Жоғарғы Сотта кезекті жалпы отырыс өтті ◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. ◾️ Отырысқа Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Бас прокуратура, Әділет және Ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысты. ◾️ Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина өз сөзінде «Әкімшілік қадағалау туралы заңнаманы қолданудағы сот практикасы туралы» нормативтік қаулының жобасын әзірлеу жаңартылған заңнамалық базаға байланысты және сот практикасын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталғанын атап өтті. ◾️ Нормативтік қаулының жобасында әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту, өзгерту және тоқтату, әкімшілік шектеулерді қолдану, сондай-ақ тиісті материалдарды сотта қараудың процедуралық аспектілері нақтыланған. ◾️ Бұрын шешілмеген мәселелер айқындалған, жаңа заңның енгізілуіне байланысты өтпелі ережелер көрсетілген. ◾️ Н.Рахметуллинаның айтуынша, құжат бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамдар арасында заңға бағынушылық мінез-құлықты қамтамасыз етуге және ынталандыруға бағытталған. Оның қабылдануы соттардың заңнаманы біркелкі қолдануын қамтамасыз етеді, осы саладағы құқықтық реттеуді жақсартады және қылмыстың алдын алу және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. ◾️ Талқылаудан кейін отырысқа қатысушылар түзетулерді мақұлдады. ◾️ Жаңартылған құжат Жоғарғы Соттың ресми сайтының «Заңнама» бөлімінде жарияланады.
Бюджет қаржысын бақылау үшін цифрлық теңге қашан қолданылады? 🙂Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов бұл мәселе бойынша ҚР-ның Қаржы министрлігі және ҚР-ның Ұлттық Банкінің басшылығына сұрақ қойды. 🚀@senate_kz
Почему экономический рост не привел к росту доходов населения? 🙂Сенатор Сергей Карплюк обратился к Премьер-Министру с вопросом о причинах снижения реальных доходов населения на фоне роста экономики. 🚀@senate_kz
🇰🇿🇰🇿 «Айбын» жастар жиынындағы ең тартымды сынақтардың бірі – «Күшіміз бірлікте» әскери-тактикалық ойыны болды XII Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны жеңімпаздарының соңғы сынағы «Күшіміз бірлікте» әскери-тактикалық ойыны болды. 🇰🇿🇰🇿 Захватывающим испытанием на сборе молодежи «Айбын» стала военно-тактическая игра «Күшіміз бірлікте» Финальным испытанием для победителей в категориях участников XII Международного военно-патриотического сбора молодежи «Айбын-2026» стала военно-тактическая игра «Күшіміз бірлікте» – «В единстве – сила». 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында қанша азаматқа мемлекеттік қолдау көрсетілетіні жөнінде сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz
🔍 Павлодар облысында полицейлер екі тәулік бойы қамыс арасында қалып қойған зейнеткерді құтқарды 24 маусым күні полицияға ер адамнан қоңырау түсті. Ол 23 маусым күні таңертең скутермен өзен жайылмасына барғанын, жолда аяғын ауыр жарақаттап алғанын және бір жарым тәуліктен астам уақыт бойы орнынан қозғала алмай жатқанын хабарлаған. Осыдан кейін байланыс үзіліп кеткен. Хабарлама түскен бойда полицейлер мен құтқарушылардан арнайы іздестіру топтары құрылды. Олар Байдала ауылынан Заря ауылына дейінгі өзен жайылмасының күрделі әрі батпақты аумағын мұқият тексеріп шыққан. Толық ақпарат сайтта. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🔍 Полицейские спасли пенсионера, который двое суток провел в камышах в Павлодарской области 24 июня в полицию поступил звонок от мужчины. Он сообщил, что утром 23 июня отправился на скутере в пойму реки, где по пути получил серьезную травму ноги и более полутора суток не мог самостоятельно передвигаться. После этого связь с ним прервалась. Сразу после поступления сообщения были сформированы поисковые группы из сотрудников полиции и спасателей. Они тщательно обследовали сложный и заболоченный участок поймы реки от села Байдала до села Заря. Подробнее на сайте. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
Неге шетелдік инвесторлар Қазақстаннан капитал шығаруды жалғастырып жатыр? 🙂Сенатор Бекболат Орынбеков Парламент Палаталарының бірлескен отырысында бұл мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сұрақ қойды. 🚀@senate_kz
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Премьер-Министр Олжас Бектеновке шетел нарығындағы отандық IT компаниялардың нәтижесі, цифрлық экономиканы қалыптастыру, елімізде жүзеге асырылып жатқан IT жобалардың маңызы жөнінде сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz
Үкімет және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың баяндамасы. t.me/mazhilis_kz
АӨК-ті қаржыландыру 2025 жылы 1,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал тікелей шетелдік инвестициялар 14,5%-ға өсті 📌 Аграрлық сектор бойынша, ерекше мән беріле отырып, 2025 жылы 1,1 трлн. теңге бағытталған, ол 2024 жылға қарағанда 172 млрд. теңгеге артық. Тікелей шетелдік инвестициялар 2025 жылы $ 2,6 млрд-қа немесе 14,5%-ға өсіп, $20,5 млрд-ты құрады, бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында қаржы министрі Мәди Такиев хабарлады. «Былтыр Инвестициялық штаб жалпы құны $70 млрд болатын 126 жоба бойынша проблемалық мәселелерді реттеп, алдағы жылдары елімізге келетін инвестиция көлемін ұлғайтуға жағдай жасады», — деді министр. 📱 @KZgovernment
ҚР-да жүктерді транзиттік тасымалдау көлемі 18%-ға өсті 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев көлік-логистикалық әлеуетті дамытуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға егжей-тегжейлі тоқталды. «Көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жүк транзитінің жалпы көлемі 39,1 млн. тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 18%-ға өсті. Көлiк-логистика бағыты бойынша еліміздің транзиттік қуатын ашуға бағытталған бірнеше жобалар жүзеге асуда. Мәселен, «Достық – Мойынты» және Алматы қаласының айналма темiржол желiсiнiң құрылысы аяқталса, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз» темір жолдарының құрылысы жалғасуда», — деді министр. Министр жалпы жобалардың жүзеге асуы транзиттік тасымал көлемін 60%-ға ұлғайтуға, ал транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл ретте барлық жұмыс түрлерімен шамамен 13 мың км автожол қамтылды, ал Т/Ж және Авиамаршруттарды субсидиялау есебінен 16,7 млн астам жолаушы тасымалданды. 📱 @KZgovernment
Елімізде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 20,1 млн шаршы метрге жетті 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев еліміздің құрылыс секторының жылдық жұмысының қорытындысын жариялады. «Барлық қаржыландыру көздері есебінен, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5 141 тұрғын үй сатып алынды», — деді министр. 📱 @KZgovernment
Мәди Такиев: Елімізде 198 мектеп және 655 денсаулық сақтау нысаны салынды 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық жобаларды жүзеге асыру нәтижесін баяндады. «Ұлттық жобалар аясында 198 мектептің және 655 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталды. 10 мыңнан астам студенттер үшін 30 жатақхана пайдалануға берілді. 7,5 мың колледж студенті, 23,6 мың жоғарғы оқу орындары студент–магистранттары мен докторанттары, жатақханамен қамтамасыз етілді», — деді министр. Сондай-ақ ол 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталғанын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілгенін айтты. Ал Astana Hub экожүйесінде 2,2 мыңнан астам компания тіркелген. 📱 @KZgovernment
Үкімет және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің баяндамасы. t.me/mazhilis_kz
Бюджет шығыстары 25,5 трлн теңгені құрады: 9,3 трлн әлеуметтік салаға бағытталды 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мемлекет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелердің 100%-ға орындалғанын баяндады. «Республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады. Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды.Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылы 50%-ды құрады. Жалпы алғанда бюджет, әлеуметтік бағдарланған болып қала береді», — деп атап өтті қаржы министрі. Әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақыға – 5,9 трлн теңге, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2,1 трлн теңге бағытталды. 📱 @KZgovernment
Республикалық бюджеттің кірістері 2025 жылы 21,4 трлн теңгені құрады 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев республикалық бюджеттің кірістері туралы баяндады. «Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері, жоспардың 99%-ына орындалып, 21,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттің меншікті кірістері, трансферттерді есептемегенде, 15,3 трлн. теңгеге жетті. Салықтық түсімдер 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға өсті», — деді Мәди Такиев. Негізгі жұмыс, орнықты мұнайға қатысы жоқ кіріс базасын кеңейтуге, салықтық әкімшілендіру сапасын арттыруға және тиімсіз жеңілдіктерді қысқартуға бағытталады. 📱 @KZgovernment
Ұлттық қор активтері $73,8 млрд-қа жетті — Қаржы министрлігі 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық қордағы жинақтар туралы есеп берді. «Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың соңында $73,8 млрд-қа жетті, оның ішінде $63,9 млрд-ы – валюталық қордың активтері», — деді министр. Одан бөлек, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2026 жылы әр балаға $130,7-ден келсе, 3 жылдың ішінде $370,6 жиналды. Қазір Ұлттық Банкпен бірге осы есеп-шоттардағы пайдаланылмай тұрған қаражатты басқару жайы пысықталуда. 📱 @KZgovernment
Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өсті 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5%-ға өскенін хабарлады. «Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы $15 млрд-ты құрады. Бұл ретте инфляция 13% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды», — деп атап өтті министр. Ол сондай-ақ еңбекақының ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 30%-дан асқанын хабарлады. Мақсат – әлемдік орташа көрсеткіш, 40%-ға жету. ➖ Экономика Казахстана выросла на 6,5% На совместном заседании палат Парламента РК министр финансов Мади Такиев сообщил, что по итогам 2025 года экономика страны продемонстрировала рост на 6,5%. «В стоимостном выражении увеличение внутреннего валового продукта составило $15 млрд. Для сравнения, в 2024 году рост ВВП составлял 5%. При этом инфляция сложилась на уровне 13%. Среднемесячная заработная плата составила 442 тыс. тенге, безработица в течение года оставалась на уровне 4,6%», — подчеркнул министр. Он также добавил, что доля оплаты труда в ВВП ориентировочно превысил 30%. Цель – достичь среднемирового показателя – 40%. 📱@KZgovernment
🔵Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметін іске қосты ➡️Жазғы жолаушылар легінің артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша қатынайтын төрт Тальго пойызының құрамына вагон-мейрамханаларды іске қосты. Бұл жолаушыларға жол бойында сапалы тамақтану қызметін ұсынып, сапар жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді. ➡️Жазғы маусымда қосыша вагон-мейрамханалар келесі бағыттарда қызмет көрсетеді: • №254/253 Астана (Нұрлы жол) – Достық; • №211/212 Алматы-2 – Достық; • №207/208 Алматы-2 – Достық; • №231/232 Алматы-2 – Семей. ➡️Вагон-мейрамхана мәзірінде ыстық тағамдар, сорпалар, салаттар, бәліштер, десерттер мен түрлі сусындар ұсынылады. Сондай-ақ, балаларға арналған арнайы мәзір қарастырылған. Ас түрлері жолаушылардың сұранысы мен талғамына сай іріктеліп, жол үстінде сапалы әрі жайлы тамақтануға мүмкіндік береді. ➡️Бұдан бөлек, Тальго пойыздарындағы ToiPass вагон-мейрамханалары арқылы тағамдарды тікелей купеге тапсырыс беру қызметі жұмыс істейді. Ол үшін WhatsApp желісі арқылы +7 771 761 4099 нөміріне хабарлама жіберу немесе жолсерікке жүгіну жеткілікті. Тапсырыстар күн сайын 08:00-ден 24:00-ге дейін қабылданады. ➡️Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушының 51 бағыты бойынша жолаушыларға тамақтану қызметі ұсынылады. Оның ішінде: • Тальго пойыздарында – 23 вагон-мейрамхана; • фирмалық пойыздарда – 10 вагон-мейрамхана; • стандартты пойыздарда – 11 вагон-мейрамхана; • 7 вагон-буфет қызмет көрсетеді. ➡️«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға ұсынылатын сервисті тұрақты түрде жетілдіріп келеді. Пойыздардағы тамақтану қызметін дамыту – компанияның қызмет көрсету сапасын арттыруға және жолаушылардың жол үстіндегі жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған басым міндеттердің бірі. ➖➖➖ 🔵Нацперевозчик запускает четыре вагона-ресторана в дополнительных поездах Тальго ➡️АО «Пассажирские перевозки» запускает вагоны-рестораны в составе четырех дополнительных поездов Тальго на период летних перевозок. Это позволит расширить возможности сервиса питания и обеспечить пассажирам более комфортные условия во время поездки. ➡️В летний сезон вагоны-рестораны начали курсировать в составе следующих поездов: • №254/253 Астана (Нурлы Жол) – Достык; • №211/212 Алматы-2 – Достык; • №207/208 Алматы-2 – Достык; • №231/232 Алматы-2 – Семей. ➡️Пассажирам доступен широкий выбор блюд и напитков, включая горячее питание, супы, салаты, выпечку, десерты, а также специальное детское меню. Ассортимент сформирован с учетом предпочтений пассажиров и позволяет комфортно организовать питание во время поездки. ➡️Кроме того, в вагонах-ресторанах ToiPass, работающих в составе поездов Тальго, пассажирам доступна услуга доставки заказов непосредственно в купе. Для оформления заказа достаточно написать через WhatsApp по номеру +7 771 761 4099 или обратиться к проводнику. Заказы принимаются ежедневно с 08:00 до 24:00. ➡️На сегодняшний день услуги питания доступны на 51 маршрутах Национального перевозчика: • 23 вагона-ресторана в поездах Тальго; • 10 вагонов-ресторанов в фирменных поездах; • 11 вагонов-ресторанов в стандартных поездах; • 7 вагонов-буфетов. ➡️Национальный перевозчик ежегодно расширяет спектр услуг для пассажиров. Одним из важных направлений этой работы является развитие системы питания в поездах, направленное на повышение комфорта в пути.
📢📢 Парламент Палаталарының бірлескен отырысы тікелей эфирде: 📱 YouTube 🌐 Сайт Күн тәртібінде: - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде __ 📢📢 Совместное заседание Палат Парламента в прямом эфире: 📱 YouTube 🌐 Сайт На повестке дня: - Об утверждении отчетов Правительства Республики Казахстан и Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан об исполнении республиканского бюджета за 2025 год t.me/mazhilis_kz
В Верховном Суде состоялось очередное пленарное заседание ◾️ Председатель Верховного Суда АсламбекМергалиев провел очередное пленарное заседание высшего судебного органа. ◾️ В его работе приняли участие председатели судебных коллегий и судьи Верховного Суда, представители Генеральной прокуратуры, министерств юстиции и внутренних дел. ◾️ Председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного Суда Назгуль Рахметуллина в своем выступлении отметила, что разработка проекта Нормативногопостановления «О судебной практике применения законодательства об административном надзоре» обусловлена обновлением законодательной базы и направлена на приведение судебной практики в соответствие с действующим законодательством. ◾️ В проекте Нормативного постановления разъясняются вопросы установления, продления, изменения и прекращения административного надзора, применения административных ограничений, а также процессуальные аспекты рассмотрения судами соответствующих материалов. ◾️ Урегулированы ранее не охваченные вопросы и отражены переходные положения, связанные с введением нового закона. ◾️По словам Н.Рахметуллиной, документориентирован на обеспечение и стимулирование правопослушного поведения лиц, отбывавших наказание в виде лишения свободы. ◾️Его принятие позволит обеспечить единообразное применение законодательства судами, совершенствовать правовое регулирование в данной сфере и соблюсти баланс между задачами профилактики правонарушений и защитой прав и свобод граждан. ◾️По итогам обсуждения участники заседания утвердили внесенные поправки. ◾️Обновленный документ будет опубликован на официальном сайте Верховного Суда в разделе «Законодательство».
🗣Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты 🔵 «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Арыс жол дистанциясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ арасында кәсіби тәжірибе алмасу бағдарламасы шеңберінде темір жолды күтіп ұстау мен жөндеудің заманауи технологиялары көрсетіле отырып, жол жұмыстары жүргізілді. 🔵Теміржол әкімшіліктерінің өкілдері түйіспесіз жолды күтіп ұстау және теміржол инфрақұрылымының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған техникалық шешімдерді қолдану бойынша тәжірибе алмасты. 🔵Шағыр станциясында алты сағаттық технологиялық «толаскез» шеңберінде Р65 түріндегі теңестіру түйіспесін және желім болтты оқшаулағыш түйіспені төсеу бойынша жұмыстар орындалды, содан кейін рельсті бунағын аралық ұзындыққа дейін дәнекерледі. Жұмыстар жылжымалы рельсті дәнекерлеу машинасын (ПРСМ) және MPT – 4 машинасын қолдана отырып жүргізілді. 🔵Бұдан басқа, Шеңгелді – Жылға аралығында (жұп жол, 3306 км, ПК 8) ұқсас технологиялық «толаскез» кезінде алюминдітермитті дәнекерлеуді қолдана отырып, рельсті бунақты аралық ұзындыққа дейін дәнекерлей отырып, желім болтты оқшаулағыш түйіспені төсеу орындалды. 🔵Жұмыс барысында орындалды: • Р65 түріндегі теңестіру түйіспесін төсеу; • желім болтты оқшаулағыш қосылысты орнату; • ПРСМ және АЛТС көмегімен рельсті бунақтарды дәнекерлеу. 🔵Теңестіру түйіспелері жылжымалы құрамнан температуралық өзгерістер мен динамикалық жүктемелер нәтижесінде пайда болатын рельсті бунақтардың бойлық қозғалыстарының орнын толтыруды қамтамасыз етеді. 🔵Жүргізілген жұмыстар жолдың деформациялану қаупін азайтуға, пойыздар қозғалысын жайлы етуді арттыруға және «жол – жылжымалы құрам» жүйесінің өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған, бұл инфрақұрылымның сенімділігін және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. ➖➖➖ 🗣Казахстанские и узбекские железнодорожники обменялись опытом содержания бесстыкового пути 🔵В Арысской дистанции пути филиала АО «НК «ҚТЖ» – «Шымкентское отделение магистральной сети» проведены показательные путевые работы с демонстрацией современных технологий содержания и ремонта железнодорожного пути в рамках программы обмена профессиональным опытом между АО «НК «ҚТЖ» и АО «Узбекистон темир йуллари». 🔵Представители двух железнодорожных администраций обменялись опытом по содержанию бесстыкового пути и применению технических решений, направленных на повышение надежности и безопасности железнодорожной инфраструктуры. 🔵На станции Шагыр в рамках шестичасового технологического «окна» выполнены работы по укладке уравнительного стыка типа Р65 и клееболтового изолирующего стыка с последующей сваркой рельсовой плети до перегонной длины. Работы проводились с применением передвижной рельсосварочной машины (ПРСМ) и машины МПТ-4. 🔵Кроме того, на перегоне Шенгельды – Жылга (четный путь, 3306 км, ПК 8) в аналогичное технологическое «окно» выполнена укладка клееболтового изолирующего стыка с последующей сваркой рельсовой плети до перегонной длины с применением алюминотермитной сварки. 🔵В ходе работ выполнены: • укладка уравнительного стыка типа Р65; • монтаж клееболтового изолирующего стыка; • сварка рельсовых плетей с применением ПРСМ и АЛТС. 🔵Уравнительные стыки обеспечивают компенсацию продольных перемещений рельсовых плетей, возникающих вследствие температурных изменений и динамических нагрузок от подвижного состава. 🔵Проведенные работы направлены на снижение риска деформации пути, повышение плавности движения поездов и улучшение взаимодействия системы «путь – подвижной состав», что способствует повышению надежности инфраструктуры и безопасности движения поездов.
✉️Глава государства направил телеграмму соболезнования исполняющей обязанности Президента Венесуэлы Делси Родригес 🇰🇿🇻🇪Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования Делси Родригес в связи с многочисленными человеческими жертвами и пострадавшими в результате разрушительного землетрясения в Венесуэле. – В этот тяжелый момент, разделяя боль невосполнимой утраты, выражаю соболезнования Вам, семьям, потерявшим близких, а также всему дружественному народу Венесуэлы. Желаю родным и близким погибших в результате стихийного бедствия стойкости и крепости духа, а пострадавшим – скорейшего выздоровления и благополучного возвращения к своим семьям, – говорится в телеграмме. t.me/aqorda_resmi
✉️ Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇻🇪Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты. – Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – делінген жеделхатта. t.me/aqorda_resmi
🍉 Шымкенттік тұрғынның үйінде қарбыз арасында жасырылған есірткі плантациясы анықталды Ақпарат сайтта. 🍉 Под арбузным прикрытием: в Шымкенте ликвидировали наркоплантацию Информация на сайте.
🇰🇿🇦🇪 Казахстан и ОАЭ взаимно признали водительские удостоверения Состоялись переговоры Ержана Саденова с заместителем премьер-министра - министром внутренних дел Объединенных Арабских Эмиратов Шейхом Саифом бен Заидом Аль Нахайяном. Ключевым итогом переговоров стало подписание Меморандума о взаимном признании и обмене водительских удостоверений между Министерством внутренних дел Республики Казахстан и Министерством внутренних дел Объединенных Арабских Эмиратов. Информация на сайте.