ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20602
Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Венгрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Ронамен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Венгрия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-әрекетті дамыту мәселелерін талқылады. Айгүл Құспан Отто Ронаның екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, дипломатиялық миссиясы кезеңіндегі жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді. Кездесуде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Будапештке ресми сапары кезінде қол қойылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Венгрияның Мемлекеттік жиналысы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар халықаралық парламентаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық заң шығару тәжірибесімен алмасуға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Кездесу соңында Айгүл Құспан Отто Ронаға Қазақстан-Венгрия қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың атынан алғыс хат табыс етті. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























