ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20608
Мәжілісте «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы шығарылды Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Мәжілісте парламенттік журналистерге арналған дәстүрлі «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланды. Салтанатты рәсім барысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жеті номинация бойынша үздік деп танылған 17 лауреатқа марапат табыстады. Журналистер алдында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов бұқаралық ақпарат құралдарының ел дамуындағы маңызды рөлін атап өтті. Палата спикері Мәжіліс қызметін насихаттап, қабылданып жатқан заңдар туралы халыққа шынайы әрі түсінікті ақпарат жеткізіп жүрген БАҚ өкілдеріне ризашылығын білдірді, бірлескен жемісті жұмыс үшін алғыс айтты. Мәжіліс төрағасы биыл «Парламент сөзі» сыйлығы оныншы рет өткізіліп отырғанын атап өтті. Осы жылдар ішінде бұл мәртебелі марапатқа 150-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі ие болған. Салтанатты рәсім барысында журналистер келесі номинациялар бойынша марапатталды: «Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясы – «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Орынбек Пазыловқа және «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Юлия Магерге; «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясы – «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі Самал Қабышеваға, «7 канал» телеарнасының журналисі Асемгуль Касеноваға және «Астана» телеарнасының тілшісі Ақбота Газизоваға; «Үздік бейне-фотоматериал үшін» номинациясы – «Jibek Joly» телеарнасының операторы Сапарақын Шәріпханға; «Үздік интернет және радио материалы үшін» номинациясы – «Inbusiness.kz» сайтының тілшісі Балжан Смаиловаға, «Informburo.kz» сайтының журналисі Мария Пичененкоға, «Шалқар» радиосының жүргізушісі Гүлнұр Доскееваға және «QR.News» ақпараттық сайтының редакторы Сапарғали Қанатқа; «Арнайы репортаж» номинациясы – «24.kz» телеарнасының журналисі Назым Кенжебаеваға, КТК телеарнасының тілшісі Анна Абрамоваға және «Tiek.kz» сайтының редакторы Бақытнұр Әлібайға; «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы – Нағашыбай Қабылбеков пен Айнұр Коскинаға табысталды. «Парламент сөзі» сыйлығының арнайы номинациясы «Айқын-Литер» газетінің ұжымына және «Еуразия» Бірінші арнасы» редакциясына берілді. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























