⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Төртінші мәселе. Қазір әрбір елде IT-жобаларға арналған технопарктер бар. Мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT хабтарының бірлескен орталығын ашуды ұсынамын. Орталыққа «Turkic ai» атауын беріп, оны Alem.ai орталығында орналастыруға болады. Бірлескен хаб ортақ мүдделерімізді ілгерілетуге ықпал етері сөзсіз». t.me/aqorda_resmi
#государство — страница 30
Архив раздела #государство, страница 30. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.
⚡️Касым-Жомарт Токаев предложил создать сеть центров искусственного интеллекта тюркских стран «Третье. Нужны учебные центры и научные учреждения, готовящие специалистов для сферы образования и науки. Очень важны обмен опытом, совместная подготовка кадров и внедрение передовых технологий. Поэтому предлагаю создать Сеть центров искусственного интеллекта тюркских стран. В Казахстане планируется открыть технологическое учебное заведение нового формата – Университет искусственного интеллекта. Мы готовы выделить специальные гранты для обучения граждан тюркских государств в этом высшем учебном заведении. Считаем целесообразным ежегодно организовывать научно-технологическую олимпиаду среди молодежи тюркских стран в области программирования, искусственного интеллекта и передовых цифровых технологий. Финансовую поддержку в реализации этих инициатив мог бы оказать Тюркский инвестиционный фонд. В этом году Фонд перешел к формату работы по конкретным проектам. Уставный капитал достиг 600 миллионов долларов. Его можно увеличить. Это стратегический ресурс, имеющий особое значение. Поэтому мы рассчитываем на то, что Фонд будет оказывать поддержку всем стартапам и примет активное участие в реализации инфраструктурных проектов. Фонд должен функционировать полноценно. Призываю государства-члены оперативно реализовать эту задачу». t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды «Үшіншіден, білім-ғылым саласына қажетті мамандар даярлайтын оқу орталықтары мен ғылыми мекемелер керек. Өзара тәжірибе алмасу, бірлесіп кадрлар даярлау және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Сондықтан Түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынамын. Біз Қазақстанда жаңа форматтағы технологиялық оқу орны – Жасанды интеллект университетін ашуды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орнында түркі мемлекеттерінің азаматтарын оқыту үшін арнайы гранттар бөлуге дайынбыз. Бағдарламалау, жасанды интеллект және озық цифрлық технология салалары бойынша түркі елдерінің жастары арасында жыл сайын ғылыми-технологиялық олимпиада ұйымдастырған жөн деп санаймыз. Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін Түркі инвестициялық қоры тарапынан қаржылай көмек көрсетуге болар еді. Биыл Қор нақты жобалар бойынша жұмыс істеу тәсіліне көшті. Жарғылық капиталы 600 миллион долларға жетті. Оны ұлғайтуға болады. Бұл – айрықша мәні бар стратегиялық ресурс. Сол себепті Қор барлық стартапқа қолдау көрсетіп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға белсене атсалысады деп сенеміз. Қор толыққанды қызмет көрсетуге тиіс. Мүше мемлекеттерді осы міндетті жедел жүзеге асыруға шақырамын». t.me/aqorda_resmi
Взаимное признание цифровых подписей и реализация совместных проектов в космической сфере... Президент представил ряд предложений для реализации в рамках ОТГ «Первое. В торгово-экономической сфере необходимо провести совместную работу по взаимному признанию электронных документов и цифровых подписей между странами-участницами Организации. Второе. Космическая сфера – один из ключевых факторов, способствующих повышению конкурентоспособности тюркских государств. Наши страны обладают необходимым научным, технологическим и финансовым потенциалом для системного развития данного направления. Особенно необходимо расширять наше взаимодействие, реализуя совместные проекты в области спутниковой связи, навигации и мониторинга. Благодаря этому появится возможность укрепить нашу технологическую независимость и повысить инновационный потенциал. Например, можно отметить значимость запуска научного спутника «CubeSat-12U». t.me/aqorda_resmi
Цифрлық қолтаңбаны өзара тану, ғарыш саласын бірлесе игеру... Президент ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды «Біріншіден, сауда-экономика саласы бойынша ұйымға мүше елдер арасында электрондық құжаттар мен цифрлық қолтаңбаны өзара тануға қатысты жұмысты бірлесе жүргізген жөн. Екінші мәселе: Ғарыш саласы – түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал ететін негізгі фактордың бірі. Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту үшін елдеріміздің ғылыми, технологиялық және қаржылық әлеуеті жеткілікті. Әсіресе, спутник байланысы, навигация және мониторинг саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ықпалдастығымызды кеңейте түсу қажет. Сол арқылы технологиялық дербестігімізді нығайтып, инновациялық әлеуетімізді арттыруға мүмкіндік туады. Мысалы, «CubeSat-12U» ғылыми спутнигін іске қосудың маңыздылығын атап өтуге болады». t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства напомнил о ряде инициатив в сфере цифрового развития и кибербезопасности, выдвинутых на прошлогоднем саммите в Габале «Мною было предложено создание центров цифрового мониторинга и цифровых инноваций Организации тюркских государств, которые откроют новые точки роста государств – членов ОТГ в цияфровой сфере. Я также заявил о необходимости создания Совета по кибербезопасности, который помог бы выявлять уязвимости в цифровом мире наших стран и предотвращать угрозы инфраструктуре. Благодаря этой структуре соответствующие органы государств – членов организации смогли бы сотрудничать, обмениваясь оперативной информацией. Казахстан подготовил пакет документов по данным инициативам и направил его на рассмотрение государствам – участникам Организации. Реализация данных мер соответствует взаимным интересам наших стран, что несомненно, обеспечит высокую эффективность и динамику дальнейшего сотрудничества». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы Габалада өткен басқосуда цифрлық даму және киберқауіпсіздікке қатысты бірқатар бастама көтергенін еске салды «Атап айтқанда, Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық мониторинг және Цифрлық инновациялар орталықтарын құруды ұсындым. Бұл орталықтар Ұйымға мүше мемлекеттердің өсіп-өркендеуіне цифрлық тұрғыдан тың мүмкіндіктер береді. Бұдан бөлек, сол алқалы жиында Киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құру қажет екенін айттым. Мұндай Кеңес елдеріміздің цифрлық әлеміндегі осал тұстарды анықтап, инфрақұрылымға төнетін қауіптің алдын алуға ықпал етеді. Осы құрылым арқылы Ұйымға мүше елдердің тиісті органдары жедел ақпарат алмаса отырып, жұмыс істей алады. Қазақстан бұл бастамалар бойынша тиісті тұжырымдамаларды әзірлеп, Ұйымға мүше мемлекеттерге келісу үшін жолдады. Аталған нақты шаралардың бәрі де елдеріміздің ортақ мүддесіне сай келеді. Сондықтан осы бағытта тиімді және белсенді әрекет етеміз деп ойлаймын». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев рассказал о значимости развития цифровизации для нашей страны «Превращение в цифровое государство – стратегический приоритет Казахстана. Нынешний год в нашей стране объявлен Годом цифровизации и искусственного интеллекта. В Астане открыт Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai, запущены два суперкомпьютера. Следующая задача – создание «Долины центров обработки данных». Этот проект откроет странам региона широкие перспективы для привлечения крупнейших технологических компаний и международного цифрового капитала. В целях превращения Казахстана в ведущий региональный хаб начата работа по оптимизации миграционных процедур. Также мы ввели «Золотую визу» для зарубежных предпринимателей, инвесторов и квалифицированных специалистов. Лица, получившие такую визу, будут иметь равный с гражданами Казахстана доступ к государственным и финансовым услугам. Принят Цифровой кодекс, вступил в силу Закон об искусственном интеллекте. В фокусе особого внимания – внедрение цифровой инфраструктуры в сферу образования, подготовка педагогов, владеющих передовыми технологиями, адаптация системы образования к способностям каждого учащегося и защита их персональных данных. В целях реализации данных задач я недавно подписал Указ о внедрении искусственного интеллекта в систему среднего образования.Считаю, что это очень важный шаг для будущего Казахстана. В ближайшее время будет утверждена стратегия Digital Qazaqstan, которая определит направление цифрового развития страны. Недавно в Алматы открылся Центр цифровых решений для устойчивого развития. Проект осуществляется при поддержке Региональной экономической и социальной комиссии Организации Объединенных Наций. Хочу выразить вам глубокую признательность за поддержку предложенного Казахстаном проекта и участие в нем в качестве соавторов, а также за неоценимый вклад в его успешную реализацию. Наряду с этим в марте в Шымкенте состоялась международная конференция «Искусственный интеллект и цифровое развитие» с участием экспертов Тюркского совета. Данное событие подтвердило высокий уровень сотрудничества и взаимный интерес наших государств к развитию этой сферы». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады «Қазақстан цифрлық ел болуды көздеп отыр. Бұл – еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсат. Осы жыл Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы ашылды. Сондай-ақ біз екі суперкомпьютерді іске қостық. Келесі қадам – «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру. Бұл жоба аймақ елдеріне жетекші технологиялық компаниялар мен жаһандық цифрлық капиталды тартуға зор мүмкіндік бермек. Біз Қазақстанды аймақтық хаб ретінде дамыту үшін көші-қон үдерісін оңтайландыра бастадық. Шетелден келген кәсіпкерлерге, инвесторларға, білікті мамандарға арналған «Алтын визаны» енгіздік. Мұндай виза алған адамдар мемлекеттік және қаржылық қызметтерге Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде қол жеткізе алады. Сонымен қатар елімізде Цифрлық кодекс қабылданды, Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді. Біз білім саласындағы цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологияны меңгерген педагогтерді даярлау мәселесіне, білім беру жүйесін әр оқушының қабілетіне сай бейімдеу, олардың дербес деректерін қорғау ісіне ерекше мән беріп отырмыз. Осы мақсатпен мен жақында Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл да Қазақстанның болашағы үшін жасалған өте маңызды қадам деп айтуға болады. Алдағы уақытта еліміздің цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітіледі. Таяуда Алматы қаласында Тұрақты дамуға ықпал ететін цифрлық шешімдер орталығы ашылды. Бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық экономикалық және әлеуметтік комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылады. Қазақстанға тілектестік танытып, осы жобаның тең авторлары ретінде бұл жұмысқа мол үлес қосқандарыңыз үшін Сіздерге алғыс айтамын. Сонымен қатар наурыз айында Түркі кеңесі сарапшыларының қатысуымен Шымкент қаласында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» халықаралық конференциясы өтті. Бұл іс-шара елдеріміздің осы саладағы ынтымақтастығы мен мүдделестігін айқын көрсетті». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства подчеркнул важность саммита, посвященного теме искусственного интеллекта и цифрового развития «Сегодня весь мир сталкивается с беспрецедентными изменениями и новыми вызовами. В условиях обострения технологической конкуренции, многие государства на первый план выдвигают цель закрепиться в статусе инновационного лидера. Технологический прогресс стал фактором стабильности и безопасности во всех странах мира. Это означает, что государства, которые своевременно внедряют цифровые технологии, не останутся на обочине прогресса. Считаем, что государствам – членам Тюркского совета необходимо консолидировать усилия, чтобы не отстать от процесса технологической модернизации. Цифровая трансформация и внедрение искусственного интеллекта призваны обеспечить общий прогресс тюркского мира». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды «Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған өзгерістермен бетпе-бет келді. Жаңа сын-қатерлер пайда болды. Дүние жүзінде технологиялық бәсеке күшейді, яғни, инновациялық тұрғыдан озық ел болу мақсаты алдыңғы қатарға шықты. Технологиялық даму кез келген мемлекеттегі тұрақтылық пен қауіпсіздік факторына айналды. Бұл – цифрлық трансформацияға дер кезінде бет бұрған елдер көш соңында қалмайды деген сөз. Сондықтан Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер технологиялық жаңғыру үдерісінен тыс қалмауы үшін бірлесе жұмыс істеуі керек деп санаймыз. Жасанды интеллект пен цифрландыру үдерісі түркі әлемінің дамуына жол ашуға тиіс». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «В период турбулентности единство тюркских государств приобретает особое значение» «Мы живем в эпоху сложной и нестабильной геополитической ситуации. Наблюдается эскалация конкуренции на международном и региональном уровнях. Все чаще происходят вооруженные столкновения и войны. Мы все видим, какое дестабилизирующее влияние данные процессы оказывают на мировую экономику. Последствия ситуации на Ближнем Востоке начинают ощущать и страны соседнего региона. В этот период турбулентности единство тюркских государств приобретает особое значение, поскольку нас объединяют многовековая общая история. Считаю, что в нынешних реалиях тюркским государствам необходимо активизировать экономическое и инвестиционное партнерство, консолидировать усилия ради общего прогресса». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды» «Біз халықаралық геосаяси ахуал аса күрделі және құбылмалы дәуірді бастан өткерудеміз. Әлемдік және аймақтық деңгейдегі бәсеке күшейіп барады. Қарулы қақтығыстар, соғыстар толастар емес. Мұның бәрі әлем экономикасына кері әсер етіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Таяу Шығыстағы жағдайдың салдарын көршілес аймақ елдері де сезіне бастады. Осындай алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды. Себебі халықтарымызға ортақ сан ғасырлық шежіреміз бар. Қазіргі таңда түркі елдері заман талабын ескеріп, экономика және инвестиция саласындағы ықпалдастықты нығайтуы керек, ортақ мүдде жолында күш жұмылдыруға тиіс деп санаймын». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Сегодня Туркестан – это удивительный город, сочетающий в себе дух старины и современные инновации» «С каждым годом растет экономический потенциал региона. В 2025 году рост экономики области составил 9,3%, а общий объем превысил 10 млрд долларов. Было привлечено 3,5 млрд долларов инвестиций. Основная миссия сегодняшнего саммита – встреча с лидерами братских тюркских стран и презентация мировому сообществу обновленного Туркестана. Мы искренне верим: будущее этого священного города будет таким же великим, как и его выдающаяся история. Пользуясь возможностью, хочу поблагодарить узбекскую сторону за поддержку в открытии новой уникальной мечети в Туркестане. Особую признательность выражаю Президенту Узбекистана глубокоуважаемому Шавкату Миромоновичу Мирзиёеву и всему узбекскому народу за этот искренний жест. Этот объект, олицетворяющий нерушимые исторические узы дружбы казахского и узбекского народов, займет особое место в духовной жизни наших стран». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһар» «Аймақтың экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр облыстың экономикасы 9,3 пайызға өсті, оның көлемі 10 миллиард доллардан асты. Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды. Алқалы жиынды осында өткізудің мақсаты – атажұртта бауырлас елдердің көшбасшыларымен жүздесу, қайта түлеген Түркістанды төрткүл дүниеге таныту. Біз киелі орданың тарихы қандай терең болса, болашағы да сондай жарқын боларына нық сеніммен қараймыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бүгін Түркістанда Өзбекстанның қолдауымен жаңа зәулім мешіт ашылғанын үлкен ризашылықпен атап өткім келеді. Ерекше тарту жасағаны үшін Өзбекстан Президенті, аса қадірлі Шавкат Миромонұлы Мирзиёевке және өзбек халқына алғысымды білдіремін. Елдеріміздің руханиятындағы осы мешіттің орны ерекше болмақ. Бұл – қазақ-өзбек халықтары ынтымағының тарихи символы». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Хотел бы напомнить: в этом году в дни празднования Наурыза на священной земле Туркестана я предложил учредить орден Qoja Ahmet Yasaui. В связи с этим был принят соответствующий закон, мною подписан специальный Указ. Безусловно, эта высокая награда имеет особое значение для всего тюркского мира. Поэтому вчера я впервые в торжественной обстановке вручил этот высший знак отличия моему глубокоуважаемому другу Президенту Реджепу Тайипу Эрдогану. Искренне верю, что, популяризация наследия Яссауи – духовного ориентира тюркского мира – позволит нам еще сильнее укрепить узы братства между нашими народами». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Бүгінгі жиында өздеріңізге тағы да атап өткім келеді: мен биыл Ұлыстың ұлы күнінде осы киелі Түркістан жерінде «Qoja Ahmet Yasaui» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Осыған орай тиісті Заң қабылданды, арнайы Жарлыққа қол қойдым. Бұл күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат деп айтуға болады. Сол себепті кеше алғашқы мәртебелі награданы аса құрметті Президент Режеп Тайип Ердоғанға салтанатты түрде табыстадым. Осылайша, біз түркі руханиятының темірқазығы – Ясауи тұлғасын дәріптей отырып, халықтарымыздың арасындағы мызғымас бауырластық тамырын нығайта береміз деп сенемін». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент выразил признательность главам государств за участие в неформальном саммите ОТГ «Туркестан испокон веков служит путеводной звездой для наших предков.Этот город с древней историей называют вратами двух миров, колыбелью тюркских народов. Испокон веков священный Туркестан является духовным центром, объединяющим весь тюркский мир. Расположенный здесь Мавзолей Хазрета Султана считается символом духовного единства и исторической преемственности. Ходжа Ахмед Яссауи внес неоценимый вклад в обогащение мировоззрения братских народов. Он проповедовал универсальные ценности человечества, вдохновлял людей на благородные поступки, созидательный труд и следование нравственным ориентирам. Выдающийся мыслитель смог интегрировать ислам в духовное пространство тюркской культуры. Он оставил бесценные фундаментальные труды и богатое интеллектуальное наследие. Его размышления и хикметы – уникальное духовное богатство тюркских народов.Ценности, которые прославляли наши великие предки, не утратили своей актуальности. Поэтому мы уделяем особое внимание изучению и популяризации гуманистических идей Ходжи Ахмеда Яссауи. Сегодня в нашей стране успешно претворяются в жизнь такие исключительно важные инициативы, как «Адал азамат», «Справедливый Казахстан», «Таза Қазақстан» и многие другие. Наша ключевая цель – повысить благосостояние народа и укрепить государственность. В конечном счете, концептуальные основы этой комплексной работы восходят к философскому наследию Яссауи». t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент Түркістандағы алқалы жиынға қатысуға келген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді «Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы. Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған шежірелі шаһар. Көне қала қашанда түбі бір түркі жұртының қасиетті қара шаңырағы саналған. Түркістан төріндегі Әзірет Сұлтан кесенесі – рухани тұтастық пен тарихи сабақтастық символы. Қожа Ахмет Ясауи бауырлас елдердің дүниетанымын кеңейтуге зор үлес қосты. Адамзатқа ортақ құндылықтарды барынша дәріптеді. Халықты жақсылыққа, жасампаздыққа, адалдыққа шақырды. Ғұлама ойшыл ислам дінін түркі жұртының таным-түсінігімен ұштастыра білді. Аса құнды еңбектер жазып, мол мұра қалдырды. Ясауидің тағылымды ойлары мен хикметтері – түркі халықтарының баға жетпес байлығы. Ұлы бабамыз дәріптеген құндылықтар әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз Ясауидің гуманистік идеяларына баса мән беріп отырмыз. Қазір елімізде «Адал азамат», «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан» және басқа да бірегей бастамалар табысты жүзеге асырылып жатыр. Басты мақсатымыз – ұлт сапасын барынша жетілдіріп, мемлекеттігімізді нығайта түсу. Түптеп келгенде, осы ауқымды жұмыстың негізі Ясауи ілімінен бастау алады». t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі **** Глава государства выступил на неформальном саммите Организации тюрских государств t.me/aqorda_resmi
📌 Совместное фото глав делегаций стран – участниц неформального саммита ОТГ 📸t.me/aqorda_resmi
📌 ТМҰ бейресми саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары бірге суретке түсті t.me/aqorda_resmi
📌 Главы делегаций стран – участниц неформального саммита ОТГ прибыли в Конгресс-холл Высоких гостей встретил Президент Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
📌 Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы делегация басшылары Түркістандағы Конгресс-холлға келді Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. t.me/aqorda_resmi
🔶Киберқауіпсіздік: қарапайым ережелерді есте сақтаңыз Киберқылмыстың алдын алудың ең тиімді жолы – азаматтардың жеке сақтығы мен кибергигиенаны сақтау мәдениеті. Бұл туралы ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай атап өтті. Оның айтуынша, әрбір азамат күнделікті өмірде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет. «Банктік карта деректерін, парольдерді, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу маңызды. Сондай-ақ бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өтпеу, олардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпау қажет. Интернеттегі «өте тиімді» ұсыныстарға да сақтықпен қараған жөн. Егер «банктен» қоңырау шалып, ақшаны шұғыл аударуды немесе SMS-кодты хабарлауды талап етсе, бұл – алаяқтар», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Ведомство өкілі құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін ескертті. «Әлеуметтік желілерде қырағы болыңыз. Егер танысыңыз хабарласып, ақша сұраса, оған жеке қоңырау шалып, ақпаратты нақтылаған дұрыс. Бейтаныс адамдарды достар қатарына қоспаңыз, күдікті файлдарды ашпаңыз және танымайтын адамдарға ақша жібермеңіз», – деді Ж. Сүйінбай. 🔶Кибербезопасность: помните о простых правилах Самым эффективным способом профилактики киберпреступлений остаются личная бдительность граждан и соблюдение культуры кибергигиены. Об этом сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай. По его словам, каждому гражданину необходимо соблюдать элементарные правила безопасности в повседневной жизни. «Важно не передавать посторонним данные банковских карт, пароли, SMS-коды и личную информацию. Также не следует переходить по ссылкам, отправленным незнакомыми людьми, и устанавливать приложения по их просьбе. С осторожностью нужно относиться и к «слишком выгодным» предложениям в интернете. Если вам звонят якобы из банка и требуют срочно перевести деньги или сообщить SMS-код - это мошенники», - отметил спикер на пресс-конференции в СЦК. Представитель ведомства также напомнил, что правоохранительные органы не проводят специальные операции по телефону. «Будьте бдительны в социальных сетях. Если знакомый пишет с просьбой занять деньги, лучше лично ему позвонить и уточнить информацию. Не добавляйте в друзья незнакомых людей, не открывайте подозрительные файлы и не переводите деньги неизвестным лицам», - сказал Ж.Сүйінбай. @ortcom_kz #CCS
🔶Шет мемлекеттермен бірлесіп арнайы операциялар өткізілмек – ҚР ІІМ ҚР ІІМ алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас жасайды, тікелей байланыстар мен ақпарат алмасу арналары қалыптастырылған. Биыл 31 наурызда ІІМ Украинаның полициясымен бірлесіп, кең көлемді арнайы операция жүргізілді. Бұл операция барысында қазақстандықтарды алдап келген Днепр қаласында орналасқан 3 алаяқтық Колл-орталықтың қызметі тоқтатылды. Арнайы операция нәтижесінде 53 шетел азаматы ұсталды, оның ішінде 8-і қамауға алынды. «Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 160-тан аса қазақстандық жәбірленуші анықталды, оларға келтірілген шығын Украина сот шешімімен қайтарылады. Алдағы уақытта бірқатар шет мемлекеттермен осындай бірлескен арнайы операциялар өткізу жоспарланып отыр», – деді ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатында компьютерлік қылмыстар туралы Будапешт және Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі БҰҰ Конвенцияларын ратификациялау бойынша шаралар қабылдануда. 🔶Будут проведены совместные спецоперации с иностранными государствами – МВД РК МВД РК активно взаимодействует с зарубежными партнерами для выявления мошенников: налажены прямые контакты и каналы обмена информацией. Так, 31 марта текущего года МВД совместно с полицией Украины провело масштабную специальную операцию. В ходе операции была пресечена деятельность трех мошеннических колл-центров, расположенных в городе Днепр и обманывавших граждан Казахстана. По итогам спецоперации задержаны 53 иностранных гражданина, из которых 8 арестованы. «В результате проведенной работы установлены более 160 казахстанских потерпевших. Причиненный им ущерб будет возмещен по решению суда Украины. В дальнейшем планируется проведение аналогичных совместных спецопераций с рядом иностранных государств», - сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай на пресс-конференции в СЦК. Кроме того, в целях расширения международного сотрудничества принимаются меры по ратификации Будапештской конвенции о компьютерных преступлениях и Конвенции ООН по противодействию киберпреступности. @ortcom_kz #CCS
🔶«Anti-fraud» операциясы: 909 адам киберқылмысқа қатысы бар деп танылды 2026 жылғы 1 ақпан – 30 сәуір аралығында республика аумағында «Anti-froud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде 827 киберқылмыс анықталды, оның 585 қылмыстық ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай хабарлады. Оның айтуынша, алаяқтық жолмен ұрланған ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды. «Киберқылмыстарды жасауға қатысы бар барлығы 909 адам анықталды, оның 12-сі шетел азаматы. Олардың 88-і қамауға алынды, 600 астам адамға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды. Заңсыз айналымнан 17 мыңнан аса дана киберқылмысты жасау барысында пайдаланылатын әртүрлі заттар тәркіленді. Киберқылмысты жасағаны үшін іздеудегі 5 қылмыскер ұсталды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 🔶Операция «Anti-fraud»: 909 человек признаны причастными к киберпреступлениям С 1 февраля по 30 апреля 2026 года на территории республики проводилось оперативно-профилактическое мероприятие «Anti-fraud». В результате было выявлено 827 киберпреступлений, по 585 уголовным делам расследование уже завершено. Об этом сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай. По его словам, была пресечена деятельность организованной преступной группы, занимавшейся обналичиванием денежных средств, похищенных мошенническим путем. «Всего установлены 909 человек, причастных к совершению киберпреступлений, из них 12 иностранных граждан. 88 человек арестованы, в отношении более 600 лиц избрана мера пресечения в виде подписки о невыезде. Из незаконного оборота изъято свыше 17 тысяч различных предметов, использовавшихся при совершении киберпреступлений. Также задержаны 5 преступников, находившихся в розыске за совершение киберпреступлений», - сообщил спикер на пресс-конференции в СЦК. @ortcom_kz #CCS
🔶ҚР ІІМ интернет-алаяқтыққа қарсы жұмысты күшейтуде ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаны іске асыруға кірісті. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кездесетін осы саладағы өзекті проблемаларға жан-жақты талдау жүргізіліп, олардың тиімді шешімін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылдануда. «Интернет-алаяқтыққа қарсы күрестегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізудің жаңа форматы енгізілді. Яғни, бұрынғы 3 күнде өтетін іс-шара, енді 3 ай көлемінде жүргізіледі. Оның негізі себебі, киберқылмыстың трансұлттық сипатта болатыны, шекара талғамайтыны және халықаралық ынтымақтастықты күшейтумен байланысты», – деді ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 🔶МВД РК усиливает работу по противодействию интернет-мошенничеству МВД РК приступило к реализации ведомственной программы по противодействию киберпреступности на 2026–2028 годы. В рамках реализации программы проводится всесторонний анализ актуальных проблем в данной сфере, а также принимается ряд организационных и практических мер для обеспечения их эффективного решения. «Для повышения эффективности работы по борьбе с интернет-мошенничеством внедрен новый формат проведения оперативно-профилактических мероприятий. Если раньше такие мероприятия проводились в течение трех дней, то теперь они будут длиться три месяца. Основная причина заключается в транснациональном характере киберпреступности, которая не имеет границ и требует усиления международного сотрудничества», – сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай на пресс-конференции в СЦК. @ortcom_kz #CCS
🔶ҚР ІІМ: елімізде интернет-алаяқтық 2,5%-ға азайды Киберқылмысқа қарсы күрес бойынша ұйымдастыру-практикалық және алдын алу шараларының нәтижесінде биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша оң динамика қамтамасыз етілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай хабарлады. «Интернет-алаяқтықтың тіркелуі 2,5%-ға азайды. Ал оны ашу деңгейі 32,2%-дан 40%-ға өсті, яғни өсуі 7,8%-ды құрайды. Ашылмаған қылмыстық істер саны 16,6%-ға кеміді. Бұл ретте келтірілген залалдың жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрады, ал қайтарылған қаражат 4 млрд теңгеге жуық болды», - деді спикер баспасөз конференциясында. 🔶МВД РК: в Казахстане уровень интернет-мошенничества снизился на 2,5% По итогам первых четырех месяцев текущего года благодаря организационно-практическим и профилактическим мерам по борьбе с киберпреступностью удалось обеспечить положительную динамику. Об этом на площадке СЦК сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай. «Количество зарегистрированных фактов интернет-мошенничества снизилось на 2,5%. При этом уровень раскрываемости вырос с 32,2% до 40%, то есть на 7,8%. Число нераскрытых уголовных дел сократилось на 16,6%. Вместе с тем общая сумма причиненного ущерба составила 20 млрд тенге, из которых почти 4 млрд тенге удалось вернуть», - сообщил спикер на пресс-конференции. @ortcom_kz #CCS
Архив #государство — страница 30
Это 30-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.





























