ҚТЖ PRESS » публикация №13333
🤝«Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Jańa Post багаж тасымалын дамыту бағытында әріптестік орнатты ▶️«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қытайдың Pinduoduo, Taobao және 1688 сияқты ірі маркетплейстерімен жұмыс істейтін Jańa Post логистикалық компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тараптар теміржол арқылы багаж және жүк-багаж тасымалын дамыту, тасымал көлемін ұлғайту, логистикалық мүмкіндіктерді кеңейту және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бағытында бірлесіп жұмыс істейтін болады. ▶️Келісім аясында Jańa Post компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның багаж вагондары арқылы қосымша жүк көлемін тасымалдауды қамтамасыз етеді. Алғашқы кезеңде Алматы – Ақтау, Алматы – Атырау және Алматы – Ақтөбе бағыттарында тасымал ұйымдастыру жоспарланған. ▶️Сондай-ақ Алматы – Астана, Алматы – Жезқазған және Алматы – Өскемен бағыттарында қатынайтын «Тальго» пойыздарының багаж вагондарын пайдалану көзделіп отыр. Бұл жүк жеткізу бағыттарын кеңейтіп, логистикалық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді. ▶️Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – багаж және жүк-багаж тасымалы қызметтерін цифрландыру. Осы саладағы бірлескен жобалар тасымал үдерістерінің тиімділігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және клиенттерге қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. ▶️Бүгінде багаж бен жүк-багаж тасымалы көліктің түрлі түрлері арқылы жүзеге асырылады. Соған қарамастан, теміржол көлігі жүкті сенімді әрі тұрақты жеткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады. Оның басты артықшылықтары – пойыздардың кесте бойынша тұрақты қатынауы, тасымалдың үздіксіздігі және ауа райына тәуелділігінің төмендігі. ➖➖➖ 🤝АО «Пассажирские перевозки» и Jańa Post заключили соглашение о сотрудничестве в сфере багажных перевозок ▶️АО «Пассажирские перевозки» заключило соглашение о сотрудничестве с логистической компанией Jańa Post, работающей с крупнейшими китайскими маркетплейсами, включая Pinduoduo, Taobao и 1688. Партнерство направлено на развитие грузобагажных перевозок по железной дороге, увеличение объемов перевозимого грузобагажа, расширение логистических возможностей и внедрение современных цифровых решений в транспортные процессы. ▶️В рамках сотрудничества Jańa Post обеспечит дополнительный объем грузобагажа для перевозки в багажных вагонах по маршрутной сети АО «Пассажирские перевозки». В частности, планируется организация перевозок по направлениям Алматы – Актау, Алматы – Атырау и Алматы – Актобе. ▶️Кроме того, стороны намерены задействовать багажные вагоны поездов «Тальго» на маршрутах Алматы – Астана, Алматы – Жезказган и Алматы – Өскемен. Это позволит расширить географию доставки, повысить доступность логистических услуг и создать дополнительные возможности для бизнеса и населения. ▶️Отдельное внимание будет уделено цифровизации ключевых процессов багажных перевозок. Реализация совместных проектов в данном направлении позволит повысить эффективность логистики, улучшить качество сервиса и обеспечить более высокий уровень удобства для клиентов. ▶️Сегодня перевозка багажа и грузобагажа осуществляется всеми видами транспорта, однако железная дорога сохраняет статус одного из наиболее надежных и востребованных способов доставки. Его ключевыми преимуществами являются соблюдение графика движения пассажирских поездов, стабильность перевозок и независимость от погодных условий.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























