MFA Qazaqstan » публикация №24892
Қазақстандық дәрігерлер тобы және 319 тонна гуманитарлық көмек: Қазақстан делегациясы Ауғанстанға ауқымды миссиямен барды 📌Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабулға гуманитарлық және іскерлік миссиямен барды. Қазақстан Ауғанстан халқына жалпы салмағы 318,8 тонна гуманитарлық көмектің кезекті партиясын, сондай-ақ халыққа медициналық көмек көрсету үшін қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді. Делегация құрамына Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдарынан тоғыз маман кірді. Ауғанстандағы қазақстандық медицина күндері шеңберінде олар бір апта бойы кеңес беріп, халыққа практикалық медициналық көмек көрсетіп, ауған әріптестері үшін шеберлік сыныптарын өткізеді. Серік Жұманғарин гуманитарлық көмек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның Ауғанстан халқын қолдаудағы дәйекті саясатының бір бөлігі екенін атап өтті. ➖ Казахстанские врачи и 319 тонн гуманитарной помощи: делегация из Казахстана прибыла в Афганистан с масштабной миссией 📌Казахстанская делегация во главе с заместителем Премьер-министра – министром национальной экономики Сериком Жумангариным прибыла в Кабул с гуманитарной и деловой миссией. Казахстан направил народу Афганистана очередную партию гуманитарной помощи общим весом 318,8 тонны, а также группу казахстанских врачей для оказания медицинской помощи населению. В состав делегации вошли девять специалистов ведущих медицинских организаций Казахстана. В рамках Дней казахстанской медицины в Афганистане в течение недели они будут проводить консультации и оказывать практическую медицинскую помощь населению, проводить мастер-классы для афганских коллег. Как отметил Серик Жумангарин, гуманитарная помощь направлена по поручению Главы государства и является частью последовательной политики Казахстана по поддержке народа Афганистана. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























