POLISIA.KZ » публикация №17374
🇰🇿🇮🇳 Үндістаннан келген саяхатшы Бурабайдағы туристік полицияның жұмысына тәнті болды Ақмола облысында туристік полиция қызметкерлері алғаш рет 2019 жылы Бурабай курорттық аймағында қызметін бастады. Содан бері әр жазда полицейлердің мобильді топтары азаматтардың жаппай демалу орындарында қызмет етеді. Туристік полицияның негізгі міндеті – демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда кеңес беру, көмек көрсету және курорт қонақтарына қолайлы жағдай жасау. Жыл сайын Бурабайға Қазақстанның әр өңірінен, ТМД елдерінен және алыс шетелдерден миллионға жуық турист келеді. Туристік маусым қызған шақта қызметкерлер жағалауларда, жағажайларда және танымал көрікті жерлерде қызмет етеді. Азаматтарға ыңғайлы болу және өтініштерге жедел ден қою үшін туристік полицияның стационарлық бекеті Абылай хан алаңына қарама-қарсы орналасқан. Шетелдік қонақтармен тиімді қарым-қатынас жасау үшін бөлімшеге шет тілдерін еркін меңгерген қызметкерлер тағайындалады. Бұл диалогты жедел құруға, қажетті ақпаратты ұсынуға және туристерге уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Туристік полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен ізгі ниетін Үндістаннан келген қонақ Сунил Гопал Кизхек жоғары бағалады. Ол Қазақстандағы танымал Бурабай курорттық аймағына екінші рет келіп отырғанын айтты. Сондай-ақ қауіпсіздік деңгейінің жоғары екенін ерекше атап өтті. Туристің айтуынша, полиция қызметкерлері әрдайым көмектесуге дайын, сұрақтарға сыпайы әрі нақты жауап береді. Туристік полицияның жүйелі жұмысы Бурабайдағы демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, курорттың тартымдылығы мен қолайлы туристік орта қалыптастыруға зор үлес қосуда. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























