На заседании круглого стола также выступили Специальный представитель Европейского Союза по Центральной Азии Эдуардс Стипрайс, Еврокомиссар по вопросам торговли и экономической безопасности Марош Шефчович, вице-президент Европейского инвестиционного банка Марек Мора, президент Sarens Group Лудо Саренс, генеральный директор Roca Group Альберто Магранс, генеральный директор Dewulf Group Хендрик Декрамер, председатель наблюдательного совета Polpharma Group Ежи Старaк, президент по европейскому региону компании Airbus SE Жоан Пелисье, совладелец, член совета директоров Damen Shipyards Group Роуз Дамен, генеральный директор авиакомпании LOT Polish Airlines Михал Фийол, старший вице-президент по европейскому региону Bureau Veritas Венсан Бурдиль, управляющий директор Maersk Group Айхан Сидеф, старший вице-президент по коммерческому планированию компании Cargolux Пьерандреа Галли, генеральный директор Maire Tecnimont Алессандро Бернини. t.me/aqorda_resmi
🧷 Біздің Президент: «Қазақстан экономикамен шектелмей, Орталық Азия елдеріне және басқа да мемлекеттерге біліктілігі жоғары мамандар даярлайтын өңірлік білім беру орталығы ретіндегі рөлін нығайта түседі» @ptrkkz
Глава государства принял старшего вице-президента Mediterranean Shipping Company Эдуарда Зигриста 🟦На встрече с руководством MSC были обсуждены перспективы взаимовыгодного сотрудничества в сферах транспорта и логистики. 🟦Особое внимание было уделено увеличению уровня контейнеризации, что будет способствовать значительному росту грузооборота. 🟦Президент высоко оценил присутствие на рынке Казахстана одного из мировых лидеров по контейнерным перевозкам, отметив, что на сегодняшний день развитие Среднего коридора является стратегическим приоритетом для нашей страны. 🟦Касым-Жомарт Токаев рассказал Эдуарду Зигристу о практических мерах по укреплению потенциала ТМТМ. 🟦В частности, совместно с Азербайджаном и Грузией прорабатывается единая долгосрочная тарифная модель, реализуются ключевые инфраструктурные инициативы, включая расширение флота грузовых судов на Каспийском море, дноуглубительные работы совместно с Азербайджаном, а также модернизацию порта Курык. 🟦В данном контексте Глава государства приветствовал интерес компании инвестировать в портовую инфраструктуру на Каспийском побережье, подчеркнув, что подобные проекты значительно повысит конкурентоспособность маршрута и будет способствовать росту объемов грузоперевозок между Азией и Европой. 🟦В свою очередь вице-президент MSC поделился с Президентом долгосрочными инвестиционными планами компании, которые включают вложения в логистические терминалы, железнодорожные активы, портовую инфраструктуру и морские услуги, а также грузовые авиаперевозки в Республике Казахстан. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Mediterranean Shipping Company аға вице-президенті Эдуард Зигристті қабылдады 🟦MSC басшылығымен кездесу барысында көлік және логистика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы талқыланды. 🟦Жүк айналымын арттыруға айтарлықтай септігін тигізетін контейнерлеу деңгейін ұлғайтуға ерекше назар аударылды. 🟦Президент контейнерлік тасымалдау бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі саналатын компанияның Қазақстан нарығындағы қызметіне жоғары баға беріп, бүгінде Орта дәлізді дамыту еліміз үшін стратегиялық басымдық саналатынын атап өтті. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Эдуард Зигристке Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін күшейту бағытындағы нақты шаралар туралы мәлімет берді. 🟦Атап айтқанда, Әзербайжан және Грузия елдерімен бірге бірыңғай ұзақмерзімді тариф моделін енгізу мәселесі пысықталып жатыр. 🟦Каспий теңізіндегі жүк кемелері флотын кеңейту, Әзербайжанмен бірлесіп теңіз табанын тереңдету, сондай-ақ Құрық портын жаңғырту секілді негізгі инфрақұрылым жобалары қолға алынды. 🟦Бұл ретте Мемлекет басшысы компанияның Каспий жағалауындағы порт инфрақұрылымына инвестиция салуға қызығушылығын құптап, мұндай жобалар аталған бағыттың бәсекеге қабілеттігін елеулі түрде арттыратынын, Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалы көлемінің өсіміне ықпал ететінін айтты. 🟦MSC аға вице-президенті Мемлекет басшысына компанияның ұзақмерзімді инвестициялық жоспары туралы баяндады. Оның аясында логистикалық терминалдарға, темір жол активтеріне, порт инфрақұрылымына және теңіз қызметтеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы әуе арқылы жүк тасымалына қаржы құю қарастырылған. t.me/aqorda_resmi
🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Inditex Group бас директорының орынбасары Сантьяго Мартинес-Лахе Собредоны қабылдады 🔹Кездесуде Қазақстан мен Испания арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. 🔹Мемлекет басшысы елімізде жұмыс істеп жатқан шамамен 60 испан компаниясының барын айтып, Inditex-тің Қазақстандағы қызметін кеңейтуді қолдайтынын жеткізді. 🔹Сондай-ақ Президент компанияның елде логистикалық хаб құру бастамасын құптап, болашақта өндірістік бағытты дамыту мүмкіндігін атап өтті. @ptrkkz
🤝 Мемлекет басшысы Groupe ADP компаниясының бас директоры Филипп Паскальмен кездесті Кездесуде Алматы әуежайын дамытудың ұзақмерзімді жоспары талқыланды. Президент әуе хабтарын дамыту көлік-логистика саласындағы стратегиялық басымдықтардың бірі екенін атап өтті. ✈️ Компанияның 2050 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламасы аясында Алматы әуежайының өткізу қабілетін жылына 55 миллион жолаушыға дейін арттыру көзделіп отыр. @ptrkkz
Президент принял заместителя генерального директора Inditex Group Сантьяго Мартинеса-Лахе Собредо 🟦Касым-Жомарт Токаев обсудил с заместителем генерального директора – директором по внешним связям испанской компании Inditex Group Сантьяго Мартинесом-Лахе Собредо перспективы дальнейшего сотрудничества. 🟦Глава государства напомнил, что экономическое взаимодействие остается одним из ключевых столпов казахско-испанских отношений, а всего в Казахстане работает около 60 испанских компаний. 🟦Президент приветствовал планы Inditex, входящей в число ведущих мировых ритейлеров, расширить присутствие в Казахстане и сделать страну основным транзитно-логистическим узлом в Центральной Азии. 🟦Вместе с тем Глава государства выразил уверенность в том, что со временем компания может выйти за рамки логистики и создать в нашей стране производственные мощности в текстильной отрасли. 🟦В свою очередь Сантьяго Мартинес-Лахе Собредо отметил, что в Казахстане созданы хорошие условия для предпринимательства и инвестиций, и поделился планами развития бизнеса. ➡️В настоящее время Inditex, в состав которой входят известные бренды Zara, Pull&Bear, Massimo Dutti, Bershka, широко представлена в торговых сетях Казахстана. Компания формирует региональный логистический хаб на базе аэропортов Алматы и Караганды. t.me/aqorda_resmi
Президент Inditex Group бас директорының орынбасары Сантьяго Мартинес-Лахе Собредоны қабылдады 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияның Inditex Group компаниясы бас директорының орынбасары – сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Мартинес-Лахе Собредомен ынтымақтастық перспективасын талқылады. 🟦Мемлекет басшысы экономикалық ықпалдастық қазақ-испан қарым-қатынасының негізгі тіректерінің бірі болып қала беретінін, ал Қазақстанда барлығы 60-қа жуық испандық компания жұмыс істейтінін айтты. 🟦Президент әлемдегі жетекші ритейлер санатына енетін Inditex тобының еліміздегі қызметін кеңейту және Қазақстанды Орталық Азияның басты көлік-логистика торабына айналдыру жөніндегі жоспарын құптады. 🟦Сонымен қатар Мемлекет басшысы компанияның уақыт өте келе елімізде логистика аясынан шығып, тоқыма саласында қуатты өндіріс орнын құра алатынына сенімді екенін жеткізді. 🟦Сантьяго Мартинес-Лахе Собредо Қазақстанда кәсіпкерлік пен инвестицияға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, бизнесті өркендету жоспарымен бөлісті. ➡️Қазіргі уақытта Inditex құрамына Zara, Pull&Bear, Massimo Dutti, Bershka сияқты отандық сауда желілерінде кеңінен ұсынылатын белгілі брендтер кіреді. Компания Алматы мен Қарағанды әуежайларының базасында өңірлік логистикалық хаб қалыптастырып жатыр. t.me/aqorda_resmi
Глава государства провел беседу с генеральным директором Groupe ADP Филиппом Паскалем ✔️Основной темой встречи Касым-Жомарта Токаева с руководителем Groupe ADP стали долгосрочные перспективы развития аэропорта Алматы. ✔️Президент подчеркнул, что развитие авиахабов является одним из стратегических приоритетов в сфере транспорта и логистики. ✔️По оценке Касым-Жомарта Токаева, участие Groupe ADP в управлении инфраструктурой аэропорта Алматы может служить ярким примером успешного партнерства. ✔️Президент отметил, что компания эффективно реализовала ряд важных проектов, включая строительство нового международного терминала, что позволило обновить инфраструктуру и увеличить пассажиропоток до 14 миллионов человек в год. ✔️Филипп Паскаль рассказал о ходе исполнения долгосрочного генплана развития алматинского аэропорта. Реализация инвестиционной программы до 2050 года позволит увеличить пропускную способность аэропорта до 55 млн пассажиров в год. ✔️В ходе встречи также были обсуждены перспективы продвижения новых совместных проектов, в том числе по развитию региональных аэропортов. ✔️Генеральный директор Groupe ADP отметил, что государство создает оптимальную нормативно-правовую базу для функционирования авиационной инфраструктуры. ✔️В свою очередь Глава государства выразил уверенность в том, Соглашение между Правительством Казахстана и Европейским Союзом о некоторых аспектах воздушных перевозок, подписанное в ходе данного визита в Брюссель, станет важным шагом в развитии отрасли. ➡️Groupe ADP – одна из ведущих мировых компаний в сфере управления аэропортовой инфраструктурой. Группа управляет ключевыми аэропортами Парижа и представлена более чем в 20 странах через дочерние структуры, включая TAV Airports. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Groupe ADP компаниясының бас директоры Филипп Паскальмен кездесу өткізді ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Groupe ADP компаниясы басшысының кездесуінде Алматы әуежайын дамытудың ұзақмерзімді перспективасына баса назар аударылды. ✔️Президент әуе хабтарын дамыту көлік-логистика саласындағы стратегиялық басымдықтардың бірі саналатынын атап өтті. ✔️Мемлекет басшысының бағалауынша, Groupe ADP компаниясының Алматы әуежайы инфрақұрылымын басқаруға атсалысуы табысты серіктестіктің жарқын үлгісі болмақ. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның жаңа халықаралық терминал салу секілді бірқатар маңызды жобаны тиімді жүзеге асырғанына тоқталды. Бұл инфрақұрылымның жаңаруына және жолаушылар санының жылына 14 миллионға дейін артуына мүмкіндік берді. ✔️Филипп Паскаль Алматы әуежайын дамытуға арналған ұзақмерзімді бас жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берді. 2050 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру әуежайдың өткізу қабілетін жылына 55 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға жол ашады. ✔️Сондай-ақ кездесуде өңірлердегі әуежайларды өркендету бойынша жаңа бірлескен жобаларды ілгерілету перспективасы талқыланды. ✔️Groupe ADP бас директоры мемлекет авиациялық инфрақұрылымның қызметіне арналған оңтайлы нормативтік-құқықтық база жасақтағанын айтты. ✔️Мемлекет басшысы Брюссельге сапары аясында қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалының кейбір аспектілері туралы келісім саланы дамытудағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді. ➡️Groupe ADP – әуежай инфрақұрылымын басқару саласы бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Топ Париждің негізгі әуежайларын басқарады және 20-дан астам елдің әуежайына TAV Airports секілді еншілес құрылымдар арқылы иелік етеді. t.me/aqorda_resmi
🤝 Президентіміз Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды. 📊 Президент мемлекеттік институттарды одан әрі дамытуды, басқару тиімділігін арттыруды және халықтың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін қазіргі өзгерістер жөнінде айтты. @ptrkkz
Касым-Жомарт Токаев встретился с Исполнительным председателем Института глобальных перемен Тони Блэром ✔️В ходе встречи были обсуждены вопросы реализации масштабных реформ, проводимых в Казахстане, а также ключевые направления политической и социально-экономической модернизации страны. ✔️Президент рассказал о текущих преобразованиях, направленных на дальнейшее развитие государственных институтов, повышение эффективности управления и улучшение качества жизни граждан. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті ✔️Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды. ✔️Президент мемлекеттік институттарды одан әрі дамытуды, басқару тиімділігін арттыруды және халықтың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін қазіргі өзгерістер жөнінде айтты. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇪🇺Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі ▫️Тек өткен жылдың өзінде екіжақты тауар айналымы 45 миллиард доллардан асты ▫️Қазақстанда 4 мыңға жуық еуропалық компания табысты жұмыс істейді ▫️Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды ▫️Дәліздің жүк өткізу қабілетін 10 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды көздейміз ▫️Қазақстан ЕО аса маңызды шикізат ресурстарының тізбесіне қосқан 34 минералдың 21-імен қамтамасыз етуге әзір. Осы әлеуетті барынша пайдалану үшін біз «офтейк» негізіндегі ынтымақтастық жолын ұсынамыз ▫️Қазақстан жаһандық жаңа энергетикалық жүйеге көшу бастамасын ілгерілетуге қашанда ынталы ▫️Goldman Sachs болжамына сәйкес, ЖИ әлем экономикасына 7 триллион доллардан астам табыс әкеледі ▫️Біз білімге негізделген экономика құрғымыз келеді ▫️Horizon Europe келесі негіздемелік бағдарламасының қауымдастырылған мүшелігіне өту үшін өтініш бердік ▫️Еуропаның инвестициясына және озық технологиясына айырбас ретінде маңызды қазба байлықтары мен қуат ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін прагматикалық формуланы ұсыну арқылы сенімді серіктес болуға әзірміз ▫️Жоғары технологиялық агробизнестен бастап жасанды интеллект саласындағы жаңашыл өнертабыстарға, АХҚО аясындағы қаржыландыру тетіктеріне дейінгі көптеген салада ұзақмерзімді интеграцияға ашықпыз ▫️Үкіметіміз маңызды бастамаларды тез әрі табысты іске асыру үшін коммерциялық ұсыныстарыңызды зерделейтін болады @ptrkkz
Жиында Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс, Сауда және экономикалық қауіпсіздік жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчович, Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Марек Мора, Sarens Group президенті Лудо Саренс, Roca Group бас директоры Альберто Магранс, Dewulf Group бас директоры Хендрик Декрамер, Polpharma Group байқаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старaк, Airbus SE компаниясының Еуропа өңірі бойынша президенті Жоан Пелисье, Damen Shipyards Group тең құрылтайшысы, директорлар кеңесінің мүшесі Роуз Дамен, LOT Polish Airlines әуе компаниясының бас директоры Михал Фийол, Bureau Veritas компаниясының Еуропа өңірі бойынша аға вице-президенті Венсан Бурдиль, Maersk Group басқарушы директоры Айхан Сидеф, Cargolux компаниясының коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға вице-президенті Пьерандреа Галли, MAIRE Tecnimont бас директоры Алессандро Бернини сөз сөйледі. t.me/aqorda_resmi
Глава государства: «Наши двери открыты для долгосрочной интеграции по широкому кругу отраслей» ✔️Ссылаясь на наличие огромного потенциала для сотрудничества, Глава государства отметил, что Казахстан выступает за подлинное стратегическое партнерство. – Прежде всего, мы предлагаем доверие и долгосрочную приверженность общему успеху. Со своей стороны мы рассчитываем на более активное участие европейских партнеров в реализации высокодоходных инвестиционных проектов. Мы также приветствуем усиление роли европейских финансовых институтов в поддержке устойчивого экономического развития Казахстана и инициатив по укреплению региональной взаимосвязанности. В этой связи я высоко ценю активный вклад Европейского инвестиционного банка и рад, что вице-президент Мора находится сегодня с нами. Я также хотел бы поблагодарить комиссара Шефчовича за его руководящую роль в укреплении нашего экономического диалога и продвижении амбициозной торговой повестки Казахстана и Европейского Союза. Кроме того, выражаю искреннюю признательность Специальному представителю Стипрайсу за его неустанные усилия, направленные на развитие сотрудничества между Европейским Союзом и Центральной Азией, – сказал Касым-Жомарт Токаев. ✔️В завершение он отметил, что сегодняшние дискуссии подтвердили общее видение стратегического партнерства между Казахстаном и Европейским Союзом. – Постепенно идет процесс согласования сопряжения нашего Среднего коридора со стратегией ЕС Global Gateway, мы создаем безопасную и устойчивую транспортную артерию для сообщения между Европой и Азией. Мы готовы стать вашим надежным партнером, предлагая прагматичную формулу использования важнейших полезных ископаемых и энергоресурсов в обмен на передовые европейские инвестиции и технологии. Наши двери открыты для долгосрочной интеграции по широкому кругу отраслей: от высокотехнологичного агробизнеса до новаторских разработок в области искусственного интеллекта и надежного финансирования в рамках МФЦА. Мое Правительство тщательно изучит все ваши коммерческие предложения, чтобы обеспечить быструю и успешную реализацию важных инициатив, – подытожил Президент. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы ынтымақтастық әлеуеті зор екенін алға тартып, Қазақстан бұл ретте шынайы стратегиялық серіктестікті жақтайтынын жеткізді – Ең бастысы, біз ортақ табысқа жеткізетін сенім мен ұзақ мерзімді міндеттемені ұсынамыз. Еуропалық серіктестер табысы жоғары инвестициялық жобаларға белсенді түрде атсалысады деп сенеміз. Еуропалық қаржы институттарының Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына және өңірлердің өзара байланысын нығайтатын бастамаларға қолдау көрсеткенін құптаймыз. Осы орайда Еуропалық инвестициялық банктің қосқан үлесін жоғары бағалаймын. Банк вице-президенті Мора бүгін арамызда отыр. Сондай-ақ экономикалық диалог өрбітіп, Қазақстан мен Еуропалық Одақтың сауда күн тәртібін ілгерілету ісінде жетекші рөл атқарғаны үшін комиссар Шевчовичке алғыс айтамын. Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы күш-жігері үшін Арнайы өкіл Стипрайсқа ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Мемлекет басшысы сөз соңында бүгінгі пікірталастар Қазақстан мен ЕО-ның стратегиялық серіктестікке қатысты ұстанымы ортақ екенін тағы да растағанын айтты. – Орта дәлізді Еуропалық Одақтың Global Gateway стратегиясымен ұштастыру бойынша келісім үдерісі жүргізілуде. Біз Еуропа мен Азия арасындағы қауіпсіз әрі орнықты көлік жолының негізін қалап жатырмыз. Еуропаның инвестициясына және озық технологиясына айырбас ретінде маңызды қазба байлықтары мен қуат ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін прагматикалық формуланы ұсыну арқылы сенімді серіктес болуға әзірміз. Жоғары технологиялық агробизнестен бастап жасанды интеллект саласындағы жаңашыл өнертабыстарға, АХҚО аясындағы қаржыландыру тетіктеріне дейінгі көптеген салада ұзақмерзімді интеграцияға ашықпыз. Үкіметіміз маңызды бастамаларды тез әрі табысты іске асыру үшін коммерциялық ұсыныстарыңызды зерделейтін болады, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев: «Мы стремимся к построению экономики, основанной на знаниях» ✔️Представителям европейского бизнеса также были презентованы возможности Международного финансового центра «Астана» (МФЦА). ✔️Как было подчеркнуто в речи, в рейтинге Global Financial Centers Index МФЦА занимает 1-е место в регионе Восточной Европы и Центральной Азии. Здесь зарегистрировано более 5800 компаний из более чем 90 стран, в том числе почти 250 из ЕС. Через МФЦА компании из стран Европы уже вложили 307 млн долларов прямых иностранных инвестиций в виде долевого финансирования. ✔️Глава государства призвал европейские финансовые и инновационные институты продолжить сотрудничество с МФЦА в продвижении устойчивого финансирования и финтех-технологий. ✔️Говоря о развитии человеческого капитала, Президент Казахстана подчеркнул тот факт, что ЕС уже является ведущим партнером в области науки и образования. – По всей стране уже действуют 40 международных академических и исследовательских центров, включая Университет прикладных наук Анхальта, Университет Лотарингии и Политехнический университет Марке. Казахстан также активно сотрудничает с ЕС через Erasmus+, Horizon Europe и другие программы. Мы стремимся к построению экономики, основанной на знаниях. Для достижения этой цели мы подали заявку на ассоциированное членство в следующей рамочной программе Horizon Europe. Казахстан не просто строит экономику – мы укрепляем нашу роль регионального образовательного центра, который готовит высококвалифицированные кадры как для Центральной Азии, так и для других стран, – пояснил он. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз білімге негізделген экономика құрғымыз келеді» ✔️Сонымен қатар еуропалық бизнес өкілдеріне «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері таныстырылды. ✔️Президент атап өткендей, Global Financial Centers Index рейтингінде АХҚО Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша бірінші орын алады. Орталықта әлемнің 90-нан астам елінен 5800-ден аса компания тіркелген, оның ішінде 250-ге жуығы – Еуропа елдерінен. АХҚО арқылы еуропалық компаниялар үлестік қаржыландыру ретінде 307 миллион доллар көлемінде тікелей инвестиция салды. ✔️Мемлекет басшысы Еуропаның қаржы және инновация институттарын Астана халықаралық қаржы орталығымен бірге орнықты қаржыландыру және финтех-технологияларды ілгерілету саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға шақырды. ✔️Президент адам капиталын дамыту тақырыбына тоқталып, Еуропалық Одақ әлдеқашан еліміздің ғылым және білім саласындағы жетекші серіктесіне айналғанын атап өтті. – Еліміздің түкпір-түкпірінде қазірдің өзінде 40 шақты халықаралық академиялық және зерттеу орталықтары жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында Анхальт қолданбалы ғылым университетінің, Лотарингия университетінің және Марке политехникалық университетінің өкілдіктері бар. Қазақстан Erasmus+, Horizon Europe және басқа да бағдарламалар аясында Еуропалық Одақпен ықпалдастықты жолға қойды. Біз білімге негізделген экономика құрғымыз келеді. Сондықтан Horizon Europe келесі негіздемелік бағдарламасының қауымдастырылған мүшелігіне өту үшін өтініш бердік. Қазақстан экономикамен шектелмей, Орталық Азия елдеріне және басқа да мемлекеттерге біліктілігі жоғары мамандар даярлайтын өңірлік білім беру орталығы ретіндегі рөлін нығайта түседі, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
Президент считает, что проект «умный город» Алатау открывает огромные возможности для роста криптоиндустрии, инноваций и высокотехнологичного бизнеса ✔️Важнейшим приоритетом национальной повестки в выступлении было названо решение глобальных проблем продовольственной безопасности. ✔️По его словам, стратегическая цель – превратить агропромышленный комплекс Казахстана в передовой высокотехнологичный сектор. В связи с этим Глава государства пригласил европейских партнеров к сотрудничеству в таких ключевых областях, как животноводство, селекция семян зерновых культур, точное земледелие и повышение плодородия почв. ✔️Далее Президент высказал свое видение роли искусственного интеллекта в новой реальности. – Согласно прогнозам Goldman Sachs, ИИ принесет в мировую экономику более 7 трлн долларов. В соответствии с этой глобальной трансформацией мы поставили перед собой стратегическую задачу превратить Казахстан в полностью цифровое государство. Мы учредили министерство искусственного интеллекта и цифрового развития. Эту структуру дополняет недавно созданный Совет по развитию искусственного интеллекта, важный консультативный орган, объединяющий ведущих отечественных и мировых экспертов. Казахстан стал пионером в регионе, запустив два суперкомпьютера на базе NVIDIA, мирового лидера в области технологических инноваций. Кроме того, мы инициировали проект «Долина ЦОДов», который стремительно привлекает мировой капитал и крупнейших технологических гигантов. На базе Международного центра Alem.ai мы запустили две международные школы нового поколения – Tumo и Tomorrow School. Наша цель – расширить компетенции педагогов, усовершенствовать инфраструктуру и внедрить стандарты персонализированного обучения для следующего поколения. Кроме того, мы уделяем приоритетное внимание стратегическому развитию «умного города» Алатау. В соответствии с нашей новой Конституцией этому городу был предоставлен особый правовой статус. Данный знаковый проект открывает огромные возможности для роста криптоиндустрии, инноваций и высокотехнологичного бизнеса, – поделился Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Президент Алатау «ақылды қала» жобасы криптоиндустрияның, инновацияның және жоғары технологиялық бизнестің өркендеуіне жол ашады деп санайды ✔️Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын шешу ұлттық күн тәртібіндегі маңызды басымдықтардың бірі ретінде аталды. ✔️Оның айтуынша, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялық секторға айналдыру стратегиялық міндет ретінде белгіленді. Осы орайда, Президент еуропалық серіктестерді мал шаруашылығы, астық дақылдарының селекциясы, жер игерудің дәлме-дәл технологиясы және топырақ құнарын арттыру секілді салаларда ынтымақтастық орнатуға шақырды. ✔️Содан соң Мемлекет басшысы жаңа замандағы жасанды интеллект рөлі жөніндегі пікірін жеткізді. – Goldman Sachs болжамына сәйкес, ЖИ әлем экономикасына 7 триллион доллардан астам табыс әкеледі. Осы жаһандық үдерістерге сай, біз алдымызға Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойдық. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Бұл құрылымға қосымша Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жасақталды. Аталған консультативтік орган құрамына жетекші отандық және әлемдік сарапшылар кіреді. Қазақстан – инновация жағынан дүние жүзінде көшбасшы саналатын NVIDIA технологиялары негізінде екі суперкомпьютерді іске қосқан өңірдегі алғашқы ел. Бұдан бөлек, біз «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құрдық. Бұл – жаһандық капитал мен ірі технологиялық алпауыттар үшін тартымды жоба. Alem.ai халықаралық орталығының жанынан Tumo және Tomorrow School жаңа буын мектептері ашылды. Мақсатымыз – ұстаздардың біліктілігін арттырып, инфрақұрылымды жетілдіру және өскелең ұрпақ игілігі үшін дербес білім беру стандарттарын енгізу. Сондай-ақ Алатау «ақылды қаласын» стратегиялық тұрғыдан дамытуға ерекше мән береміз. Жаңа Конституциямызға сәйкес, аталған қала айрықша құқықтық мәртебеге ие болды. Бұл маңызды жоба криптоиндустрияның, инновацияның және жоғары технологиялық бизнестің өркендеуіне жол ашады, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
Президент отметил, что промышленный сектор нашей страны составляет прочную основу экономики, обеспечивая устойчивый рост и диверсификацию – За последний год доля производственного сектора в нашем ВВП составила почти 27%. Мы запустили более 190 новых производственных линий. Заслуживает высокой оценки тот факт, что европейские компании активно участвуют в развитии нашей промышленности. Экономическое сотрудничество Казахстана и ЕС претерпело фундаментальные изменения, сместившись в сторону глубокой локализации и интеграции производственных цепочек с высокой добавленной стоимостью. Эти примеры демонстрируют значительный потенциал казахско-европейской промышленной кооперации. В этом контексте хочу особо отметить вклад европейских финансовых институтов, в первую очередь Европейского банка реконструкции и развития (ЕБРР) и Европейского инвестиционного банка (ЕИБ), – сказал Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Президент Қазақстанның өнеркәсіп секторы экономиканың орнықты өсімі мен әртараптандырылуына ықпал ететін берік тірек саналатынына назар аударды – Соңғы жылы еліміздің ІЖӨ-дегі өнеркәсіп секторының үлесі шамамен 27 пайызды құрады. Біз 190-нан аса жаңа өндіріс тізбегін іске қостық. Еуропалық компаниялар өнеркәсіп салаларын дамытуға белсенді атсалысып жатыр. Бұл жоғары бағаға лайық. Қазақстан мен Еуропалық Одақтың экономикалық ықпалдастығы түбегейлі өзгеріске ұшырап, локализацияға және қосылған құны жоғары өндіріс тізбегінің интеграциясына баса мән берілуде. Бұл мысалдар Қазақстан-Еуропа өнеркәсіп кооперациясының әлеуеті зор екенін көрсетеді. Осы ретте еуропалық қаржы институттарының, ең алдымен, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Еуропалық инвестициялық банктің қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев заявил о готовности нашей страны выступить надежным партнером Европы в области критически важных минералов – Казахстан готов поставлять 21 из 34 минералов, включенных в перечень критически важных сырьевых ресурсов ЕС. Чтобы максимально использовать этот потенциал, мы предлагаем модель сотрудничества по схеме «офтейк». Это будет способствовать развитию внутренней переработки и созданию производств с высокой добавленной стоимостью. Результатом этого партнерства станет создание Регионального исследовательского центра по редкоземельным металлам. В то же время Казахстан по-прежнему привержен продвижению глобального энергетического перехода. Как известно, наша страна является крупнейшим в мире производителем урана, обеспечивающим около 40% мирового спроса. Наряду со значительными запасами нефти, газа и угля, мы активно развиваем проекты по производству «зеленого» водорода. Кроме того, на территории Казахстана находятся значительные неразработанные запасы лития, никеля, ванадия и кобальта. В конечном итоге, мы предлагаем нашим партнерам прагматичную формулу: «инвестиции и технологии в обмен на доступ к стратегическим ресурсам» в полном соответствии с европейскими стандартами, – отметил Президент. ✔️По мнению Главы государства, Казахстан последовательно укрепляет свои стратегические позиции в качестве надежного партнера и гаранта энергоснабжения Европейского Союза. – За прошедший год доля казахстанской сырой нефти, поставляемой на европейский рынок, составила почти 13%. Мы подтверждаем нашу непоколебимую приверженность расширению сотрудничества с европейскими партнерами, направленного на увеличение объемов поставок и укрепление региональной энергетической безопасности. В связи с этим обеспечение стабильной и надежной работы Каспийского трубопроводного консорциума остается важнейшим стратегическим приоритетом, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің аса маңызды минералдарды игеру бағытында Еуропаға сенімді серіктес болуға дайын екенін мәлімдеді – Қазақстан ЕО аса маңызды шикізат ресурстарының тізбесіне қосқан 34 минералдың 21-імен қамтамасыз етуге әзір. Осы әлеуетті барынша пайдалану үшін біз «офтейк» негізіндегі ынтымақтастық жолын ұсынамыз. Бұл шикізатты өз елімізде өңдеп, қосылған құны жоғары өндіріс тізбегін құруға ықпал етеді. Сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығының құрылуы – аталған бағыттағы серіктестіктің нәтижесі. Сонымен қатар Қазақстан жаһандық жаңа энергетикалық жүйеге көшу бастамасын ілгерілетуге қашанда ынталы. Өздеріңізге мәлім, еліміз ірі уран өндіруші ретінде әлемдегі сұраныстың 40 пайызға жуығын қамтамасыз етеді. Мұнай мен газдың, көмірдің айтарлықтай қоры бола тұра, біз «жасыл» сутегін өндіру жобасын белсенді түрде қолға алдық. Бұдан бөлек, Қазақстан аумағында литий, никель, ванадий және кобальттың әлі игерілмеген мол қоры бар. Түптеп келгенде, біз серіктестерге өте прагматикалық формула ұсынамыз: яғни стратегиялық ресурстарға қолжетімділікті инвестицияға және технологияға айырбастауға ниеттіміз. Бұл тәсіл Еуропа стандарттарына толық сай келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Президенттің пікірінше, Қазақстан Еуропалық Одақты қуат көздерімен қамтамасыз ететін сенімді серіктес әрі кепіл ел ретінде стратегиялық позициясын дәйекті түрде нығайтып келеді. – Былтыр Еуропа нарығына тасымалданған шикі мұнайдың 13 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі. Біз еуропалық серіктестермен жеткізу көлемін ұлғайту және өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге әрдайым әзірміз. Осыған байланысты Каспий құбыр консорциумының тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету маңызды стратегиялық басымдық болып қала беретінін айтқым келеді, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
Президент: «Казахстан за последние 15 лет инвестировал более 35 млрд долларов в транспортную и логистическую инфраструктуру» ✔️Глава государства детально остановился на перспективных направлениях сотрудничества. ✔️В первую очередь он рассказал европейским партнерам о стремлении Казахстана стать региональным логистическим хабом, соединяющим Европу с Центральной Азией, Китаем, Кавказом и Ближним Востоком. – Мы вкладываем значительные средства в инфраструктуру, включая строительство тысяч километров новых железных дорог и развитие Транскаспийского международного транспортного маршрута. Эти усилия органично вписываются в стратегию Европейского Союза Global Gateway, превращая Средний коридор в ключевую и устойчивую магистраль для безопасного евроазиатского сообщения. Модернизация транспортной инфраструктуры уже принесла впечатляющие результаты. За последние шесть лет объемы грузоперевозок по этому маршруту выросли в пять раз – с 0,8 млн до 4,1 млн тонн в год. Наша цель – увеличить его пропускную способность до 10 млн тонн. Этот рубеж укрепит наши позиции в качестве важнейшей транспортной артерии в мировой логистике. Для поддержания этой динамики Казахстан за последние 15 лет инвестировал более 35 млрд долларов в транспортную и логистическую инфраструктуру. Сегодня порты Актау и Курык на берегу Каспийского моря служат важными воротами для международного транзита, – отметил он. ✔️Президент приветствовал подписанные сегодня соглашения на сумму почти 1 млрд долларов, заключенные Банком развития Казахстана с Европейским инвестиционным банком, а также с синдикатом банков, в состав которого входят Commerzbank, JPMorgan Chase Bank и Standard Chartered Bank, при гарантии MIGA (Многостороннего агентства по инвестиционным гарантиям) в сфере логистической инфраструктуры. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы: «Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды» ✔️Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге Қазақстанның Еуропаны Орталық Азиямен, Қытаймен, Кавказбен және Таяу Шығыспен байланыстыратын өңірлік логистикалық хабқа айналуға ұмтылатынын айтты. – Біз инфрақұрылымға, атап айтқанда, мыңдаған шақырым темір жол салуға және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға қомақты қаржы құйып жатырмыз. Бұл күш-жігеріміз Еуропалық Одақтың Global Gateway стратегиясымен үйлесіп, Орта дәлізді еуразиялық қауіпсіз байланысқа арналған негізгі әрі орнықты магистральға айналдырады. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетті. Соңғы алты жылда аталған бағыт бойынша жүк тасымалы бес есе – жыл сайын 0,8 миллион тоннадан 4,1 миллион тоннаға дейін өсті. Дәліздің жүк өткізу қабілетін 10 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды көздейміз. Бұл меже еліміздің әлемдік логистикада маңызды күрежол ретіндегі позициясын нығайтады. Осы қарқынды сақтау үшін Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды. Бүгінде Каспий теңізі жағалауындағы Ақтау және Құрық порттары халықаралық транзиттің маңызды қақпасы ретінде қызмет етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Мемлекет басшысы бүгін Қазақстан даму банкі мен Еуропалық инвестициялық банк арасында, сондай-ақ құрамына Commerzbank, JPMorgan Chase Bank және Standard Chartered Bank кірген Банктер синдикаты MIGA (Инвестициялық кепілдіктер жөніндегі көпжақты агенттіктің) кепілдігімен қол қойылған, құны шамамен 1 миллиард доллар болатын логистикалық инфрақұрылым саласындағы келісімді құптады. t.me/aqorda_resmi
Глава государства сообщил, что в ходе данного визита ожидается заключение коммерческих соглашений на сумму более 12 миллиардов долларов ✔️По его мнению, это свидетельствует о том, что партнерство между Казахстаном и ЕС переходит от выработки концептуальных подходов к реальным действиям. ✔️Президент проинформировал об экономических успехах Казахстана за последние годы и системных преобразованиях, которые привели к достижению этого результата. – Экономика Казахстана продолжает демонстрировать устойчивость и динамизм. В прошлом году экономический рост нашей страны достиг 6,5%, что в два раза превышает темпы прогнозируемого глобального роста по данным МВФ. Наш ВВП превысил 305 млрд долларов, а ВВП на душу населения – 15 тысяч долларов. По прогнозам Международного валютного фонда, в этом году объем экономики страны достигнет 360 млрд долларов. На долю малых и средних предприятий в настоящее время приходится около 40% нашей экономики, почти 70% инвестиций в основной капитал обеспечивается за их счет. В основе этих достижений лежат комплексные структурные реформы. Казахстан переживает масштабный процесс политической и экономической модернизации, направленный на создание более прозрачной, конкурентоспособной и благоприятной для инвесторов экономики. Мы укрепили демократические институты, усовершенствовали систему сдержек и противовесов, усилили верховенство закона и расширили защиту прав человека. Строгое соблюдение принципа «Закон и Порядок» стало краеугольным камнем нашей внутренней политики. Исторический общенациональный референдум в Казахстане также способствовал созданию современной институциональной базы для защиты прав и интересов инвесторов. Национальная цифровая инвестиционная платформа теперь работает как полностью интегрированное «единое окно» для инвесторов, а Инвестиционный совет обеспечивает эффективное решение вопросов, связанных с инвестициями. Мы также внедряем новые стимулы, в том числе визовую программу Altyn Visa, которая устанавливает обширные налоговые и миграционные льготы для международных инвесторов. Одним словом, Казахстан предлагает то, что инвесторы ценят больше всего, – политическую стабильность, макроэкономическую устойчивость, открытую экономику и твердую приверженность рыночным реформам, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы осы сапар барысында жалпы сомасы 12 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылатынын жеткізді ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестіктің тұжырымдамалық тәсілдерді пысықтаудан нақты әрекетке ұласқанын аңғартады. ✔️Президент Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық табысы және аталған нәтижеге жеткізген жүйелі өзгерістер жайында мәлімет берді. – Қазақстан экономикасы орнықтылық көрсетіп, жедел дамып келеді. Былтыр ел экономикасының өсімі 6,5 пайызға жетті. Бұл – Халықаралық валюта қоры болжаған жаһандық өсім қарқынынан екі есе жоғары. Ішкі жалпы өнім көлемі 305 миллиард доллардан асты, ал жан басына шаққандағы ІЖӨ 15 мың долларды құрады. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, биыл ұлттық экономика көлемі 360 миллиард долларға жетеді. Қазіргі уақытта экономикамыздың 40 пайызға жуығын шағын және орта бизнес құрайды. Олар негізгі капиталға салынатын инвестицияның шамамен 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Бұл жетістіктерге, сайып келгенде, кешенді әрі жүйелі реформалар түрткі болды. Қазақстанда барынша ашық, бәсекеге қабілетті әрі инвесторларға қолайлы экономика құру мақсатында ауқымды саяси және экономикалық жаңғырулар жүргізіліп жатыр. Біз демократиялық институттарды күшейтіп, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін жетілдірдік, заң үстемдігін орнаттық және адам құқықтарын қорғау аясын кеңейттік. «Заң мен тәртіп» қағидатын мүлтіксіз сақтау ішкі саясатымыздың өзегіне айналды. Таяуда өткен тарихи жалпыұлттық референдум да инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған заманауи институционалдық база қалыптастыруға септігін тигізді. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа енді инвесторларға «бір терезе» қағидатына сәйкес толыққанды қызмет көрсетеді, ал Инвестициялық кеңес инвестицияға қатысты түйткілді мәселелердің тиімді шешілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар біз жаңа ынталандыру тетіктерін енгізе бастадық. Мысалы, Altyn Visa бағдарламасы халықаралық инвесторларға салық және көші-қон мәселесінде едәуір жеңілдіктер береді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан – саяси тұрақты, макроэкономикалық көрсеткішткері орнықты, экономикасы ашық әрі нарық реформаларына бейіл ел. Ал мұның бәрін инвесторлар ерекше бағалайды, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi