Life News Новостной агрегатор

ТРК Президента — страница 7

Источник: ТРК Президента · сбросить

Архив материалов источника ТРК Президента, страница 7. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


ТРК Президента » публикация №12429

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🈂️ «Таза қала» жобасы Жамбыл облысына ат басын тіреді Көне Тараздың ізі, Айша бибінің аңызы және «Тектұрмас» төбесінен ашылатын көрініс – бір шығарылымда. ▫️Тарих пен туризм тоғысқан мекендер ▫️Тазалық пен абаттандыру деңгейі ▫️Жамбыл өңірінің ерекше атмосферасы 📺 Бүгін, 19:30-да Jibek Joly телеарнасында! @ptrkkz




ТРК Президента » публикация №12417

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🧷Мемлекет басшысы: «Қазақстан – саяси тұрақты, макроэкономикалық көрсеткішткері орнықты, экономикасы ашық әрі нарық реформаларына бейіл ел. Ал мұның бәрін инвесторлар ерекше бағалайды» @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12416

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🧷 Біздің Президент: «Қазақстан экономикамен шектелмей, Орталық Азия елдеріне және басқа да мемлекеттерге біліктілігі жоғары мамандар даярлайтын өңірлік білім беру орталығы ретіндегі рөлін нығайта түседі» @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12415

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Inditex Group бас директорының орынбасары Сантьяго Мартинес-Лахе Собредоны қабылдады 🔹Кездесуде Қазақстан мен Испания арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. 🔹Мемлекет басшысы елімізде жұмыс істеп жатқан шамамен 60 испан компаниясының барын айтып, Inditex-тің Қазақстандағы қызметін кеңейтуді қолдайтынын жеткізді. 🔹Сондай-ақ Президент компанияның елде логистикалық хаб құру бастамасын құптап, болашақта өндірістік бағытты дамыту мүмкіндігін атап өтті. @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12414

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝 Мемлекет басшысы Groupe ADP компаниясының бас директоры Филипп Паскальмен кездесті Кездесуде Алматы әуежайын дамытудың ұзақмерзімді жоспары талқыланды. Президент әуе хабтарын дамыту көлік-логистика саласындағы стратегиялық басымдықтардың бірі екенін атап өтті. ✈️ Компанияның 2050 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламасы аясында Алматы әуежайының өткізу қабілетін жылына 55 миллион жолаушыға дейін арттыру көзделіп отыр. @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12413

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝 Президентіміз Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды. 📊 Президент мемлекеттік институттарды одан әрі дамытуды, басқару тиімділігін арттыруды және халықтың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін қазіргі өзгерістер жөнінде айтты. @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12412

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇪🇺Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі ▫️Тек өткен жылдың өзінде екіжақты тауар айналымы 45 миллиард доллардан асты ▫️Қазақстанда 4 мыңға жуық еуропалық компания табысты жұмыс істейді ▫️Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды ▫️Дәліздің жүк өткізу қабілетін 10 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды көздейміз ▫️Қазақстан ЕО аса маңызды шикізат ресурстарының тізбесіне қосқан 34 минералдың 21-імен қамтамасыз етуге әзір. Осы әлеуетті барынша пайдалану үшін біз «офтейк» негізіндегі ынтымақтастық жолын ұсынамыз ▫️Қазақстан жаһандық жаңа энергетикалық жүйеге көшу бастамасын ілгерілетуге қашанда ынталы ▫️Goldman Sachs болжамына сәйкес, ЖИ әлем экономикасына 7 триллион доллардан астам табыс әкеледі ▫️Біз білімге негізделген экономика құрғымыз келеді ▫️Horizon Europe келесі негіздемелік бағдарламасының қауымдастырылған мүшелігіне өту үшін өтініш бердік ▫️Еуропаның инвестициясына және озық технологиясына айырбас ретінде маңызды қазба байлықтары мен қуат ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін прагматикалық формуланы ұсыну арқылы сенімді серіктес болуға әзірміз ▫️Жоғары технологиялық агробизнестен бастап жасанды интеллект саласындағы жаңашыл өнертабыстарға, АХҚО аясындағы қаржыландыру тетіктеріне дейінгі көптеген салада ұзақмерзімді интеграцияға ашықпыз ▫️Үкіметіміз маңызды бастамаларды тез әрі табысты іске асыру үшін коммерциялық ұсыныстарыңызды зерделейтін болады @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12411

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇪🇺 Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ пен Еуропалық инвестициялық банк өкілдерімен кездесті Кездесуге Маро́ш Шефчович, Эдуардс Стипрайс және Марек Мора қатысты. Тараптар Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелерін талқылады. 🤝 Кездесу қорытындысында тараптар ортақ бастамаларды жүзеге асыру бойынша конструктивті диалогты жалғастыруға уағдаласты. @ptrkkz




ТРК Президента » публикация №12408

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО көшбасшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жүргізді Президентіміздің сөзінен негізгі түйіндерді ұсынамыз: ▫️Біз Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы сенімді серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Сондай…


ТРК Президента » публикация №12407

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО көшбасшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жүргізді Президентіміздің сөзінен негізгі түйіндерді ұсынамыз: ▫️Біз Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы сенімді серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Сондай-ақ еуропалық инвесторлар үшін тұрақты әрі тартымды инвестициялық климат жасауға ұмтыламыз ▫️Қазақстан Erasmus+, Horizon Europe және басқа да білім беру мен зерттеу бағдарламалары аясындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанын жоғары бағалайды. Біз алдағы уақытта да еліміздің университеттері мен еуропалық жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікке қолдау көрсетеміз ▫️Бүгінгі келіссөз қорытындылары Қазақстан-Еуропа қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашады деп сенемін Сонымен қатар Мемлекет басшысы визалық режимді жеңілдету және реадмиссиялау туралы келісім жобалары бойынша келіссөздердің аяқталғанына ерекше ризашылығын білдірді. @ptrkkz



ТРК Президента » публикация №12405

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝 Президентіміз Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті Кездесуде тараптар саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. 🇰🇿🇧🇪 Өзара сауда айналымында тұрақты өсім байқалады. Оның көлемі былтыр 580 миллион доллардан асты. – Қазақстанда Бельгия капиталының үлесі бар 110-нан астам компания жұмыс істейді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысымызды аңғартады. Танымал бельгиялық компаниялар біздің елдің нарығына көптеп келіп жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. @ptrkkz







ТРК Президента » публикация №12388

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан отандастарымызбен кездесті – Елімізге сіздер сияқты білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар қажет. Қай жерге барсам да жастарға қолдау білдіріп жүремін. Шын мәнінде, бұл жай айтыла салған сөз емес. Жастарға қолдау көрсету – мемлекеттің ұзақмерзімді саясатының бір бөлігі. Жастарымыз әлемнің әр түкпірінде білім алып, еңбек етуде. Мен Президент ретінде мұны қолдаймын. Себебі қай жерде жүрсеңіз де, қазақ болып қаласыз. Біз озық, дамыған, әділетті ел болуымыз керек. Осындай елдің негізін қалау үшін бәріміз бір ел, бір халық болып атсалысуымыз керек, – деді Президент. ✔️ Кездесу соңында Президент Бельгияда тұратын студенттер мен Қазақстан азаматтарына табыс тіледі. @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12387

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇧🇪 Мемлекет басшысы ресми сапармен Брюссельге барды Ертең Президентіміз Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер өткізеді. 🤝 Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжатқа қол…


ТРК Президента » публикация №12384

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇧🇪 Мемлекет басшысы ресми сапармен Брюссельге барды Ертең Президентіміз Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер өткізеді. 🤝 Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған. @ptrkkz



ТРК Президента » публикация №12378

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🚑 Важно создать такие условия, чтобы те, кто первыми приходят на помощь людям, чувствовали заботу государства, имели достойную оплату труда, полный социальный пакет и четкие стимулы для работы на местах – Наш Президент @ptrkkz



ТРК Президента » публикация №12376

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады – Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ ынтымақтастықты дамыту үшін өте пайдалы болады деп санаймыз. Біздің саяси жүйелерімізде президент әкімшіліктері айрықша рөл атқарады. Мен әкімшіліктер арасындағы жұмыс қатынастарының жанданғанын әрдайым қолдаймын. Бір-бірімізбен байланыстарымыз артқан сайын Орталық Азиядағы тұрақтылық, өңірлік ықпалдастық нығая түседі. Өйткені Қазақстан да, Өзбекстан да тұтас көрсеткіштер бойынша ірі мемлекеттер саналады. Елдеріміз қазір дамудың бетбұрыс кезеңінде тұр. Бізге бейбітшілік пен қауіпсіздік қажет. Сонда ғана реформаларды сәтті іске асыра аламыз, – деді Президент. 🇺🇿 Саида Мирзиёева кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. – Сізге Өзбекстан Президентінің ізгі сәлемін жеткізуді зор мәртебе санаймын. Шавкат Миромонович Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше мән береді. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі уағдаластықтар мен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын айрықша бақылауда ұстайды. Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық және орнықты даму жолында бірге жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижесі байқалады. Біз бірлесе отырып, аймақ үнін жаһандық аренаға жеткізе аламыз. Өзбекстан бүгінде бауырлас Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістерді құптайды. Қазақстан – сенімді одақтасымыз. Бұл жайында ұдайы айтып келеміз, – деді Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы. @ptrkkz




Архив ТРК Президента — страница 7

Это 7-я страница архива публикаций источника ТРК Президента. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.