Мәжіліс төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде. __ Председатель Мажилиса подписал Распоряжение о созыве совместного заседания Палат Паламента Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов подписал Распоряжение о созыве совместного заседания Палат Парламента Республики Казахстан. «В соответствии с подпунктом 2) пункта 4 статьи 58 Конституции Республики Казахстан созвать совместное заседание Палат Парламента Республики Казахстан 26 июня 2026 года в 10.00 часов в городе Астане», – говорится в тексте Распоряжения. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
ҚР Парламенті Мәжілісі — страница 3
Архив материалов источника ҚР Парламенті Мәжілісі, страница 3. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент Мәжілісінің делегациясы Беларусь Республикасы Брест қаласында Ұлы Отан соғысының басталуының 85 жылдығына арналған «Ұлы мұра – ортақ болашақ» халықаралық форумына қатысты. Форумға Беларусь, Ресей, Өзбекстан…
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент Мәжілісінің делегациясы Беларусь Республикасы Брест қаласында Ұлы Отан соғысының басталуының 85 жылдығына арналған «Ұлы мұра – ортақ болашақ» халықаралық форумына қатысты. Форумға Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Мьянма, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Вьетнам, Сербия, Венесуэла, Куба, Қытай, Моңғолия және Лаос елдерінің Парламент делегациялары мен дипломатия өкілдері қатысты. Іс-шара 1941 жылдың маусымында фашистік Германияның тұтқиылдан жасаған шабуылын алғаш болып қабылдаған Брестте өтті. Форумның жалпы отырысында сөйлеген сөзінде Мәжіліс спикері Ұлы Отан соғысының алғашқы және ең қатал шайқастарының бірі болған Брест қамалын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне ерекше тоқталды. – Брест қамалын Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген жауынгерлер қорғады. Брест гарнизонындағы жеті мың әскери қызметшінің шамамен мыңға жуығы Қазақстаннан келген сарбаз болды. Олардың барлығы дерлік осы жерде қаза тапты. Бүгінде әлем жаңа сын-қатерлерге тап болып отырған кезде біздің ортақ міндетіміз – тарихи жадымызды сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу. Былтыр Астанада өткен әскери парадта сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс туралы ақиқатты сақтау маңызды екенін атап өтті, өйткені шындықты білмейінше бейбітшіліктің бағасын түсіну мүмкін емес. Ортақ ерлікті есте сақтау – халықтарымыз арасындағы достықтың, өзара құрмет пен ынтымақтастықтың ең берік іргетасы болып қала береді, – деді Ерлан Қошанов. Ол өз сөзінде Беларусь жерінде қаза тапқан отандастарымыздың есімін жаңғырту бағытындағы қазақстандық тарихшылардың еңбегін ерекше атап өтіп, Брест қамалын қорғаған, есімдері бүгінге жеткен батырларды атады. Мәжіліс төрағасы қазақ партизандарының ерлігіне де жеке тоқталды. 65 беларусь партизан бригададары мен отрядтарының құрамында 1,5 мыңнан астам қазақ шайқасқан. Солардың бірі – аңызға айналған партизан қолбасшы Әди Шәріпов, оның есімі Минскідегі көшелердің біріне берілген. Сапар барысында Мәжіліс делегациясы Брест қамалында өткен еске алу іс-шараларына қатысты. Депутаттар «Қаһарман Брест қамалы» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. Брест қамалы гарнизоны зиратындағы Естелік аллеяда қазақстандық жауынгерлерді еске алып, олардың рухына тағзым етті. Брест қамалын қорғау музейіне барған Ерлан Қошанов Мәжіліс Парламенті атынан музейге Ұлы Отан соғысының батыры, аты аңызға айналған қазақ ұшқышы – Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
Мәжілісте Қазақстан мен Корея арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Айдос Сарым, депутаттар Вера Ким және Олжас Құспеков Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының…
Мәжілісте Қазақстан мен Корея арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Айдос Сарым, депутаттар Вера Ким және Олжас Құспеков Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты, «Корея – Қазақстан» парламенттік тобы жетекшісінің орынбасары Со Ён Сокпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сондай-ақ парламенттік дипломатия шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады. Мәжілістегі Корея Республикасымен достық тобының жетекшісі Айдос Сарым екі ел арасындағы ынтымақтастық тек экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге технология, білім және мәдениет бағыттарында да белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Со Ён Сок Қазақстанның Корея үшін Орталық Азиядағы маңызды сауда және инвестициялық серіктес екенін атап өтті. Ол парламенттер арасындағы тұрақты байланыс екі елдің саяси сенімін арттырып, алдағы саммит пен жоғары деңгейдегі кездесулерге қосымша серпін беретінін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар заң шығару қызметі саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, екі мемлекет басшылары айқындаған міндеттерді іске асыру бағытында жұмыс істеуге, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара қолдау көрсетуге ниетті екендіктерін білдірді. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті. Мәртебелі мейманды қарсы алған Мәжіліс төрағасы бұл сапардың екі ел қарым-қатынасы тарихындағы мемлекет басшысы деңгейіндегі алғашқы сапар екенін…
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті. Мәртебелі мейманды қарсы алған Мәжіліс төрағасы бұл сапардың екі ел қарым-қатынасы тарихындағы мемлекет басшысы деңгейіндегі алғашқы сапар екенін атап өтті. Ерлан Қошанов биыл Қазақстан мен Черногория арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толатынына назар аударды. Бүгінде екі ел арасында өзара сенімге негізделген сындарлы саяси диалог қалыптасқан. Екіжақты байланысты нығайтуда парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор. Ерлан Қошанов Черногория Президентіне елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы мәлімет берді. Жалпыұлттық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануы, билік тармақтарының қайта жаңғыруы, бір палаталы Парламентке көшу және Халық Кеңесінің құрылуы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларының маңызды бөлігі екені айтылды. Өз кезегінде Яков Милатович қонақжайлық танытқаны үшін Мәжіліс төрағасына алғыс білдірді. Черногория Президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін айтып, елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістерді жоғары бағалады. Сондай-ақ парламентаралық диалогты, экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Кездесу барысында тараптар туризм, цифрландыру, көлік-логистика, денсаулық сақтау, сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития рынка телекоммуникаций и центров обработки данных» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi
✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Уголовный кодекс Республики Казахстан и Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам животного мира, лесного и охотничьего хозяйства и предпринимательства» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi
Мәжілістің жалпы отырысынан бейнеүзінді▶️ 📆17 маусым 2026. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
Депутатский запрос мажилисмена по одномандатному округу Бакытжана Базарбека Генеральному прокурору Берику Асылову, министру юстиции Ерлану Сарсембаеву, председателю Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Мадине Абылкасымовой, председателю Агентства по делам государственной службы Дархану Жазыкбаю о незаконном взаимодействии некоторых нотариусов и ЧСИ с микрокредитными организациями. t.me/mazhilis_kz
Депутатский запрос члена фракции партии «Ак Жол» Ерлана Барлыбаева заместителю Премьер-министра – министру национальной экономики Серику Жумангарину о завышенных требованиях расширения экспорта по субсидиям в сельхозпереработке. t.me/mazhilis_kz
«Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули Дайрабаевтың Премьер-Министр Олжас Бектеновке ветеринария саласының қазіргі жағдайы туралы жолдаған депутаттық сауалы. t.me/mazhilis_kz
«Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули Дайрабаевтың Премьер-Министр Олжас Бектеновке ветеринария саласының қазіргі жағдайы туралы жолдаған депутаттық сауалы. t.me/mazhilis_kz
Депутатский запрос члена фракции партии «AMANAT» Сергея Пономарёва Министру труда и социальной защиты населения Аскарбеку Ертаеву о профессиональных праздниках. t.me/mazhilis_kz
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мүтәлінің Премьер-Министр Олжас Бектеновке сейсмология саласын дамыту туралы жолдаған депутаттық сауалы. t.me/mazhilis_kz
«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаевтың Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа Индер көлінің экологиясын қорғау мәселесі туралы жолдаған депутаттық сауалы. t.me/mazhilis_kz
Депутатский запрос члена фракции партии «AMANAT» Берика Бейсенгалиева Премьер-Министру Олжасу Бектенову о максимальном упрощении налогового администрирования. t.me/mazhilis_kz
Архив ҚР Парламенті Мәжілісі — страница 3
Это 3-я страница архива публикаций источника ҚР Парламенті Мәжілісі. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.