ҚТЖ PRESS » публикация №13447
🗣Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды 🔵26 маусымда Шу және Есіл локомотив пайдалану деполарының локомотив бригадалары кәсіби іс-қимылдарының арқасында теміржол өткелдерінде екі жол-көлік оқиғасының алдын алды. 🔵Сағат 08:32-де Тобыл – Есіл учаскесінің Аманқарағай-Құсмұрын аралығында 97 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі КамАЗ жүк көлігінің кенеттен жолға шығуына байланысты күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінің алдында шұғыл тежеуді қолданды. Локомотив бригадасының дер кезінде әрекет етуінің арқасында соқтығысуға жол берілмеді. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Өткел жылжымалы дабылмен: көлденең орналасқан екі қызыл шамы бар бағдаршамдармен және дыбыстық дабылмен жабдықталған. 🔵Сағат 08:41-де осындай жағдай Шу – Шығанақ учаскесінің Жиделі – Берлік аралығында орын алды. Жүк пойызының машинисі Toyota Land Cruiser көлігінің күзетілмеген теміржол өткеліне шығып кетуінен кейін төтенше тежеуді қолданды. Соқтығысудың алды алынды. Пойыздың кешігуі 6 минутты құрады. 🔵«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Пойыздың салмағы едәуір ауыр, ал оның тежегіш жолы 1000 метрден асуы мүмкін, сондықтан құрамды бірден тоқтату мүмкін емес. 🔵Теміржол өткеліндегі әрбір ережені бұзу жүргізушілердің, автомобиль және пойыздар жолаушыларының өміріне нақты қауіп төндіреді. 🔵Тек кәсіпқойлықтың, зейіннің және локомотив бригадаларының жедел әрекеттерінің арқасында екі жағдайда да қайғылы салдарға жол берілмеді. 🔵Екі жағдай бойынша да ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. 🔵Оқиғалардың алдын ала себебі – автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы. ➖➖➖ 🗣Локомотивные бригады депо Шу и Есиль предотвратили столкновения на железнодорожных переездах 🔵26 июня локомотивные бригады эксплуатационных локомотивных депо Шу и Есиль благодаря профессиональным действиям предотвратили два дорожно-транспортных происшествия на железнодорожных переездах. 🔵В 08:32 на участке Тобол – Есиль, на перегоне Аманкарагай – Кушмурун, машинист пассажирского поезда, следовавшего со скоростью 97 км/ч, применил экстренное торможение перед неохраняемым регулируемым железнодорожным переездом из-за внезапного выезда грузового автомобиля КамАЗ. Благодаря своевременным действиям локомотивной бригады столкновения удалось избежать. Водитель автомобиля скрылся с места происшествия. Переезд оборудован переездной сигнализацией: светофорами с двумя горизонтально расположенными попеременно мигающими красными огнями и звуковой сигнализацией. 🔵В 08:41 аналогичный случай произошёл на участке Шу – Шыганак, на перегоне Жиделі – Берлік. Машинист грузового поезда применил экстренное торможение после выезда на неохраняемый железнодорожный переезд автомобиля Toyota Land Cruiser. Наезда удалось избежать. Задержка движения поезда составила 6 минут. 🔵АО «НК «Қазақстан темір жолы» призывает водителей строго соблюдать Правила дорожного движения при пересечении железнодорожных переездов. Поезд имеет значительную массу, а его тормозной путь может превышать 1000 метров, поэтому мгновенно остановить состав невозможно. 🔵Каждое нарушение правил на железнодорожном переезде создаёт реальную угрозу жизни водителей, пассажиров автомобилей и поездов. Только благодаря профессионализму, внимательности и оперативным действиям локомотивных бригад в обоих случаях удалось избежать трагических последствий. 🔵По обоим случаям информация передана в правоохранительные органы. 🔵Предварительная причина происшествий — нарушение Правил дорожного движения водителями автотранспортных средств.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























