UKIMET » публикация №24314
Цифрландыру мен оқиғалық туризм – саланы дамытудың жаңа драйверлері 📌 Цифрлық шешімдер туризмді дамытудың маңызды құралдарының біріне айналып келеді. Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы туристерге бірнеше тілде еліміздің туристік бағыттары, маршруттары мен ел бойынша саяхаттау мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынады. Сонымен қатар Қазақстан қонақтарына арналған жаңа сервистер де дамып келеді: E-Guides жүйесі, шетелдік туристерге арналған QR-шешімдер және негізгі туристік қызметтерді бір цифрлық ортаға біріктіретін TravelStan мобильді қосымшасы. Саланың маңызды бөлек бағыты – оқиғалық туризм. 2026 жылғы күнтізбеге мәдениет, этнография, спорт, гастрономия және өзге де бағыттарды қамтитын 55 іс-шара енгізілді. Жыл басынан бері өңірлерде бірқатар ірі шаралар өтті. Олардың қатарында Astana Symphony дәстүрлі өнер мен музыка фестивалі, Burabay Ice қысқы фестивалі, «Амал келді – Жыл келді» этномәдени фестивалі, «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі, Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі, «Тараз – қолөнершілер қаласы» фестивалі, «Қызғалдақ-мұра» халықаралық фестивалі, Сиверс алмасының гүлдеу фестивалі және PGL Astana 2026 халықаралық киберспорт турнирі бар. Өткен іс-шаралар тұрғындар мен туристер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, өңірлердің мәдени және туристік әлеуетін кеңінен танытуға мүмкіндік берді. Оқиғалар күнтізбесіндегі негізгі шаралар жазғы маусымға жоспарланған. 2026 жылғы маусым айда еліміздің өңірлерінде бірқатар ірі іс-шара өткізіледі. Олардың қатарында «Тары Fest» этнофестивалі, «Алтын бесік – Ақсуат» өнер және спорт фестивалі, Beu Fest жастар музыка фестивалі, The Spirit of Tengri халықаралық фестивалі, «Көкмайса-2026» ұлттық тағамдар фестивалі, «Қазыналы Каспий» халықаралық фестивалі, Balkhash Tour Fest жазғы фестивалі, «Қымызмұрындық» этнофестивалі және «Жолан жүйрігі» халықаралық бәйгесі бар. Бұл іс-шаралар оқиғалық туризмді дамытуға, өңірлік брендтерді ілгерілетуге және жазғы кезеңде туристер ағынын арттыруға ықпал етеді. Іс-шаралар күнтізбесін кеңінен насихаттау мақсатында event.qaztourism.kz веб-нұсқасы іске қосылды. Сондай-ақ халықаралық туристік көрмелерде және шетелдік туроператорлармен жұмыс барысында қазақстандық іс-шараларды таныстыру үшін ағылшын тіліндегі арнайы буклет әзірленді. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























