ТРК Президента » публикация №12454
🇰🇿 Біздің Президент «Айбын» халықаралық жастар жиынында сөз сөйледі ▫️«Айбын» жиынының ең басты миссиясы – Қарулы күштер қатарында кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалды элита қалыптастыру ▫️Жаңа Конституция барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз қалады. Мұндай күрделі өзгерістер еліміздің 35 жылдық тарихында да, одан бұрын да болған емес ▫️Туған жерге – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ұмтылатын білімді, ерік-жігері мол отаншыл жастар елімізді көркейтеді ▫️Әскери қызмет – азаматтықтың белгісі әрі қастерлі конституциялық міндет ▫️Армияға және әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар, жасанды интеллект пен даярлықтың озық стандарттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл – заман талабы ▫️Мемлекетіміздің басты құндылықтарын жете түсініп, жүрекпен қабылдайтын жастар тәрбиелеуіміз керек ▫️Бұдан былай әскерге шақыру, ант қабылдау және әскери қызметтен босату секілді үш кезең мемлекеттік протокол тәжірибесіне сәйкес жаңа форматта, ерекше салтанатпен ұйымдастырылады ▫️Сарбаз болу – зор мәртебе. Қарулы күштер сапында борышын өтеген әр азамат көпшілік құрметіне бөленуі керек ▫️Әлемдегі ахуалды алдын ала болжау барған сайын қиындап барады. Осындай кезде ел келешегіне енжар қараудың салдары кейін өзімізге ауыр тиюі мүмкін ▫️Елге қызмет білімге ұмтылудан, қоршаған ортаға қамқор болудан, келешек алдындағы жауапкершілікті терең сезінуден басталады. Сондықтан әрбір Отан қорғаушы азамат көзі ашық, көкірегі ояу, елге жанашыр, антқа адал, талапты әрі табанды болуға тиіс Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанның аспаны ашық, болашағы жарқын болсын! @ptrkkz
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























