тараған ақпаратта зардап шеккендердің үшеуі ауруханадан шығарылғаны, алайда төртінші адамның омыртқасына ауыр зақым келгені алтылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29255

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Астанадағы ескі вокзалда ғимараттың төбесі опырылып түсті 28 маусым күні таңертең вокзал ішіндегі асхананың төбесінің бір бөлігі опырылған Куәгерлердің айтуынша, төбе опырылған сәтте асхана ішінде шамамен шамамен 8-9 адам болған. Келушілердің көпшілігі сыртқа шығып үлгерген. Бір әйел жеңіл соққы алып, аздап жарақаттанған. ҚТЖ ақпаратты растап, оқиғаның вокзал аумағында орналасқан "Етас" ЖШС қоғамдық тамақтану орнында болғанын мәлімдеді. Екі адам медициналық көмекке жүгінген. Компанияның мәліметінше, асхана орналасқан ғимарат 2002 жылдан бері "Ертас" ЖШС-нің жеке меншігіне тиесілі, сондықтан ҚТЖ-ның оның жұмысына араласуға құқығы жоқ және оны күтіп-ұстауға жауапты емес. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29254

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Венесуэлада әйел қираған ғимарат үйіндісі арасында босанды Әйел босанған жерде электр жарық пен медициналық құрал-жабдықтар да болмаған. Босану өте ауыр жағдайда өткен. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) дерегінше, елде магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі…


Stan.kz » публикация №29253

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌪️Маңғыстаудағы шаңды құйын тұрғындарды шошытты Ерекше атмосфералық құбылыстың видеосы 27 маусым күні әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда құйынның ауыл көшелерімен қозғалып бара жатқаны көрінеді. Видеоның нақты қашан түсірілгені туралы ақпарат берілмеген. Маңғыстау облыстық ТЖД зардап шеккендер туралы ешқандай хабарлама түспегенін мәлімдеді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29252

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚑Алматыда жүкті әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанды Оқиға Наурызбай ауданы Шұғыла ықшамауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі тұрғын үй ауласының көліктерте толы болуына байланысты шақырту орнына уақытында жете алмаған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем қызметіне шақырту 06:21-де түскен, ал бригада оқиға орнына 06:31-де жеткен. “Дәрігерлер оқиға орнына келген сәтте әйел адамның босанудың белсенді кезеңінде екені анықталған. Салмағы 3 370 грамм болатын қыз бала жедел жәрдем бригадасының зембілінде дүниеге келді", - делінген хабарламада. Қазір ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің бақылауында, екеуінің де жағдайы тұрақты. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29251

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚽️2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысушылар толық анықталды 1/16 финалға 32 құрама жолдама алды. Бұл кезең әлем чемпионаты тарихында алғаш рет өткізіліп отыр. Алғашқы матч 28-нен 29 маусымға қараған түні (Қазақстан уақыты бойынша түн ортасында) басталады. Бұл ойында Оңтүстік Африка Республикасы мен Канада құрамалары кездеседі. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29250

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇺🇲🇮🇷 АҚШ пен Иран қайта бастады 9 күн бұрын екі ел келісімге келді деп қуанып едік. Енді тараптар қайтадан бір-біріне соққы жасады. Себебі Иран 25 маусымда Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан сауда кемесіне камикадзе-дронмен соққы жасаған. АҚШ жауап ретінде…



Stan.kz » публикация №29248

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚽️🇵🇹Криштиану Роналду Өзбекстан құрамасының қақпасына 2 рет гол соғып, әлем чемпионатының рекордын орнатты Португалиялық шабуылшы K тобындағы екінші тур матчында есеп ашты. Ол ойынның 6-минутында айып алаңы ішінен бір-ақ жанасумен қапталдан берілген пасты…


Stan.kz » публикация №29247

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

‼️💔 Венесуэлада жер сілкінісінен 188 адам қаза тапты Ал он мыңдаған адам әлі табылмай жатыр. 1520 адам жарақат алып, шамамен 200 адам қиранды астында қалған. Кем дегенде 2 927 отбасы баспанасыз қалды. Елге халықаралық көмек жеткізіліп жатыр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29246

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❤️‍🔥🇰🇿 Қазақстандық тревел-блогер актер Уилл Смитке шапан жапты Видеограф Дастан Мұхамедрақым қазақтық ұлттық шапанын актерге Дубайда өткен халықаралық шарада жапқан. Уилл Смит сахнаға шығар сәтте блогер шапанын дайындап алдыңғы қатарда отырған екен. Сол…


Stan.kz » публикация №29245

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Дәния Еспаева "Ақ жол" Демократиялық партиясының жаңа төрайымы болды Делегаттардың көпшілігі Дәния Еспаеваның үміткерлігін қолдап дауыс берді. Ол бұл қызметте бұған дейін съезд барысында өкілеттігін тоқтатқан Азат Перуашевты алмастырады. Перуашев Еспаеваның…


Stan.kz » публикация №29244

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇺🇲🇮🇷 АҚШ пен Иран ақыры келісімге қол қойды Олар соғысты тоқтату және Ормуз бұғазын ашу туралы меморандумға қол қойды. Келісімге қол қойылғанын Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді. Рәсім қашықтан, электрондық форматта өткен.…


Stan.kz » публикация №29243

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Атырау аспанынан әскери жойғыш ұшақ ұшып өтті Мұны қала тұрғындары видеоға түсіріп алған. Кадрдан бір ғана әуе кемесініш ұшып бара жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ әуелі Нарсуд ауданының үстінен ұшып өтіп, кейін Сауда базасы мен Жилгородок бағытына бет алған. Тұрғындар әскери ұшақтың қала үстінен қандай мақсатпен ұшқанына қатысты түрлі болжам айтып жатыр.Олар: “Қазақстанның әуе кеңістігі бұзылды. Әуе қорғанысы құралдарын күшейтіп, бөтен ұшу аппараттарын атып түсіру қажет”, “Ойыншық сияқты. Шынайы болса видеоға түсіріп алаңсыз отырмас едіңдер”, “Жасанды интеллектімен жасалған” деп жазып жатыр.


Stan.kz » публикация №29242

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🌐 Жұма күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Астанада Ербаян Мұхтарды жақындары ақтық сапарға шығарып салды 🔶 Бектенов экономика өссе де халықтың табысы төмендеуін инфляциямен байланыстырды 🔶 Депутат Айдос Сарым үкіметті қаржылық жағдайы тұрақсыз отбасыға теңеді, ал мемлекеттік қаржыны басқару тәсілін қаржылық жағдайы тұрақсыз отбасымен салыстырды 🔶 Оңтүстік Кореяның экс-президентінің жұбайы Ким Гон Хи 7 жылға сотталды, ол кәсіпкерлер мен саяси қолдау іздеген адамдардан қымбат сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп танылды 🔶 Қазақстандық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынбақ 🔶 Бұған дейін 1 шілдеден бастап елімізде электр энергиясының құны күрт өсетіні айтылды, алайда бүгін министр тариф қымбаттамайтынын айтып қуантты t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29241

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

АҚШ-та тұратын қазақстандық әйел Қазақстаннан келген бала күтушіні бір жасар қызына қатыгездік көрсетті деп айыптады Әйелдің айтуынша, шамамен жарты жыл бойы Невада штатындағы үйінде жұмыс істеген қазақстандық Мейраш есімді күтуші әйел бір жасар баласына зәбір көрсеткен. Күмәнді жайттар бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарағаннан кейін белгілі болған. Кадрлардан күтушінің кішкентай қыздың қолын күшпен қайырып жатқанын көруге болады. Осыдан кейін бала қатты жылай бастаған. Сонымен қатар әйел қызының бетінде тістегенге ұқсас іздер қалғанын да жазған. Оның сөзінше, күтуші мұны баланың бөлме ішінде өздігінен соғылып қалды түсіндірген. Әйел барлық бейнежазбалар сақталғанын және қызын дәрігерлердің қарап шыққанын хабарлады. Ал күтушіні жұмыстан шығарып жіберген. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29240

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📸"Тегін фотосессия жасап беремін": Қазақстандықтарға жаңа алаяқтық түрлеріне қатысты ескерту жасалды Қазір жиі кездесетін тәсілдің бірі алаяқтардың "шұғыл қоңырау шалуым керек еді" деген сылтаумен көшедегі адамның ұялы телефонын сұрап алуы. Осы сәтте алаяқтар банк қосымшалары арқылы ақша аударып үлгеруі немесе құрылғыны қашықтан басқаруға арналған бағдарламаларды байқатпай орнатып жіберуі мүмкін. Тағы бір кең тараған алаяқтық түрі – көшеде "тегін фото немесе видео түсіріп беремін" деген ұсыныстар. Алаяқтар өздерін кәсібін жаңадан бастаған фотограф немесе мобилограф ретінде таныстырып, "портфолио жинап жүрмін" деген сылтаумен қызметін тегін ұсынған болады, алайда олар осы желеумен азаматтардың биометриялық деректерін жинайды. Қолға түскен фото-видеоматериалдарды кейін жасанды интеллект көмегімен дипфейк жасау үшін қолдануы мүмкін. Бұдан бөлек, мұндай материалдар түрлі алаяқтық схемаларда, соның ішінде жақындардан ақша аударуды сұрайтын жалған хабарламаларды тарату үшін де пайдаланылады. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29239

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Өзбекстанның екі ауылы тұрғындарымен бірге Қырғызстан құрамына өтті: Орталық Азияда ерекше аумақтық айырбас жасалды Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы мемлекеттік шекараны делимитациялау аясында екі елді мекен шамамен 2500 тұрғынымен бірге Қырғыз Республикасы құрамына өткенін мәлімдеді. "Олар бұрын Өзбекстанның Ферғана облысының құрамында болған Чонгара және Таш-Тобо ауылдары. Бұл елді мекендерде этникалық қырғыздар тұрады. Енді аталған ауылдарда тіркеу рәсімдері жүргізіледі, рәсімдер аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындарына Қырғыз Республикасының азаматтығы беріледі, – деп жазды Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы. Ал Қырғызстан Өзбекстанға шекара маңынан тең аумақтағы жер учаскелерін берген. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29238

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚘Toyota Қазақстанда танымал болған көліктерін кері шақырды Toyota компаниясы Қазақстандағы 1997–1998 жылдары шығарылған кейбір RAV4 көліктерін қауіпсіздік жастығының ықтимал ақауына байланысты кері шақыртып жатыр. Мәліметке сәйкес, науқан Takata (NADI) газ генераторымен жабдықталған көліктерді қамтиды. Уақыт өте келе оның бөлшектері тозып, апат кезінде қауіпсіздік жастығының дұрыс ашылмау қаупі артуы мүмкін. Көлік иелеріне VIN-код арқылы тексеріп, қажет болған жағдайда ресми дилерге жүгіну ұсынылады. Барлық тексеру және жөндеу жұмыстары тегін жүргізіледі. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29235

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💍🗓️ 26.06.2026 Байқадыңыздар ма, бүгін ерекше дата ғой 😍 Тіпті бүгінге некесін қиғысы келетіндер де көбейген. Еліміздің үш ірі мегаполисінде осы күнге сұраныс артқан. Алматы қаласы – 830 өтініш; Астана қаласы – 740 өтініш; Шымкент қаласы – 141 өтініш. Осы қалалардан кейін ең көп өтініш Қостанай облысынан түскен – 300 жұп. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы – 252 жұп, Павлодар облысы – 237 жұп. Ал ең аз тіркелген өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 49 жұп некесін қидырмақ. Осылайша жалпы саны 4 мыңнан аса өтініш түскен. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29234

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🤔 Жалпы елде бағасы өспеген не қалды? Енді елімізде электр энергиясы тарифтері қымбаттамақ. Мұны Энергетика министрлігі мәлімдеді. Олардың мәліметінше, елдегі энергия өндіруші ұйымдардың жалпы қарызы 37 миллиард теңгеге жеткен. Оған компанияны жөндеу жұмыстары…


Stan.kz » публикация №29233

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🥲 Қазақстан тарихындағы Мәжілістің соңғы отырысы өтті Астанада Мәжілістің қорытынды жиыны өтті. Ерлан Қошанов депутаттарға алғысын айтып, ісіне сәттілік тіледі. Оған қоса алда маңызды саяси шешімдер қабылданатынын жеткізді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29232

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📲 Балаңыз 7-сынып оқитын болса, бұл жаңалық сізге арналады Енді мектепте 7-сыныпқа дейінгі оқушыларға смартфон ұстауға тыйым салынады. Мұны оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты. Десе де бұл мәселені әлі де талқылаймыз дейді. Себебі жоғары сыныптарда пәндер онлайн-платформалар арқылы оқытылады. Оған қоса оқушылар ҰБТ мен SAT емтихандарына дайындалады. Сол себепті мұғалімдермен әлі де талқыланып жатыр екен. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29231

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Оңтүстік Корея президенті ақыры қызметінен шеттетілді Сегіз судья өз үкімінде президент шешімі Конституцияға, заң үстемдігі мен демократия принциптеріне қайшы келеді деп мәлімдеді. Енді елде 60 күн ішінде жаңа президент сайлауы өтуі керек. Бұған дейін, президент…


Stan.kz » публикация №29230

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💬 "Қазақтар күн көру және азық-түлік сатып алу үшін несие алып жүр" Мұны депутат Асхат Рахимжанов айтты. Оның айтуынша, орташа жалақы номиналды түрде өскенімен, инфляцияны есептегенде нақты табыс 3,2% төмендеген. "Бүгінде экономикалық белсенді халықтың 90%…


Stan.kz » публикация №29229

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Депутат үкіметті қаржылық жағдайы тұрақсыз отбасыға теңеді Айдос Сарым елде экономика өсіп жатыр, жалпы ішкі өнім артып келеді, инвестиция көлемі ұлғайып жатыр деп жиі айтамыз дейді. Десе де "бұл өсім қарапайым халықтың тұрмысына қалай әсер етіп жатыр? Елдің әл-ауқаты жақсарды ма? Отбасылардың табысы өсті ме?" деп сұрады. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29227

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

‼️ Көлік жардан құлап, өзенге түсіп кеткен Қырғызстанда бірнеше күн бұрын өзен ағызып әкеткен алты жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеуге қазақстандықтар да қосылды. Қайғылы оқиға 23 маусым күні Кегеті шатқалында болған. Екі баласы бар отбасы отырған жеңіл көлік жардан құлап, өзенге түсіп кеткен. Себебі қозғалыс кезінде көлік тежегіші істен шыққан екен. Ата-ана көліктен өз күшімен шығып үлгерген. Десе де балаларды өзеннің қатты ағысы алып кеткен. Кейін құтқарушылар 12 жастағы қыздың денесін тауып, туыстарына тапсырды. Ал оның алты жасар інісін әлі де іздеп жатыр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29226

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Халықтың табысы неге азайды❓🤔 Депутат Сергей Карплюк премьер-министр Олжас Бектеновтен экономика өсіп жатқанымен, халықтың нақты табысы неге азайғанын сұрады. Бектенов Үкімет экономикалық өсімді өз алдына мақсат емес, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың құралы ретінде қарастыратынын айтты. Оның сөзінше, өткен жылы экономика қарқынды дамығанымен, елде инфляциялық қысым жоғары болды. "Инфляция шарықтау кезеңінде 12,9%-ға жетті. Қазір Үкіметтің, Ұлттық банктің және басқа да мемлекеттік органдардың қабылдаған шараларының нәтижесінде бес айдың қорытындысы бойынша инфляция 10,4%-ға дейін төмендеді. Жақын уақытта оны 10%-дан төмен деңгейге түсіруді жоспарлап отырмыз, деді премьер-министр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29225

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💬 "12 мүшесі сау күйінде жерлегіміз келеді" Сарбаз Ербаянның отбасы ұлының мәйітін сот-медициналық сараптамаға беруден бас тартты. Олар тіпті іске қатысты тергеуді тоқтататынын мәлімдеді. Мұны отбасының адвокаты Инга Иманбай да растады. Оның айтуынша, Ербаян…


Архив Stan.kz — страница 10

Это 10-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.