POLISIA.KZ » публикация №17384
🚔 Түркістан облысында полицейлер қажылыққа бет алған шетелдіктерге көмектесті Түркістан облысының полицейлері қызмет барысында Өзбекстан Республикасының азаматтарына көмек көрсетіп, олардың алғысын алды. Нақтырақ айтсақ, интернет желісінің қолжетімсіздігі салдарынан GPS навигациясы істемей қалған шетелдік азаматтар жолдан жаңылып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Анықталғандай, олар қажылық сапарымен қасиетті Меккеге бағыт алған. Ордабасы ауданының учаскелік полиция инспекторлары азаматтарға мобильді интернетке қосылуға жәрдемдесіп, қажетті бағыттарды көрсетті. Сондай-ақ жақын маңдағы жанармай құю бекетінен жолға қажетті азық-түлік алуына көмектескен. Көрсетілген қолдау мен жанашырлыққа риза болған өзбекстандық азаматтар бұл жағдай туралы TikTok әлеуметтік желісіне бейнеролик жариялап, Қазақстан полициясы мен Ордабасы ауданының полицейлеріне шынайы ризашылықтарын жеткізді. Бұл оқиға тәртіп сақшыларының қызметі тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмей, азаматтарға көмек қолын созу және халықпен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағытталғанын айқын көрсетті. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Полицейские оказали помощь паломникам из Узбекистана в Туркестанской области Полицейские в ходе службы оказали помощь иностранным гражданам и получили от них благодарность. В частности, из-за отсутствия доступа к интернету у иностранных граждан перестала работать GPS-навигация, в результате чего они сбились с пути и обратились за помощью к сотрудникам полиции. Как выяснилось, они направлялись в священный город Мекку с целью совершения хаджа. Участковые инспекторы полиции Ордабасинского района помогли гражданам подключиться к мобильному интернету и указали необходимое направление движения. Также они помогли приобрести продукты питания на ближайшей автозаправочной станции. Благодарные за оказанную помощь граждане Узбекистана опубликовали видео в социальной сети TikTok, выразив искреннюю признательность полиции Казахстана и сотрудникам Ордабасинского района. Данный случай наглядно показал, что деятельность сотрудников полиции не ограничивается обеспечением правопорядка, но также включает оказание помощи гражданам и укрепление доверительных отношений с населением. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























