Комитет государственных доходов РК » публикация №11694
📍Петропавл қаласында «Халық бухгалтері 2026: бизнес және МКК ашық диалог алаңында» атты семинар өтті. 19 маусымда MyBuh.kz интернет-бухгалтериясының өкілдері, кәсіби бухгалтерлер мен салық консультанттары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жаныбек Нұржановпен бірге өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Қатысушыларға салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер, бухгалтерлік есеп жүргізу, салық міндеттемелерін орындау, арнайы салық режимдерін қолдану және МКК цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері түсіндірілді. Семинар ашық диалог форматында өтті. Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей қойып, сарапшылар мен мемлекеттік кірістер органдары өкілдерінен практикалық кеңестер алды. Мұндай кездесулер мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтуға, салық сауаттылығын арттыруға және салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге ықпал етеді. Толығырақ сілтеме бойынша 🔗
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























