ҚТЖ PRESS » публикация №13577
Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді Батыс Қазақстан облысында 1936 жылы салынған Шыңғырлау станциясының теміржол вокзалына жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жоба Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылды. Қайта жаңғырту нәтижесінде вокзал ғимаратының жалпы ауданы 290,79 шаршы метрден 313,11 шаршы метрге дейін ұлғайды. Ғимарат толықтай жаңартылып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді, шатыр мен инженерлік желілер ауыстырылып, жаңа жиһаз және заманауи жабдықтар орнатылды, сондай-ақ вокзал маңы абаттандырылды. Ғимараттың қасбетін қаптауға отандық өндірісте шығарылған силикат кірпіші пайдаланылды. Ішкі әрлеу барысында заманауи дыбыс оқшаулағыш материалдар қолданылды. Қайта жаңғырту кезінде пайдаланылған негізгі құрылыс материалдарының барлығы Қазақстанда өндірілген. Жаңартылған вокзал жолаушыларға қауіпсіз, жайлы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге қойылатын қазіргі заманғы талаптарға толық сәйкес келеді. Мұнда мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын азаматтарға да барлық қажетті жағдай жасалған. Шыңғырлау станциясы арқылы Астана, Алматы, Маңғыстау облысы бағыттарына, сондай-ақ Ресей Федерациясына қатынайтын сегіз жолаушылар пойызы жүреді. Вокзалды қайта жаңғырту жұмыстары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. ➖➖➖ В Западно-Казахстанской области после реконструкции открыт железнодорожный вокзал станции Шынгырлау В Западно-Казахстанской области завершена реконструкция железнодорожного вокзала станции Шынгырлау, построенного в 1936 году. Работы выполнены в рамках поручений Главы государства и Правительства Республики Казахстан по развитию транспортной инфраструктуры. В результате реконструкции площадь здания увеличена с 290,79 до 313,11 кв. м. Вокзал полностью обновлен: выполнены наружная и внутренняя отделка, заменены кровля и инженерные сети, установлены новая мебель и современное оборудование, благоустроена прилегающая территория. Для облицовки фасада использован силикатный кирпич отечественного производства, во внутренней отделке применены современные звукоизоляционные материалы. Все основные строительные материалы, использованные при реконструкции, произведены в Казахстане. Обновленный вокзал соответствует современным требованиям к безопасности, комфорту и доступности для пассажиров, включая маломобильные группы населения. Через станцию Шынгырлау курсируют восемь пассажирских поездов, обеспечивающих сообщение с Астаной, Алматы, Мангистауской областью, а также с Российской Федерацией. Реконструкция вокзала выполнена за счет собственных средств АО «НК «Қазақстан темір жолы» в рамках программы модернизации железнодорожной инфраструктуры.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























