Life News Новостной агрегатор

UKIMET » публикация №24874

Источник: UKIMET

Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда 📌 Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу барысы 61,4%-ға жетті, ал негізгі жабдықты жеткізу 98%-ға аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов мәлімдеді. Оның айтуынша, құрылыс алаңында тәулік бойы 1775 жұмысшы мен 314 бірлік арнайы техника жұмылдырылған, бұл 2026 жылдың соңына дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұлттық компания басқа да ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу бойынша базалық жобалау 100%-ға, инженерлік іздестіру 98%-ға орындалды, ал жобалаудың жалпы дайындығы 35,56%-ды құрайды. Жабдыққа тапсырыс қазірдің өзінде орналастырылған, құбырлардың бірінші партиясы ҚХР шекарасында тұр. Тамыздың басында жол жиегінде құбырларды төсеу басталады. Тамыздың ортасында құбырларды дәнекерлеу және орнату жұмыстары жүргізіледі. Газ айдау қондырғыларының бірінші партиясы өндіруші зауыттан қыркүйекте алынады. «Қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр болатын Қашаған ГӨЗ салу жобасының ЕРС мердігері анықталды. FEED+EPC келісімге биыл жылдың төртінші тоқсанында қол қою жоспарлануда», — деп атап өтті Әлібек Жамауов. ➖ Строительство ГПЗ на Кашагане планируют завершить к концу 2026 года 📌 Прогресс строительства газоперерабатывающего завода мощностью 1 млрд м3 в год на месторождении Кашаган достиг 61,4%, а поставка основного оборудования завершена на 98%. Об этом на заседании Правительства сообщил Председатель Правления АО «НК «QazaqGaz» Алибек Жамауов. По его словам, на строительной площадке в круглосуточном режиме задействовано 1775 рабочих и 314 единиц спецтехники, что позволит полностью завершить строительно-монтажные работы к концу 2026 года. Параллельно нацкомпания реализует и другие крупные инфраструктурные проекты. По строительству второй нитки магистрального газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент» базовое проектирование выполнено на 100%, инженерные изыскания – на 98%, а общая готовность проектирования составляет 35,56%. Заказ на оборудование уже размещены, первая партия труб находится на границе с КНР. В начале августа начнется их раскладка вдоль трассы, в середине – сварка и укладка, а в сентябре с завода-изготовителя ожидается отгрузка первой партии газоперекачивающих агрегатов. «По проекту строительства ГПЗ Кашаган мощностью 2,5 млрд м3 в год определен ЕРС подрядчик. FEED+EPC контракт планируется подписать в четвертом квартале текущего года», — отметил Алибек Жамауов. 📱@KZgovernment

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

UKIMET » публикация №24890

UKIMET ·

Үкімет сұйытылған газ өндіру көлемін арттырып, газ бөлудің ашық тетігін қамтамасыз етеді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов сұйытылған мұнай газына, оның ішінде оны шикізат ретінде пайдаланып отырған өндірістер тарапынан сұраныстың артып келе жатқанына назар аударды. Энергетика министрлігіне «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп, өндіріс көлемін арттыру бойынша жоспар дайындау тапсырылды. «Сұйытылған мұнай газы нарығындағы ахуал ерекше назар аударуды талап етеді. Отынның бұл түрін шикізат ретінде пайдаланып отырған өндірістердің дамуына байланысты оның сұранысы жыл сайын артып келеді. Энергетика министрлігіне "ҚазМұнайГаз" компаниясымен бірлесіп, бір ай мерзімде сұйытылған газ өндіру көлемін арттырудың нақты жоспарын ұсынуды тапсырамын. Сонымен қатар өңірлер арасында, сондай-ақ өңірлер ішінде газ көлемін бөлудің ашық тетігін енгізу қажет», — деп тапсырды Олжас Бектенов. ➖ Правительство Казахстана нарастит объемы производства сжиженного газа и обеспечит прозрачный механизм распределения 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов акцентировал внимание на росте спроса на сжиженный нефтяной газ, в том числе со стороны производств, использующих его в качестве сырья. Министерству энергетики совместно с «КазМунайГазом» поручено подготовить детальный план по наращиванию объемов производства. «Особого внимания требует ситуация на рынке сжиженного нефтяного газа. Спрос ежегодно растет, что связано с развитием производств, где топливо используется как сырье. Поручаю Министерству энергетики совместно с компанией “КазМунайГаз” в месячный срок представить детальный план по наращиванию объемов производства сжиженного газа. Кроме того, должен быть обеспечен прозрачный механизм распределения объемов как между, так и внутри регионов», — поручил Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24889

UKIMET ·

Елімізде газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасы құрылады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында цифрлық трансформация газ саласының тиімділігін арттырудың маңызды құралы екенін атап өтті. «Президент цифрландыруды мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі факторларының бірі ретінде айқындады. Бұл ретте цифрлық трансформация саланың тиімділігін арттырудың маңызды құралына айналуда. Жасанды интеллект министрлігіне Энергетика министрлігімен бірлесіп, газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасын құруды қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді Олжас Бектенов. ➖ В Казахстане будет создана единая цифровая платформа учета газа 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства отметил, что цифровая трансформация является важным инструментом повышения эффективности газовой отрасли. «Президент обозначил цифровизацию как один из ключевых факторов модернизации государственного управления. В этой связи, важным инструментом повышения эффективности отрасли является цифровая трансформация. Поручаю Министерству искусственного интеллекта совместно с Министерством энергетики обеспечить создание единой цифровой платформы учета газа», – поручил Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24888

UKIMET ·

Нақты қосылған абоненттер саны: Премьер-министр өңір әкімдерінің газбен қамту саласындағы жұмысының тиімділік көрсеткішін айқындады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықты газбен қамту деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде тұрғындардың газға нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету басты бағдар болуы тиіс екенін атап өтті. «Елді мекендерді одан әрі газбен қамту Үкіметтің аса маңызды міндеті болып қала береді. Бүгінгі таңда халықтың шамамен 65%-ы табиғи газбен қамтылған. Мемлекет басшысы елімізді газдандыру деңгейін 80%-ға дейін арттыру бойынша нақты міндет қойды. Сондықтан өңір әкімдіктеріне магистралды инфрақұрылым нысандарын пайдалануға беру мерзімдерін жергілікті газ тарату желілерінің дайындық деңгейімен үйлестіру қажет. Бұл ретте тиімділіктің басты көрсеткіші тартылған құбырлардың ұзындығы ғана емес, үйлерінде газ пайда болып, желіге нақты қосылған абоненттер санымен өлшенуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Количество реально подключенных абонентов: Премьер-министр обозначил показатель эффективности акимов регионов в вопросе газификации 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что в рамках реализации поручения Главы государства по повышению уровня газификации до 80% главным ориентиром должна стать фактическая доступность газа для населения. «Важнейшей задачей Правительства является дальнейшая газификация населенных пунктов. Сегодня доступ к природному газу имеют порядка 65% населения. Главой государства поставлена четкая задача по повышению уровня газификации до 80%. Акимам регионов необходимо синхронизировать сроки ввода в эксплуатацию магистральной инфраструктуры с готовностью местных распределительных сетей. При этом главным показателем эффективности должна быть не только протяженность проложенных труб, но и количество реально подключенных абонентов, в чьих домах появился газ», – подчеркнул Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24887

UKIMET ·

Олжас Бектенов газ инфрақұрылымын дамытуды өңірлердегі газбен қамту жұмыстарымен үйлестіруді тапсырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының елді газбен қамту деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында газ саласын дамытуға кешенді тәсіл қажет екенін атап өтті. Магистралды инфрақұрылым мен тарату желілерінің құрылысын үйлестіру, сондай-ақ халықтың табиғи газға қосылуының нақты деңгейін арттыру бойынша тапсырмалар берілді. «Біз газ тасымалдау жүйесін дамытуды жеделдетуіміз керек. “Бейнеу – Бозой – Шымкент” газ құбырының екінші желісін, сондай-ақ “Есіл – Астана” жаңа газ құбырын салудың стратегиялық маңызы зор. Бұл жобалар астанамызды, оңтүстік және солтүстік өңірлерді газбен қамту сапасын арттырып, өнеркәсіптің дамуына серпін береді және еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтады», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Олжас Бектенов поручил синхронизировать развитие газовой инфраструктуры с газификацией регионов 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул необходимость комплексного подхода к развитию газовой отрасли в рамках исполнения поручения Главы государства по повышению уровня газификации. Поручено обеспечить координацию строительства магистральной инфраструктуры и распределительных сетей, а также повышение фактического уровня подключения населения к природному газу. «Мы должны форсировать развитие газотранспортной системы. Строительство второй нитки газопровода “Бейнеу – Бозой – Шымкент” и нового газопровода “Ишим-Астана” имеют стратегическое значение. Они гарантируют качество газоснабжения столицы, южных и северных регионов, дадут импульс развитию промышленности и укрепят транзитный потенциал страны», — отметил руководитель Правительства. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24886

UKIMET ·

Заманауи барлау технологиялар енгізу және жеке инвестиция тарту үшін ашық әрі қолайлы жағдай жасау қажет: Олжас Бектенов геологиялық барлау ісін дамыту бойынша тапсырма берді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында тұрғындар, энергетика және өнеркәсіп тарапынан өсіп келе жатқан сұранысын ескере отырып, газ саласының шикізаттық негізін нығайту қажеттігін атап өтті. Бұл жұмыста перспективалы жаңа барлау алаңдарына, заманауи барлау технологияларына және жеке капитал тартуға ерекше көңіл бөлінеді. «Геологиялық барлау жұмыстарын дамыту да – маңызды бағыттардың бірі. Бұл газ саласының ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Энергетика министрлігі “ҚазМұнайГаз” компаниясымен бірлесіп, жаңа перспективалы учаскелерді геологиялық зерттеуге тартуды жеделдетуі керек. Бұған қоса, заманауи барлау технологияларын белсенді түрде енгізіп, жеке инвестиция тарту үшін ашық әрі қолайлы жағдай жасау қажет», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Внедрять современные технологии и создавать понятные условия для привлечения частных инвестиций: Олжас Бектенов дал поручения по развитию геологоразведки 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства отметил необходимость укрепления сырьевой основы газовой отрасли с учетом растущего спроса со стороны населения, энергетики и промышленности. Особое значение в этой работе будет уделено новым перспективным участкам, современным технологиям разведки и привлечению частного капитала. «Не менее важным направлением является развитие геологоразведки, что обеспечит устойчивое развитие газовой отрасли. Министерству энергетики совместно с компанией “КазМунайГаз” необходимо ускорить вовлечение новых перспективных участков в геологическое изучение, активнее внедрять современные технологии разведки и создавать понятные условия для привлечения частных инвестиций», — подчеркнул руководитель Правительства. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24885

UKIMET ·

Халық пен өнеркәсіп секторы тарапынан газға сұраныс артып келеді: Олжас Бектенов газ өңдеу зауыттарының құрылысына апта сайынғы бақылау жүйесін енгізуді тапсырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Энергетика министрлігіне, «Самұрық-Қазына» АҚ және «QazaqGaz» АҚ-ға Қашаған, Қарашығанақ және Жаңаөзен газ өңдеу қуаттарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын апта сайын бақылау жүйесін енгізуді тапсырды. Бұл жобалар ішкі нарық үшін тауарлы газ өндірісін арттырып, мұнай-газ химиясы саласын дамытудың драйвері болуы тиіс. «Барлық жобалардың табысты жүзеге асырылуы мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігіне, экономиканың инвестициялық тартымдылығына және азаматтарымыздың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Экономиканың дамуы тұрғындар тарапынан да, өнеркәсіп секторынан да газға сұраныстың үнемі өсуімен қатар жүреді. Бізге саланың ресурстық мүмкіндіктері мен экономиканың қажеттіліктері арасындағы ұзақмерзімді теңгерімді қамтамасыз ету керек. Көгілдір отынды жеткізу инфрақұрылымын дамыту, газ өңдеу зауыттарын салу және өңірлерді газдандыру жобаларын жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Газ саласын дамыту озық қарқынмен жүруі тиіс. Жаңа кәсіпорындарды іске қосу, инвестиция тарту және еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі арттыру үшін инфрақұрылым уақтылы қамтамасыз етілуі қажет. Осы ретте Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу қуаттарын салу жобаларының маңызы ерекше. Дәл осы нысандар ішкі нарыққа қажетті тауарлық газ өндірісін ұлғайтып, мұнай-газ химиясын дамытудың драйвері болуы тиіс. Сондықтан Энергетика министрлігіне, “Самұрық-Қазына” қорына және “QazaqGaz” компаниясына аталған нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстарына апта сайынғы негізде бақылау жүйесін енгізуді тапсырамын», — деді Олжас Бектенов. ➖ Растет спрос на газ со стороны населения и промышленного сектора: Олжас Бектенов поручил внедрить еженедельный контроль за строительством газоперерабатывающих заводов 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов поручил Министерству энергетики, АО «Самрук-Қазына» и АО «QazaqGaz» внедрить систему еженедельного контроля за строительно-монтажными работами на газоперерабатывающих мощностях Кашагана, Карачаганака и Жанаозена. Эти проекты должны увеличить производство товарного газа для внутреннего рынка и стать драйверами развития нефтегазохимической отрасли. «Успешная реализация всех проектов напрямую влияет на энергетическую безопасность государства, инвестиционную привлекательность экономики и качество жизни граждан. Развитие экономики сопровождается постоянным ростом спроса на газ как со стороны населения, так и промышленного сектора. Нам необходимо обеспечить долгосрочный баланс между ресурсными возможностями отрасли и потребностями экономики. Последовательно реализуются проекты по развитию газотранспортной инфраструктуры, строительству газоперерабатывающих заводов и газификации регионов. Развитие газовой отрасли должно осуществляться опережающими темпами. Своевременно должна быть обеспечена инфраструктура для запуска новых предприятий, привлечения инвестиций и дальнейшего роста промышленного потенциала страны. В этой связи особое значение имеют проекты строительства новых газоперерабатывающих мощностей на месторождениях Кашаган, Карачаганак и в городе Жанаозен. Поэтому поручаю Министерству энергетики, фонду “Самрук-Қазына”, а также компании QazaqGaz внедрить систему еженедельного контроля за строительно-монтажными работами на этих объектах», — поручил Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment


MFA Qazaqstan » публикация №25076

MFA Qazaqstan ·

​​🔹 Қазақстан БҰҰ су архитектурасын нығайтуды ұсынды 🔸 Казахстан предложил укрепить водную архитектуру ООН 🔹 Kazakhstan Proposes Strengthening the UN Water Architecture @PressMFAKZ


UKIMET » публикация №24884

UKIMET ·

Жыл соңына дейін Түркістан облысының газдандыру деңгейін 90%-ға жеткізу жоспарлануда Түркістан облысындағы 640 елді мекендегі 2 млн-ға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізе алады, бұл өңірді газдандыру деңгейін 90%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда өңірде 840 елді мекеннің 606-сы газбен қамтылған, ал облысты газдандырудың жалпы деңгейі халық саны бойынша 88%-ға жетті. Өткен жылы 87 нысанның құрылысына 20,7 млрд теңге бөлінді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша 102 мыңға жуық тұрғынды қамти отырып, 41 ауыл қамтамасыз етілді. Биыл газдандыруды жалғастыруға және 74 нысанның құрылысына 13,7 млрд теңге бағытталды. «Жыл соңына дейін 33 нысан пайдалануға берe жоспарлануда, бұл 34 елді мекендегі 35 мыңнан астам тұрғынды табиғи газбен қамтамасыз етеді. Қалған 41 нысан келесі жылға өтпелі. Нәтижесінде, газдандыру деңгейі 90 %-ға жеткізіліп, 640 елді мекендегі 2 млн-ға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізетін болады», — деді облыс әкімі. ➖ До 90% планируют довести уровень газификации Туркестанской области к концу года 📌 В Туркестанской области доступ к природному газу получат около 2 млн жителей в 640 населенных пунктах, что позволит довести уровень газификации региона до 90%. Об этом на заседании Правительства сообщил аким области Нуралхан Кушеров. По его словам, на сегодняшний день в регионе газифицировано 606 населенных пунктов из 840, а общий уровень газификации области по численности населения достиг 88%. В прошлом году на строительство 87 объектов было выделено 20,7 млрд теңге. По итогам этих работ обеспечено 41 село с охватом порядка 102 тыс. жителей. В текущем году на продолжение газификации и строительство 74 объектов направлено 13,7 млрд теңге. «До конца года планируется ввод в эксплуатацию 33 объектов, что обеспечит природным газом более 35 тыс. жителей в 34 населенных пунктах. Оставшийся 41 объект является переходящим на следующий год. В итоге уровень газификации будет доведен до 90 процентов, а доступ к природному газу получат около 2 млн жителей в 640 населенных пунктах», — доложил аким области. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24883

UKIMET ·

Биыл Қарағанды облысында 150 шақырым газ тарату желілерін салу жоспарлануда 📌 Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Үкімет отырысында Мемлекет басшысының елді мекендерді газдандыруды жеделдету жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол бүгінгі таңда облыста 647 шақырым газ тарату желілері салынғанын, 16 489 жеке тұрғын үйге газ тартылғанын атап өтті. Теміртау қаласын газбен қамту толығымен аяқталды. «Биыл облыс бойынша газдандыру жобаларын жүзеге асыруға 10,2 млрд теңге қарастырылған. Бөлінген қаражат есебінен 2026 жылы 150 шақырым газ тарату желілерін салу жоспарлануда, оның 120-сы Қарағанды қаласында», — деді Ермағанбет Бөлекпаев. ➖ 150 км газораспределительных сетей планируют построить в Карагандинской области в этом году Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев на заседании Правительства доложил о проводимой работе по исполнению поручений Главы государств по ускорению газификации населенных пунктов. Он отметил, что на сегодняшний день в области построено 647 км газораспределительных сетей, газ подведен к 16 489 индивидуальным жилым домам. В городе Темиртау газификация полностью завершена. «В текущем году на реализацию проектов газификации по области предусмотрено 10,2 млрд теңге. За счет выделенных средств в 2026 году планируется построить 150 км газораспределительных сетей, из которых 120 км — в городе Караганда», — добавил Ермаганбет Булекпаев. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24882

UKIMET ·

Қостанай облысында халықты газбен қамту деңгейін 67,7%-ға дейін арттыру жоспарлануда 📌 Президенттің газдандыру қарқынын жеделдету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қостанай облысында тұрғындардың көгілдір отынға қолжетімділігін кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда өңірдегі газбен қамту деңгейі 60,4%-ды, оның ішінде қалалық жерде 69,3%, ауылдық жерде 17,4%-ды құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында аймақ әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл 6,1 млрд теңгеге 2026-2028 жылдар аралығында жүзеге асатын 8 жобаны қаржыландыруға өтінім берілген. Оларды жүзеге асыру халықты қамту ауқымын 61,1%-ға дейін кеңейтеді. Өңірлік схема шеңберінде 56 жобаның 22-сі орындалған. Қалған 34 жоба аяқталғаннан кейін халықты газбен жабдықтау деңгейі 67,7%-ға дейін артады. Өңірде тұрғын үй құрылысының көбеюіне және өндірістің дамуына байланысты газды тұтыну да өсуде, соған сәйкес Ақтөбе облысындағы КС-14 компрессорлық стансасынан Қостанай қаласына дейін магистральды газ құбырын салу жоспарланған. «Жобаны жүзеге асыру өңірді газдандыруға ғана емес, сонымен қатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, бұл жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді және өңірдің орнықты экономикалық өсуінің маңызды факторына айналады», — деді Құмар Ақсақалов. ➖ До 67,7% планируют увеличить уровень газификации населения в Костанайской области 📌 В рамках исполнения поручений Президента по ускорению темпов газификации, в Костанайской области ведется системная работа по расширению доступа жителей к голубому топливу. На сегодня уровень газификации в регионе составляет 60,4%, в том числе городского – 69,3%, сельского – 17,4%. Об этом на заседании Правительства сообщил аким региона Кумар Аксакалов. По его словам, в текущем году подана заявка на финансирование 8 проектов на 2026-2028 годы на сумму 6,1 млрд теңге. Их реализация повысит охват населения до 61,1%. В рамках Региональной схемы выполнено 22 из 56 проектов. После завершения оставшихся 34 проектов уровень газификации населения увеличится до 67,7%. На фоне роста потребления газа из-за увеличения объемов жилищного строительства и развития производства в регионе запланировано строительство магистрального газопровода от компрессорной станции КС-14 в Актюбинской области до города Костаная. «Реализация проекта позволит не только газифицировать регион, но и создать условия для реализации крупных инвестиционных проектов, что обеспечит создание новых рабочих мест и станет важным фактором устойчивого экономического роста региона», — заключил Кумар Аксакалов. 📱@KZgovernment


ҚТЖ PRESS » публикация №13628

ҚТЖ PRESS ·

🗣ҚТЖ Чунцин – Достық – Ворсино бағыты бойынша мамандандырылған контейнерлерде автомобильдер тасымалдау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға қатысуда ➡️«KTZ Express» («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) АҚ Чунцин (Қытай) – Достық (Қазақстан) – Ворсино (Ресей) халықаралық бағыты бойынша жеңіл автомобильдерді мамандандырылған контейнерлерде пилоттық тасымалдауды қамтамасыз етуде. ➡️Жоба China Railway Container Transport Corporation (CRCT), Yuxinou (Chongqing) Logistics Co., Ltd және «KTZ Express» АҚ компанияларының ынтымақтастығы аясында іске асырылуда. Yuxinou (Chongqing) Logistics Co., Ltd компаниясы пойызды жөнелтсе, KTZ Express 1520 мм теміржол желісі бойынша тасымалды экспедициялауды қамтамасыз етеді. ➡️Пойыз құрамына автомобильдерді тасымалдауға арналған 55 мамандандырылған 40 футтық контейнер кірді. Жөнелтілімнің жалпы көлемі Changan маркалы 182 жеңіл автокөлікті құрады. ➡️Жобаның ерекшелігі – жеңіл автомобильдерді тасымалдау үшін арнайы әзірленген, жүк көтергіштігі 35 тонна болатын жаңа әмбебап 40 футтық контейнерлерді пайдалану. Мамандандырылған контейнерлерді қолдану тасымалдау тиімділігін арттыруға, жүктің жол бойындағы сақталуын қамтамасыз етуге және автомобиль өнеркәсібі үшін контейнерлік логистиканың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. ➡️Пилоттық тасымал Қытай – Ресей бағыты бойынша дайын автомобильдерді тасымалдауға арналған контейнерлік сервистерді дамытудағы маңызды кезең болып қана қоймай, халықаралық теміржол қатынасында заманауи логистикалық шешімдерді қолдану әлеуетін растайды. ➡️Жобаны іске асыру маршрут қатысушылары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және Қытай, Қазақстан және Еуразия елдері арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. KTZ Express негізгі еуразиялық бағыттар бойынша халықаралық тасымалдарды сенімді ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, көлік-логистикалық қызметтер аясын кеңейтуді жалғастыруда. ➖➖➖ 🗣КТЖ участвует в реализации пилотного проекта по перевозке автомобилей в специализированных контейнерах по маршруту Чунцин – Достык – Ворсино ➡️АО «KTZ Express» (дочерняя компания АО «НК «Қазақстан темір жолы») обеспечивает пилотную перевозку легковых автомобилей в специализированных контейнерах по международному маршруту Чунцин (Китай) – Достык (Казахстан) – Ворсино (Россия). ➡️Проект реализуется в рамках сотрудничества компаний China Railway Container Transport Corporation (CRCT), Yuxinou (Chongqing) Logistics Co.,Ltd и АО «KTZ Express». Отправителем поезда выступила компания Yuxinou (Chongqing) Logistics Co.,Ltd, а KTZ Express обеспечивает экспедирование перевозки по железнодорожной сети колеи 1520. ➡️В состав поезда вошли 55 специализированных 40-футовых контейнеров, предназначенных для транспортировки автомобилей. Общий объем отправки составил 182 легковых автомобиля марки Changan. ➡️Особенностью проекта стало использование новых универсальных 40-футовых контейнеров грузоподъемностью 35 тонн, специально разработанных для перевозки легковых автомобилей. Применение специализированных контейнеров позволяет повысить эффективность перевозок, обеспечить сохранность груза в пути и расширить возможности контейнерной логистики для автомобильной отрасли. ➡️Пилотная перевозка стала важным этапом в развитии контейнерных сервисов для транспортировки готовых автомобилей по маршруту Китай – Россия и подтверждает потенциал использования современных логистических решений в международном железнодорожном сообщении. ➡️Реализация проекта способствует дальнейшему развитию международного сотрудничества между участниками маршрута и укреплению транспортно-логистических связей между Китаем, Казахстаном и странами Евразии. KTZ Express продолжает расширять спектр транспортно-логистических услуг, обеспечивая надежную организацию международных перевозок по ключевым евразийским маршрутам.





UKIMET » публикация №24880

UKIMET ·

Атырау облысында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі 99,9%-ға жетті 📌Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының халықты газбен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда өңірдегі газ желілерінің жалпы ұзындығы – 6 701 шақырым. Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі 99,9%-ға жеткен. Жылдық тұтыну көлемі – 1 563,6 млн текше метр. «Өңірде газ саласын дамыту мәселелері ерекше назарда. Атап айтқанда, 2024 жылы 6 елді мекенге газ құбыры жүргізілді. 2025 жылы "Спутник" кентін газбен жабдықтау жұмыстары аяқталды», — деді Серік Шәпкенов. ➖ Уровень обеспеченности населения природным газом достиг 99,9% в Атырауской области 📌 Аким Атырауской области Серик Шапкенов на заседании Правительства доложил о проводимой работе по исполнению поручений Главы государства по увеличению охвата населения газификацией. Он сообщил, что на сегодняшний день общая протяженность газовых сетей региона составляет 6 701 км. Уровень обеспеченности населения природным газом достиг 99,9%. «Вопросы развития газовой отрасли в регионе находятся в центре особого внимания. В частности, в 2024 году к 6 населенным пунктам. В 2025 году завершены и введены в эксплуатацию работы по газоснабжению поселка «Спутник», — добавил Серик Шапкенов. 📱 @KZgovernment



UKIMET » публикация №24878

UKIMET ·

Президенттің тапсырмаларын орындау: Қазақстанда жаңа газ кен орындарын игеруде 📌 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының газдың ресурстық базасын кеңейту және геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол Атырау облысындағы «Қаратон Тұзасты» жобасы бойынша 2025 жылы тереңдігі 5 750 метр болатын ұңғыма бұрғыланғанын, бірінші және екінші объектілерді сынау нәтижесінде газ ағыны алынғанын, бүгінгі таңда үшінші объектіні сынау үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Барлық объектіні сынау аяқталғаннан кейін қорларды растау әлеуеті айқындалатын болады. Бұған қоса, осы жылдың соңына дейін жоба аясында тереңдігі 6 000 м екінші ұңғыманы бұрғылауды бастау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысында «Болашақ» жобасын жүзеге асыруда, жоба аясында осы жылғы үшінші тоқсанның соңына дейін тереңдігі 3 500 метр болатын бірінші іздеу ұңғымасын бұрғылауды бастау жоспарланған. «“Жылыой” және “Березовский” екі жаңа жоба бойынша бүгінгі таңда ірі қытайлық серіктестер – CNOOC мен Sinopec компанияларымен келісімшарттар жасалды. Осы жылғы күзде сейсмикалық барлау жұмыстары басталады», — деп толықтырды Асхат Хасенов. ➖ Исполнение поручений Президента: в Казахстане ведут разработку новых месторождений газа 📌 Председатель правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов на заседании Правительства доложил о проводимой работе по исполнению поручений Главы государства по расширению ресурсной базы газа и реализации геологоразведочных проектов. В частности, он отметил, что по проекту «Каратон Подсолевой» в Атырауской области, в 2025 г. пробурена глубокая скважина 5 750 м., где по результатам испытания первого и второго объектов получен приток газа, на сегодняшний день ведутся работы по подготовке к испытанию третьего объекта. По итогам завершения испытаний всех объектов будет определен потенциал подтверждения запасов. Дополнительно до конца текущего года по проекту планируется начать бурение второй глубокой скважины 6 тыс. м. Кроме того, КазМунайГаз реализует проект «Болашак» в Мангистауской области, по которому до конца третьего квартала текущего года планируется начать бурение первой поисковой скважины глубиной 3 500 м. «По двум новым проектам «Жылыой» и «Березовский» на сегодня заключены контракты с крупными китайскими партнерами CNOOC и Sinopec соответственно. Осенью текущего года будут начаты сейсморазведочные работы», — добавил Асхат Хасенов. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24877

UKIMET ·

2030 жылға дейін ҚазМұнайГазда тауарлық газ өндіру жылына 2,4 млрд текше метрден 4,5 млрд текше метрге дейін өседі 📌 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында тауарлық газ өндірісін ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы…


UKIMET » публикация №24876

UKIMET ·

2030 жылға дейін ҚазМұнайГазда тауарлық газ өндіру жылына 2,4 млрд текше метрден 4,5 млрд текше метрге дейін өседі 📌 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында тауарлық газ өндірісін ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес 2030 жылға дейін ҚазМұнайГазда тауарлық газ өндірісі жылына 2,4-тен 4,5 млрд текше метрге дейін өсетінін атап өтті. Аталған кезеңде сұйытылған мұнай газын өндіру 1,3 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін артады. Бұл көрсеткіштерге мына жобаларды жүзеге асыру есебінен қол жеткізіледі: 🟦 Батыс Қазақстан облысындағы Рожковское жобасы. Қазіргі уақытта екінші кезеңі жүзеге асырылуда, ол 2028 жылы аяқталып, газ өндіру көлемін жылына 700 млн текше метрге дейін ұлғайтпақ. Газды өңдеу «Жайықмұнай» компаниясының қуаттарында жүзеге асырылады. 🟦 Атырау облысындағы Батыс Прорва жобасы. 2025 жылғы желтоқсанда жобалық қуаты 200 млн текше метр болатын бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді. Екінші кезеңде, яғни 2027 жылы бұл көрсеткішті 920 млн текше метрге дейін арттыру көзделіп отыр. Газ өңдеу Боранкөл газ өңдеу зауытының қуаттарында жүзеге асырылады. 🟦 Ақтөбе облысындағы Орталық Өріктау жобасы. Осы жылғы сәуірде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының Жаңажол газ өңдеу зауытында газ процессингін жүргізу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы жылдың соңына дейін өндіріс көлемін жылына 200 млн текше метр шикі газға дейін жеткізу, ал 2027 жылы бұл көрсеткішті жылына 1 млрд текше метрге дейін арттыру жоспарланып отыр. «Жобаларды жүзеге асыру кезінде газды кен орындарына жақын орналасқан газ өңдеу зауыттарында өңдеу мүмкіндіктері ескеріледі. Мұндай кластерлік тәсіл кен орындарын іске қосу мерзімін қысқартып, инфрақұрылымға кететін шығындарды азайтады және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елдегі бос тұрған өңдеу қуаттарын жүктеуді қамтамасыз етеді. Осылайша, жоғарыда аталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жылына қосымша 2,1 млрд текше метр тауарлық газ және 250 мың тонна сұйытылған газ шығаруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Асхат Хасенов. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24875

UKIMET ·

QazaqGaz ішкі нарықты субсидиялауға жыл сайын 226 млрд теңгеден астам қаржы бағыттайды 📌 Жыл сайын мемлекет халық үшін көгілдір отынның қолжетімді бағасын ұстап тұру үшін ішкі газ нарығын 226,3 млрд теңгеге субсидиялайды. Бұл туралы Үкімет отырысында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов мәлімдеді. Оның айтуынша, отандық тұтынушыларды қолдау басым бағыт болып қала береді. Өткен жылы газды магистралдық тасымалдаудың жалпы көлемі 88,9 млрд текше метрді құрады. Оның ішінде QazaqGaz ішкі нарыққа 20,5 млрд текше метр газ жеткізсе, 5,0 млрд текше метр газ Қытай Халық Республикасына экспортталды. ➖ Более 226 млрд тенге в год направляет QazaqGaz на субсидирование внутреннего рынка 📌 Ежегодно государство субсидирует внутренний рынок газа на 226,3 млрд тенге для удержания доступных цен на голубое топливо для населения. Об этом на заседании Правительства сообщил председатель Правления АО «НК «QazaqGaz» Алибек Жамауов. По его словам, поддержка отечественных потребителей остается приоритетным направлением. Согласно отчетным данным за прошлый год, объем магистральной транспортировки газа в стране составил 88,9 млрд м3. При этом реализация газа QazaqGaz на внутренний рынок достигла 20,5 млрд м3, в то время как на экспорт в КНР было направлено 5,0 млрд м3. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24873

UKIMET ·

Қазақстанда 2030 жылға дейін жаңа газ өңдеу қуаттары іске қосылады 📌 Ішкі тұтынуға арналған тауарлық газ өндіру көлемі 29,6%-ға, яғни 2025 жылғы 27,4 млрд текше метрден 2032 жылға қарай 35,5 млрд текше метрге дейін ұлғаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. «Өсім Қашаған мен Қарашығанақта қайта өңдеу қуаттарын іске қосу есебінен қамтамасыз етілетін болады, бұл инфрақұрылымды кеңейтуге және өңірлерді газбен тұрақты жабдықтауға кепілдік береді. 2027-2030 жылдар аралығында тауарлық газдың қосымша көлемі 1,6 млрд текше метрге, 2031 жылы – 2,3 млрд текше метрге, ал 2032 жылы 6,6 млрд текше метрге жетеді», — деп атап өтті министр. Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, басым міндеттердің бірі инфрақұрылымдық нысандарды уақтылы іске қосу болып қала береді. 2025 жылдың қазан айында «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры пайдалануға берілді. Бұдан басқа, осы жылдың соңында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісіне қарасты желілік бөлігінің бірінші кезеңін, ал 2029 жылы оның екінші кезеңін аяқтау жоспарлануда, бұл тауарлық газдың қуатын жылына 15 млрд текше метрге дейін арттырады. «2027 жылы Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр болатын ГӨЗ және Жаңаөзенде қуаттылығы жылына 0,9 млрд текше метр болатын ҚазГӨЗ пайдалануға беріледі деп күтілуде. 2030 жылға қарай Қашағанда қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр болатын ГӨЗ, сондай-ақ Қарашығанақта қуаттылығы жылына 5 млрд текше метр болатын ГӨЗ іске қосу көзделген. Осы жобаларды жүзеге асыру газды қайта өңдеуді ұлғайтуға, газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және өңірлерді тұрақты газбен жабдықтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті министр. ➖ Новые газоперерабатывающие мощности введут в Казахстане до 2030 года 📌 Объем производства товарного газа для внутреннего потребления увеличится на 29,6% – с 27,4 млрд м3 в 2025 году до 35,5 млрд м3 к 2032 году. Об этом на заседании Правительства сообщил министр энергетики Ерлан Аккенженов. «Рост будет обеспечен за счет ввода перерабатывающих мощностей на Кашагане и Карачаганаке, что позволит расширить инфраструктуру и гарантировать устойчивое газоснабжение регионов. Дополнительные объемы товарного газа в период с 2027 по 2030 годы составят 1,6 млрд м3, в 2031 году – 2,3 млрд м3, а в 2032 году достигнут 6,6 млрд м3», — отметил министр. Одной из приоритетных задач, по словам Ерлана Аккенженова, остается своевременный ввод инфраструктурных объектов. В октябре 2025 года сдан в эксплуатацию магистральный газопровод «Талдыкорган – Ушарал». Кроме того, в конце текущего года планируется завершить строительство линейной части первого этапа второй нитки газопровода «Бейнеу-Бозой-Шымкент», а в 2029 году – ее второй этап, что увеличит мощность до 15 млрд м3 товарного газа в год. «В 2027 году ожидается ввод в эксплуатацию ГПЗ на Кашагане мощностью 1 млрд м3/год и КазГПЗ в Жанаозене мощностью 0,9 млрд м3/год. К 2030 году предусмотрен ввод ГПЗ на Кашагане мощностью 2,5 млрд м3/год, а также ГПЗ на Карачаганаке мощностью 5 млрд м3/год. Реализация данных проектов позволит увеличить переработку газа, расширить газотранспортную инфраструктуру и обеспечить устойчивое газоснабжение регионов», — подчеркнул министр. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24872

UKIMET ·

Өңірлерді газдандыру: Энергетика министрлігі газға қолжетімділік деңгейін 80%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр 📌 Президенттің Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстанда өңірлерді газбен қамту жеделдетіледі. Халықты қамту деңгейі 2035 жылға қарай 80%-ға дейін жетпек. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде еліміздің газбен қамтылу деңгейі – 64,2%, табиғи газға 13,1 млн адам қол жеткізген. Биыл газ тасымалдау жүйесін дамыту 40 жоба аясында жалғасады, оның ішінде 7-сі бұрыннан бар және 33-і жаңа жоба. Еліміздің солтүстігін көгілдір отынмен қамтамасыз етудегі негізгі қадам – Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» ЖАҚ арасында «Есіл – Астана» магистральдық газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойылғаны. Жоба Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын газбен тұрақты жабдықтауға кепілдік береді, сондай-ақ еліміздің солтүстік өңірлеріне табиғи газ жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік пайда болады. «Елімізді газдандыру деңгейін 2035 жылға қарай 64,2%-дан 80%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша газ транзиті – 70,4 млрд текше метр, 2026 жылға арналған жоспар – 73,3 млрд текше метр. 2026 жылдың 5 айындағы нақты көрсеткіш 30,3 млрд текше метрді құрады», — деді министр. ➖ Газификация регионов: минэнерго планирует довести уровень доступа к газу до 80% 📌 В рамках реализации поручений Президента, данных на совместном заседании Палат Парламента, в Казахстане ускорят газификацию регионов и доведут охват населения до 80% к 2035 году. Об этом на заседании Правительства сообщил министр энергетики Ерлан Аккенженов. По его словам, на сегодня уровень газификации страны достиг 64,2%, а доступ к природному газу получили 13,1 млн человек. В текущем году развитие газотранспортной системы продолжится в рамках 40 проектов, включая 7 переходящих и 33 новых. Ключевым шагом для обеспечения голубым топливом севера республики стало подписание Меморандума между Правительством Казахстана и ПАО «Газпром» о строительстве магистрального газопровода «Ишим – Астана». Проект позволит гарантировать надежное газоснабжение городов Астана, Кокшетау и Петропавловск, а также диверсифицировать маршруты поставок природного газа в северные регионы страны. «Уровень газификации страны планируется увеличить с 64,2% до 80% к 2035 году. Транзит газа по итогам 2025 года составил 70,4 млрд м3, план на 2026 год 73,3 млрд м3, фактический показатель за 5 месяцев 2026 года 30,3 млрд м3», — сообщил министр. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24871

UKIMET ·

Қазақстан тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейтуде 📌 Тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту үшін Газ саласын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары және Көмірсутектердің жаңа перспективалы кен орындарын игерудің 2035 жылға дейінгі жоспары бекітілді. Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов экономика мен халықтың қажеттілігі үшін шикізат қорын ұлғайту жөніндегі шаралар туралы хабарлады. Оның айтуынша, жоспар бойынша 30 кен орынын игеру қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда QazaqGaz-пен 9 келісімшарт жасалған: 6 жоба барлау сатысында, 3 жоба өндіру сатысында. Оларды жүзеге асыру мерзімі 2047 жылдан 2069 жылға дейінгі кезеңге есептелген. «2023-2025 жылдар аралығында "QazaqGaz" және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниялары Анабай, Барханная, Рожковское және Батыс Прорва кен орындарын өнеркәсіп деңгейінде игеруге алды. Сонымен қатар, 2027 жылы Батыс Прорва кен орнының екінші іске қосу кешенін, сондай-ақ Малдыбай, Придорожное және Өріктау кен орындарын пайдалануға беру жоспарлануда», — деді министр. ➖ Казахстан расширяет ресурсную базу товарного газа 📌 Для увеличения ресурсной базы товарного газа утверждены Комплексный план развития газовой отрасли на 2025-2029 годы и План освоения новых перспективных месторождений углеводородов до 2035 года. О мерах по наращиванию запасов сырья для нужд экономики и населения на заседании Правительства сообщил министр энергетики Ерлан Аккенженов. По его словам, в рамках Плана предусмотрено 30 участков недр. На сегодня с QazaqGaz заключено 9 контрактов: 6 проектов находятся на стадии разведки, 3 – на стадии добычи. Сроки их реализации рассчитаны на период с 2047 по 2069 годы. «В период с 2023 по 2025 годы Национальными компаниями «QazaqGaz» и «КазМунайГаз» были введены в промышленную разработку месторождения Анабай, Барханная, Рожковское и Западная Прорва. Вместе с тем в 2027 году планируется ввести в эксплуатацию второй пусковой комплекс месторождения Западная Прорва, а также месторождения Малдыбай, Придорожное и Урихтау», — сообщил министр. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24870

UKIMET ·

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте газ саласын дамыту мәселесі қаралуда 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселелері қаралады. Онда ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету ұзақмерзімді жоспарлауды, ресурстық базаны кеңейтуді және стратегиялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды талап ететіні атап өтілді. «Мемлекет басшысы экономиканың орнықты дамуы үшін заманауи энергетикалық инфрақұрылым, ішкі нарықты энергия ресурстарымен сенімді түрде қамтамасыз ету және стратегиялық инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыру қажет екенін әрдайым атап көрсетеді. Бұл міндеттер толығымен газ саласына да қатысты. Себебі ішкі тұтыну көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Өткен жылы 20 млрд текше метрге жетті. Президент қойған міндеттерге сәйкес, Үкімет газ саласын дамытудың кешенді және Перспективалы жаңа кен орындарын игеру жоспарларын бекітті», — деп атап өтті Премьер-министр. Жиында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «QazaqGaz» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасайды. ➖ Исполнение поручений Президента: в Правительстве рассматривают вопрос развития газовой отрасли 📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассматриваются вопросы развития газовой отрасли. Подчеркнуто, что обеспечение внутреннего рынка газом требует долгосрочного планирования, расширения ресурсной базы и своевременной реализации стратегических проектов. «Глава государства всегда подчеркивает, что устойчивое развитие экономики невозможно без современной энергетической инфраструктуры, надежного обеспечения внутреннего рынка энергоресурсами и своевременной реализации стратегических инвестиционных проектов. Эти задачи в полной мере относятся к газовой отрасли, где мы наблюдаем устойчивый рост внутреннего потребления до 20 млрд м3 в прошлом году. В соответствии с поставленными Президентом задачами, Правительством утверждены Комплексный план развития газовой отрасли и План освоения новых перспективных месторождений», — отметил Премьер-министр. Заслушиваются доклады министра энергетики Ерлана Аккенженова, председателя правления АО НК «КазМунайГаз» Асхата Хасенова, председателя правления АО «QazaqGaz» Алибека Жамауова, а также акимов ряда регионов. 📱@KZgovernment



UKIMET » публикация №24868

UKIMET ·

📢📢 Қазақстан Үкіметінің отырысы (07.07.2026) Күн тәртібі — газ саласын дамыту. ➖ 📢📢 Заседание Правительства Казахстана (07.07.2026) Повестка заседания — развитие газовой отрасли. 🎞 (Каз) — https://www.youtube.com/watch?v=WuAjHj0xyWQ 🎞 (Рус) — https://www.youtube.com/watch?v=K5X38KiYaO0 📱@KZgovernment




Минобороны РК » публикация №33536

Минобороны РК ·

🥁 Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Есіл жағалауын әуенге бөледі Астана күніне орай Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік музыкалық бағдарлама ұсынды. 🥁 Центральный военный оркестр Министерства обороны наполнил набережную реки Есиль праздничной музыкой В честь Дня столицы Центральный военный оркестр Национального военно-патриотического центра Вооружённых сил Республики Казахстан представил жителям и гостям Астаны праздничную концертную программу.


Минобороны РК » публикация №33535

Минобороны РК ·

Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлер Астана күні мен Десанттық-шабуылдау әскерлері күнін атап өтті Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясы (UNDOF) құрамында қызмет атқарып жүрген Қазақстан Республикасының ұлттық контингенті Астана күні мен Десанттық-шабуылдау әскерлері күнін атап өтті. Мерекелік іс-шараларға миссия басшылығы мен шақырылған қонақтар қатысты. Меймандар үшін Қазақстанның мәдениетін, салт-дәстүрін және ұлттық мұрасын таныстырған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сонымен қатар әскери қызметшілер спорттың он түрінен жарыс өткізді. Миссия басшылығы іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сондай-ақ қазақстандық бітімгерлердің кәсіби шеберлігі мен ұйымшыл әрекеттерін жоғары бағалады. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық контингенті жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, жауынгерлік даярлығының, тәртібінің және командалық рухының жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Ұлттық контингенттің командирі подполковник Ілияс Алматов бұл мерекелердің Отаннан жырақта қызмет атқарып жүрген қазақстандық әскери қызметшілер үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті. - Астана күні – мемлекетіміздің бірлігі, тәуелсіздігі және тұрақты дамуының символы. Әрбір қазақстандық бітімгер үшін елімізді халықаралық аренада лайықты таныстыру – зор мәртебе. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілеріне ерекше алғысымды білдіремін. Әскери борышқа адалдық, жоғары кәсібилік, ерлік пен кез келген жағдайда қойылған міндетті орындауға дайындық – десантшылардың басты ерекшелігі. Біз бұл қасиеттерімізді Біріккен Ұлттар Ұйымының туы астындағы бітімгерлік миссияны орындау барысында күн сайын дәлелдеп келеміз, – деді подполковник Ілияс Алматов. Ұлттық контингенттің жеке құрамы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілерін, ардагерлерін және десанттық бөлімдерде қызмет еткен барлық азаматтарды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық, қызметтеріне табыс және ашық аспан тіледі. На Голанских высотах казахстанские миротворцы отметили День столицы и День Десантно-штурмовых войск Национальный контингент Республики Казахстан, выполняющий задачи в составе Миссии ООН по наблюдению за разъединением (UNDOF) на Голанских высотах, отметил День столицы Республики Казахстан и День Десантно-штурмовых войск Вооруженных Сил Республики Казахстан. В праздничных мероприятиях приняли участие руководство миссии и приглашенные гости. Для участников была подготовлена концертная программа, познакомившая гостей с культурой, традициями и национальным наследием Казахстана. Кроме того, военнослужащие организовали спортивные соревнования по десяти видам спорта. Руководство миссии высоко оценило уровень подготовки мероприятия, а также профессионализм и слаженность действий казахстанских миротворцев. По итогам состязаний национальный контингент Республики Казахстан занял первое место в общекомандном зачете, подтвердив высокий уровень боевой подготовки, дисциплины и командного духа. Командир национального контингента подполковник Илияс Ахматов отметил особую значимость праздников для казахстанских военнослужащих, несущих службу вдали от Родины. «День столицы — это символ единства, независимости и поступательного развития нашего государства. Для каждого казахстанского миротворца большая честь достойно представлять страну на международной арене. Особые слова признательности адресую военнослужащим Десантно-штурмовых войск. Верность воинскому долгу, высокий профессионализм, мужество и готовность выполнить поставленные задачи в любых условиях остаются визитной карточкой десантников. Эти качества мы ежедневно подтверждаем, выполняя миротворческую миссию под эгидой ООН», — подчеркнул подполковник Илияс Ахматов. Личный состав национального контингента поздравил военнослужащих Десантно-штурмовых войск Вооруженных Сил Республики Казахстан, ветеранов и всех, кто проходил службу в десантных подразделениях, пожелав им крепкого здоровья, благополучия, успехов в службе и мирного неба. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱