UKIMET » публикация №24655
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биыл инфляцияны 10%-дан төмен түсіруге ниетті 📌 Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде инфляцияны тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сұрақтарына жауап берді. Тұрақты экономикалық өсімге қарамастан, былтыр еліміздің инфляциялық қысымның жоғарылауымен бетпе-бет келгені атап өтілді. Үкіметтің, Ұлттық банктің және басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде инфляцияның біртіндеп баяулауына қол жеткізілді. «Өткен жылы қыркүйек айында инфляция 12,9%-ға жетті. Қазір Үкімет, Ұлттық банк және басқа да мүдделі құрылымдар қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде осы жылдың бес айында инфляция көрсеткіші 10,4%-ға дейін төмендеді. Біз қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша жақын арада инфляцияны 10%-дан төмен түсіруді жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар, өткен жылы инфляциялық процестер халықтың табыс деңгейіне әсер етті. «Егжей-тегжейлі қарасақ, халықтың табысы өскен бірқатар салалар бар. Мысалы, ауыл шаруашылығында ауылдағы жұмысшылардың нақты табысы 9,3%-ға өсті. Сауда, байланыс, сумен жабдықтау, энергетика сияқты салаларда кірістер бағытына байланысты орта есеппен 4%-ға өсті, көлік саласында бұл көрсеткіш 5-тен 10%-ға дейін артты. Жекелеген салаларда оң динамика бар. Біз халықтың нақты табысының көрсеткіштері экономиканың бүкіл салаларында өсуі үшін барлық шараларды қабылдайтын боламыз», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ По поручению Главы государства Правительство намерено снизить инфляцию ниже 10% в текущем году 📌 На совместном заседании палат Парламента Премьер-министр Олжас Бектенов ответил на вопросы депутатов о принимаемых в рамках поручений Главы государства мерах по сдерживанию инфляции. Отмечено, что несмотря на устойчивый экономический рост, в прошлом году Казахстан столкнулся с повышенным инфляционным давлением. Благодаря совместной работе Правительства, Национального банка и других госорганов удалось добиться постепенного замедления инфляции. «В прошлом году в сентябре на пике инфляция достигала показателя 12,9%. Сейчас в результате принимаемых мер Правительством, Национальным банком и другими заинтересованными структурами за пять месяцев текущего года показатель инфляции снизился до 10,4%. По итогам принимаемых нами мер в ближайшее время мы планируем снизить инфляцию ниже 10%», — подчеркнул Олжас Бектенов. Вместе с тем в прошлом году инфляционные процессы оказали влияние на уровень доходов населения. «Если смотреть более детально, есть целый ряд отраслей, где доходы населения выросли. К примеру, в сельском хозяйстве реальные доходы тружеников на селе выросли на 9,3%. В таких отраслях, как торговля, связь, водоснабжение, энергетика доходы выросли в среднем на 4%, сфере транспорта – от 5 до 10%, в зависимости от направления. В отдельных отраслях есть положительная динамика. Мы будем принимать все меры для того, чтобы показатели реальных доходов населения росли во всех отраслях экономики», — отметил Премьер-министр. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























