Life News Новостной агрегатор

#государство — страница 53

Тег: #государство · сбросить

Архив раздела #государство, страница 53. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.



ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6832

ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Жоғарғы Сот – ЕҚЫҰ ДИАҚБ: өзара іс-қимыл векторлары ▪️Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының өкілдері Улви Ахундулу және Елена Ковалевамен кездесу өткізді. ▪️ Келіссөздердің басты тақырыбы 2026 жылдың тамызында өтетін Құрылтайдағы алдағы сайлауды бақылауға дайындық болды. ▪️ Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, құқықтық және демократиялық институттарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. ▪️ Соңғы жылдары дәйекті және практикаға бағдарланған сипаттағы Жоғарғы Соты мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. ▪️ Миссия өкілдеріне Қазақстанның сот жүйесін жаңғырту және сайлау заңнамасын жетілдіру туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту, сот қорғауының кепілдіктерін күшейту, судьялар корпусының тәуелсіздігін нығайту және соттардың қызметіне цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі шаралар туралы айтылды. ▪️ Кездесу ашық және мүдделі диалог атмосферасында өтті. ▪️ Оның қорытындысы бойынша тараптар құқық үстемдігі және сот практикасын жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.




ТРК Президента » публикация №12493

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🏅Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады 🇰🇿🇬🇪 Президент Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады: – Сіздің тегеурінді басшылығыңыздың…





Aqorda » публикация №33830

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇬🇪Қазақстан Президенті мен Грузия Премьер-министрі мазмұнды келіссөз жүргізді 📍Астана, Тәуелсіздік сарайы **** 🇰🇿🇬🇪Президент Казахстана и Премьер-министр Грузии провели содержательные переговоры 📍 Дворец Независимости, Астана 🎦 t.me/aqorda_resmi


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15495

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Бүгін Парламент Сенатының қорытынды отырысы өтті. Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиында Палатаның заң шығару қызметінің қорытындылары шығарылып, бірқатар заң мақұлданды. Сенат 30 жыл ішінде 890-нан астам отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заңды қабылдап, мақұлдады. Осы кезеңде 60-тан астам парламенттік тыңдау, 3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 3 мыңға жуық депутаттық сауал Үкіметке жолданды. Отырыста Мемлекет басшысының реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге орай атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сенат Төрағасы қорытынды отырыста әріптестеріне ел игілігі жолындағы бірлескен еңбегі үшін алғыс білдірді. 🚀@senate_kz


MFA Qazaqstan » публикация №25006

MFA Qazaqstan · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

​​🔹 Қазақстан мен Испания ядролық қауіпсіздік саласындағы серіктестікті нығайтуда 🔸 Казахстан и Испания развивают партнерство в сфере ядерной безопасности 🔹 Kazakhstan and Spain Develop Partnership in the Field of Nuclear Safety @PressMFAKZ


POLISIA.KZ » публикация №17467

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

❗️Полиция ескертеді: Көшедегі күмәнді QR-кодтардан сақ болыңыз QR-кодтар бүгінде күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Алайда алаяқтар да осы технологияны өз пайдасына қолданып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануда. Көшеде, аялдамаларда…


POLISIA.KZ » публикация №17466

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

❗️Полиция ескертеді: Көшедегі күмәнді QR-кодтардан сақ болыңыз QR-кодтар бүгінде күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Алайда алаяқтар да осы технологияны өз пайдасына қолданып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануда. Көшеде, аялдамаларда, подъездерде немесе жарнама ілуге арналған тақтайшаларда орналасқан QR-кодтарды сканерлемес бұрын олардың қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Себебі қылмыскерлер түпнұсқа кодтың орнына өздерінің жалған QR-кодын жапсырып, адамдарды қауіпті сайттарға бағыттауы мүмкін. Мұндай сілтемелердің мақсаты әртүрлі болуы ықтимал. Сіздің жеке мәліметтеріңізді немесе банк карталарының деректерін алуға тырысады. Көп жағдайда азаматтар төлемді дұрыс жасадым деп ойлағанымен, қаражат алаяқтардың есепшотына аударылып кетеді. Күмәнді QR-кодтардың негізгі белгілері: — QR-код басқа жарнаманың үстіне жапсырылған; — хабарландыруда ресми емес безендіру болуы мүмкін; — "Сыйлық алыңыз", "Тек бүгін", "Жедел сканерлеңіз" сияқты асықтыратын мәтіндер жазылған; — ұйымның атауы немесе байланыс деректері көрсетілмеген. Өзіңізді қалай қорғауға болады? ✔ белгісіз QR-кодтарды себепсіз сканерлемеңіз; ✔ сілтеме ашылар алдында оның интернет-мекенжайын мұқият тексеріңіз; ✔ күмәнді сайттарға жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтерін немесе SMS арқылы келген растау кодтарын енгізбеңіз; ✔ белгісіз қосымшаларды орнатуға немесе құрылғыға қосымша рұқсаттар беруге келіспеңіз; ✔ төлем жасау кезінде QR-кодтың ресми ұйымға тиесілі екеніне көз жеткізіңіз. Егер күмәнді QR-кодты сканерлеп, жеке немесе қаржылық деректеріңізді енгізіп қойған болсаңыз, банкке дереу хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз. ⚡️ Полиция барша азаматты сақ болуға шақырады! #ЗАҢМЕНТӘРТІП 📱 POLISIA.KZ



UKIMET » публикация №24676

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхе экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Германияның федералды экономика және энергетика…


UKIMET » публикация №24672

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхе экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен кездесті. Жиында экономика, инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика және аса маңызды минералдар салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. «Қазақстан үшін Германия Еуропалық Одақтағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестердің бірі саналады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Германиямен ынтымақтастыққа үлкен мән береді. 2025 жылы өзара сауда көлемі $4,4 млрд-қа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,5%-ға артты. Алдағы кезеңдедегі басты міндетіміз – екі ел арасындағы дәстүрлі сауда-инвестициялық ынтымақтастықты неғұрлым дамыған өнеркәсіптік және технологиялық кооперацияға айналдыруды қамтамасыз ету. Біз өндірісті локализациялау, технологиялар трансфері және жоғары білікті кадрлар даярлау арқылы өнеркәсіп кооперациясын жаңа деңгейге шығаруға мүдделіміз», — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов. Бұл бағытта CLAAS және Horsch компанияларының Қазақстандағы ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласындағы тәжірибесі атап өтілді, бұл өндірісті кезең-кезеңімен локализациялау моделінің тиімділігін көрсетті. Аталған модель өнеркәсіптің басқа салаларына да кеңінен енгізілуі мүмкін. Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхе Қазақстанның даму серпініне оң баға беріп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуеті барын атап өтті. Германия тарапы өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша Қазақстанмен практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі екендерін білдірді. «Біздің елдерімізді ұзақ жылдарға созылған берік әрі сенімді ынтымақтастық байланыстырады. Сауданы ғана емес, өнеркәсіптік кооперацияны да дамыту, Қазақстанда жаңа өндірістер ашу маңызды. Германиялық компаниялар Қазақстан экономикасына белсенді түрде инвестиция салып келеді, алайда мен бұл әлі де мүмкіндіктердің шегі емес екеніне сенімдімін. Біздің өзара іс-қимылымыздың әлеуеті әлдеқайда кең, сондықтан екі елдің экономикасы мен мемлекеттердің мүддесі үшін бұдан да ауқымды нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Бүгінде Қазақстан өңірдегі жетекші экономика болып саналады. Қазақстанның даму жолы шынымен де ерекше әсер қалдырады. Дәстүрлі өнеркәсіппен қатар, сіздер жасанды интеллектіні дамытуға, цифрландыруға және цифрлық мемлекетті қалыптастыруға да ерекше көңіл бөліп отырсыздар. Біздің серіктестігіміз көптеген бағыттарды қамтиды», — деп атап өтті Катерина Райхе. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстан мен Германия арасында жаңа жобаларды іске қосу жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады. Анықтама: 2026 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда көлемі $1,4 млрд-қа жетті, бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 5,9%-ға артық. 2005 жылдан бері Қазақстанға шамамен $7,8 млрд герман инвестициясы тартылды. Өткен жылы Германиядан инвестиция 28,5%-ға өсіп, $700 млн-ды құрады. Елімізде герман капиталының қатысуымен 1100-ден астам жұмыс істеп тұрған кәсіпорын бар, 23 бірлескен инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 📱@KZgovernment


MFA Qazaqstan » публикация №25005

MFA Qazaqstan · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

​​🔹 Еуропарламент Қазақстан Президентінің Брюссельге сапарының қорытындыларын құптап, қол жеткізілген уағдаластықтарды қолдайтынын растады 🔸 В Европейском парламенте приветствовали итоги визита Президента Казахстана в Брюссель и подтвердили поддержку достигнутых договорённостей 🔹 The European Parliament Welcomed the Results of the Visit of the President of Kazakhstan to Brussels and Confirmed Support for the Reached Agreements @PressMFAKZ


Aqorda » публикация №33829

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝 Члены делегаций двух стран обменялись следующими межгосударственными и межведомственными документами: 1. Меморандум о взаимопонимании между Министерством культуры и информации Республики Казахстан и Министерством культуры Грузии о сотрудничестве в области культуры; 2. Меморандум о взаимном сотрудничестве между Министерством искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан и Министерством экономики и устойчивого развития Грузии; 3. Меморандум о взаимопонимании между Министерством туризма и спорта Республики Казахстан и Министерством экономики и устойчивого развития Грузии о сотрудничестве в сфере туризма. t.me/aqorda_resmi



Aqorda » публикация №33825

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝Екі елдің делегация мүшелері мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Грузия Мәдениет министрлігі арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум; 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33824

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇬🇪По итогам переговоров Касым-Жомарт Токаев и Ираклий Кобахидзе приняли Совместное заявление об установлении стратегического партнерства между Республикой Казахстан и Грузией t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33823

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇬🇪Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қабылдады t.me/aqorda_resmi


ТРК Президента » публикация №12487

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🏅Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады 🇰🇿🇬🇪 Президент Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады: – Сіздің тегеурінді басшылығыңыздың арқасында Грузия ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізіп, азаматтарының әл-ауқатын арттырып келеді. Сонымен қатар халықаралық беделін нығайтып, аймақтағы негізгі серіктестердің қатарында ұстанымын күшейте түсті. Грузия қуатты әрі өркендеген ел ретінде жаңа биіктерді бағындырып, орнықты даму жолында алға қарай қадам баса беретініне сенімдімін, – деді Президент. 🤝 Мемлекет басшысы Қазақстан мен Грузия арасындағы достық қарым-қатынасты жоғары бағалады: – Қазақ халқы Грузияның бай тарихы мен бірегей мәдениетіне зор құрметпен қарайды. Грузин қауымдастығы біздің көпұлтты қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады әрі екі ел арасындағы байланысқа дәнекер болып жүр. Соңғы жылдары екіжақты қарым-қатынасымыз тың серпін алды: саяси диалог жанданып, өзара сауда көлемі тұрақты өсіп келеді. Сонымен қатар түрлі саладағы экономикалық ынтымақтастық кеңейе түсуде. Қазақстан мен Грузия әлемдік аренада тиімді ықпалдастық орнатып, негізгі халықаралық мәселелер бойынша бір біріне дәйекті түрде қолдау білдіруде, – деді Президент. @ptrkkz


Aqorda » публикация №33822

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇬🇪Глава государства наградил Премьер-министра Грузии Ираклия Кобахидзе орденом «Достық» I степени ✔️Выступая на церемонии награждения, Президент Касым-Жомарт Токаев назвал Ираклия Кобахидзе другом нашей страны, дальновидным лидером и преданным своему делу государственным деятелем. – Благодаря Вашему сильному руководству Грузия успешно проводит масштабные социально-экономические реформы, повышая благосостояние своих граждан, укрепляя свой международный авторитет и усиливая позиции в качестве ключевого регионального партнера. Уверен, что Грузия будет и впредь двигаться вперед по пути устойчивого развития, достигая новых высот как сильная и процветающая страна, – отметил Глава государства. ✔️Кроме того, Касым-Жомарт Токаев высоко оценил нынешний уровень отношений между Казахстаном и Грузией, которые связывают глубокие исторические корни, общие культурные ценности, многовековые узы дружбы и взаимопонимания. – Казахский народ с особым уважением относится к богатой истории и уникальной культуре грузинского народа. Грузинская община является неотъемлемой частью нашего полиэтнического общества и служит своеобразным мостом между нашими странами. В последние годы двусторонние отношения приобрели новый импульс: активизировался политический диалог, стабильно растет взаимная торговля, а экономическое сотрудничество продолжает расширяться в самых разных секторах. Казахстан и Грузия эффективно взаимодействуют на мировой арене, последовательно поддерживая друг друга по ключевым международным вопросам, – сказал Президент. ✔️В знак признания исключительного лидерства и значительного вклада в укрепление сотрудничества между Казахстаном и Грузией Глава государства торжественно вручил Ираклию Кобахидзе орден «Достык» I степени. ✔️В свою очередь Премьер-министр Грузии поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за столь высокую оценку его деятельности. t.me/aqorda_resmi



Aqorda » публикация №33818

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇬🇪Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады ✔️Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады. – Сіздің тегеурінді басшылығыңыздың арқасында Грузия ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізіп, азаматтарының әл-ауқатын арттырып келеді. Сонымен қатар халықаралық беделін нығайтып, аймақтағы негізгі серіктестердің қатарында ұстанымын күшейте түсті. Грузия қуатты әрі өркендеген ел ретінде жаңа биіктерді бағындырып, орнықты даму жолында алға қарай қадам баса беретініне сенімдімін, – деді Президент. ✔️Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи тамырластық, ортақ мәдени құндылық, сан ғасырлық достық пен өзара түсіністік байланыстыратын Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастың қазіргі деңгейін жоғары бағалады. – Қазақ халқы Грузияның бай тарихы мен бірегей мәдениетіне зор құрметпен қарайды. Грузин қауымдастығы біздің көпұлтты қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады әрі екі ел арасындағы байланысқа дәнекер болып жүр. Соңғы жылдары екіжақты қарым-қатынасымыз тың серпін алды: саяси диалог жанданып, өзара сауда көлемі тұрақты өсіп келеді. Сонымен қатар түрлі саладағы экономикалық ынтымақтастық кеңейе түсуде. Қазақстан мен Грузия әлемдік аренада тиімді ықпалдастық орнатып, негізгі халықаралық мәселелер бойынша бір біріне дәйекті түрде қолдау білдіруде, – деді Президент. ✔️Мемлекет басшысы көшбасшылық танытып, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін салтанатты түрде табыстады. ✔️Грузия Премьер-министрі қызметіне жоғары баға бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. t.me/aqorda_resmi


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15493

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Палатаның қорытынды отырысында Сенат Спикері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенімі мен жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдірді. «Еліміз үшін тағдыршешті осы кезеңде өзімнің және Сенаттың депутаттар корпусы атынан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Мемлекет басшысының бізге артқан зор сенімін, жан-жақты қолдауын және ауқымды реформаларды жүзеге асыру жұмыстарына қатысуға берген мүмкіндігін жоғары бағалаймыз. Біз әрдайым Тәуелсіздікті нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және халық мүддесіне қызмет етуді көздейтін Президент саясатына адал болып қала береміз. Бүгінде Қазақстан сапалық тұрғыдан жаңа даму кезеңіне қадам басып отыр. Сондықтан жаңа Конституцияны толыққанды іске асыру және Әділетті Қазақстан құру жолында барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштердің Мемлекет басшысының саясаты төңірегінде топтасуы аса маңызды», – деді Мәулен Әшімбаев. 🚀@senate_kz


ТРК Президента » публикация №12484

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝 Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 🇰🇿Президент бүгін қол қойылатын Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қазақ-грузин қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді: – Сауда-инвестициялық ықпалдастық екі ел байланысының өзегі саналады. Жаһандағы тұрақсыздыққа қарамастан тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік мол. Қазақстан Грузия экономикасына жарты миллиард доллардан астам инвестиция салды. Әрі аталған елдің ірі инвесторларының қатарына кіреді. Мемлекеттеріміз энергетика секторында табысты ынтымақтастықты жолға қойды. Біз Баку – Тбилиси – Джейхан құбырымен мұнай тасымалы көлемін ұлғайтуға ниеттіміз. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінгі кездесу келешектегі жаңа басымдықтарды айқындауға септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы. 🇬🇪Ираклий Кобахидзе Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылығымен Қазақстан дамудың даңғыл жолына түскеніне тоқталды: – Қазақстан – Орталық Азия аймағындағы сенімді серіктесіміз. Орайлы сәтте Сізді жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын. Бұл Сіздің тегеурінді басшылығыңызды және Қазақстанның орнықты дамуын көрсетеді. Екіжақты серіктестікті жаңа стратегиялық деңгейге көтеру үкіметтеріміз бен халықтарымыздың арасындағы ынтымақтастыққа жол ашады. Сізге Стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдағаныңыз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ біз Қазақстанмен саяси диалог болсын, институционалдық және үкіметтік алмасулар болсын, түрлі деңгейдегі тығыз ықпалдастықты жоғары бағалаймыз. Мұның бәрі қарым-қатынасымызды ілгерілете түседі, – деді Грузия Премьер-министрі. @ptrkkz



Минобороны РК » публикация №33340

Минобороны РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿 Алматыда журналистерге арналған «Әскери дискурс – 2026» практикалық семинары басталды Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерге арналған «Әскери дискурс – 2026» экстремалды журналистика бойынша практикалық семинары өз жұмысын бастады. 🇰🇿 В Алматы стартовал практический семинар для журналистов «Военный дискурс – 2026» В Алматы начал работу практический семинар по экстремальной журналистике «Военный дискурс – 2026», организованный Министерством обороны Республики Казахстан для представителей республиканских и региональных средств массовой информации, а также блогеров. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu


Архив #государство — страница 53

Это 53-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.