Aqorda » публикация №33671
Президент Inditex Group бас директорының орынбасары Сантьяго Мартинес-Лахе Собредоны қабылдады 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияның Inditex Group компаниясы бас директорының орынбасары – сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Мартинес-Лахе Собредомен ынтымақтастық перспективасын талқылады. 🟦Мемлекет басшысы экономикалық ықпалдастық қазақ-испан қарым-қатынасының негізгі тіректерінің бірі болып қала беретінін, ал Қазақстанда барлығы 60-қа жуық испандық компания жұмыс істейтінін айтты. 🟦Президент әлемдегі жетекші ритейлер санатына енетін Inditex тобының еліміздегі қызметін кеңейту және Қазақстанды Орталық Азияның басты көлік-логистика торабына айналдыру жөніндегі жоспарын құптады. 🟦Сонымен қатар Мемлекет басшысы компанияның уақыт өте келе елімізде логистика аясынан шығып, тоқыма саласында қуатты өндіріс орнын құра алатынына сенімді екенін жеткізді. 🟦Сантьяго Мартинес-Лахе Собредо Қазақстанда кәсіпкерлік пен инвестицияға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, бизнесті өркендету жоспарымен бөлісті. ➡️Қазіргі уақытта Inditex құрамына Zara, Pull&Bear, Massimo Dutti, Bershka сияқты отандық сауда желілерінде кеңінен ұсынылатын белгілі брендтер кіреді. Компания Алматы мен Қарағанды әуежайларының базасында өңірлік логистикалық хаб қалыптастырып жатыр. t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























