Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысты 🟦Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің рухани мұрасымен танысты. 🟦Мемлекеттер басшылары XIV-XV ғасырларға тиесілі cирек жәдігерлер көрмесін тамашалады. Ол Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы мен кесененің тарихынан сыр шертеді. Соның ішінде XIV ғасырдан бері сақталған қабірхананың ағаш есігі бар. Есік сүйекпен, қаңылтырмен және алтын жалатылған жазулармен безендірілген. Сондай-ақ куфа мен сулус үлгісіндегі араб мәтінімен өрнектелген. 🟦Мәртебелі меймандарға Әмір Темірдің тапсырысымен жасалған қола шырағдандар, XV ғасырға тән аспалы қола кәндилдер мен айдаһар бейнесінде нақышталған қос құлақты шамдар көрсетілді. 🟦Көрменің ерекше сәулеттік элементі – кесене күмбезінің ұшар басында орналасқан көне кубба (мыстан жасалған). 🟦Залдағы аса құнды жәдігердің бірі – XVIII-XIX ғасырларға жататын Қожа Ахмет Ясауи құлпытасының қабіржапқышы. Оның бедерлі ою-өрнектері діни символизмді, геометриялық композицияны, каллиграфияны ұштастырады. Орталық Азиядағы ислам мәдениетінде қабіржапқыш рухани құрметтің белгісі саналады. t.me/aqorda_resmi
#государство — страница 29
Архив раздела #государство, страница 29. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.
🇹🇷Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған кесенеге османдық каллиграф Ахмед Шемседдин Карахисаридің қолынан шыққан Құранды сыйлады. **** 🇹🇷Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган передал мавзолею рукописный Коран, созданный османским каллиграфом Ахмедом Шемседдином Карахисари. t.me/aqorda_resmi
Главы Казахстана, Азербайджана, Кыргызстана, Турции и Узбекистана посетили мавзолей Ходжи Ахмеда Яссауи Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, Президент Азербайджана Ильхам Алиев, Президент Кыргызстана Садыр Жапаров, Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган и Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев посетили одну из величайших духовных и историко-культурных святынь тюркского мира – мавзолей Ходжи Ахмеда Яссауи, внесенный в список Всемирного наследия ЮНЕСКО. ✔️Главы государств почтили память великого мыслителя и духовного наставника Ходжи Ахмеда Яссауи и других известных личностей, захороненных в мавзолее. ✔️Президентам рассказали, что комплекс, возведенный в XIV веке по приказу эмира Тимура, состоит из 35 комнат различного размера. ✔️Внутренняя высота здания составляет 39 метров, внешняя – 41 метр. ✔️Высокие гости осмотрели усыпальницу, казандык (центральный зал), тайказан, а также бронзовую лауху. ✔️Им также представили экспозицию из 45 книг известных мыслителей и поэтов тюрко-исламского мира. Среди них «Дивани Хикмет» Ходжи Ахмеда Яссауи, «Хамса» Низами, газели Навои, труды Бакыргани, «Шахнаме» Фирдоуси, поэма «Лейли и Меджнун» Физули, фрагменты эпоса «Манас» и другие редкие произведения. t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті ✔️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. ✔️Мемлекеттер басшылары ұлы ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауи мен кесене аумағында жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына зиярат етті. ✔️Президенттерге кесененің XIV ғасыр соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынғаны, көлемі жағынан әртүрлі 35 бөлмеден тұратыны жөнінде ақпарат берілді. ✔️Ғимараттың ішкі биіктігі 39 метрді, ал сыртқы биіктік өлшемі 41 метрді құрайды. ✔️Мәртебелі меймандар қабірхананы, орталық бөлмеде орналасқан қазандықты, тайқазанды және қола лауханы аралап көрді. ✔️Сондай-ақ экспозицияда түркі-ислам әлемінің белгілі ойшылдары мен шайырларының еңбектерінен тұратын 45 кітап қойылған. Олардың арасында Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани Хикмет», Низамидің «Хамса», Науаидің ғазалдары, Бақырғанидың шығармалары, Фирдоусидің «Шахнама», Физулидің «Ләйлі мен Мәжнүн» дастаны, сонымен бірге «Манас» жырының үзінділері және басқа да сирек кездесетін туындылар бар. t.me/aqorda_resmi
📌 Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті 📍Түркістан **** 📌Неформальный саммит Организации тюрских государств 📍Туркестан 🎦 t.me/aqorda_resmi
✍️По итогам саммита главы государств – членов ОТГ подписали Туркестанскую декларацию. t.me/aqorda_resmi
✍️Саммиттің қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Түркістан декларациясына қол қойды. t.me/aqorda_resmi
В ходе мероприятия также выступили действующий председатель ОТГ, Президент Азербайджанской Республики Ильхам Алиев, Президент Кыргызской Республики Садыр Жапаров, Президент Турецкой Республики Реджеп Тайип Эрдоган, Президент Республики Узбекистан Шавкат Мирзиёев, наблюдатель Совета, Президент Турецкой Республики Северного Кипра Туфан Эрхурман и Генеральный секретарь ОТГ Кубанычбек Омуралиев. t.me/aqorda_resmi
Бейресми саммитте Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі төрағасы, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Кеңестің байқаушысы, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Туфан Эрхюрман, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі. t.me/aqorda_resmi
💠 Түркістан төріндегі тарихи саммит қауіпсіз өтуде Толық ақпарат сайтта. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 💠 Исторический саммит в Туркестане проходит в условиях безопасности Информация на сайте. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
⚡️ «Организация тюркских государств – это не геополитический проект» – Глава государства ответил тем, кто характеризуют объединение как военный альянс «Самое главное, работа в новом формате должна соответствовать целям и задачам Организации и не оказывать на нее негативного влияния. Например, в последнее время звучат мнения, характеризующие наше объединение как военный альянс. Очевидно, что те, кто высказывают подобные домыслы, преследуют недобрые цели и стремятся посеять раздор. Казахстан считает необходимым отвергнуть подобную позицию. Для нас укрепление единства тюркского мира – крайне важный и не терпящий отлагательств приоритет. Организация тюркских государств – это не геополитический проект и не военная организация. Это уникальная площадка, направленная на укрепление торгово-экономического, высокотехнологичного, цифрового и культурно-гуманитарного сотрудничества братских стран. Такая позиция является важным приоритетом для нашей страны, поскольку она, очевидно, эффективна с точки зрения национальных интересов. Нам всем близко и понятно мудрое изречение: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Тюркский мир всегда должен хранить сплоченность, не отступать от намеченных целей и идти вперед вместе. Уверен, сегодняшняя встреча еще больше укрепит единство наших стран, связанных общими корнями и историей». t.me/aqorda_resmi
⚡️ «Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес» – Мемлекет басшысы Ұйымды әскери альянс ретінде сипаттаушыларға жауап берді «Ең бастысы, жаңа форматтағы жұмыс Ұйымның мақсат-міндеттеріне сай болып, оған кері әсерін тигізбеуі керек. Мысалы, соңғы кезде Ұйымымызды әскери альянс ретінде сипаттайтын ой-пікірлер айтылып жүр. Олардың теріс пейілі бізге анық, мақсаттары – елдестіру емес екені де белгілі. Қазақстан ондай ұстанымды жоққа шығару керек деп санайды. Біз үшін түркі әлемінің бірлігін нығайту аса маңызды, кезек күттірмейтін басымдық. Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес, әскери ұйым да емес. Бұл – бауырлас елдердің сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтатын бірегей алаң. Мұндай ұстаным еліміз үшін – маңызды басымдық, себебі, бұл ұлттық мүдде тұрғысынан да тиімді екені анық. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген аталы сөз – бәрімізге ортақ. Түркі әлемі әрдайым тату болып, алға қойған мақсатынан ауытқымай, бірлесе дами беруі керек. Сондықтан бүгінгі басқосу тамыры бір, тарихы ортақ елдеріміздің ауызбіршілігін арттыра түсері сөзсіз». t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев: «Наша страна поддержала инициативу Турции по учреждению формата «Организация тюркских государств +». «Казахстан заинтересован во всестороннем развитии Организации тюркских государств. Сегодня наша Организация пользуется высоким доверием международного сообщества, ее авторитет крепнет. В данном контексте хотел бы отметить, что Казахстан выразил поддержку российскому проекту «Алтай – колыбель тюркской цивилизации». Кроме того, мы выдвинули предложение о создании форума «Алтайская диалоговая площадка». Наша страна поддержала инициативу Турции по учреждению формата «Организация тюркских государств + (плюс)», направленного на расширение сферы сотрудничества. Считаю, что должны быть четкие критерии в отношении государств и организаций, изъявивших желание присоединиться к этому формату». t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміз Түркияның «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады» «Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын жан-жақты дамытуға мүдделі. Бүгінде біздің Ұйымға халықаралық қауымдастық сенім білдіріп отыр. Абырой-беделіміз де артып келеді. Осы орайда Қазақстан Ресейдің «Алтай – түркі өркениетінің бесігі» жобасына оң көзқарасын білдірді. Бұған қоса, біз «Алтай сұхбат алаңы (диалогі)» форумын құру жөніндегі ұсынысымызды жарияладық. Еліміз Түркияның ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады. Осы форматқа қосылуға ниет білдірген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты нақты өлшемдер болу қажет деп санаймын». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Необходимо сформировать общую терминологическую базу тюркских языков» «Следующий важный вопрос. В эпоху технологического прогресса и гуманитарной интеграции необходимо сформировать общую терминологическую базу тюркских языков. Недавно Тюркская Академия издала восьмитомный терминологический словарь на английском, русском и тюркских языках. Эта работа будет способствовать унификации терминов и укреплению общего научного пространства. В связи с этим предлагаю создать Межгосударственную терминологическую комиссию, в которую войдут представители соответствующих учреждений и научные эксперты стран – участниц Совета». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет» «Келесі маңызды мәселе. Технологиялық даму және гуманитарлық ықпалдастық дәуірінде түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет. Жақында Түркі Академиясы ағылшын, орыс және түркі тілдерінде сегіз томдық терминологиялық сөздікті жарыққа шығарды. Бұл жұмыс терминдерді бір ізге келтіруге және ортақ ғылым кеңістігін нығайтуға ықпал етпек. Осы орайда Кеңеске мүше елдердің тиісті мекемелерінің өкілдері, ғылыми сарапшылары кіретін Мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынамын». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства сообщил, что Центр тюркской цивилизации будет заниматься совместными научными исследованиями, реализацией культурных проектов и образовательных программ «Седьмое. Сохранение исторического и культурного наследия тюркских государств и передача его будущим поколениям – наша общая обязанность, можно сказать, наш долг. Поэтому мною, учитывая роль Туркестана в нашей духовности, принято решение о создании в этом городе Центра тюркской цивилизации. В этом центре будут обеспечены условия для проведения братскими странами совместных научных исследований, реализации культурных проектов и образовательных программ. Также он будет способствовать укреплению нашего гуманитарного сотрудничества. Считаю, что для эффективной организации деятельности Центра следует использовать научно-академический потенциал Международного казахско-турецкого университета имени Яссауи. Этому университету будет оказана необходимая финансовая и иная поддержка. Мы все только что стали свидетелями церемонии закладки фундамента Центра тюркской цивилизации. Искренне благодарю вас за поддержку этой инициативы. Кроме того, мы планируем создать в Астане специальный центр, посвященный популяризации Степной цивилизации, в котором будут широко пропагандироваться история и культура степных народов. Призываю государства – члены Организации и всех наших братьев поддержать этот проект и принять в нем активное участие». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы Түркі өркениеті орталығы ғылыми зерттеу жүргізумен, мәдени жобаларды және білім беру бағдарламаларын іске асырумен айналысатынын айтты «Жетінші міндет. Түркі мемлекеттерінің тарихи және мәдени мұрасын сақтау және оны болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру – баршамызға ортақ міндет, парыз деп айтуға болады. Сол себепті мен Түркістан қаласының руханиятымыздағы рөлін ескеріп, осында Түркі өркениеті орталығын құру туралы шешім қабылдадым. Бұл орталық бауырлас елдердің бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізуіне, мәдени жобаларды және білім беру бағдарламаларын іске асыруына жағдай жасайды. Сондай-ақ гуманитарлық ықпалдастығымызды нығайта түседі. Орталықтың қызметін тиімді ұйымдастыру үшін Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-академиялық әлеуетін пайдаланған жөн деп санаймын. Бұл университетке қажетті қаржылай және басқа да жәрдем көрсетіледі. Бәріміз де жаңа ғана Түркі өркениеті орталығының іргетасын қалау рәсіміне куә болдық. Осы бастамаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін Сіздерге алғысымыз зор. Бұған қоса, біз Астанада Дала өркениетін дәріптеуге арналған арнайы орталық құруды жоспарлап отырмыз. Онда дала халықтарының тарихы мен мәдениеті кеңінен насихатталмақ. Ұйымға мүше мемлекеттерді және барлық бауырларымызды осы жобаны қолдауға және оған белсенді қатысуға шақырамын». t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев: «Шестое. На основе искусственного интеллекта необходимо активизировать работу по созданию специальной Цифровой платформы, объединяющей материалы, касающиеся истории и культуры тюркских народов. Этот проект должен быть выполнен в многоязычном формате. Тогда любой человек сможет в онлайн-режиме ознакомиться с богатым наследием тюркской цивилизации и изучить его. Казахстан готов предложить всесторонние цифровые решения по данным инициативам». t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алтыншы мәселе. Жасанды интеллект негізінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдарды жинақтайтын арнайы цифрлық платформа құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. Бұл жоба көптілді форматта жасалуға тиіс. Сонда кез келген адам онлайн режимде түркі өркениетінің мол мұрасымен танысып, оны зерделей алады. Қазақстан бұл бастамалар бойынша жан-жақты цифрлық шешімдер ұсынуға дайын». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «В эпоху искусственного интеллекта и передовых технологий нельзя оставлять без внимания духовные и культурные ценности» «Сохранение и изучение богатого наследия тюркской цивилизации – это не только вопрос возрождения исторической памяти. Это важный фактор, отражающий нашу уникальную идентичность, единство и солидарность. В этой связи призываю поддержать предложение о проработке проекта Конвенции о сохранении наследия тюркской цивилизации. Данный документ станет правовой основой для защиты и популяризации историко-культурного наследия тюркских народов, а также будет способствовать расширению сферы деятельности ЮНЕСКО в этой области». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Жасанды интеллект пен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықтарды назардан тыс қалдырмау қажет» «Түркі өркениетінің мол мұрасын сақтау және оны зерделеу – тарихи жадыны жаңғырту мәселесі ғана емес. Бұл – біздің бірегей болмысымызды, бірлігімізді және ынтымақтастығымызды көрсететін маңызды фактор. Осы орайда мен Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенция жобасын пысықтау туралы ұсынысты қолдауға шақырамын. Бұл құжат түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне құқықтық негіз болады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның осы саладағы қызмет аясын кеңейте түсуге ықпал етеді». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Четвертое. Сейчас в каждой стране есть технопарки для IT-проектов. Я предлагаю открыть совместный центр IT-хабов государств-членов Тюркского совета. Центру можно присвоить наименование Turkic AI. Совместный хаб, который можно было бы разместить в центре Alem.ai, несомненно, будет способствовать продвижению наших общих интересов». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Төртінші мәселе. Қазір әрбір елде IT-жобаларға арналған технопарктер бар. Мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT хабтарының бірлескен орталығын ашуды ұсынамын. Орталыққа «Turkic ai» атауын беріп, оны Alem.ai орталығында орналастыруға болады. Бірлескен хаб ортақ мүдделерімізді ілгерілетуге ықпал етері сөзсіз». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев предложил создать сеть центров искусственного интеллекта тюркских стран «Третье. Нужны учебные центры и научные учреждения, готовящие специалистов для сферы образования и науки. Очень важны обмен опытом, совместная подготовка кадров и внедрение передовых технологий. Поэтому предлагаю создать Сеть центров искусственного интеллекта тюркских стран. В Казахстане планируется открыть технологическое учебное заведение нового формата – Университет искусственного интеллекта. Мы готовы выделить специальные гранты для обучения граждан тюркских государств в этом высшем учебном заведении. Считаем целесообразным ежегодно организовывать научно-технологическую олимпиаду среди молодежи тюркских стран в области программирования, искусственного интеллекта и передовых цифровых технологий. Финансовую поддержку в реализации этих инициатив мог бы оказать Тюркский инвестиционный фонд. В этом году Фонд перешел к формату работы по конкретным проектам. Уставный капитал достиг 600 миллионов долларов. Его можно увеличить. Это стратегический ресурс, имеющий особое значение. Поэтому мы рассчитываем на то, что Фонд будет оказывать поддержку всем стартапам и примет активное участие в реализации инфраструктурных проектов. Фонд должен функционировать полноценно. Призываю государства-члены оперативно реализовать эту задачу». t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды «Үшіншіден, білім-ғылым саласына қажетті мамандар даярлайтын оқу орталықтары мен ғылыми мекемелер керек. Өзара тәжірибе алмасу, бірлесіп кадрлар даярлау және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Сондықтан Түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынамын. Біз Қазақстанда жаңа форматтағы технологиялық оқу орны – Жасанды интеллект университетін ашуды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орнында түркі мемлекеттерінің азаматтарын оқыту үшін арнайы гранттар бөлуге дайынбыз. Бағдарламалау, жасанды интеллект және озық цифрлық технология салалары бойынша түркі елдерінің жастары арасында жыл сайын ғылыми-технологиялық олимпиада ұйымдастырған жөн деп санаймыз. Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін Түркі инвестициялық қоры тарапынан қаржылай көмек көрсетуге болар еді. Биыл Қор нақты жобалар бойынша жұмыс істеу тәсіліне көшті. Жарғылық капиталы 600 миллион долларға жетті. Оны ұлғайтуға болады. Бұл – айрықша мәні бар стратегиялық ресурс. Сол себепті Қор барлық стартапқа қолдау көрсетіп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға белсене атсалысады деп сенеміз. Қор толыққанды қызмет көрсетуге тиіс. Мүше мемлекеттерді осы міндетті жедел жүзеге асыруға шақырамын». t.me/aqorda_resmi
Взаимное признание цифровых подписей и реализация совместных проектов в космической сфере... Президент представил ряд предложений для реализации в рамках ОТГ «Первое. В торгово-экономической сфере необходимо провести совместную работу по взаимному признанию электронных документов и цифровых подписей между странами-участницами Организации. Второе. Космическая сфера – один из ключевых факторов, способствующих повышению конкурентоспособности тюркских государств. Наши страны обладают необходимым научным, технологическим и финансовым потенциалом для системного развития данного направления. Особенно необходимо расширять наше взаимодействие, реализуя совместные проекты в области спутниковой связи, навигации и мониторинга. Благодаря этому появится возможность укрепить нашу технологическую независимость и повысить инновационный потенциал. Например, можно отметить значимость запуска научного спутника «CubeSat-12U». t.me/aqorda_resmi
Цифрлық қолтаңбаны өзара тану, ғарыш саласын бірлесе игеру... Президент ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды «Біріншіден, сауда-экономика саласы бойынша ұйымға мүше елдер арасында электрондық құжаттар мен цифрлық қолтаңбаны өзара тануға қатысты жұмысты бірлесе жүргізген жөн. Екінші мәселе: Ғарыш саласы – түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал ететін негізгі фактордың бірі. Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту үшін елдеріміздің ғылыми, технологиялық және қаржылық әлеуеті жеткілікті. Әсіресе, спутник байланысы, навигация және мониторинг саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ықпалдастығымызды кеңейте түсу қажет. Сол арқылы технологиялық дербестігімізді нығайтып, инновациялық әлеуетімізді арттыруға мүмкіндік туады. Мысалы, «CubeSat-12U» ғылыми спутнигін іске қосудың маңыздылығын атап өтуге болады». t.me/aqorda_resmi
Архив #государство — страница 29
Это 29-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.





























