🧷Халықтың үніне құлақ асу мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналады – Қасым-Жомарт Тоқаев @ptrkkz
ТРК Президента — страница 5
Архив материалов источника ТРК Президента, страница 5. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🤝 Глава государства: «Это означает, что необходимо в первую очередь учитывать конкретные запросы граждан, отдавая поручения государственным органам в рамках конкретных нормативно-правовых актов» @ptrkkz
🔗 Енді Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет – Біздің Президент @ptrkkz
🧷Біз ел Тәуелсіздігінің мызғымас тұғыры мен іргетасын көздің қарашығындай сақтап, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре түсуге міндеттеміз – Мемлекет басшысы @ptrkkz
🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алдымызда тұрған аса ауқымды әрі күрделі міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін табанды, нәтижелі еңбек етуіміз керек» @ptrkkz
🧷 Экономикадан бастап қоғамдық құндылықтар жүйесіне дейін – ел өмірінің барлық саласында ауқымды өзгерістер жасалды – Мемлекет басшысы @ptrkkz
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламент мемлекетіміздің басты өкілді органы қоғамның түрлі саласындағы кәсіби мамандарды бір мақсатқа тоғыстырды. Елімізде саяси және заңнамалық тұрғыдан сапасы жоғары парламенттік мәдениет қалыптасты» @ptrkkz
📌 Біздің Президент: «Парламенттің әрбір шақырылымы Қазақстанның алға қарай нық сеніммен қадам басуына зор серпін берді, басқаша айтсақ, ұлтымыздың эволюциялық өрлеу жолының жарқын үлгісіне айналды» @ptrkkz
🇰🇿Бүгін Президенттің қатысуымен ел тарихындағы қос палаталы парламенттің соңғы бірлескен отырысы өтті. Ертеңнен бастап жаңа Ата Заң күшіне енеді. 🧷Осы орайда Мемлекет басшысының парламенттің соңғы отырысында сөйлеген негізгі сөздерін ұсынамыз: — «Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді» — «Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды. Ал әрбір оныншы заңға депутаттар өздері бастамашы болды» — «Тек кейінгі үш жылдың өзінде 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды. Олардың қатарында еліміздің алдағы биік белестерінің сенімді арқауы болатын, тарихи мәні зор конституциялық заңдар мен кодекстер бар» — «Біздің басты мұратымыз – халықтың әл-ауқатын арттырып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл көрсеткіштерді ұдайы көтеріп, осы үрдісті үздіксіз жалғастыра беруіміз қажет» — «Құрылтайдың алдында барлық бюрократиялық рәсім түріндегі кедергілерді жою, заң шығару ісінің жеделдігі мен сапасын арттыру, білікті сарапшылардың және консультанттардың қызметін тиімді ұйымдастыру міндеті тұр» — «Шын мәнінде, тиімді жұмыс істейтін қоғамдық институттары болса ғана, Озық және Әділетті мемлекет қалыптасады» — «Сол себепті, мен жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесін құруды ұсындым. Қазақстан Халық Кеңесі мәслихаттардың, қоғамдық кеңестердің, сарапшылар алаңы мен азаматтық қоғам ұйымдары өкілдерінің басын біріктіреді» — «Алдағы екі жылда тағы 200-ден астам өндіріс орны іске қосылмақ. Осы мақсатқа шамамен 3 триллион теңге инвестиция тартылады» — «Қаражат деген уақытша дүние, оның құны жыл сайын төмендеп бара жатыр, ал оны тиімді пайдалану, бұл – нақты нәтижелерге қол жеткізу, тиісті нысандарды өскелең ұрпақтарға аманат етіп қалдыру деген сөз» — «Әлеуметтік мемлекет боламыз деп, қаражатты талан-таражға салуға болмайды. Осындай қысқа, шолақ ойлы саясатты біздің ұрпақтарымыз түсінбейді де, кешірмейді де» @ptrkkz
Ақжан, Ақниет, Бөрте – благородство, культура, достоинство, чистота! ✨Сегодня красавица Ақжан – «Чистая душа» – в образе которой соединяются легенды прошлого и ценности настоящего, встречает новое поколение. В президентской конюшне появились два жеребенка, которым Касым-Жомарт Токаев дал имена – Ақниет и Бөрте. Осматривая молодых скакунов, Президент пожелал им вырасти настоящими тулпарами, способными обогнать ветер. Старшая ведет за собой младших. Если красавица Акжан олицетворяет чистоту души, гармонию и современный образ Великой степи, то Акниет и Борте становятся символом ее будущего. ▫️В этой истории – продолжение многовековой культуры нашего народа, глубокое уважение к национальным корням и традициям, преемственность поколений. Поэтому история Ақжан, Ақниет и Бөрте вызывает искренний интерес не только казахстанцев, но и далеко за пределами нашей страны! @ptrkkz
Акжан – культурный символ столицы Казахстана ▫️Акжан, дочь чистокровных ахалтекинцев Ганатлы и Табыс, любимица Президента Касым-Жомарта Токаева относится к уникальной изабелловой масти – таковых среди ахалтекинцев всего 3%. Она родилась в Астане 30 марта 2025 года. 📸 Шерсть кобылицы обладает оптическим эффектом: тончайшие волоски преломляют свет, создавая атласный, почти неземной блеск, благодаря чему она уже привлекла внимание социальных сетей и зарубежных изданий. ✔️ Образ Акжан гармонично перекликается с современной Астаной – городом стеклянных фасадов, мостов и бескрайней степи. Она напоминает, что настоящая сила столицы заключается не только в архитектуре и экономическом развитии, но и в ценностях, которые объединяют людей. 📌Больше интересных фактов об Акжан и ее необычной истории – в материале Kazinform. @ptrkkz
🖊️Қазақстан мен Грузия: келіссөз нәтижесінде қандай құжаттар бекітілді? @ptrkkz
🏅Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады 🇰🇿🇬🇪 Президент Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады: – Сіздің тегеурінді басшылығыңыздың…
💰 Біздің Президент: «Мемлекеттеріміз энергетика секторында табысты ынтымақтастықты жолға қойды» @ptrkkz
💰 Біздің Президент: «Мемлекеттеріміз энергетика секторында табысты ынтымақтастықты жолға қойды» @ptrkkz
🇰🇿🇬🇪Қазақстан Президенті мен Грузия Премьер-министрі мазмұнды келіссөз жүргізді 📍 Астана, Тәуелсіздік сарайы 🗓️ 29.06.2026 @ptrkkz
🏅Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады 🇰🇿🇬🇪 Президент Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады: – Сіздің тегеурінді басшылығыңыздың арқасында Грузия ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізіп, азаматтарының әл-ауқатын арттырып келеді. Сонымен қатар халықаралық беделін нығайтып, аймақтағы негізгі серіктестердің қатарында ұстанымын күшейте түсті. Грузия қуатты әрі өркендеген ел ретінде жаңа биіктерді бағындырып, орнықты даму жолында алға қарай қадам баса беретініне сенімдімін, – деді Президент. 🤝 Мемлекет басшысы Қазақстан мен Грузия арасындағы достық қарым-қатынасты жоғары бағалады: – Қазақ халқы Грузияның бай тарихы мен бірегей мәдениетіне зор құрметпен қарайды. Грузин қауымдастығы біздің көпұлтты қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады әрі екі ел арасындағы байланысқа дәнекер болып жүр. Соңғы жылдары екіжақты қарым-қатынасымыз тың серпін алды: саяси диалог жанданып, өзара сауда көлемі тұрақты өсіп келеді. Сонымен қатар түрлі саладағы экономикалық ынтымақтастық кеңейе түсуде. Қазақстан мен Грузия әлемдік аренада тиімді ықпалдастық орнатып, негізгі халықаралық мәселелер бойынша бір біріне дәйекті түрде қолдау білдіруде, – деді Президент. @ptrkkz
🤝 Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 🇰🇿Президент бүгін қол қойылатын Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қазақ-грузин қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді: – Сауда-инвестициялық ықпалдастық екі ел байланысының өзегі саналады. Жаһандағы тұрақсыздыққа қарамастан тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік мол. Қазақстан Грузия экономикасына жарты миллиард доллардан астам инвестиция салды. Әрі аталған елдің ірі инвесторларының қатарына кіреді. Мемлекеттеріміз энергетика секторында табысты ынтымақтастықты жолға қойды. Біз Баку – Тбилиси – Джейхан құбырымен мұнай тасымалы көлемін ұлғайтуға ниеттіміз. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінгі кездесу келешектегі жаңа басымдықтарды айқындауға септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы. 🇬🇪Ираклий Кобахидзе Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылығымен Қазақстан дамудың даңғыл жолына түскеніне тоқталды: – Қазақстан – Орталық Азия аймағындағы сенімді серіктесіміз. Орайлы сәтте Сізді жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын. Бұл Сіздің тегеурінді басшылығыңызды және Қазақстанның орнықты дамуын көрсетеді. Екіжақты серіктестікті жаңа стратегиялық деңгейге көтеру үкіметтеріміз бен халықтарымыздың арасындағы ынтымақтастыққа жол ашады. Сізге Стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдағаныңыз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ біз Қазақстанмен саяси диалог болсын, институционалдық және үкіметтік алмасулар болсын, түрлі деңгейдегі тығыз ықпалдастықты жоғары бағалаймыз. Мұның бәрі қарым-қатынасымызды ілгерілете түседі, – деді Грузия Премьер-министрі. @ptrkkz
🤝 Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді 🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев: – Бұл сапар табысты болатынына сенімдімін. Қазақстан Грузияны стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі дәстүрлі серіктесі ретінде қарастыратынын атап өткім келеді. Біз көптеген бағытта, соның ішінде экономикалық немесе гуманитарлық салаларда тығыз байланыс орнаттық. Мұндай ықпалдастық алдағы уақытта да жалғасуға тиіс деп ойлаймын. Мемлекет басшысы ретінде ынтымақтастығымыздың қарқынды дамып, нәтижелі болуына барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Сіздер Қазақстанның стратегиялық серіктесі саналасыздар. Еліңізбен достықты және ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Қазақстандықтар Сіздің еліңіз бен халқыңызды шын мәнінде құрметтейді. Бүгінде көптеген туристеріміз Грузияға барып, жақсы көңіл-күймен оралып жүр. Әрине, әлі де іске асырылмаған мүмкіндіктеріміз мол. Сондықтан екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін қолда бар әлеуетімізді тиімді пайдалануға бар күшімізді жұмылдыруымыз қажет, – деді Мемлекет басшысы. 🇬🇪Ираклий Кобахидзе: – Біз Грузия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа ерекше мән береміз. Серіктестігіміздің стратегиялық сипат алғаны қуантады. Ынтымақтастығымыздың негізгі мәні де осында. Алайда, Өзіңіз атап өткендей, жүзеге аспаған әлеуетіміз жетерлік. Сондықтан оны толық іске асыруға күш салуымыз керек. Елдеріміз арасындағы берік саяси және экономикалық, сондай-ақ білім беру, мәдениет және басқа да көптеген салалардағы ықпалдастықты қолдаймыз. Барлық бағыттағы байланыстарды арттыруға айрықша ниеттіміз. Бұл сапардың маңызы ерекше. Өйткені біз Стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қоямыз. Аталған құжаттың екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенімдімін. Серіктестігіміз ортақ құндылықтарға негізделген, сондықтан қарым-қатынасымыздың әлеуеті зор. Елдеріміз арасындағы достық пен өзара ықпалдастыққа қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын, – деді Грузия Премьер-министрі. @ptrkkz
🇰🇿🇬🇪Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан кейін екі елдің Мемлекеттік әнұрандары орындалды. @ptrkkz
🇰🇿🇬🇪Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан кейін екі елдің Мемлекеттік әнұрандары орындалды. @ptrkkz
🇰🇿🇬🇪 Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің Қазақстанға ресми сапары 📰Кездесу рәсімін Silk Way телеарнасының тікелей эфирінде сағат 16:00-де көріңіз! 🔴🟥📹 Сондай-ақ онлайн трансляция Silk Way Qazaqstan YouTube арнасында жүргізіледі. @ptrkkz
🎥 БАҚ қызметкерлері күні құтты болсын! @ptrkkz
🎥 «БРЮССЕЛЬСКИЙ ДИАЛОГ»: площадка важного разговора 🗓️ 22–23 июня 2026 года Брюссель, где принимаются решения для всей Европы, на два дня стал площадкой важного разговора о будущем Казахстана и Европейского союза. 🖊️ Переговоры Президента с лидерами Евросоюза, соглашения на миллиарды долларов, новые проекты в энергетике, транспорте, логистике, а также договоренности по упрощению визового режима – все это в новом документальном фильме ТРК Президента «БРЮССЕЛЬСКИЙ ДИАЛОГ». Это картина о том, как Казахстан уверенно заявляет о себе на европейской арене: ▫️укрепляя доверие; ▫️открывая новые маршруты сотрудничества; ▫️развивая содержательный диалог с Европейским союзом. 🈂️ Смотрите в это воскресенье, 28 июня, в 15:00 на телеканале Jibek Joly. @ptrkkz
📌 Касым-Жомарт Токаев: «Воинская служба была и остается высшим проявлением настоящей гражданской зрелости и почетным конституционным долгом» @ptrkkz
❕ Президент: «Быть солдатом – это высокая честь» @ptrkkz
🧷Касым-Жомарт Токаев: «Служба в армии должна стать важнейшим, ключевым этапом воспитания подлинных патриотов» @ptrkkz
🎥 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары @ptrkkz
✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев Щучинск қаласындағы жаңартылған экосаябақ пен Burabay Arena спорт сарайын аралап көрді Президент жас домбырашылардың Ұлттық домбыра күніне арналған дайындықтарын тамашалады. Сонымен қатар өңірдегі спорт және туризм саласының дамуымен танысып, танымал спортшылармен кездесті. ✉️ Атлеттер Мемлекет басшысына отандық спортқа көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді. @ptrkkz
📌Әрбір Отан қорғаушы азамат көзі ашық, көкірегі ояу, елге жанашыр, антқа адал, талапты әрі табанды болуға тиіс – Мемлекет басшысы @ptrkkz
Архив ТРК Президента — страница 5
Это 5-я страница архива публикаций источника ТРК Президента. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.