Life News Новостной агрегатор

UKIMET — страница 18

Источник: UKIMET · сбросить

Архив материалов источника UKIMET, страница 18. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


UKIMET » публикация №24338

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жол биыл толығымен аяқталады 📌 Қазақстанда жол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жолды толық аяқтау жоспарланып отыр, ал айдың соңына дейін орталық өңірдегі негізгі жобалардың…


UKIMET » публикация №24337

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жол биыл толығымен аяқталады 📌 Қазақстанда жол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жолды толық аяқтау жоспарланып отыр, ал айдың соңына дейін орталық өңірдегі негізгі жобалардың бірі — «Қарағанды – Жезқазған» автожолының құрылысын бастау көзделуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттардың сұрақтарына жауап беру барысында айтты. «Шынында да, өткен жылдың соңында «Қызылорда – Жезқазған» автожолының 216 шақырымының құрылысы аяқталды. Биыл Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жолды толық аяқтап, оны халық игілігіне беретін боламыз. Сонымен қатар «Қарағанды – Жезқазған» автожолы — аса маңызды жобалардың бірі. Жолдың ұзындығы 575 шақырым, құны 524 млрд теңгені құрайды. Оның құрылысын да осы айдың соңына дейін бастаймыз және алдағы екі жыл ішінде сапалы түрде аяқтаймыз», — деді Нұрлыбек Нәлібаев. Жалпы еліміз бойынша биыл 11 мың шақырымнан астам жол күрделі, орташа жөндеумен және қайта жаңартумен қамтылған. Сондай-ақ, жұмыстар жаңа көпірлер салу мен абаттандыруды қоса алғанда, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда да жүргізілуде. Алдағы жобалардың қатарында ұзындығы 765 шақырым, құны 725 млрд теңге болатын «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысы бар. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін жаңғырту шеңберінде «Ақтөбе-Қызылорда» учаскесі екінші санаттан бірінші санатқа ауыстырылатын болады. Ол бойынша жұмыстарды биыл бастау жоспарлануда. Одан бөлек, Жаңаөзеннен Түрікменстанмен шекараға дейінгі жолды жаңғырту және жол инфрақұрылымының басқа да маңызды объектілерін аяқтау жалғастырылмақ. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24336

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Правительство в 2025 году продолжило развитие промышленности и цифровизации 📌 В 2025 году Правительство продолжило реализацию проектов в промышленности, транспорте, энергетике, цифровизации и глубокой переработке. В числе ключевых направлений – развитие автомобилестроения, искусственного интеллекта и технологической экосистемы. Об этом заявил Министр финансов Мади Такиев в ходе выступления на пленарном заседании Мажилиса. «Правительство продолжает работу по развитию промышленности, транспорта, энергетики, цифровизации и глубокой переработки. В автомобилестроении запущены два крупных автозавода: завод KIA в Костанайской области и мультибрендовый завод «Астана Моторс» в городе Алматы. Ежегодный выпуск 160 тыс. автомобилей позволит существенно развить эту отрасль», — сказал Мади Такиев. В сфере цифровизации и искусственного интеллекта открыт Международный центр искусственного интеллекта Alem.AI. В рамках концепции центра планируется подготовка тысячи специалистов в области ИИ, а также поддержка сотен стартапов и десятков исследовательских проектов ежегодно. «На базе 20 вузов начата подготовка специалистов по искусственному интеллекту. Внедрена отдельная квота по программе «Болашак». Astana Hub продолжает развиваться как площадка для технологических компаний и стартапов. В нем зарегистрировано более 2 200 IT-компаний, в том числе более 500 компаний с иностранным участием», — отметил министр финансов. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24335

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет 2025 жылы өнеркәсіп пен цифрландыруды дамытуды жалғастырды 📌 Үкімет 2025 жылы өнеркәсіп, көлік, энергетика, цифрландыру мен терең өңдеу салаларын белсенді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырды. Негізгі бағыттардың бірі – автомобиль жасау, жасанды интеллект және технологиялық экожүйені дамыту. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. «Үкімет өнеркәсіп, көлік, энергетика, цифрландыру мен терең өңдеу салаларын белсенді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Автомобиль жасау саласында, Қостанай облысындағы KIA зауыты және Алматы қаласындағы «Астана Моторс» мультибренд зауыты іске қосылды. Жалпы, жыл сайын шығарып отырған 160 мың автомобиль, бұл саланы едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді», — деді Мәди Такиев. Цифрландыру және жасанды интеллект саласында Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Alem.AI тұжырымдамасы шеңберінде Жасанды интеллект саласында мыңдаған мамандар даярлау, жыл сайын жүздеген стартаптар мен ондаған зерттеу жобаларын қолдау жоспарланып отыр. «20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталса, «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілді. Astana Hub – технологиялық компаниялар мен стартаптарға арналған алаң ретінде дамуын жалғастыруда. Онда 2 200-ден астам IT-компания, оның ішінде 500-ден астам шетелдік компаниялар тіркелген», — деді қаржы министрі. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24334

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Поддержка аграрного сектора в 2025 году достигла 1,1 трлн тенге 📌 В 2025 году финансирование аграрного сектора увеличилось на 172 млрд тенге и составило 1,1 трлн тенге. Эти средства позволили поддержать посевную кампанию, обеспечить высокий урожай зерновых и масличных культур, а также продолжить развитие водной инфраструктуры. Такие данные на пленарном заседании Мажилиса привел министр финансов РК Мади Такиев. «Уделяя отдельное внимание аграрному сектору, в 2025 году на его поддержку направлено 1,1 трлн тенге, что на 172 млрд тенге больше, чем в 2024 году. Для форвардного закупа было охвачено 346,2 тыс. га посевных площадей. По итогам года намолочено 25,9 млн тонн зерна, в том числе 19,3 млн тонн пшеницы», — сказал Мади Такиев. Также собрано 4,9 млн тонн масличных культур, 3,6 млн тонн ячменя, 1 млн тонн кукурузы, 525,9 тыс. тонн риса, около 1 млн тонн бобовых культур и более 76,7 тыс. тонн гречихи. «Посевные площади подсолнечника выросли в 1,5 раза – с 1,2 млн до 1,7 млн га. Это позволило увеличить производство подсолнечного масла на 17,5%, до 752,1 тыс. тонн, и расширить экспортный потенциал. Экспорт подсолнечного масла вырос на 24%, до 219,3 тыс. тонн», — отметил министр финансов. Отдельное внимание, по его словам, уделяется водной инфраструктуре. В 2025 году очищено 1 840 км ирригационных каналов, реконструировано 680 км ирригационной сети и отремонтировано 375 гидротехнических сооружений. «Для Правительства принципиально важно, чтобы исполнение бюджета оценивалось не только по проценту освоения. Главный критерий – реальный результат для граждан, бизнеса и регионов», — подчеркнул Мади Такиев. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24333

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Аграрлық секторды қолдау 2025 жылы 1,1 трлн теңгеге жетті 📌 2025 жылы аграрлық секторды қаржыландыру 172 млрд теңгеге ұлғайып, 1,1 трлн теңгені құрады. Бұл қаражат егіс науқанын қолдауға, дәнді және майлы дақылдардың жоғары өнімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ су инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруға мүмкіндік берді. Мұндай деректерді Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев келтірді. «Аграрлық секторға ерекше назар аударыла отырып, 2025 жылы оны қолдауға 1,1 трлн теңге бағытталды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 172 млрд теңгеге артық. Форвардтық сатып алулар үшін 346,2 мың гектар егіс алқабы бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 25,9 млн тонна астық, оның ішінде 19,3 млн тонна бидай бастырылды», — деді Мәди Такиев. Сондай-ақ 4,9 млн тонна майлы дақылдар, 3,6 млн тонна арпа, 1 млн тонна жүгері, 525,9 мың тонна күріш, 1 млн тоннаға жуық бұршақ дақылдары және 76,7 мың тоннадан астам қарақұмық жиналды. «Күнбағыс егіс алқабы 1,5 есеге – 1,2 млн гектардан 1,7 млн гектарға дейін өсті, бұл күнбағыс майын өндіруді 17,5%-ға, яғни 752,1 мың тоннаға дейін ұлғайтуға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік берді. Күнбағыс майының экспорты 24%-ға, яғни 219,3 мың тоннаға дейін өсті», — деп атап өтті қаржы министрі. Оның айтуынша, су инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы 1 840 шақырым суару каналдары тазартылып, 680 шақырым суару желісі қайта жаңартылған және 375 гидротехникалық нысан жөнделген. «Үкімет үшін бюджеттің орындалуы тек игеру пайызы бойынша ғана бағаланбауы өте маңызды. Басты критерий – азаматтар мен бизнес және өңірлер үшін нақты нәтижеге қол жеткізу», — деп атап өтті Мәди Такиев. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24332

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Все социальные обязательства Правительства в 2025 году исполнены — Мади Такиев Правительство в полном объеме обеспечило выполнение социальных обязательств по итогам 2025 года. Расходы республиканского бюджета составили 25,5 трлн тенге, из них 9,3 трлн тенге направлено на социальную сферу и 7,7 трлн тенге – на поддержку регионов, сообщил министр финансов РК Мади Такиев на пленарном заседании Мажилиса. «Расходы республиканского бюджета исполнены на 99% и составили 25,5 трлн тенге. Все социальные обязательства Правительством исполнены. На поддержку регионам направлено 7,7 трлн тенге, на социальную сферу – 9,3 трлн тенге», — сказал Мади Такиев. Министр финансов отметил, что в рамках национальных проектов завершено строительство 198 школ и 655 объектов здравоохранения. Также для студентов введено 30 общежитий более чем на 10 тыс. мест. «Объем ввода жилья за счет всех источников составил 20,1 млн кв. метров. Для социально уязвимых слоев населения приобретено 5 141 жилье. Продолжена работа по развитию инженерной инфраструктуры: проложено 980,5 км сетей инженерно-коммуникационной инфраструктуры, построено и отремонтировано 6,3 тыс. км сетей водоснабжения и водоотведения», — отметил министр финансов. Значительные средства также были направлены на транспортную инфраструктуру. Всеми видами работ охвачено порядка 13 тыс. км автодорог, включая 9 тыс. км дорог республиканского значения и 4 тыс. км дорог местного значения. Кроме того, продолжена поддержка социально значимых железнодорожных и авиационных маршрутов. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24331

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкіметтің 2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалды — Мәди Такиев 📌 Үкімет 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын толық көлемде қамтамасыз етті. ҚР қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысында республикалық бюджеттің шығыстары 25,5 трлн теңгені құрағанын, оның 9,3 трлн теңгесі әлеуметтік салаға және 7,7 трлн теңгесі өңірлерді қолдауға бағытталғанын баяндады. «Республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады. Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған болса, әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге жіберілді», — деді Мәди Такиев. Қаржы министрі Ұлттық жобалар аясында 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталғанын атап өтті. Сондай-ақ студенттерге арналған 10 мыңнан астам орынға 30 жатақхана пайдалануға берілді. «Барлық қаржыландыру көздері есебінен, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, 5 141 тұрғын үй сатып алынды. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 980,5 шақырым инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым желісі салынды. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің 6,3 мың шақырым желісі салынды және жөнделді», — деп атап өтті қаржы министрі. Көлік инфрақұрылымына да қомақты қаражат жұмсалды. 13 мың шақырымға жуық автожол, оның ішінде 9 мың шақырым республикалық маңызы бар жол және 4 мың шақырым жергілікті маңызы бар автожол жұмыстың барлық түрімен қамтылды. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар теміржол және әуе бағыттарын қолдау жұмыстары жалғастырылды. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24330

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Поступления республиканского бюджета в 2025 году составили 21,4 трлн тенге — Мади Такиев 📌 Собственные доходы республиканского бюджета без учета трансфертов выросли до 15,3 трлн тенге, а налоговые поступления увеличились на 2,2 трлн тенге. Об этом на пленарном заседании Мажилиса сообщил министр финансов РК Мади Такиев. «Поступления республиканского бюджета в 2025 году составили 21,4 трлн тенге. Собственные доходы без учета трансфертов достигли 15,3 трлн тенге, увеличившись по сравнению с 2024 годом на 1,8 трлн тенге. Налоговые поступления выросли на 2,2 трлн тенге, или на 17,5%. В целом рост обеспечен расширением экономики, увеличением поступлений по корпоративному подоходному налогу и НДС, ростом импорта, а также повышением эффективности администрирования», — сказал Мади Такиев. По словам министра, поступления по корпоративному подоходному налогу выросли на 880 млрд тенге, или на 24%, до 4,5 трлн тенге. По НДС рост составил 932,5 млрд тенге, или 18%, до 6,1 трлн тенге. «Также улучшена эффективность камерального контроля. По его итогам в бюджет взыскано 388 млрд тенге против 262 млрд тенге в 2024 году. При этом государство продолжило выполнять обязательства перед бизнесом: в 2025 году из бюджета возвращено 1 трлн 354 млрд тенге НДС, что на 138 млрд тенге больше, чем годом ранее», — отметил министр финансов. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24329

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

2025 жылы республикалық бюджеттің кірістері 21,4 трлн теңгені құрады — Мәди Такиев 📌 Республикалық бюджеттің меншікті кірістері, трансферттерді есептемегенде, 15,3 трлн теңгеге дейін өсті, ал салық түсімдері 2,2 трлн теңгеге ұлғайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. «2025 жылы республикалық бюджет түсімдері 21,4 трлн теңгені құрады. Трансферттерді есептемегенде меншікті кірістер 15,3 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 1,8 трлн теңгеге ұлғайды. Салықтық түсімдер 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға өсті. Жалпы өсім, экономиканы кеңейту, корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша түсімдердің ұлғаюы, импорттың өсуі, сондай-ақ әкімшілендіру тиімділігінің артуы есебінен қамтамасыз етілді», — деді Мәди Такиев. Министрдің сөзінше корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер, 880 млрд теңгеге немесе 24%-ға өсіп, 4,5 трлн теңгеге жетті. Қосылған құн салығы бойынша өсім, 932,5 млрд теңгені немесе 18% құрап, 6,1 трлн теңгеге дейін артты. «Сондай-ақ камералдық бақылаудың тиімділігі де жақсарды. Нәтижесінде, бюджетке 388 млрд теңге өндірілініп алынды. 2024 жылмен салатырғанда, бұл көрсеткіш 262 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, мемлекет бизнес алдындағы міндеттерін орындауын жалғастырды. 2025 жылы бюджеттен 1 трлн 354 млрд теңге қосылған құн салығы қайтарылды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 138 млрд теңгеге артық», — деп атап өтті қаржы министрі. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24328

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Экономика Казахстана в 2025 году ускорила рост до 6,5% — Мади Такиев 📌 Ускорение экономической активности в 2025 году обеспечили ключевые отрасли реального сектора, включая транспорт, строительство, горнодобывающую промышленность и торговлю. Об основных итогах социально-экономического развития страны на пленарном заседании Мажилиса доложил министр финансов РК Мади Такиев. «По итогам 2025 года экономика Казахстана сохранила положительную динамику. Рост ВВП составил 6,5%. Основной вклад в рост внесли транспорт – 20,4%, строительство – 15,9%, горнодобывающая промышленность – 9,4% и торговля – 8,9%. Вместе с тем инфляция сложилась на уровне 12,3%. Среднемесячная заработная плата составила 442 тыс. тенге, в реальном выражении снизившись на 2%, а уровень безработицы в течение года оставался стабильным на уровне 4,6%», – сказал Мади Такиев. По словам министра финансов, государственный долг остается в установленном коридоре. По итогам года он составил 22,8% к ВВП, или 36,4 трлн тенге. При этом объем ВВП достиг 159,6 трлн тенге. «Активы Национального фонда на конец 2025 года составили $73,8 млрд. В том числе активы валютного портфеля – $63,9 млрд, за вычетом целевых требований по программе “Нацфонд – детям” в размере $1,57 млрд», — отметил министр. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24327

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстан экономикасы 2025 жылы өсуді 6,5%-ға дейін жеделдетті – Мәди Такиев 📌 2025 жылы экономикалық белсенділікті көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауданы қоса алғанда, нақты сектордың негізгі салалары жеделдетті. Мәжілістің жалпы отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы қаржы министрі Мәди Такиев баяндады. «2025 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасы оң динамиканы сақтап қалды. ЖІӨ өсімі 6,5% құрады. Өсімге негіз болған салалар: көлік 20,4%-ға, құрылыс 15,9%-ға, тау-кен өнеркәсібі 9,4%-ға және сауда 8,9%-ға өсті. Бұл ретте инфляциялық қысым сақтала отырып, 12,3% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы нақты мәнде 2%-ға төмендей отырып, 442 мың теңге деңгейінде онықты. Ал жұмыссыздық деңгейі жыл бойы тұрақты сақтала отырып 4,6% деңгейінде болды», – деді Мәди Такиев. Министрдің айтуынша, мемлекеттік борыш белгіленген дәліз бойында тұр. Жыл қорытындысы бойынша, ол жалпы ішкі өнімнің 22,8%-ын немесе 36,4 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ЖІӨ көлемі – 159,6 трлн теңге. «Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың аяғында $73,8 млрд болды, оның ішінде валюталық қордың активтері – $63,9 млрд. Бұл сомада “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша қарастырылған $1,57 млрд мөлшеріндегі нысаналы талаптар жоқ», — деп атап өтті министр. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24326

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов Сауд Арабиясының өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесті 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысу үшін келген Сауд Арабиясы Корольдігінің…


UKIMET » публикация №24323

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов Сауд Арабиясының өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесті 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысу үшін келген Сауд Арабиясы Корольдігінің өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесу өткізді. Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда-экономикалық серіктестері қатарына кіреді. Қазақстан мен Сауд Арабиясы көшбасшыларының өзара қолдауы нәтижесінде сенімді әрі достық қарым-қатынастар орнағаны атап өтілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 17%-ға артып, $11,7 млн-ды құрады. Биылғы қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы 2,9 есеге өсіп, $6,1 млн-нан асты. Кейінгі 20 жылда Сауд Арабиясы Корольдігінен Қазақстан Республикасына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі $115,3 млн-ды құрады. Биылғы ақпан айында қол қойылған Қазақстан – Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесін құру туралы келісім және инвестицияларды өзара ынталандыру мен қорғау туралы келісім жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне, сондай-ақ аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларына назар аударылды. Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу, сондай-ақ қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Кездесуге қатысушылар тау-кен металлургия және аса маңызды минералдар саласында екіжақты өзара іс-қимылды арттыруға дайын екендерін растады. 📱@KZgovernment




UKIMET » публикация №24320

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Правительство одобрило соглашение по строительству первого завода в Казахстане по производству карбамида В Актау построят аммиачно-карбамидный завод стоимостью свыше 800 млрд тенге 📌В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию в стране химической промышленности и диверсификации производимой продукции Правительством РК одобрено подписание Соглашения об инвестициях по проекту «Аммиачно-карбамидный комплекс на территории Мангистауской области» между Министерством промышленности и строительства и ТОО «KazAzot PRIME». Соответствующее постановление подписал Премьер-министр Олжас Бектенов. Первый в стране завод по производству карбамида будет построен в г.Актау. Общий объем инвестиций составит 804,2 млрд тенге. Ввод предприятия в эксплуатацию запланирован на 2030 год. В период строительства будет обеспечено около 1,5 тыс. рабочих мест, после запуска комплекса – 700 постоянных. Мощность будущего комплекса позволит ежегодно выпускать до 660 тыс. тонн аммиака, около 580 тыс. тонн карбамида и 500 тыс. тонн аммиачной селитры. Реализация проекта имеет стратегическое значение для развития агрохимической отрасли страны. Сегодня карбамид не производится в Казахстане, а импортируется из соседних стран. Карбамид как азотное удобрение широко используется в сельском хозяйстве в качестве основного удобрения на всех почвах под различные сельскохозяйственные культуры и остается востребованным на внутреннем рынке. Запуск нового предприятия позволит обеспечить отечественных аграриев продукцией собственного производства, снизить зависимость от импорта и укрепить экспортный потенциал. В настоящее время единственным отечественным производителем азотных удобрений является АО «КазАзот». Помимо проекта в Актау, в стране планируется реализовать еще два крупных проекта по производству карбамида компаний KazESTA и ТОО KMG PetroChem совместно с СНПС-Актобемунайгаз. Это позволит существенно нарастить отечественные мощности по производству азотных удобрений и снизить импортозависимость. Ожидается, что к 2030 году с учетом запуска всех инвестпроектов прогнозный объем производства аммиачной продукции достигнет 2,3 млн тонн. Благодаря этим мерам Казахстан сможет не только полностью обеспечить потребности отечественных аграриев, но и сформировать значительный экспортный потенциал. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24319

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет Қазақстанда карбамид өндіретін алғашқы зауыт салу туралы келісімді мақұлдады Ақтауда құны 800 млрд теңгеден асатын аммиак-карбамид зауыты салынады 📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде химия өнеркәсібін дамыту және өндірілетін өнім түрлерін әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде ҚР Үкіметі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «KazAzot PRIME» ЖШС арасындағы Маңғыстау облысы аумағында аммиак-карбамид кешенін салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Еліміздегі алғашқы карбамид өндіру зауыты Ақтау қаласында салынады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 804,2 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынды пайдалануға беру 2030 жылға жоспарланған. Құрылыс кезеңінде 1,5 мыңға жуық жұмыс орны, кешен іске қосылғаннан кейін – 700 тұрақты жұмыс орны ашылады. Болашақ кешеннің қуаттылығы жыл сайын 660 мың тоннаға дейін аммиак, 580 мың тоннаға жуық карбамид және 500 мың тонна аммиак селитрасын шығаруға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру елдің агрохимиялық саласын дамыту үшін стратегиялық маңызға ие. Бүгінде карбамид Қазақстанда өндірілмейді, бірақ көрші елдерден импортталады. Карбамид азотты тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашылығында әртүрлі дақылдарға арналған барлық топырақтарда негізгі тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады және ішкі нарықта сұранысқа ие. Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы отандық фермерлерді өз өндірісінің өнімімен қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және экспорттық әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта азотты тыңайтқыштардың жалғыз отандық өндірушісі – «ҚазАзот» АҚ. Елімізде Ақтау жобасынан басқа, СНПС-Ақтөбемұнайгаз компаниясымен бірлесіп, KazESTA және KMG PetroChem ЖШС жүзеге асыратын тағы екі карбамид өндіру жобасы жоспарланған. Бұл азот тыңайтқыштарының отандық өндірісі қуаттылығын едәуір арттыруға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. 2030 жылға қарай барлық инвестициялық жобалар іске қосылған кезде аммиак өнімін өндірудің болжамды көлемі 2,3 млн тоннаға жетеді деп күтілуде. Осы шаралардың нәтижесінде Қазақстан отандық шаруалардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп қана қоймай, елеулі экспорттық әлеуетті қалыптастыра алады. 📱 @KZgovernment




UKIMET » публикация №24316

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Туризм – орнықты дамудың маңызды факторы Бүгінде Қазақстанда туризм тек демалыс саласы ретінде ғана емес, өңірлер экономикасына, инвестициялық белсенділікке және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін толыққанды сала ретінде дамып келеді. Туристер санының артуы, саладан түсетін кірістің өсуі, инфрақұрылымның жаңаруы және цифрлық шешімдердің енгізілуі еліміздің халықаралық туристік картадағы орнын нығайтуға берік негіз қалыптастырып отыр. Мемлекеттік бастамалардың жүйелі түрде жүзеге асырылуы және бизнестің белсенді қатысуы туризмді Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсімінің маңызды драйверлерінің біріне айналдыруға мүмкіндік беруде. ➖ Туризм как фактор устойчивого развития Сегодня туризм в Казахстане развивается как полноценная отрасль, которая влияет не только на сферу отдыха, но и на экономику регионов, инвестиционную активность и создание новых рабочих мест. Рост туристического потока, увеличение доходов, развитие инфраструктуры и внедрение цифровых решений создают прочную основу для дальнейшего продвижения страны на международной туристической карте. Последовательная реализация государственных инициатив и активное участие бизнеса позволяют постепенно превращать туризм в один из значимых драйверов долгосрочного экономического роста Казахстана. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24315

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Цифровизация и событийный туризм как новые драйверы 📌Цифровые решения становятся еще одним важным инструментом развития туризма. Национальный портал Kazakhstan.travel помогает туристам на нескольких языках получать информацию о направлениях, маршрутах и возможностях для путешествий по стране. Параллельно развиваются сервисы для гостей Казахстана: система E-Guides, QR-решения для иностранных туристов, а также мобильное приложение TravelStan, которое объединит основные туристические услуги в одной цифровой среде. Отдельное направление – событийный туризм. На 2026 год утвержден календарь из 55 мероприятий: культурных, этнографических, спортивных, гастрономических и других событий. С начала года в регионах уже прошли крупные мероприятия, среди них фестиваль традиционного искусства и музыки Astana Symphony, зимний фестиваль Burabay Ice, этнокультурный фестиваль «Амал келді – Жыл келді», гастрономический фестиваль «ДәмДәсTour», международная книжная выставка Eurasian Book Fair, фестиваль «Тараз – город ремесленников», международный фестиваль «Қызғалдақ-мұра», фестиваль цветения яблони Сиверса, а также международный турнир по киберспорту PGL Astana 2026. Проведенные мероприятия показали высокий интерес со стороны жителей и туристов, а также помогли ярче представить культурный и туристический потенциал регионов. Основная активность событийного календаря приходится на летний сезон. В июне 2026 года в регионах страны запланирована серия крупных мероприятий, среди них этнофестиваль «Тары Fest», фестиваль искусства и спорта «Алтын бесік – Ақсуат», молодежный музыкальный фестиваль Beu Fest, международный фестиваль The Spirit of Tengri, фестиваль национальной кухни «Көкмайса-2026», международный фестиваль «Қазыналы Каспий», летний фестиваль Balkhash Tour Fest, этнофестиваль «Қымызмұрындық» и международные скачки «Жолан жүйрігі». Эти события будут способствовать развитию событийного туризма, продвижению региональных брендов и привлечению туристов в летний период. Для продвижения календаря запущена веб-версия event.qaztourism.kz. Также подготовлен англоязычный буклет, который будет использоваться для презентации казахстанских мероприятий на международных туристических выставках и в работе с зарубежными туроператорами. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24314

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Цифрландыру мен оқиғалық туризм – саланы дамытудың жаңа драйверлері 📌 Цифрлық шешімдер туризмді дамытудың маңызды құралдарының біріне айналып келеді. Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы туристерге бірнеше тілде еліміздің туристік бағыттары, маршруттары мен ел бойынша саяхаттау мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынады. Сонымен қатар Қазақстан қонақтарына арналған жаңа сервистер де дамып келеді: E-Guides жүйесі, шетелдік туристерге арналған QR-шешімдер және негізгі туристік қызметтерді бір цифрлық ортаға біріктіретін TravelStan мобильді қосымшасы. Саланың маңызды бөлек бағыты – оқиғалық туризм. 2026 жылғы күнтізбеге мәдениет, этнография, спорт, гастрономия және өзге де бағыттарды қамтитын 55 іс-шара енгізілді. Жыл басынан бері өңірлерде бірқатар ірі шаралар өтті. Олардың қатарында Astana Symphony дәстүрлі өнер мен музыка фестивалі, Burabay Ice қысқы фестивалі, «Амал келді – Жыл келді» этномәдени фестивалі, «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі, Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі, «Тараз – қолөнершілер қаласы» фестивалі, «Қызғалдақ-мұра» халықаралық фестивалі, Сиверс алмасының гүлдеу фестивалі және PGL Astana 2026 халықаралық киберспорт турнирі бар. Өткен іс-шаралар тұрғындар мен туристер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, өңірлердің мәдени және туристік әлеуетін кеңінен танытуға мүмкіндік берді. Оқиғалар күнтізбесіндегі негізгі шаралар жазғы маусымға жоспарланған. 2026 жылғы маусым айда еліміздің өңірлерінде бірқатар ірі іс-шара өткізіледі. Олардың қатарында «Тары Fest» этнофестивалі, «Алтын бесік – Ақсуат» өнер және спорт фестивалі, Beu Fest жастар музыка фестивалі, The Spirit of Tengri халықаралық фестивалі, «Көкмайса-2026» ұлттық тағамдар фестивалі, «Қазыналы Каспий» халықаралық фестивалі, Balkhash Tour Fest жазғы фестивалі, «Қымызмұрындық» этнофестивалі және «Жолан жүйрігі» халықаралық бәйгесі бар. Бұл іс-шаралар оқиғалық туризмді дамытуға, өңірлік брендтерді ілгерілетуге және жазғы кезеңде туристер ағынын арттыруға ықпал етеді. Іс-шаралар күнтізбесін кеңінен насихаттау мақсатында event.qaztourism.kz веб-нұсқасы іске қосылды. Сондай-ақ халықаралық туристік көрмелерде және шетелдік туроператорлармен жұмыс барысында қазақстандық іс-шараларды таныстыру үшін ағылшын тіліндегі арнайы буклет әзірленді. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24312

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Almaty SuperSki: от проектирования к строительству 📌 Одним из самых масштабных туристических проектов в Казахстане сегодня становится горнолыжный курорт Almaty SuperSki. Проект уже выходит из подготовительной стадии и переходит к практической реализации. Ключевые партнеры определены через открытые международные конкурсы. За строительство 11 современных канатных дорог будет отвечать французская компания POMA – один из мировых лидеров в этой сфере, реализовавший тысячи проектов по всему миру. На курорте планируется создать современную систему гондольных и кресельных подъемников разных типов. Отдельное внимание уделяется архитектуре и инженерным решениям. Согласно концепции международного бюро Foster + Partners, в строительстве будут использоваться современные деревянные конструкции. Их проектированием и производством займется канадская компания StructureCraft, известная опытом работы со сложными объектами из массивной древесины. Строительные работы на площадке уже начались. Запуск курорта Almaty SuperSki запланирован на декабрь 2028 года. Ожидается, что проект станет новой точкой притяжения для туристов, поможет раскрыть потенциал алматинского горного кластера и даст дополнительный импульс сфере услуг и смежным отраслям экономики. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24309

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Almaty SuperSki: жобалаудан құрылысқа дейін 📌 Қазақстандағы ең ауқымды туристік жобалардың бірі — Almaty SuperSki тау-шаңғы курорты. Қазіргі таңда жоба дайындық кезеңінен шығып, нақты құрылыс және жүзеге асыру сатысына өтуде. Негізгі серіктестер ашық халықаралық конкурстар арқылы анықталады. 11 заманауи аспалы жолдың құрылысына бүкіл әлем бойынша мыңдаған жобаларды жүзеге асырған осы саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Poma француз компаниясы жауап береді. Курортта әртүрлі типтегі гондолалар мен креслолардың заманауи жүйесін құру жоспарлануда. Сәулет пен инженерлік шешімдерге ерекше назар аударылады. Foster + Partners халықаралық бюросының тұжырымдамасына сәйкес құрылыста заманауи ағаш конструкциялар қолданылады. Оларды жобалау мен өндіруді күрделі қатты ағаш нысандарымен жұмыс істеу тәжірибесімен танымал канадалық StructureCraft компаниясы жүзеге асырады. Құрылыс алаңында жұмыстар қазірдің өзінде басталды. Almaty SuperSki курортын іске қосу 2028 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Жоба туристер үшін жаңа тартымды орталыққа айналып, Алматы таулы кластерінің әлеуетін ашуға ықпал етеді деп күтілуде. Сонымен қатар ол қызмет көрсету саласына және экономикадағы сабақтас салаларға қосымша серпін бермек. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24305

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Подготовка к летнему сезону: развитие туристских дестинаций 📌К летнему туристическому сезону в регионах усиливают работу по развитию популярных направлений и повышению комфорта для путешественников. В Алматинской области продолжается обновление туристической инфраструктуры Конаева и национальных парков. Уже благоустроен пляж №5 с объемом инвестиций 4,5 млрд тенге, продолжается строительство пляжей №6 и №7. Также улучшаются подъездные дороги к озеру Каинды и объекту «Город кочевников», развивается маршрут «Алатау аманаты». В области Жетісу особое внимание уделяется побережью Алаколя и транспортной доступности курортной зоны. Ведется разработка проекта нового терминала аэропорта Ушарал стоимостью 5,5 млрд тенге, субсидируются авиарейсы и расширяется железнодорожное сообщение. В Карагандинской области развивается туристический кластер вокруг индустриальной зоны Balkhash и Каркаралинского района. Уже модернизирован аэропорт Балхаша, запускаются гостиничные проекты и визит-центры, а сам регион постепенно формирует собственный календарь событий для туристов. В Мангистауской области акцент сделан на обновлении пляжей и набережных, а также на повышении безопасности отдыхающих. В том числе планируется установка камер видеонаблюдения в популярных туристических зонах. В Бурабае, Баянауле и Имантау-Шалкарской курортной зоне продолжается обновление инфраструктуры: строятся спасательные станции, развиваются экологические тропы и улучшается транспортная доступность. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24301

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Жазғы маусымға дайындық: туристік дестинацияларды дамыту 📌Жазғы туристік маусымға қарай өңірлерде танымал бағыттарды дамыту және саяхатшылар үшін жайлылықты арттыру бойынша жұмыстар күшейтіледі. Алматы облысында Қонаев қаласы мен ұлттық парктердің туристік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Инвестиция көлемі 4,5 млрд теңгені құрайтын №5 жағажай абаттандырылып, қазіргі уақытта №6 және №7 жағажайлардың құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Қайыңды көліне және «Көшпенділер қаласы» нысанына апаратын кіреберіс жолдар жақсартылып, «Алатау аманаты» туристік бағыты дамытылуда. Жетісу облысында Алакөл жағалауын дамытуға және курорттық аймақтың көлік қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта құны 5,5 млрд теңгені құрайтын Үшарал әуежайының жаңа терминалының жобасы әзірленуде. Сонымен қатар әуе рейстерін субсидиялау жұмыстары жалғасып, теміржол қатынасының ауқымы кеңейтілуде. Қарағанды облысында Балқаш индустриялық аймағы мен Қарқаралы ауданын қамтитын туристік кластер қарқынды дамып келеді. Балқаш әуежайы жаңғыртылып, қонақүй жобалары мен туристерге арналған визит-орталықтар іске қосылуда. Сонымен қатар өңір туристер ағынын арттыру мақсатында өзінің бірегей мәдени, спорттық және танымдық іс-шаралар күнтізбесін қалыптастырып келеді. Маңғыстау облысында жағажайлар мен жағалауларды жаңғыртуға, сондай-ақ демалушылардың қауіпсіздігін арттыруға басымдық берілуде. Осы бағытта туристік нысандарды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, танымал демалыс аймақтарында бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Бурабай, Баянауыл және Имантау-Шалқар курорттық аймағында туристік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, құтқару стансалары салынып, экологиялық соқпақ жолдар желісі дамытылуда және туристік нысандарға көлікпен қатынау қолжетімділігі жақсартылуда. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24300

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Инвестициялар мен халықаралық брендтер саланы күшейтеді 📌Өсу драйверлерінің бірі инвестициялар ағыны және халықаралық қонақ үй операторларының қатарын кеңейту болып отыр. Алдағы жылдары еліміздің 11 өңірінде әлемдік деңгейдегі 24 қонақ үй салу жоспарлануда. Жобалар жеңілдікпен несие беру және инвестициялық преференция тетіктері арқылы мемлекеттік қолдау аясында жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарына Қонаевтағы Hilton және Marriott халықаралық желілерінің қонақ үйлері, Павлодардағы Novotel, Қостанайдағы Courtyard by Marriott, Қызылордадағы Rixos, сондай-ақ Алматыдағы Hilton Garden Inn, Hilton Park Almaty және Radisson Blu жобалары жатады. Шымкентте жаңа Hilton қонақ үйінің ашылуы жоспарлануда. Халықаралық желілердің келуі сервис сапасын арттыруға көмектеседі, нарықтағы бәсекелестікті күшейтеді және Қазақстанды шетелдік туристер үшін тартымды бағытқа айналдырады. ➖ Инвестиции и международные бренды усиливают отрасль 📌Одним из драйверов роста становится приток инвестиций и расширение присутствия международных гостиничных операторов. В ближайшие годы в 11 регионах страны планируется строительство 24 гостиниц мирового уровня. Проекты реализуются за счет частных инвестиций при поддержке государства через механизмы льготного кредитования и инвестиционных преференций. Среди реализуемых проектов – гостиницы международных сетей Hilton и Marriott в Конаеве, Novotel в Павлодаре, Courtyard by Marriott в Костанае, Rixos в Кызылорде, а также проекты Hilton Garden Inn, Hilton Park Almaty и Radisson Blu в Алматы. В Шымкенте планируется открытие нового отеля Hilton. Приход международных сетей помогает повышать качество сервиса, усиливает конкуренцию на рынке и делает Казахстан более привлекательным направлением для иностранных туристов. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24299

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Концепция до 2029 года: диверсификация и повышение качества 📌 Дальнейшее развитие отрасли будет идти в рамках Концепции развития туризма до 2029 года. Обновленный план охватывает 6 направлений и включает 61 мероприятие. Дополнительно подготовлена дорожная карта на 2026–2029 годы, где предусмотрены еще 119 мероприятий. Одним из целевых ориентиров – увеличить количество внутренних туристов до 11 млн человек к 2029 году. Отдельное внимание уделяется тому, чтобы туристическое предложение стало более разнообразным. Помимо уже привычных направлений, в стране развиваются экотуризм, агротуризм, автотуризм, конные маршруты, гастрономический и MICE-туризм. Также будет развиваться детско-юношеский туризм, в том числе через проект «Живые уроки», который объединяет путешествия с образовательными программами. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24298

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

2029 жылға дейінгі тұжырымдама: әртараптандыру және сапаны жақсарту 📌 Саланы одан әрі дамыту туризмді дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде жүргізілетін болады. Жаңартылған жоспар 6 бағытты қамтиды, оның ішінде 61 іс-шара бар. Қосымша 2026-2029 жылдарға арналған Жол картасы дайындалды, онда тағы 119 іс-шара көзделген. Мақсатты бағыттардың бірі – 2029 жылға қарай ішкі туристер санын 11 миллион адамға дейін арттыру. Туристерге ұсынылатын бағдарламалардың әр алуан болуына ерекше назар аударылып отыр. Қазірдің өзінде әдеттегі бағыттардан бөлек, елімізде экотуризм, агротуризм, автотуризм, ат спорты маршруттары, гастрономиялық және іскерлік MICE-туризм дамытылуда. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер туризмі жолға қойылуда, ол соның ішінде саяхатты білім беру бағдарламаларымен біріктіретін «Табиғат сабақтары» жобасы арқылы дамитын болады. 📱@KZgovernment


Архив UKIMET — страница 18

Это 18-я страница архива публикаций источника UKIMET. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.