Life News Новостной агрегатор

ҚР Парламенті Мәжілісі — страница 2

Источник: ҚР Парламенті Мәжілісі · сбросить

Архив материалов источника ҚР Парламенті Мәжілісі, страница 2. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20660

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

«AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Айдос Сарымның Үкімет және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде сөйлеген сөзі. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20659

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

«Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтың Үкімет және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде сөйлеген сөзі. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20658

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Выступление руководителя фракции НПК Магеррама Магеррамова об утверждении отчётов Правительства и Высшей аудиторской палаты об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. t.me/mazhilis_kz



ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20656

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаровтың Үкімет және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде сөйлеген сөзі. t.me/mazhilis_kz




ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20653

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа утилизациялық алымдардың мақсатты түрде пайдаланылуы жөнінде сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz



ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20651

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында қанша азаматқа мемлекеттік қолдау көрсетілетіні жөнінде сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz



ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20649

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Премьер-Министр Олжас Бектеновке шетел нарығындағы отандық IT компаниялардың нәтижесі, цифрлық экономиканы қалыптастыру, елімізде жүзеге асырылып жатқан IT жобалардың маңызы жөнінде сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20648

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың баяндамасы. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20647

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің баяндамасы. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20645

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

📢📢 Парламент Палаталарының бірлескен отырысы тікелей эфирде: 📱 YouTube 🌐 Сайт Күн тәртібінде: - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде __ 📢📢 Совместное заседание Палат Парламента в прямом эфире: 📱 YouTube 🌐 Сайт На повестке дня: - Об утверждении отчетов Правительства Республики Казахстан и Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан об исполнении республиканского бюджета за 2025 год t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20644

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланып, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздар марапатталды. Биыл жеті номинация бойынша 17 адам үздік деп танылды. Салтанатты жиында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов БАҚ қызметкерлерін мерекемен құттықтап. жеңімпаздарға сыйлықтарды тапсырды. Толығырақ бейнероликте▶️ 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram






ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20609

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжілісте «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы шығарылды Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Мәжілісте парламенттік журналистерге арналған дәстүрлі «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланды. Салтанатты рәсім барысында Мәжіліс…


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20608

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжілісте «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы шығарылды Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Мәжілісте парламенттік журналистерге арналған дәстүрлі «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланды. Салтанатты рәсім барысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жеті номинация бойынша үздік деп танылған 17 лауреатқа марапат табыстады. Журналистер алдында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов бұқаралық ақпарат құралдарының ел дамуындағы маңызды рөлін атап өтті. Палата спикері Мәжіліс қызметін насихаттап, қабылданып жатқан заңдар туралы халыққа шынайы әрі түсінікті ақпарат жеткізіп жүрген БАҚ өкілдеріне ризашылығын білдірді, бірлескен жемісті жұмыс үшін алғыс айтты. Мәжіліс төрағасы биыл «Парламент сөзі» сыйлығы оныншы рет өткізіліп отырғанын атап өтті. Осы жылдар ішінде бұл мәртебелі марапатқа 150-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі ие болған. Салтанатты рәсім барысында журналистер келесі номинациялар бойынша марапатталды: «Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясы – «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Орынбек Пазыловқа және «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Юлия Магерге; «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясы – «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі Самал Қабышеваға, «7 канал» телеарнасының журналисі Асемгуль Касеноваға және «Астана» телеарнасының тілшісі Ақбота Газизоваға; «Үздік бейне-фотоматериал үшін» номинациясы – «Jibek Joly» телеарнасының операторы Сапарақын Шәріпханға; «Үздік интернет және радио материалы үшін» номинациясы – «Inbusiness.kz» сайтының тілшісі Балжан Смаиловаға, «Informburo.kz» сайтының журналисі Мария Пичененкоға, «Шалқар» радиосының жүргізушісі Гүлнұр Доскееваға және «QR.News» ақпараттық сайтының редакторы Сапарғали Қанатқа; «Арнайы репортаж» номинациясы – «24.kz» телеарнасының журналисі Назым Кенжебаеваға, КТК телеарнасының тілшісі Анна Абрамоваға және «Tiek.kz» сайтының редакторы Бақытнұр Әлібайға; «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы – Нағашыбай Қабылбеков пен Айнұр Коскинаға табысталды. «Парламент сөзі» сыйлығының арнайы номинациясы «Айқын-Литер» газетінің ұжымына және «Еуразия» Бірінші арнасы» редакциясына берілді. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram



ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20603

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Венгрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Ронамен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Венгрия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі…


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20602

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Венгрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Ронамен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Венгрия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-әрекетті дамыту мәселелерін талқылады. Айгүл Құспан Отто Ронаның екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, дипломатиялық миссиясы кезеңіндегі жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді. Кездесуде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Будапештке ресми сапары кезінде қол қойылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Венгрияның Мемлекеттік жиналысы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар халықаралық парламентаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық заң шығару тәжірибесімен алмасуға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Кездесу соңында Айгүл Құспан Отто Ронаға Қазақстан-Венгрия қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың атынан алғыс хат табыс етті. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20601

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды. Отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Палата мүшелеріне заң шығару қызметіне белсенді әрі нәтижелі атсалысқандары үшін алғыс білдіріп, негізгі жетістіктерге тоқталды. Айта кетейік, Сегізінші шақырылым барысында Қоғамдық палата 30 отырыс өткізіп, оның ішінде 10 көшпелі жиын ұйымдастырды. Нәтижесінде Мәжілістің салалық комитеттері мен мемлекеттік органдарға 500-ден астам ұсыныс жолданды. Қоғамдық палата ел дамуының өзекті мәселелері бойынша ашық әрі сындарлы диалог алаңына айналып, заң шығару процесіне белсенді үлес қосты. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram




ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20586

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы аяқталды. Қорытынды отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата мүшелеріне заң шығару қызметіне белсене араласып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғысын…


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20585

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы аяқталды. Қорытынды отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата мүшелеріне заң шығару қызметіне белсене араласып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді, олардың басты жетістіктерін атап өтті. Ерлан Қошанов Қоғамдық палата ауқымды саяси өзгерістер бастау алып, азаматтық қоғамның рөлі күшейген кезеңде құрылғанына тоқталды. Сол тұста Мемлекет басшысы көшелер мен алаңдардағы пікірталас Парламент қабырғасына өтуі керек деген болатын. Қоғамдық палата еліміздің дамуындағы өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікірлер айтылатын ашық алаңға айналғанын атап өтті. Мәжіліс спикері атап өткендей, бұл ретте, палата мүшелері тек бақылаушы ғана емес, заң шығару процесінің толыққанды қатысушысы болды. Олар заң жобаларына қатысты жүздеген тұжырымдамалық ұсыныс жолдап, соның біразы жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар Қоғамдық палата мүшелері қоғамдағы ең күрделі әрі өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді атсалысып, мемлекет пен азаматтардың арасында ашық диалогты қамтамасыз етті. Ал палата отырыстарында жеңіл тақырып болған жоқ. Ерлан Қошанов Қоғамдық палатаның әрбір мүшесіне табандылығы мен принциптілігі, жоғары белсенділігі мен үлкен жауапкершілігі үшін алғыс білдірді. Спикердің пікірінше, олар депутаттармен қатар шығару қызметінде де елеулі әрі маңызды із қалдырды. Мәжіліс төрағасы биыл 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енетінін еске салды. Оның нормаларына сәйкес, күзде Қазақстан Республикасының бір палаталы Құрылтайы құрылады. Спикер Қоғамдық палатаның мол тәжірибесі мен дәстүрлері Құрылтай жұмысында да жалғасын табатынына сенім білдірді. Қоғамдық палатаның төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым сегізінші шақырылым барысында палатаның 30 отырысы, соның ішінде 10 көшпелі отырыс өткенін айтты. Осы жиындардың қорытындысы бойынша Мәжілістің салалық комитеттері мен уәкілетті мемлекеттік органдарға 500-ден астам ұсыным жолданды. Сондай-ақ Қоғамдық палатаның басқа да мүшелері оның қызметі туралы пікірлерін бөлісіп, оның форматын жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Отырыс қорытындысы бойынша Мәжіліс төрағасы Қоғамдық Палата мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram


Архив ҚР Парламенті Мәжілісі — страница 2

Это 2-я страница архива публикаций источника ҚР Парламенті Мәжілісі. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.