UKIMET » публикация №24652
Премьер-министр Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын (Екібастұз) жүзеге асыру туралы: «Өздеріңіз білетіндей Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде қазіргі таңда Цифрландыру және ЖИ енгізу бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Ең бастысы заманауи, құқықтық негіз қалыптастырылды. Яғни, Цифрлық кодекс, ЖИ туралы заң қабылданды. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, Парламент депуттаттарына осы бағыттарда атқарылған ауқымды бірлескен жұмыс үшін алғысымды айтамын. Сонымен қатар, Digital Qazaqstan ұлттық статегиясы бекітілді. Мемлекет басышысының жарлығымен және Президеттің шешімі бойынша биылғы жыл «Цифрландыру және ЖИ жылы» деп жарияланды. Өте маңызды мәселе мамандарды даярлау. Өздеріңізге белгілі AI Sana бағдарламасы шеңберінде 1 млн-нан астам адам осы ЖИ-мен жұмыс жасау негіздерін үйренді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды ары қарай да жалғастырамыз. Мектептерде, ЖОО-ларда бұл өте маңызды мәселе. IT-экспортын айтатын болсақ, бұл экономикамыздың өте маңызды бөлігі. 2025 жылы IT-экспортының көлемі $1,1 млрд-қа жетті. Ол жақсы нәтиже деп айтуға болады. Мысалы өткен жылдармен салыстыратын болсақ, 2024 жылы бұл көрсеткіш $690 млн болды. Яғни бір жылдың ішінде 60 пайызға өсті. Бірақ алдымызда тұрған жұмыс өте ауқымды. Жайбарақат отыруға болмайды. Осы нарықтағы бәсекелестік деңгейі күннен күнге күшейіп бара жатыр. Бізге де өте белсенді, пәрменді шараларды қабылдау керек. Жаңа сіз айтып өткен «Деректерді өңдеу орталықтары» алқабы атты жоба Павлодар облысында жүзеге асырылып жатыр. Біз бұл жобаға үлкен үміт артамыз. Қазіргі таңда деректерді өңдеу нарығы өте жылдам өсіп бара жатыр және біз де осы нарықтың бір бөлігін өзімізге тартып алуымыз керек. Сондықтан біз жобаны қолға алдық, қызығушылық өте жоғары. Көптеген елдерден компаниялар келіп жатыр. Келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Дайын тұрған келісімшарттар да бар. Жақында біз американдық Firebird компаниясымен келісімшартқа қол қойдық. Ол компанияның басты серіктесі бүкіл әлемге танымал NVIDIA компаниясы. Сондықтан біз бұл компанияларды сенімді серіктестеріміз ретінде қарастырып жатырмыз. Жалпы тек қана осы Firebird компаниясы тарапынан инвестиция көлемі $10 млрджуық. Бұл өте ауқымды көлем. Жалпы жобаның көлемін көрсету үшін мысал келтірейін. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдардың деректері Астана қаласында бір ДӨО-да сақталып жатыр. Ол ДӨО-нің қуаттылығы 6 МВт. Ал біз қазіргі таңда Екібастұзда жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында келесі жылдың бірінші жарты жылдығында 125 МВт-тық ДӨО-ны іске қосамыз. Және 2028 жылы дәл осындай 125 МВт-тық тағы бір ДӨО-ны іске қосамыз деген жоспарларымыз бар. Біз бұл жұмысты әрі қарай да жалғастырамыз», — деді Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























