Aqorda » публикация №33653
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз білімге негізделген экономика құрғымыз келеді» ✔️Сонымен қатар еуропалық бизнес өкілдеріне «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері таныстырылды. ✔️Президент атап өткендей, Global Financial Centers Index рейтингінде АХҚО Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша бірінші орын алады. Орталықта әлемнің 90-нан астам елінен 5800-ден аса компания тіркелген, оның ішінде 250-ге жуығы – Еуропа елдерінен. АХҚО арқылы еуропалық компаниялар үлестік қаржыландыру ретінде 307 миллион доллар көлемінде тікелей инвестиция салды. ✔️Мемлекет басшысы Еуропаның қаржы және инновация институттарын Астана халықаралық қаржы орталығымен бірге орнықты қаржыландыру және финтех-технологияларды ілгерілету саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға шақырды. ✔️Президент адам капиталын дамыту тақырыбына тоқталып, Еуропалық Одақ әлдеқашан еліміздің ғылым және білім саласындағы жетекші серіктесіне айналғанын атап өтті. – Еліміздің түкпір-түкпірінде қазірдің өзінде 40 шақты халықаралық академиялық және зерттеу орталықтары жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында Анхальт қолданбалы ғылым университетінің, Лотарингия университетінің және Марке политехникалық университетінің өкілдіктері бар. Қазақстан Erasmus+, Horizon Europe және басқа да бағдарламалар аясында Еуропалық Одақпен ықпалдастықты жолға қойды. Біз білімге негізделген экономика құрғымыз келеді. Сондықтан Horizon Europe келесі негіздемелік бағдарламасының қауымдастырылған мүшелігіне өту үшін өтініш бердік. Қазақстан экономикамен шектелмей, Орталық Азия елдеріне және басқа да мемлекеттерге біліктілігі жоғары мамандар даярлайтын өңірлік білім беру орталығы ретіндегі рөлін нығайта түседі, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























