📞 Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті 🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті. Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр. Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті. t.me/aqorda_resmi
🏢В Западно-Казахстанской и Алматинской областях завершена реконструкция железнодорожных вокзалов 🔵После реконструкции введены в эксплуатацию железнодорожные вокзалы в Западно-Казахстанской и Алматинской областях. 🔵В Западно-Казахстанской области завершена реконструкция вокзала станции Казахстан, построенного в 1937 году. Вокзал ежедневно обслуживает в среднем около 300 пассажиров. В рамках проекта отремонтированы фасад и внутренние помещения, модернизированы инженерные коммуникации, благоустроена прилегающая территория, установлены современная мебель и оборудование. При выполнении работ использованы строительные материалы отечественного производства. 🔵Через станцию Казахстан курсируют 12 пассажирских поездов, обеспечивающих сообщение с Алматы, Оралом, Астаной, Мангистауской областью, а также с Российской Федерацией. 🔵В Алматинской области после реконструкции открыт железнодорожный вокзал станции Конаев, построенный в 1978 году. В ходе работ выполнена реконструкция здания с частичным демонтажем существующих конструкций и увеличением его площади, обновлены фасад, внутренние помещения, инженерные сети, пассажирская платформа и прилегающая территория. Для обеспечения доступности маломобильных пассажиров оборудован пандус, а также устроены новые эвакуационные выходы, соответствующие требованиям пожарной безопасности. При проведении реконструкции использованы строительные материалы казахстанского производства. 🔵Вокзал станции Конаев обслуживает в среднем 45 пассажиров в сутки. Через станцию курсируют 12 пассажирских поездов, обеспечивающих сообщение с Алматы, Семеем, Усть-Каменогорском, Павлодаром, Кызылордой и другими городами Казахстана, а также с Российской Федерацией. 🔵Реконструкция объектов осуществляется за счет собственных средств КТЖ и направлена на повышение качества пассажирского сервиса, обеспечение безопасности и создание комфортных условий для жителей и гостей регионов.
🏢Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды 🔵Қайта жаңартудан кейін Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. 🔵Батыс Қазақстан облысында 1937 жылы салынған Қазақстан станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзал күн сайын орта есеппен 300 жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Жоба аясында қасбет пен ішкі үй-жайлар жөнделіп, инженерлік коммуникациялар жаңғыртылды, іргелес аумақ абаттандырылып, заманауи жиһаздар мен жабдықтар орнатылды. Жұмыстарды орындау кезінде отандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды. 🔵Қазақстан станциясы арқылы Алматы, Орал, Астана, Маңғыстау облыстарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен байланысты қамтамасыз ететін 12 жолаушылар пойызы қатынайды. 🔵Алматы облысында қайта жаңартудан кейін Қонаев станциясының 1978 жылы салынған теміржол вокзалы ашылды. Жұмыс барысында қолданыстағы конструкцияларды ішінара бөлшектей және ауданын ұлғайта отырып, ғимаратты қайта құру орындалды, қасбеті, ішкі үй-жайлары, инженерлік желілері, жолаушылар платформасы және іргелес аумақ жаңартылды. Мобильділігі төмен жолаушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пандуспен жабдықталған, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін жаңа эвакуациялық шығу жолдары орналастырылған. Қайта құру кезінде қазақстандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды. 🔵Қонаев станциясының вокзалы тәулігіне орта есеппен 45 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Алматы, Семей, Өскемен, Павлодар, Қызылорда және Қазақстанның басқа қалаларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен байланыс орнататын 12 жолаушылар пойызы қатынайды. 🔵Нысандарды қайта құру ҚТЖ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жолаушылар сервисінің сапасын арттыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өңірлердің тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
🇰🇿🇰🇿 Шымкент «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жиынының жеңімпаздарын зор мақтанышпен қарсы алды. Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледж командасы І орынды, ал «Сұңқар» әскери-патриоттық клубы ІІ орынды иеленді. Теміржол вокзалындағы жылы қарсы алу, туған-туыстардың ақжарма лебіздері мен лайықты қошемет — жеңіске жету жолындағы үлкен еңбектің жарқын қорытындысына айналды. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🇩🇪Катерина Райхе поблагодарила Президента за возможность обсудить актуальные вопросы двусторонней повестки дня и отметила значительные успехи Казахстана в социально-экономическом развитии ✔️Министр также заявила, что Казахстан является крупнейшим торгово-экономическим партнером Германии в регионе, подчеркнув огромный потенциал расширения двустороннего взаимодействия. ✔️В ходе встречи особое внимание было уделено перспективам наращивания сотрудничества в сферах энергетики, промышленности, цифровизации, добычи и переработки редкоземельных металлов и транспортно-логистической инфраструктуры. ✔️В завершение Касым-Жомарт Токаев передал теплые пожелания Федеральному Президенту Германии Франку-Вальтеру Штайнмайеру и Федеральному канцлеру Фридриху Мерцу. t.me/aqorda_resmi
🇩🇪Катерина Райхе екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігі үшін Президентке алғыс айтып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі табыстарына тоқталды ✔️Сондай-ақ министр Қазақстан Германияның аймақтағы ірі сауда-экономикалық серіктесі саналатынын, екіжақты ықпалдастықты кеңейтудің әлеуеті мол екенін жеткізді. ✔️Кездесуде энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу, көлік-логистика инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру перспективасына айрықша мән берілді. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге және Федералдық канцлер Фридрих Мерцке ыстық ықыласын жолдады. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇩🇪Глава государства принял Федерального министра экономики и энергетики Германии Катерину Райхе ✔️В ходе встречи Президент отметил, что Казахстан придает особое значение развитию стратегического партнерства с Федеративной Республикой Германия. ✔️Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что Германия – один из крупнейших торговых и инвестиционных партнеров Казахстана. – Двусторонняя торговля и инвестиционное взаимодействие демонстрируют положительную динамику. С 2005 года в экономику Казахстана привлечено более 8 млрд долларов прямых инвестиций, основная доля которых приходится на несырьевой сектор. В Казахстане сегодня успешно работают свыше тысячи компаний с участием немецкого капитала, среди которых такие промышленные корпорации, как CLAAS, Horsch, Siemens, BASF, Heidelberg Materials, Siemens Energy, Knauf и Linde, – отметил Глава государства. ✔️Президент подтвердил готовность Казахстана обеспечить все необходимые условия для более широкого присутствия германского бизнеса на нашем рынке. ✔️Касым-Жомарт Токаев рассказал о проводимых в стране масштабных политических преобразованиях. ✔️Было отмечено, что в новой Конституции Казахстана отражены основополагающие принципы, определяющие траекторию развития страны как демократического, светского, правового и прогрессивного государства. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇩🇪Мемлекет басшысы Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады ✔️Кездесу барысында Президент Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасымен стратегиялық серіктестікті дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Германия – еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. – Екіжақты сауда және инвестициялық ықпалдастықта оң динамика байқалады. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 8 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Оның басым бөлігі шикізаттық емес секторға тиесілі. Бүгінде елімізде неміс капиталының үлесі бар мыңнан аса компания табысты жұмыс істейді. Олардың арасында CLAAS, Horsch, Siemens, BASF, Heidelberg Materials, Siemens Energy, Knauf және Linde сияқты өнеркәсіп алпауыттары бар, – деді Мемлекет басшысы. ✔️Президент Қазақстан тарапы германиялық бизнестің біздің нарыққа көбірек келуі үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін растады. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер туралы әңгімеледі. ✔️Жаңа Конституцияда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және өркендеген мемлекет ретінде даму бағытын айқындайтын негізгі қағидаттар көрініс тапқанын айтты. t.me/aqorda_resmi
Мәжілістің сегізінші шақырылымы қандай нәтижелерімен есте қалды? Осы кезеңде қандай кодекстер мен заңдар қабылданды? Комитеттердің бастамасымен қандай өзекті мәселелер күн тәртібіне шығарылды? Осы сауалдарға Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин мен Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов жауап берді. Толығырақ «Депутат жауап береді» айдарынан көре аласыздар. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
🇰🇿Біздің Президент: «Қашанда жаңашылдыққа ұмтылатын жасампаз ел болу үшін біз ең алдымен мызғымас құндылықтарымызға, бай тарихымыз бен мәдени мұрамызға арқа сүйеуіміз қажет» @ptrkkz
АҢДАТПА 📍Сәрсенбі, 1 шілде күні, 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібі — Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау. БАҚ өкілдерін аккредиттеу 30 маусым, сағат 20:30-ға дейін жалғасады (электронды пошта: press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді. ➖ АНОНС 📍В среду, 1 июля, в 9:00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства. Повестка заседания — исполнение поручений Главы государства в свете вступления в силу новой Конституции Республики Казахстан. Аккредитация представителей СМИ продлится до 20:30 часов 30 июня (адрес электронной почты press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET. 📱 @KZgovernment
🔹 «Әскери дискурс – 2026» семинарының бүгін екінші күні. Қатысушыларға тактикалық медициналық көмек бойынша тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды. БАҚ өкілдеріне ұрыс алаңында жарақат алған адамның өмірін сақтап қалуға бағытталған алғашқы көмектің негізгі қағидалары түсіндірілді. Сабақ барысында қан кетуді тоқтату, тыныс жолдарын қамтамасыз ету және зардап шегушіні қауіпсіз жерге эвакуациялауға дайындау тәсілдері көрсетілді. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🏢В Карагандинской области завершена реконструкция железнодорожных вокзалов и пассажирской инфраструктуры ✅В рамках модернизации железнодорожной инфраструктуры в Карагандинской области завершены работы по реконструкции вокзалов станций Караганда-Сортировочная (нечетная), Жана-Караганда и Нура, а также благоустройству пассажирской платформы станции Караганда-Сортировочная (четная) и платформы станции Айса. ✅На станции Караганда-Сортировочная (нечетная), построенной в 1965 году, полностью реконструировано одноэтажное здание вокзала. Обновлены фасад и внутренние помещения, инженерные сети, кровля, пассажирская платформа и прилегающая территория, установлены новая мебель и оборудование. Для обеспечения доступности маломобильных пассажиров смонтированы два подъемника, оборудованы новые эвакуационные выходы в соответствии с требованиями пожарной безопасности. При реконструкции использованы строительные материалы казахстанского производства. ✅Вокзал станции Караганда-Сортировочная обслуживает в среднем около 100 пассажиров в сутки. Через станцию курсирует 41 пассажирский поезд, обеспечивающий сообщение с Астаной, Алматы, Павлодаром, Костанаем, Петропавловском, Жезказганом, Семеем, Шымкентом, Кызылордой, а также с Кыргызской Республикой и Российской Федерацией. На станции Караганда-Сортировочная (четная) выполнено благоустройство пассажирской платформы. Обновлены пешеходные дорожки, установлены ограждения, скамейки, урны и современные элементы благоустройства, смонтировано парковое освещение, что позволило повысить безопасность и комфорт пассажиров. ✅Также завершена реконструкция здания вокзала станции Жана- Караганда, построенного в 1983 году. В ходе работ обновлены фасад и внутренние помещения, инженерные коммуникации, кровля, пассажирская платформа и прилегающая территория, установлены мебель и оборудование, выполнены мероприятия по обеспечению пожарной безопасности. При реконструкции использованы материалы отечественного производства. Вокзал обслуживает в среднем 54 пассажира в сутки. Через станцию курсируют 9 пассажирских поездов, обеспечивающих сообщение с Астаной и Карагандой. ✅В здании вокзала станции Нура, построенного в 1971 году, обновлены фасад, внутренние помещения и инженерные сети, благоустроена территория, выполнен ремонт пассажирской платформы, установлены современная мебель и оборудование. Для обеспечения доступности маломобильных пассажиров оборудован подъемник. При выполнении работ использованы современные долговечные строительные материалы. ✅Вокзал станции Нура обслуживает в среднем 38 пассажиров в сутки. Через станцию курсируют 6 пассажирских поездов, обеспечивающих сообщение с Астаной, Карагандой и Костанаем. ✅Кроме того, на платформе станции Айса завершено благоустройство перрона. Установлены ограждения, скамейки, урны и остановочный комплекс, что позволило создать более комфортные условия для ожидания и посадки пассажиров. ✅Реконструкция объектов осуществляется за счет собственных средств КТЖ. Реализация проектов позволила повысить качество обслуживания пассажиров, обеспечить современный уровень безопасности и доступности объектов железнодорожной инфраструктуры, а также создать комфортные условия для жителей и гостей Карагандинской области.
🏢Қарағанды облысында теміржол вокзалдары мен жолаушылар инфрақұрылымын қайта жаңарту аяқталды ✅Қарағанды облысында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде Қарағанды – Сұрыптау (тақ), Жаңа-Қарағанды және Нұра станцияларының вокзалдарын қайта жаңарту, сондай-ақ Қарағанды – Сұрыптау (жұп) станциясының жолаушылар платформасын және Айса станциясының платформасын абаттандыру жұмыстары аяқталды. ✅1965 жылы салынған Қарағанды – Сұрыптау (тақ) станциясында бір қабатты вокзал ғимараты толығымен қайта жаңартылды. Қасбет пен үй-жайлар, инженерлік желілер, шатыр, жолаушылар платформасы және оған іргелес аумақ жаңартылып, жаңа жиһаздар мен жабдықтар орнатылды. Мобильділігі төмен жолаушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін екі көтергіш орнатылып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа эвакуациялық шығулармен жабдықталды. Қайта құру кезінде қазақстандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды. ✅Қарағанды – Сұрыптау станциясының вокзалы тәулігіне орта есеппен 100 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Астана, Алматы, Павлодар, Қостанай, Петропавл, Жезқазған, Семей, Шымкент, Қызылорда, сондай-ақ Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен байланысты қамтамасыз ететін 41 жолаушылар пойызы қатынайды. ✅Қарағанды – Сұрыптау (жұп) станциясында жолаушылар платформасын абаттандыру орындалды. Жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, қоршаулар, орындықтар, қоқыс жәшіктері және заманауи абаттандыру элементтері орнатылды, саябақты жарықтандыру орындалды, бұл жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді. ✅Сондай - ақ, 1983 жылы салынған Жаңа-Қарағанды станциясының вокзал ғимаратын қайта жаңарту аяқталды. Жұмыс барысында қасбет пен ішкі үй-жайлар, инженерлік коммуникациялар, шатыр, жолаушылар платформасы және іргелес аумақ жаңартылып, жиһаз және жабдық орнатылды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар орындалды. Қайта құру кезінде отандық өндіріс материалдары пайдаланылды. ✅Вокзал тәулігіне орта есеппен 54 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Астана және Қарағандымен байланысты қамтамасыз ететін 9 жолаушылар пойызы қатынайды. ✅1971 жылы салынған Нұра станциясының вокзал ғимаратында қасбет, ішкі үй-жайлар мен инженерлік желілер жаңартылып, аумақ абаттандырылды, жолаушылар платформасы жөнделді, заманауи жиһаздар мен жабдықтар орнатылды. Мобильділігі төмен жолаушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін көтергішпен жабдықталды. Жұмыстарды орындау кезінде заманауи берік құрылыс материалдары пайдаланылды. ✅Нұра станциясының вокзалы тәулігіне орта есеппен 38 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Астана, Қарағанды және Қостанаймен қатынауды қамтамасыз ететін 6 жолаушылар пойызы қатынайды. ✅Сонымен қатар, Айса станциясының платформасында перронды абаттандыру аяқталды. Қоршаулар, орындықтар, қоқыс жәшіктері және аялдама кешені орнатылды, бұл жолаушылардың күтуіне және отыруына ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. ✅Нысандарды қайта құру ҚТЖ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, теміржол инфрақұрылымы объектілерінің қауіпсіздігі мен қолжетімділігінің заманауи деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
📍В Актобе прошел открытый семинар в рамках информационно-разъяснительной акции «Народный бухгалтер» Представители Комитета государственных доходов совместно с экспертами Mybuh.kz рассказали бизнес-сообществу, бухгалтерам и налогоплательщикам о ключевых изменениях нового Налогового кодекса, совершенствовании налогового администрирования и современных цифровых сервисах. В ходе встречи участники также ознакомились с новыми возможностями Кабинета налогоплательщика, ИС «Электронные счета-фактуры» и другими цифровыми решениями, которые помогают упростить исполнение налоговых обязательств. Практическая часть прошла в формате открытого диалога: участники смогли задать вопросы и получить разъяснения от специалистов. Такие мероприятия помогают своевременно информировать налогоплательщиков об изменениях законодательства и укрепляют взаимодействие государства и бизнеса. Подробно по ссылке🔗
⚡️ Касым-Жомарт Токаев: «Почти тридцать лет пролежавший без дела механизм прямого народного волеизъявления превратился в политическую практику» @ptrkkz
📍Ақтөбе қаласында «Халық бухгалтері» ақпараттық-түсіндіру акциясы аясында ашық семинар өтті Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Mybuh.kz сарапшыларымен бірлесіп бизнес қауымдастығына, бухгалтерлер мен салық төлеушілерге жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және заманауи цифрлық сервистер туралы айтып берді. Кездесу барысында қатысушылар Салық төлеушінің кабинеті, «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі және салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге мүмкіндік беретін өзге де цифрлық шешімдердің жаңа мүмкіндіктерімен танысты. Іс-шараның практикалық бөлімі ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты түсіндірме алды. Мұндай іс-шаралар салық төлеушілерді заңнамадағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар етуге және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді. Толығырақ сілтеме бойынша🔗
🇰🇿 Әскери жоғары оқу орнының 160-тан астам түлегі офицерлік қызметке кіріседі Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында жас офицерлердің салтанатты оқу бітіру рәсімі өтті. 🇰🇿 Свыше 160 выпускников военного вуза пополнят ряды Вооруженных сил В алматинском Военном институте Сухопутных войск имени Сагадата Нурмагамбетова состоялась торжественная церемония выпуска молодых офицеров. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🧷Мемлекет басшысы: «Жаңарған билік тармақтарының теңгерімді жүйесінде Президент Тәуелсіздік пен мемлекет тұтастығының символы, Конституцияны және азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілі ретінде бұрынғыдай басты рөл атқарады» @ptrkkz
📞 Состоялся телефонный разговор Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева с Президентом Российской Федерации Владимиром Путиным 🇰🇿🇷🇺Глава государства подчеркнул, что достигнутые в ходе государственного визита Президента России в Казахстан в мае текущего года договоренности придали значительный импульс всему комплексу двустороннего взаимодействия. Правительства двух стран обеспечивают последовательную реализацию достигнутых соглашений. В ходе беседы особое внимание было уделено подготовке к XXII Форуму межрегионального сотрудничества Казахстана и России, который пройдет в Омске в конце июля. Главы государств также обсудили актуальные вопросы международной и региональной повестки. В завершение разговора президенты условились поддерживать постоянные рабочие контакты. t.me/aqorda_resmi
🏢Ақмола облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды ➡️Ақмола облысында Шортанды, Макинка және Ақкөл станцияларында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, күтудің…