📌 Мемлекет басшысы: «Бұл құндылықтар – Тәуелсіздік пен Егемендік, елдің аумақтық тұтастығы, азаматтарымыздың заңды құқықтары мен бостандықтары, Қазақстанды Әділ, Құқықтық және Озық мемлекетке айналдыру» @ptrkkz
ТРК Президента — страница 6
Архив материалов источника ТРК Президента, страница 6. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
📌Әрбір Отан қорғаушы азамат көзі ашық, көкірегі ояу, елге жанашыр, антқа адал, талапты әрі табанды болуға тиіс – Мемлекет басшысы @ptrkkz
✔️ Отан алдындағы жауапкершілік барлық салада жоғары деңгейде адал еңбек етуден көрінеді. Әскери қызмет те осы санатта – Президент @ptrkkz
🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Патриот болу дегеніміз – мемлекеттің саясаты мен стратегиясын іс жүзінде қолдау, ел игілігіне үлес қосу, туған жердің тағдыры үшін жауапкершілік алу» @ptrkkz
🧷 Біздің Президент: «Әскери қызмет – азаматтықтың белгісі әрі қастерлі конституциялық міндет» @ptrkkz
📍Президентіміз Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты Қасым-Жомарт Тоқаев оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, кадеттердің даярлық деңгейін, әскери техникалар көрмесін және жастарға арналған Aibyn App цифрлық платформасын көрді. 🤝 Сондай-ақ Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды. @ptrkkz
🇰🇿 Біздің Президент «Айбын» халықаралық жастар жиынында сөз сөйледі ▫️«Айбын» жиынының ең басты миссиясы – Қарулы күштер қатарында кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалды элита қалыптастыру ▫️Жаңа Конституция барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз қалады. Мұндай күрделі өзгерістер еліміздің 35 жылдық тарихында да, одан бұрын да болған емес ▫️Туған жерге – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ұмтылатын білімді, ерік-жігері мол отаншыл жастар елімізді көркейтеді ▫️Әскери қызмет – азаматтықтың белгісі әрі қастерлі конституциялық міндет ▫️Армияға және әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар, жасанды интеллект пен даярлықтың озық стандарттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл – заман талабы ▫️Мемлекетіміздің басты құндылықтарын жете түсініп, жүрекпен қабылдайтын жастар тәрбиелеуіміз керек ▫️Бұдан былай әскерге шақыру, ант қабылдау және әскери қызметтен босату секілді үш кезең мемлекеттік протокол тәжірибесіне сәйкес жаңа форматта, ерекше салтанатпен ұйымдастырылады ▫️Сарбаз болу – зор мәртебе. Қарулы күштер сапында борышын өтеген әр азамат көпшілік құрметіне бөленуі керек ▫️Әлемдегі ахуалды алдын ала болжау барған сайын қиындап барады. Осындай кезде ел келешегіне енжар қараудың салдары кейін өзімізге ауыр тиюі мүмкін ▫️Елге қызмет білімге ұмтылудан, қоршаған ортаға қамқор болудан, келешек алдындағы жауапкершілікті терең сезінуден басталады. Сондықтан әрбір Отан қорғаушы азамат көзі ашық, көкірегі ояу, елге жанашыр, антқа адал, талапты әрі табанды болуға тиіс Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанның аспаны ашық, болашағы жарқын болсын! @ptrkkz
🧷 Глава государства: «Молодежь должна видеть в медиапространстве наглядные, убедительные примеры созидательного труда, честного заработка и высокой внутренней культуры, а не иллюзорный мир демонстративного расточительства и бестолковой праздности» @ptrkkz
✔️ Президент: «Сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды деп санаймын. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады» @ptrkkz
⚡️ Наш Президент: «Распространение откровенной лжи и клеветы, которые теперь буднично называют дипфейками, сформировало опасный феномен «постправды», где объективные факты подменяются управляемыми эмоциями и злонамеренными провокациями» @ptrkkz
❕ Мемлекет басшысы: «Елімізде пікір алуандығы мен сөз еркіндігі бар, ал цензураға заң жүзінде тыйым салынған. Алайда, сөз бостандығы дегеніміз жүгенсіздікке және тәртіпсіздікке жол беру деген сөз емес» @ptrkkz
🧷 Глава государства: «Медиаиндустрия первой столкнулась с вызовами цифровой эпохи и в то же время стала частью цифровой матрицы – качественно новой категорией общественного бытия» @ptrkkz
📌 Бірнеше күннен соң, яғни 1 шілдеде Конституциямыз заңды күшіне енеді. Қазақстан түбегейлі жаңа дәуірге қадам басады – Біздің Президент @ptrkkz
🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер» @ptrkkz
🧷 Біздің Президент: «Бүгінгі журналистер екі маңызды рөлді қоса атқаруға тиіс: яғни олар шындықты боямасыз көрсететін айна, сонымен қатар ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек» @ptrkkz
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Конституция еліміздің саяси және идеологиялық арқауы ретінде ұзақ жыл бойы халық игілігіне қызмет етеріне сенемін» @ptrkkz
🧷 Мемлекет басшысы: «Алдымызда адамдар жалған ақпараттың жетегінде кетпей, күрішті күрмектен ажыратуы үшін медиасауаттылықты барынша арттыру міндеті тұр» @ptrkkz
⚡️ Президент: «Сондықтан, менің ойымша, дәстүрлі БАҚ қым-қиғаш уақиғалар нөпірінде қоғам үшін ақпарат айдынындағы компас, тіпті идеологиялық бағдар рөлін алдағы уақытта да атқара береді» @ptrkkz
❕ Касым-Жомарт Токаев: «Современные технологии породили «ботофермы», которые целенаправленно засевают цифровое поле семенами раздора» @ptrkkz
📸 Президентіміз БАҚ өкілдерімен естелікке суретке түсті @ptrkkz
📌 Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтады @ptrkkz
✔️ ҚР Президенті Телерадиокешенінің қызметкерлері Президент қолынан марапат алды 🎖 Айгүл Мүкей «Парасат» орденімен, ал Айнұр Иманғали мен Жаңабай Ахметов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық жетістіктер мен толағай табыс тілейміз! @ptrkkz
🇰🇿 Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады ▫️Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады ▫️Мен «Дәстүрлі…
🇰🇿 Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады ▫️Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады ▫️Мен «Дәстүрлі медианың дәурені өтті» деген пікірмен келіспеймін. Керісінше, газеттер мен телеарналар жаңа форматқа көшіп, инновациялық мультимедиялық платформа құрып, заман талабына сай дамып келеді. Олардың басты артықшылығы – мәселені терең талдап, шолу мен сараптама ұсына алуында ▫️Ақпараттық кеңістікте қарабайыр тақырыптар қаптап, ұсақ-түйекті сөз қылу көбейген заманда сапалы әрі өзекті журналистиканың маңызы еселеп артады ▫️Осы салада нағыз кәсіби маман болу дегеніміз – «қолдан жасалған» айқай-шу немесе даңғаза жасау емес, бұл – ең алдымен өзекті мәселені жан-жақты білу және тақырыпты жетік меңгеру деген сөз ▫️Журналистер қауымын жаңа Ата заңымыздың тең авторларының бірі деп айтсақ, қате болмайды ▫️Қазақстанның дамыған және озық ел болғаны өзімізге ғана керек. Біздің басқа еліміз жоқ. Сондықтан қазіргі және келер ұрпақтың алдында аса маңызды міндет тұр. Бұл – Отанымызды өнегелі мемлекетке айналдыру ▫️«Қалам елді түзейді» деген сөз бекер айтылмаған. Осы орайда, біз сіздерге – журналистер қауымына зор үміт артамыз. Ақпарат саласының қызметкерлері қашанда ұлт сапасын жақсартатын құндылықтарды дәріптеу ісіне белсене атсалысуы қажет деп санаймын ▫️Медиа саласының қызметкерлері жауапкершілік танытып, мемлекеттің аталған гибридті, аса қауіпті қатерлерге төтеп беруіне атсалысуға тиіс ▫️Елімізде пікір алуандығы мен сөз еркіндігі бар, ал цензураға заң жүзінде тыйым салынған. Алайда, сөз бостандығы дегеніміз жүгенсіздікке және тәртіпсіздікке жол беру деген сөз емес ▫️Алдымызда адамдар жалған ақпараттың жетегінде кетпей, күрішті күрмектен ажыратуы үшін медиасауаттылықты барынша арттыру міндеті тұр. Қоғам қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологиясының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет, соның ішінде кез келген заңсыз ақпаратты жедел анықтау және бұғаттау жұмысын қолға алу өте маңызды ▫️Жастар медиакеңістіктен ысырапшылдық пен мәнсіз ырду-дырдуға толы алдамшы өмірді емес, керісінше, жасампаз еңбектің, адал табыстың, ішкі мәдениеттің нағыз үлгісін көруі керек. Бүгінгі журналистер екі маңызды рөлді қоса атқаруға тиіс: яғни олар шындықты боямасыз көрсететін айна, сонымен қатар ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек ▫️Қазақ халқы әдептен аттамаған, әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Жақынына жанашыр көзбен қарап, жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу болған. Біздің шынайы болмысымыз – осы ▫️Мемлекет медиа саласы қызметкерлерін әрдайым қолдайды, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді @ptrkkz
🎥 Бүгін Ақорада БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімін түсіріп тұрған сәтте аға телеоператор Жаңабай Ахметов Президент қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды @ptrkkz
🎥 Бүгін Ақорада БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімін түсіріп тұрған сәтте аға телеоператор Жаңабай Ахметов Президент қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды @ptrkkz
✔️ Мемлекет басшысы: «Біз білімге негізделген экономика құрғымыз келеді. Сондықтан Horizon Europe келесі негіздемелік бағдарламасының қауымдастырылған мүшелігіне өту үшін өтініш бердік» @ptrkkz
💰 Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды – Президент @ptrkkz
📊 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экономикасы орнықтылық көрсетіп, жедел дамып келеді. Былтыр ел экономикасының өсімі 6,5 пайызға жетті. Бұл – Халықаралық валюта қоры болжаған жаһандық өсім қарқынынан екі есе жоғары» @ptrkkz
📊 Бүгінде Еуропалық Одақ еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады – Президент @ptrkkz
Архив ТРК Президента — страница 6
Это 6-я страница архива публикаций источника ТРК Президента. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.