ҚТЖ PRESS » публикация №13437
🔵Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметін іске қосты ➡️Жазғы жолаушылар легінің артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша қатынайтын төрт Тальго пойызының құрамына вагон-мейрамханаларды іске қосты. Бұл жолаушыларға жол бойында сапалы тамақтану қызметін ұсынып, сапар жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді. ➡️Жазғы маусымда қосыша вагон-мейрамханалар келесі бағыттарда қызмет көрсетеді: • №254/253 Астана (Нұрлы жол) – Достық; • №211/212 Алматы-2 – Достық; • №207/208 Алматы-2 – Достық; • №231/232 Алматы-2 – Семей. ➡️Вагон-мейрамхана мәзірінде ыстық тағамдар, сорпалар, салаттар, бәліштер, десерттер мен түрлі сусындар ұсынылады. Сондай-ақ, балаларға арналған арнайы мәзір қарастырылған. Ас түрлері жолаушылардың сұранысы мен талғамына сай іріктеліп, жол үстінде сапалы әрі жайлы тамақтануға мүмкіндік береді. ➡️Бұдан бөлек, Тальго пойыздарындағы ToiPass вагон-мейрамханалары арқылы тағамдарды тікелей купеге тапсырыс беру қызметі жұмыс істейді. Ол үшін WhatsApp желісі арқылы +7 771 761 4099 нөміріне хабарлама жіберу немесе жолсерікке жүгіну жеткілікті. Тапсырыстар күн сайын 08:00-ден 24:00-ге дейін қабылданады. ➡️Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушының 51 бағыты бойынша жолаушыларға тамақтану қызметі ұсынылады. Оның ішінде: • Тальго пойыздарында – 23 вагон-мейрамхана; • фирмалық пойыздарда – 10 вагон-мейрамхана; • стандартты пойыздарда – 11 вагон-мейрамхана; • 7 вагон-буфет қызмет көрсетеді. ➡️«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға ұсынылатын сервисті тұрақты түрде жетілдіріп келеді. Пойыздардағы тамақтану қызметін дамыту – компанияның қызмет көрсету сапасын арттыруға және жолаушылардың жол үстіндегі жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған басым міндеттердің бірі. ➖➖➖ 🔵Нацперевозчик запускает четыре вагона-ресторана в дополнительных поездах Тальго ➡️АО «Пассажирские перевозки» запускает вагоны-рестораны в составе четырех дополнительных поездов Тальго на период летних перевозок. Это позволит расширить возможности сервиса питания и обеспечить пассажирам более комфортные условия во время поездки. ➡️В летний сезон вагоны-рестораны начали курсировать в составе следующих поездов: • №254/253 Астана (Нурлы Жол) – Достык; • №211/212 Алматы-2 – Достык; • №207/208 Алматы-2 – Достык; • №231/232 Алматы-2 – Семей. ➡️Пассажирам доступен широкий выбор блюд и напитков, включая горячее питание, супы, салаты, выпечку, десерты, а также специальное детское меню. Ассортимент сформирован с учетом предпочтений пассажиров и позволяет комфортно организовать питание во время поездки. ➡️Кроме того, в вагонах-ресторанах ToiPass, работающих в составе поездов Тальго, пассажирам доступна услуга доставки заказов непосредственно в купе. Для оформления заказа достаточно написать через WhatsApp по номеру +7 771 761 4099 или обратиться к проводнику. Заказы принимаются ежедневно с 08:00 до 24:00. ➡️На сегодняшний день услуги питания доступны на 51 маршрутах Национального перевозчика: • 23 вагона-ресторана в поездах Тальго; • 10 вагонов-ресторанов в фирменных поездах; • 11 вагонов-ресторанов в стандартных поездах; • 7 вагонов-буфетов. ➡️Национальный перевозчик ежегодно расширяет спектр услуг для пассажиров. Одним из важных направлений этой работы является развитие системы питания в поездах, направленное на повышение комфорта в пути.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























