POLISIA.KZ » публикация №17104
🎖 ҰОС ардагері Тәңірберген Толғанбаевқа "Еңбек ардагері" медалі табысталды Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев облыс әкімімен бірге ішкі істер органдарының ардагері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, отставкадағы милиция полковнигі Тәңірберген Толғанбаевты Жеңіс күнімен құттықтады. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің атынан Тәңірберген Толғанбаевқа ұзақ жылғы адал еңбегі, қызметке деген беріктігі және ішкі істер органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін "Еңбек ардагері" медалі табысталды. Қонақтар ардагерге соғыс жылдарындағы ерлігі мен батырлығы, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы мінсіз қызметі үшін шынайы алғыстарын білдірді. Ардагерге зор денсаулық, отбасы амандығын және ұзақ ғұмыр тіледі. #БІЗДІҢАРДАГЕРЛЕР *** 🎖 Ветерану ВОВ Танирбергену Толганбаеву вручена медаль "Еңбек ардагері" Начальник департамента полиции Алматинской области Мейрам Абикеев совместно с акимом области поздравил ветерана органов внутренних дел, участника Великой Отечественной войны, полковника милиции в отставке Танирбергена Толганбаева с Днем Победы. В ходе встречи ветерану была вручена медаль "Еңбек ардагері" от имени министра внутренних дел Республики Казахстан Ержана Саденова в знак признания многолетнего добросовестного труда, преданности службе и значительного вклада в развитие органов внутренних дел. Гости выразили ветерану искреннюю благодарность за проявленные мужество и героизм в годы войны, а также за безупречную службу в правоохранительных органах. В адрес Танирбергена Толганбаева прозвучали теплые пожелания крепкого здоровья, благополучия и долгих лет жизни. #НАШИВЕТЕРАНЫ 📱 POLISIA.KZ





























