POLISIA.KZ » публикация №17484
🔶Жыл басынан бері ішкі істер органдары 1885 есірткі қылмысының жолын кесті ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов есірткі қылмысына қарсы күрестің нәтижелері туралы хабарлады. Оның айтуынша, 6 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 1 трансұлттық топ жойылды, 9 ұйымдастырушы мен 29 белсенді қатысушы ұсталды. «Киберқадағалау» жүйесіне 15 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурс бұғаттауға жолданды. Ұлттық банкпен бірлесіп 135 млн теңгеге транзакциялар тоқтатылды. 177 мың шетелдік төлем картасы бұғатталды. Есірткі өткізуден түскен кірісті «жылыстатуды» анықтау үшін 26 мың криптоәмиян Қаржылық мониторинг агенттігіне тексеруге жіберілді. 580 кг синтетикалық есірткі, 12 тоннадан астам прекурсор тәркіленді», – деді полиция полковнигі. Бұл ретте синтетикалық есірткі өндіру ауылдық жерлерге ауысқаны атап өтілді. Қуандық Әлжановтың айтуынша, синтетика өндірумен айналысқан 15 есірткі зертханасының шамамен 70%-ы шалғайдағы ауылдарда орналасқан. 🔶С начала года органами внутренних дел пресечено 1885 наркопреступлений О результатах борьбы с наркопреступностью на пресс-конференции в СЦК проинформировал заместитель председателя Комитета по противодействию наркопреступности МВД РК Куандык Альжанов. По его словам, ликвидировано 6 организованных преступных групп, в том числе 1 транснациональная, задержано 9 организаторов и 29 активных участников. «В систему «Кибернадзор» на блокировку направлены более 15 тыс. противоправных интернет-ресурсов. Совместно с Нацбанком приостановлены транзакции на 135 млн тенге. Заблокировано 177 тыс. иностранных платежных карт. 26 тыс. криптокошельков переданы в АФМ для проверки на предмет «отмывания» наркодоходов. Изъято 580 кг синтетических наркотиков, более 12 тонн прекурсоров», – сказал полковник полиции. При этом отмечено, что производство синтетических наркотиков смещается в сельскую местность. По словам Куандыка Альжанова, из 15 ликвидированных нарколабораторий по производству синтетики около 70% находились в отдаленных посёлках. @ortcom_kz #CCS
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























