ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20560
Мәжілісте Қазақстан мен Корея арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Айдос Сарым, депутаттар Вера Ким және Олжас Құспеков Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты, «Корея – Қазақстан» парламенттік тобы жетекшісінің орынбасары Со Ён Сокпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сондай-ақ парламенттік дипломатия шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады. Мәжілістегі Корея Республикасымен достық тобының жетекшісі Айдос Сарым екі ел арасындағы ынтымақтастық тек экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге технология, білім және мәдениет бағыттарында да белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Со Ён Сок Қазақстанның Корея үшін Орталық Азиядағы маңызды сауда және инвестициялық серіктес екенін атап өтті. Ол парламенттер арасындағы тұрақты байланыс екі елдің саяси сенімін арттырып, алдағы саммит пен жоғары деңгейдегі кездесулерге қосымша серпін беретінін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар заң шығару қызметі саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, екі мемлекет басшылары айқындаған міндеттерді іске асыру бағытында жұмыс істеуге, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара қолдау көрсетуге ниетті екендіктерін білдірді. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























