POLISIA.KZ » публикация №17385
🤲 ШҚО-да танысын бопсалаған күдікті ұсталды Шемонаиха қаласында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін анықтады. Ол танысына күш көрсетіп, ақша мен мүлкін иемденді деген күдікке ілінді. Алдын ала мәліметтер бойынша 2023 жылдан бастап 39 жастағы ер адам күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні өзіне ақша беруге мәжбүрлеп отырған. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 2,5 миллион теңгені құраған. Сондай-ақ тергеу деректеріне сәйкес, күдікті жәбірленушіден өзіне тиесілі Volkswagen Passat автокөлігін сатуды талап еткен. Алайда мәміле жүзеге аспағаннан кейін одан 1 миллион теңге беруді талап еткен. Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші қомақты көлемдегі ақша мен мүлкінен айырылған. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полиция азаматтарды кез келген заңсыз әрекеттер үшін заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. #ЗАҢМЕНТӘРТІП 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























