Алматы облысында ағаш құлап, көліктерді басып қалды: Зардап шеккендер бар ТЖД мәліметінше, оқиға 27 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасындағы жолда болған. Оқиға орнына келген ТЖД күштері ағаштың құлауы салдарынан екі…
Stan.kz — страница 9
Архив материалов источника Stan.kz, страница 9. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
💬 Тоқаев Құрылтай сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қояды Бірақ жаңа Конституция қабылданған соң. Президент оған қоса бірқатар маңызды құжатқа қол қоюға дайын отыр. Бұған дейін бір палаталы Парламент - Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетіні айтылған еді.…
Бүгін кадрлық ауыс-түйіс көп болатын сияқты... Тоқаев бір адамды қызметінен босатты. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов. Ол осы екі қызметінен де босатылды. Бұған дейін Тоқаев Ұлттық құрылтайда Қазақстан халқы Ассамблеясы тарап, оның орнынан Халық кеңесі құрылатынын айтқан. t.me/stankznews
❓ Қазақстанның вице-президенті кім болуы мүмкін және оның өкілеттігіне не кіреді Бүгін ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Тоқаев вице-президент институтын енгізуді ұсынды. Осы орайда Stan.kz саясаттанушылардан неліктен бұл қызмет қайта енгізілгенін, бұл міндетті…
⚡ Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетін болды Мұны Тоқаев хабарлады. Оның сөзінше, партияларға сайлауға дайындалуға және халықпен жұмыс істеуге шамамен бес ай уақыт беріледі. Президент бұл сайлау Қазақстандағы саяси жүйені жаңартудың бастамасы болатынын…
💬 “Кешірім сұрау үшін Меккеге бардым” Атырауда бір отбасын өлтірді деген ер адам қылмыстан кейін Меккеге барған. Осылайша ол өз күнәсін жуып-шаймақ болған. Сәрсемалиев жасырынуға тырыспадым, тек Құдайдан кешірім сұрағым келді дейді. 10 қарашадан кейін…
💬 "Әйелін жиі ұратын" Алматы облысында өртенген күйі табылған полицейдің өліміне қатысты жаңа дерек айтылды. Марқұмның әйелі де полицей болған. Ол ақпан айында қызметтен кеткен. Аслан бұрын да әйеліне қол көтерген екен. Әйел бірнеше рет Бостандық аудандық…
⚡ Елдегі мұнай өнімдері 30 күннен аса уақытқа жетеді Мұны "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді. Оның айтуынша, елде жиналған бензин мен дизель отынының қоры 30 күннен аса уақытқа жетеді. Оған қоса, бұл қор мұнай өңдеу зауыттары арқылы тұрақты түрде толықтырылып отырады. Асхат Хасеновтың сөзінше, қазір мұнай өңдеу зауыттарында жұмыс үздіксіз жүріп жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталғанға дейін қажет отын қоры алдын ала жасақталған. t.me/stankznews
🌞 Еуропада аптап ыстықтан 1300-ден аса адам көз жұмды Ең көп зардап шеккен елдердің бірі – Франция. Елде 24 маусымнан бері мыңға жуық өлім тіркелген. Қайтыс болғандардың басым бөлігі 65 жастан асқан азаматтар. Сарапшылар Еуропаның мұндай ыстыққа бейімделуі қиын екенін айтты. Өйткені тұрғын үйлердің шамамен 20%-ында ғана кондиционер бар екен. t.me/stankznews
Абысындар ұрлығы... Алматыда бір әулеттің үш келіні қалта ұрлығына күдікті ретінде ұсталды. Полиция мәліметінше, әйелдер топ болып әрекет еткен. Олар базарларда, қоғамдық көліктер мен адам көп жиналатын орындарда қалта ұрлығын жасаған. Үш әйел ұялы телефондар, ақша мен алтын әшекейлерді қолды еткен. Күдіктілер Алматыда жасалған ондаған мүлік қылмысына қатысы болуы мүмкін. Қазір тергеу жүріп жатыр. t.me/stankznews
⚽️ Бүгін өтетін матчтарға шолу Өткен матч: 🇿🇦🇨🇦 Оңтүстік Африка — Канада. Есеп: 0:1 Алда өтетін матчтар: 🇧🇷🇯🇵Бразилия — Жапония. 🕙22:00 🇩🇪🇵🇾Германия — Парагвай. 🕜 01:30 🇳🇱🇲🇦Нидерланд — Марокко. 🕕 06:00 🇨🇮🇳🇴 Кот-д’Ивуар — Норвегия. 🕙 22:00 t.me/stankznews
🇰🇿🌐 Дүйсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Астана – Павлодар тасжолындағы бетон жабындысы аптап ыстыққа шыдамай бүлініп жатыр 🔶 Алакөлге демалысқа барған БАҚ қызметкері жүрегі тоқтап көз жұмды 🔶 Қазақстан тарихындағы Сенаттың соңғы отырысы өтті, 30 жыл ішінде Сенат 890 пленарлық отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заң қабылдады 🔶 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы неке шарттарының талаптары мен шарттарын айтып, мәһр мөлшерін нақтылады 🔶 Қазақстанда екі мыңнан астам қазақстандықтың әкімшілік айыппұлы кешіріледі, бұл кімдерге қатысты t.me/stankznews
⚡️Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты Жол апаты Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында болған. Тағы бір бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік екіге бөлініп қалған. Дәрігерлер ауыр жарақат алған баланың өмірін аман алып қалды. Алайда оның жағдайы әлі де ауыр деп бағалануда. А Полицияның алдын ала мәліметінше, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. t.me/stankznews
Ақтөбеде 5 жастағы аутизмі бар баланы қатарласы баспалдақтан итеріп жіберген Оқиға 25 маусым күні «Мозаика» арнайы мектебінде болған. Баланың анасының айтуынша, тәрбиеші балаларды баспалдақта қараусыз қалдырған, сол уақытта басқа бір бала оның ұлын итеріп жіберген. Бала қатты соққы алған. Әйелдің айтуынша, басшылық жедел жәрдем шақырмаған, ал жарақат алған бала шамамен екі сағатқа жуық мектепте болған. Тек екі сағаттан кейін ғана болған жағдай туралы анасына хабар берілген. Баланың анасы арнайы мектепке жан-жақты тексеріс жүргізуді, кінәлі қызметкерлерді жауапкершілікке тартуды және оқу орнының білім беру лицензиясынан айыруды талап етуде. t.me/stankznews
🚨 Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды Pavlodar қаласында 29 маусым күні Mitsubishi Carisma автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Одан кейін жеңіл көлік бағана мен саяжай шағынауданындағы аялдаманы соғып, аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. t.me/stankznews
Қазақстанда 2 мыңнан астам адам әкімшілік айыппұлдан босатылады Сенат Конституция күніне орай жарияланған әкімшілік рақымшылық туралы заңды мақұлдады. Құжат күшіне енсе, шамамен 2 370 адам мен жеке кәсіпкердің 298,4 млн теңге көлеміндегі айыппұлы кешіріледі. Рақымшылық: • 448 жеке тұлғаға (72,7 млн теңге); • 1 930 жеке кәсіпкерге (225,6 млн теңге) қатысты болады. Заңды тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды. Салық заңнамасын бұзу, салық төлеуден жалтару және салық міндеттемелерін төмендету сияқты құқық бұзушылықтар рақымшылыққа кірмейді. Қаржы министрлігінің мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтар мемлекет экономикасына елеулі зиян келтіреді. t.me/stankznews
Полицейлер бұл жолы ерледі... ❤️🔥 Түркістандық полицейлер қызды алып қашып бара жатқандардан құтқарып қалған. Желіде тараған видеодан көліктен түскен жігітті және ішінде жылап отырған қызды көруге болады. Қыз қатты жылап отырып: "Ағай, мына екі жігіт мені" деп айтады. Енді бұл жігіттерді түрме жазасы күтіп тұруы мүмкін. ВИДЕО: Kozachkov_offside t.me/stankznews
❓ Түлектерге не себепті бітіру кешін өткізуге тыйым салынды Себебін Оқу-ағарту министрлігі түсіндірді. Министрлік мәліметінше, мұндай бұйрық жыл сайын шығады. Осылай деген ведомство бітіру кештерін мектепте немесе басқа жерлерде өткізуді құптамайтынын айтты.…
Бұл Майами-Бич емес... 😁 Бұл Алматыдағы Үлкен Алматы өзенінің жағалауы. Тұрғындар аптап ыстықтан осылай қорғанып жатыр. Десе де тұрғындар өз қауіпсіздігін ойласа артық болмас еді. t.me/stankznews
Лифтіге дәрет сындырған... Алматыдағы "Акварель" тұрғын үй кешенінің тұрғындары лифтке дәрет сындырып кеткен ер адамды іздеп жатыр. Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрдан лифтке кіріп, бір бұрышқа дәрет сындырған адамды көруге болады. Оның ізі үй кіреберісінен де байқалған. Тұрғындар енді осы ер адамды жаппай іздеп жатыр. t.me/stankznews
Тағы бір ауыс-түйіс 👀 Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы қызметінен кетті. Оның орнына Нұрсұлтан Шоқанов сайланды. Ертісбаев төраға қызметіне 2022 жылдан бері атқарды. t.me/stankznews
"Қалың мал" мен "мәһр" біріктірілді ҚМДБ мәліметінше, күйеуі тарапынан берілетін "қалың малды" қыздың разылығымен "мәһрге" жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. Ал "әке еңбегі" мен "ана сүті" сияқты қыздың әке-шешесіне берілетін…
Неткен әдемі көрініс 😍❤️🔥 Астаналық ер адам жолды кесіп өтіп бара жатқан үйрек пен балапандарын құтқарып қалды. Ол балапандарды байқап қалып, көлігін тоқтатып, құстардың жолдың арғы бетіне аман-есен өтуіне көмектескен. t.me/stankznews
🥲 Қазақстан тарихындағы Мәжілістің соңғы отырысы өтті Астанада Мәжілістің қорытынды жиыны өтті. Ерлан Қошанов депутаттарға алғысын айтып, ісіне сәттілік тіледі. Оған қоса алда маңызды саяси шешімдер қабылданатынын жеткізді. t.me/stankznews
💔🕊️ БАҚ саласының қызметкері көз жұмды Әйкерім Мейірханова Алакөлде демалып жүрген кезде суға батып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жерлеу рәсімі бүгін сағат 19:00-де Ақмола облысы, Қосшы қаласындағы Бөгенбай батыр мешітінде өтеді. Әріптесіміздің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз! t.me/stankznews
‼️🌞 Елімізде аптап ыстықтан жол да бүлініп жатыр Бұл жолы Астана – Павлодар тасжолындағы бетон жабындысы бүлінді. Аумаққа уақытша жол белгілері орнатылып, жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір жол жабыны алынып, оның орнына қиыршық тас төселіп, асфальт-бетон қоспасы төселеді. t.me/stankznews
⚽️2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысушылар толық анықталды 1/16 финалға 32 құрама жолдама алды. Бұл кезең әлем чемпионаты тарихында алғаш рет өткізіліп отыр. Алғашқы матч 28-нен 29 маусымға қараған түні (Қазақстан уақыты бойынша…
📢 Елдегі әскери бөлімдерде төрт күн оқу-жаттығу жиыны өтеді Тактикалық-саптық оқу-жаттығу жиындары 29 маусым мен 2 шілде аралығында өтеді. Іс-шара негізінен әскери бөлімдер мен полигондар аумағында өтеді. Кей бөлімшелер оқу орталықтарына марш жасайды. Осы кезде жекелеген автомобиль жолдарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. t.me/stankznews
🇰🇿🌐 Демалыс күндері елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 АҚШ пен Иран өзара келісімге қарамастан тағы да бір-біріне соққы жасады, Иран АҚШ-тың Кувейт пен Бахрейндегі әскери базаларына шабуыл жасағанын мәлімдеді 🔶 Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы қызметінен кетті, оның орнына Нұрсұлтан Шоқанов сайланды 🔶 27 маусым Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласында 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді 🔶 Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінің қатысушылары толық анықталды 🔶 Венесуэлада жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 1400-ден асты t.me/stankznews
📢 Елдегі әскери бөлімдерде төрт күн оқу-жаттығу жиыны өтеді Тактикалық-саптық оқу-жаттығу жиындары 29 маусым мен 2 шілде аралығында өтеді. Іс-шара негізінен әскери бөлімдер мен полигондар аумағында өтеді. Кей бөлімшелер оқу орталықтарына марш жасайды. Осы кезде жекелеген автомобиль жолдарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. t.me/stankznews
Архив Stan.kz — страница 9
Это 9-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.