Aqorda » публикация №33651
Президент Алатау «ақылды қала» жобасы криптоиндустрияның, инновацияның және жоғары технологиялық бизнестің өркендеуіне жол ашады деп санайды ✔️Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын шешу ұлттық күн тәртібіндегі маңызды басымдықтардың бірі ретінде аталды. ✔️Оның айтуынша, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялық секторға айналдыру стратегиялық міндет ретінде белгіленді. Осы орайда, Президент еуропалық серіктестерді мал шаруашылығы, астық дақылдарының селекциясы, жер игерудің дәлме-дәл технологиясы және топырақ құнарын арттыру секілді салаларда ынтымақтастық орнатуға шақырды. ✔️Содан соң Мемлекет басшысы жаңа замандағы жасанды интеллект рөлі жөніндегі пікірін жеткізді. – Goldman Sachs болжамына сәйкес, ЖИ әлем экономикасына 7 триллион доллардан астам табыс әкеледі. Осы жаһандық үдерістерге сай, біз алдымызға Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойдық. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Бұл құрылымға қосымша Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жасақталды. Аталған консультативтік орган құрамына жетекші отандық және әлемдік сарапшылар кіреді. Қазақстан – инновация жағынан дүние жүзінде көшбасшы саналатын NVIDIA технологиялары негізінде екі суперкомпьютерді іске қосқан өңірдегі алғашқы ел. Бұдан бөлек, біз «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құрдық. Бұл – жаһандық капитал мен ірі технологиялық алпауыттар үшін тартымды жоба. Alem.ai халықаралық орталығының жанынан Tumo және Tomorrow School жаңа буын мектептері ашылды. Мақсатымыз – ұстаздардың біліктілігін арттырып, инфрақұрылымды жетілдіру және өскелең ұрпақ игілігі үшін дербес білім беру стандарттарын енгізу. Сондай-ақ Алатау «ақылды қаласын» стратегиялық тұрғыдан дамытуға ерекше мән береміз. Жаңа Конституциямызға сәйкес, аталған қала айрықша құқықтық мәртебеге ие болды. Бұл маңызды жоба криптоиндустрияның, инновацияның және жоғары технологиялық бизнестің өркендеуіне жол ашады, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























