POLISIA.KZ » публикация №17472
💠 Түркістанда "TurKidsTan" жобасына қатысушы балаларға танымдық экскурсия ұйымдастырылды Түркістан облысына Батыс Қазақстан облысынан "Жайық Жұлдызы" қоғамдық қоры мен ЕҚЫҰ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "TurKidsTan" балалар лагерінің демалушылары барды. Әлеуметтік жобаға Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров қолдау көрсетіп, полиция қызметкерлері балалардың сапары бойы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жоба аясында балалар Түркістан облысы полиция департаментінде болып, облыстың бас полицейімен кездесті. Қонақтар жедел басқару орталығының жұмысымен, заманауи бейнебақылау жүйелерімен танысып, полиция қызметі туралы мағлұмат алды. *** 💠 Воспитанники лагеря "TurKidsTan" посетили департамент полиции Туркестанской области В Туркестанскую область прибыли воспитанники детского лагеря "TurKidsTan" реализуемого при поддержке общественного фонда "Жайық Жұлдызы" Западно-Казахстанской области и ОБСЕ. Начальник департамента полиции Туркестанской области Арыстангани Заппаров поддержал социальный проект, а сотрудники полиции на протяжении всей поездки детей обеспечивали общественный порядок и безопасность дорожного движения. 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























