UKIMET » публикация №24297
Туризм – экономиканың орнықты секторы 📌Туристік саланың өсімі негізгі бағыттардың барлығында байқалады: туристер ағыны ұлғайып, орналастыру инфрақұрылымы кеңейіп, инвестициялық белсенділік артып келеді. 2025 жылы Қазақстандағы орналастыру орындарының саны 4 482 бірлікке жетті, ал олардың жалпы сыйымдылығы 232 мыңнан астам төсек-орынды құрады. Былтырмен салыстырғанда саланың инфрақұрылымы 179 нысанға және 7 мыңнан астам орынға артты. Саланың жүйелі дамуы ұзақмерзімді үрдістермен де расталады. Соңғы 15 жыл ішінде орналастыру орындары қызметін пайдаланған қонақтар саны төрт еседен астам өсіп, 2,3 млн-нан 9,1 млн адамға дейін жетті. Шетелдік туристер саны екі еседен астам – 513 мыңнан 1,3 млн адамға дейін, ал салаға жыл сайынғы инвестициялар көлемі жеті есеге жуық – 144 млрд теңгеден 975 млрд теңгеге дейін өсті. Туристердің тұтыну шығындары дамудың жеке индикаторы ретінде қарастырылады. 2025 жылы 11,8 миллионға жуық туристік сапар жасалды, оның 10,2 миллионнан астамы ішкі туризмге қатысты. Туристердің жиынтық шығындары 1,13 трлн теңгені құрады, бұл көлік, қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету салалары үшін маңызды мультипликативтік әсер берді. ➖ Туризм как устойчивый сектор экономики 📌 Рост туристической отрасли прослеживается сразу по ключевым направлениям: увеличивается турпоток, расширяется инфраструктура размещения и растет инвестиционная активность. В 2025 году количество объектов размещения в Казахстане достигло 4 482 единиц, а их совокупная вместимость превысила 232 тыс. койко-мест. По сравнению с предыдущим годом инфраструктура отрасли увеличилась на 179 объектов и более чем на 7 тыс. мест. Поступательное развитие подтверждается и долгосрочной динамикой. За последние 15 лет число гостей, воспользовавшихся услугами объектов размещения, выросло более чем в четыре раза – с 2,3 млн до 9,1 млн человек. Количество иностранных туристов увеличилось более чем вдвое – с 513 тыс. до 1,3 млн человек, а объем ежегодных инвестиций в отрасль вырос почти в семь раз – со 144 млрд до 975 млрд тенге. Отдельным индикатором развития являются потребительские расходы туристов. В 2025 году было совершено почти 11,8 млн туристских поездок, из которых более 10,2 млн пришлись на внутренний туризм. Совокупные расходы туристов составили 1,1 трлн тенге, что подтверждает значимый мультипликативный эффект для смежных отраслей – транспорта, общественного питания, торговли и услуг. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























