POLISIA.KZ » публикация №17369
🛡️ Алакөл жағалауында тәртіп сақшылары қауіпсіздікті күшейтті Алакөлде жазғы туристік маусым басталысымен жағалауда тіршілік жанданып, демалушылар легі күн сайын артып келеді. Дегенмен, демалыс маусымының қызған шағында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Алакөл жағалауында маусым ашылған екі күннің ішінде балалардың ата-анасынан көз жазып қалу деректері тіркеліп, полицияның үйлесімді жұмысының нәтижесінде аман-есен отбасыларына табысталды. Қоғамдық тәртіп пен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан тәртіп сақшылары әр аймақты тұрақты патрульдеуге көшкен. 16 маусым күні Арбат бойынша 6 жасар бала көпшіліктің арасында ата-анасынан адасып кеткен. Оны жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері байқап қалады. Олар баланы туристік полиция бекетіне алып барып, жақындарын іздеп, шамамен 10 минут ішінде әкесіне аман-есен табыстаған. Екінші жағдайда жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері патрульдеу кезінде түнгі уақытта 2 жасар баланың жалғыз жүргенін байқаған. Тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, рация және әлеуметтік желілер арқылы ақпарат таратып, ата-анасын анықтау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде бала аз уақыт ішінде отбасына табысталды. Осылайша Алакөл жағалауында полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсіби жұмысының арқасында балалардың қауіпсіздігі дер кезінде қамтамасыз етілді. #ЗАҢМЕНТӘРТІП #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🛡️ Сотрудники правопорядка усилили меры безопасности на побережье озера Алаколь С началом летнего туристического сезона на побережье Алаколя отмечается значительное увеличение потока отдыхающих. Вместе с этим сохраняется актуальность вопроса обеспечения безопасности граждан, особенно детей. За первые два дня после открытия сезона на побережье зафиксированы случаи, когда несовершеннолетние терялись из виду родителей. Благодаря слаженной и оперативной работе сотрудников полиции все дети были благополучно возвращены в семьи. Правоохранители, несущие службу в усиленном режиме, осуществляют регулярное патрулирование всех участков зоны отдыха. 16 июня на Арбате 6-летний ребенок потерялся в месте массового скопления людей и оказался разлучен с родителями. Его заметили сотрудники специального отряда быстрого реагирования. Ребенка доставили в туристический полицейский пост, начались поиски родителей, и примерно через 10 минут он был передан отцу. Во втором случае во время ночного патрулирования сотрудники СОБР обнаружили 2-летнего ребенка, находившегося без сопровождения взрослых. Полицейские оперативно передали ориентировку по рации и через социальные сети, после чего родители были быстро установлены, и ребенок возвращен в семью. Таким образом, благодаря оперативным действиям полиции на побережье Алаколя обеспечивается безопасность отдыхающих, а дети своевременно возвращаются родителям. #ЗАКОНИПОРЯДОК #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























