ҚТЖ PRESS » публикация №13586
✅Жолсеріктің жұмысы – билет тексерумен ғана шектелмейді. Пойызға мінген сәттен бастап сапар аяқталғанға дейін жолсерік жолаушылардың қауіпсіздігіне, вагонның тазалығы мен техникалық жағдайына, сондай-ақ жайлы сапарға жауап береді. Жолсерік қандай міндеттерді атқарады? 🚆 Пойыз жөнелгенге дейін • жолаушыларды қарсы алады; • билеттері мен жеке басын куәландыратын құжаттарын тексереді; • балаларға, қарттарға, жүкті әйелдерге, мүгедектігі бар жолаушыларға көмек көрсетеді; • қауіпсіз отырғызу мен түсіруді қамтамасыз етеді. 📢 Сапар барысында • жолаушыларды қауіпсіздік талаптарымен және пойыздағы тәртіп ережелерімен таныстырады; • пойыздағы қызметтер туралы ақпарат береді; • қажет болған жағдайда жүк, қол жүгі және үй жануарларын тасымалдау қағидаларын түсіндіреді. 🧼 Тазалықты қамтамасыз етеді • вагонға тұрақты түрде ылғалды тазалау жүргізеді; • дәретханалардың санитариялық жағдайын бақылайды; • санитариялық-гигиеналық құралдардың толық болуын қадағалайды; • вагон ішіндегі тазалық пен тәртіпті сақтайды. 🛏 Жолаушылардың жайлылығына жағдай жасайды • төсек-орын жабдықтарын ұсынады; • қажет болған жағдайда көмек көрсетеді; • қызмет көрсету стандарттарына сәйкес қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етеді; • вагондағы жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін бақылайды. ⚙️ Техникалық жағдайды бақылайды Жолсерік жылыту, желдету, кондиционерлеу, жарықтандыру, сумен жабдықтау жүйелерінің, есік-терезелердің және өртке қарсы жабдықтардың жарамдылығын тұрақты бақылауда ұстайды. Ақау анықталса, жауапты мамандарға дереу хабарлайды. 🛡 Қауіпсіздікті қамтамасыз етеді Жолсерік тасымалдау қағидаларының сақталуын қадағалап, темекі шегуге, қоғамдық тәртіпті бұзуға және тыйым салынған заттарды алып жүруге жол бермейді. Қажет болған жағдайда төтенше жағдай кезінде белгіленген тәртіппен әрекет етеді. 🚉 Межелі станцияға жеткенде • жолаушыларды алдын ала хабардар етеді; • келісім бойынша төсек-орын жабдықтарын жинайды; • вагоннан түсуге көмек көрсетеді; • жолаушылардың жеке заттарын ұмытып кетпеуін ескертеді. Бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да 5 мыңнан астам жолсерік еңбек етеді. Олар әр рейсте ондаған міндетті қатар атқарып, миллиондаған жолаушының қауіпсіз әрі жайлы сапарын қамтамасыз етеді. Жолсеріктің басты міндеті – әрбір жолаушының сапарын қауіпсіз, жайлы және сапалы ұйымдастыру.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























