POLISIA.KZ » публикация №17102
🎖 Ішкі істер органдарының ардагері “Құрмет” орденімен марапатталды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ішкі істер органдарында ұзақ жыл бойы мінсіз қызмет атқарған ІІО ардагері Еркін Рысқанұлы Белқожанов “Құрмет” орденімен марапатталды. Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің тапсырмасымен жоғары мемлекеттік награданы ардагерге ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков табыс етті. Еркін Белқожановтың көпжылдық еңбегі, қызметке адалдығы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен ішкі істер органдары жүйесін нығайтуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Қызмет еткен жылдары ол жоғары деңгейлі кәсіби маман, ұстанымы берік әрі жауапты офицер ретінде танылып, әріптестері мен ардагерлер арасында лайықты құрметке ие болды. Ішкі істер министрлігі мен ардагерлер қауымдастығы атынан марапат иесіне Отанға адал қызмет еткен үлгілі еңбегі үшін алғыс айтылды. #БІЗДІҢАРДАГЕРЛЕР *** 🎖 Ветерану органов внутренних дел вручен орден "Құрмет" Указом Президента Республики Казахстан за многолетнюю безупречную службу в органах внутренних дел ветеран ОВД Еркін Рысқанұлы Белқожанов награжден орденом "Құрмет". Высокую государственную награду по поручению министра внутренних дел Ержана Саденова ветерану вручили заместитель министра Айдар Сайтбеков и председатель Казахстанского совета ветеранов органов внутренних дел и Национальной гвардии Умурзак Болсамбеков. Отмечены многолетний труд, преданность службе и значительный вклад Еркіна Белқожанова в обеспечение правопорядка и укрепление системы органов внутренних дел. За годы службы он показал себя как профессионал высокого уровня, принципиальный и ответственный офицер, пользующийся заслуженным уважением среди коллег и ветеранов. От имени руководства МВД и ветеранского сообщества награжденному выразили слова благодарности за достойный пример служения Отечеству. #НАШИВЕТЕРАНЫ 📱 POLISIA.KZ





























