POLISIA.KZ » публикация №17106
💠 Салауатты ұрпақ — қоғамның басты байлығы "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында Ақмола облысында полицейлер тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Осындай кезекті есірткіге қарсы шара Зеренді ауданына қарасты ауылда өтті. Іс-шараға полиция қызметкерлері, ауыл тұрғындары және облыстағы белсенді қоғам өкілдері — облыстық полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында тұрғындарға синтетикалық есірткінің адам ағзасына тигізер зияны, есірткі қылмысының ауыр салдары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе жастарға ерекше көңіл бөлініп, оларды есірткі бизнесіне тартудың түрлі айла-тәсілдері мен мұндай заңсыз әрекеттерге қатысқаны үшін қарастырылатын жауапкершілік жайында жан-жақты ақпарат берілді. Шара аясында ауыл жастары мен спортсүйер қауымның басын қосқан балалар арасындағы кикбоксингтен турнир ұйымдастырылды. Ал бүлдіршіндер үшін арнайы қызықты интерактивті бағдарлама әзірленді. Іс-шараның басты мақсаты — қоғамды нашақорлыққа қарсы күреске жұмылдыру, салауатты әрі қауіпсіз болашақ әр адамның өзінен басталатынын ұғындыру. #ЗАҢМЕНТӘРТІП 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























