Минобороны РК » публикация №33358
🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство
🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство
⚡️Президент: «Я хорошо понимаю, насколько значимы жаркие дискуссии в этих стенах, какова истинная цена каждого принимаемого закона для укрепления нашей Независимости. В этот исторический момент хочу выразить глубокую признательность депутатам Мажилиса и Сената всех созывов за безукоризненную добросовестность и беззаветное служение Родине. Особая благодарность – нынешнему составу Парламента, который по праву можно назвать одним из сильнейших в новейшей истории Казахстана. Вам пришлось работать в очень сложный период развития нашего государства. Именно вы шли в авангарде перемен, происходивших в жизни страны. Несмотря на все сложности, вы неустанно работали над осуществлением масштабных преобразований. Вы принимали на себя ответственность в самые сложные моменты, были катализатором столь необходимых для нашей страны реформ. Только за последние три года было принято более трехсот важнейших законов, включая эпохальные конституционные законы и кодексы, которые станут надежным плацдармом для наших будущих достижений. Вместе с вами мы запустили необратимый процесс трансформации страны, затронувший абсолютно все сферы жизни от экономической модели до системы общественных ценностей. Безусловно, непосредственное участие в смене эпох – это большая честь и высочайшая ответственность. Можно с уверенностью утверждать, что каждый из вас достойно справился с выпавшими на его долю обязанностями. Вы неустанно трудились во имя построения Справедливого и Сильного Казахстана. Несомненно, ваш неустанный труд, ваши настойчивые усилия будут вписаны в летопись нашей страны. Но часы истории не стоят на месте. Стремительно меняющийся мир требует от нас по-настоящему решительных действий и новаторских подходов. Я не раз говорил об этом. Это требование времени». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда қабылданған әрбір заңның Тәуелсіз еліміздің келешегі үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Осы тарихи сәтке орай, ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, елге мінсіз әрі адал қызмет еткені үшін барлық шақырылымдағы Мәжіліс пен Сенат депутаттарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, Парламенттің қазіргі құрамына, яғни сіздерге алғысым зор. Бұл шақырылымды Қазақстанның жаңа тарихындағы ең мықты құрамның бірі деп сеніммен айтамын. Себебі сіздер мемлекетіміздің дамуындағы өте күрделі және шешуші кезеңде жұмыс істедіңіздер. Баршаңыз ел өмірінде болып жатқан ауқымды өзгерістердің бастауында тұрдыңыздар. Қаншалықты қиын болса да, түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру жолында табанды еңбек еттіңіздер. Сын сағатта жауапкершіліктен жалтармай, мемлекетіміз үшін аса қажетті реформаларды жүргізуге ұйытқы болдыңыздар. Тек кейінгі үш жылдың өзінде 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды. Олардың қатарында еліміздің алдағы биік белестерінің сенімді арқауы болатын, тарихи мәні зор конституциялық заңдар мен кодекстер бар. Біз біртұтас ұлт болып мемлекетімізді түбегейлі жаңғырту ісін қолға алдық. Экономикадан бастап қоғамдық құндылықтар жүйесіне дейін – ел өмірінің барлық саласында ауқымды өзгерістер жасалды. Әрине, дәуірлік ауқымдағы мұндай реформалардың бел ортасында жүру – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Осы тұрғыдан алғанда, сіздер өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықтыңыздар. Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру үшін қажырлы еңбек еттіңіздер. Сіздердің табанды, мардымды еңбектеріңіз еліміздің жылнамасында қалатынына күмән болмауы керек. Дегенмен уақыт бір орында тұрмайды, зымырап өтіп жатыр. Көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан қазіргі кезеңде шын мәнінде жаңашыл әрі батыл қадамдар жасалуға тиіс. Осы өзекті мәселені мен бұрын да бірнеше рет айтқам. Бұл – заман талабы». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Тридцать лет назад был сформирован первый в истории страны профессиональный Парламент. Обретя новый институциональный формат, законодательный орган более четверти века играл важную роль в укреплении государственности, формировании национальной правовой базы и становлении рыночной экономики. Масштаб проделанной работы впечатляет: за три десятилетия было принято порядка трех с половиной тысяч законов, причем каждый десятый из них был инициирован самими депутатами. У истоков нашей законодательной системы стояли многие выдающиеся государственные и общественные деятели, чьи заслуги получили признание и нашего народа, и международного сообщества. Их плодотворный труд, самоотверженное служение стране оставили яркий след в летописи нашего парламентаризма и памяти наших соотечественников. Парламент всегда был созидательной структурой – он чутко реагировал на требования времени и запросы общества. Высший законодательный орган нашего государства объединил профессионалов из различных сфер общества во имя достижения общих целей. Благодаря этой синергии удалось сформировать высокую парламентскую культуру как в политическом, так и в законодательном измерении. Это один из важнейших показателей, подтверждающих зрелость Казахстана как развитой страны. Каждый новый парламентский созыв становился очередным уверенным шагом вперед, наглядно отражая эволюционный прогресс всей нашей нации». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын елімізде тұңғыш кәсіби Парламент құрылды. Мүлде жаңа институционалдық үлгіге көшкен заң шығарушы орган мемлекеттігімізді нығайтуға елеулі үлес қосты, сондай-ақ еліміздің құқықтық негізін қалыптастыру және нарықтық экономиканы орнықтыру ісінде маңызды рөл атқарды. Қысқаша айтсақ, отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды. Ал әрбір оныншы заңға депутаттар өздері бастамашы болды. Заң шығару жүйесінің қайнар бастауында бүкіл халқымызға және халықаралық қауымдастыққа танымал саясаткерлеріміз, көрнекті мемлекет қайраткерлері, белгілі қоғам қайраткерлері тұрды. Олардың жемісті еңбегі Парламент тарихында өшпес із қалдырды. Қажырлы қызмет халқымыздың жадында мәңгі сақталып қаларына күмән жоқ. Парламент әрдайым уақыт талабына тез бейімделіп, қоғам сұранысына лайықты жауап бере алатын жасампаз құрылым болды. Парламент мемлекетіміздің басты өкілді органы қоғамның түрлі саласындағы кәсіби мамандарды бір мақсатқа тоғыстырды. Елімізде саяси және заңнамалық тұрғыдан сапасы жоғары парламенттік мәдениет қалыптасты. Бұл – Қазақстанды дамыған ел ретінде айқындайтын ең маңызды көрсеткіштің бірі. Түптеп келгенде, Парламенттің әрбір шақырылымы Қазақстанның алға қарай нық сеніммен қадам басуына зор серпін берді, басқаша айтсақ, ұлтымыздың эволюциялық өрлеу жолының жарқын үлгісіне айналды». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Нашу сегодняшнюю встречу можно без преувеличения назвать событием исторического масштаба. Мы не просто завершаем очередную парламентскую сессию – мы подводим черту под целой эпохой в развитии Независимого Казахстана и открываем принципиально новую главу в летописи отечественной государственности. Уже завтра вступает в силу новая Конституция нашей страны. Наряду с Основным законом коренным образом обновится и система государственной власти. На смену двухпалатному Парламенту приходит однопалатный Курултай. В целом, эти изменения наглядно отражают преемственность в историческом развитии Казахстана». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Бүгінгі Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысының тарихи мән-маңызы айрықша деп айтсақ, дұрыс болар. Бұл дүйім халқымыз үшін де айқын нәрсе, ақиқат. Бүгін біз мемлекетіміздің заң шығарушы органы – Парламенттің кезекті сессиясын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылап отырмыз. Осылайша, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді». t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі **** Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на совместном заседании палат Парламента t.me/aqorda_resmi
🔹 ІІО ардагерлері мен ақсақалдар жүргізушілерге жол қауіпсіздігін сақтаудың маңызын еске салды Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарына ішкі істер органдарының ардагерлері мен елге сыйлы ақсақалдар белсенді түрде атсалысуда. Олар жол бойында жүргізушілермен кездесіп, жол ережелерін қатаң сақтаудың маңызын түсіндіруде. Әңгімелесу барысында жолда өзара сыйластық танытуға, белгіленген жылдамдықты асырмауға, мас күйінде көлік тізгініне отырмауға және қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағуға шақырды. Ақсақалдар жолдағы тәртіп пен мәдениетті сақтау, өзге жол қозғалысына қатысушыларға құрметпен қарау және әрбір жүргізушінің жеке жауапкершілігі адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі екенін атап өтті. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 Ветераны ОВД и аксакалы напомнили водителям о безопасности на дорогах Обеспечение безопасности дорожного движения остается одним из приоритетных направлений работы полиции. В целях профилактики дорожно-транспортных происшествий к разъяснительной работе с участниками дорожного движения присоединились ветераны органов внутренних дел и уважаемые аксакалы. Они проводят профилактические беседы с водителями непосредственно на дорогах, призывая строго соблюдать ПДД, быть взаимовежливыми, не превышать установленную скорость, не садиться за руль в состоянии опьянения, а также обязательно использовать ремни безопасности. Аксакалы напоминают, что культура поведения на дороге, уважение к другим участникам дорожного движения и личная ответственность каждого водителя являются залогом сохранения человеческих жизней. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
📌ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы Құрметті салық төлеушілер! ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026жылғы 30-маусымда сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені жаңарту және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланғанынхабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды. Осыған байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2026 жылғы 30-маусымда ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды: - 2026 жылғы 1-шілдеден бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура; - 2026 жылғы 1-шілдеден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат. Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды. ——— 📌О проведении технических работ в ИС ЭСФ Уважаемые налогоплательщики! Комитет государственных доходов МФ РК доводит до сведения, что 30 июня 2026 года с 11:00 до 12:30 часов в информационной системе «Электронные счета-фактуры» будут проводиться технические работы. В указанный промежуток времени информационная система «Электронные счета-фактуры» будет не доступна. В связи с чем, в случае необходимости налогоплательщики вправе оформить СНТ, ЭСФ и внести в ИС «ЭСФ» за 30 июня 2026 года: − счет-фактуру, выписанную на бумажном носителе в течение 15 (пятнадцати) календарных дней c 1 июля 2026 года; − сопроводительную накладную на товары, выписанную на бумажном носителе в течение 3 (трех) рабочих дней c 1 июля 2026 года. При этом штрафные санкции применяться не будут.
🔵КТЖ: развитие человеческого капитала как основа устойчивого развития АО «НК «КТЖ» последовательно претворяет в жизнь проекты, направленные на развитие человеческого капитала, укрепление кадрового потенциала и обеспечение преемственности профессиональных знаний. 🔗Подробнее: https://kazpravda.kz/n/ktzh-razvitie-chelovecheskogo-kapitala-kak-osnova-ustoychivogo-razvitiya/
🔵Адам капиталы – ҚТЖ дамуының басты кепілі «ҚТЖ» ҰК» АҚ адам капиталын дамытуға, кадрлық әлеуетті нығайтуға және кәсіби білімнің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды дәйекті түрде іске асырып келеді. Саланың ауқымды трансформациясы жағдайында болашақ басшыларды даярлауға, қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, тұрақты кадр жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін бастамалар ерекше маңызға ие болады. Бұл жөнінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппарат басшысы Ерлан Амандықов өз ойын былайша өрбітті. 🔗Толығырақ: https://egemen.kz/article/416070-adam-kapitaly-%E2%80%93-qtzh-damuynynh-basty-kepili
Ақжан, Ақниет, Бөрте – благородство, культура, достоинство, чистота! ✨Сегодня красавица Ақжан – «Чистая душа» – в образе которой соединяются легенды прошлого и ценности настоящего, встречает новое поколение. В президентской конюшне появились два жеребенка, которым Касым-Жомарт Токаев дал имена – Ақниет и Бөрте. Осматривая молодых скакунов, Президент пожелал им вырасти настоящими тулпарами, способными обогнать ветер. Старшая ведет за собой младших. Если красавица Акжан олицетворяет чистоту души, гармонию и современный образ Великой степи, то Акниет и Борте становятся символом ее будущего. ▫️В этой истории – продолжение многовековой культуры нашего народа, глубокое уважение к национальным корням и традициям, преемственность поколений. Поэтому история Ақжан, Ақниет и Бөрте вызывает искренний интерес не только казахстанцев, но и далеко за пределами нашей страны! @ptrkkz
⚡️ ІІМ: ШҚО-да алтынды заңсыз өндіру әрекетінің жолы кесілді Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ⚡️ МВД: В ВКО пресечена деятельность по незаконной добыче золота Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🇰🇿 Бүгін - ұшқышсыз авиация мамандарының кәсіби мерекесі Бүгін Қазақстан Қарулы күштерінде ұшқышсыз авиация мамандары кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл дата 2022 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді (ҰАЖ) дамыту және қолдану департаменті құрылған күнмен байланысты. 🇰🇿 Специалисты беспилотной авиации отмечают профессиональный праздник Дата связана с образованием 30 июня 2022 года Департамента развития и применения беспилотных авиационных систем (БАС) Генерального штаба Вооруженных сил РК. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🔹 Қазақстан мен Кувейт азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 🔸 Казахстан и Кувейт обсудили перспективы двустороннего сотрудничества в сфере продовольственной безопасности 🔹 Kazakhstan and Kuwait Discussed Prospects for Bilateral Cooperation in Food Security @PressMFAKZ
Акжан – культурный символ столицы Казахстана ▫️Акжан, дочь чистокровных ахалтекинцев Ганатлы и Табыс, любимица Президента Касым-Жомарта Токаева относится к уникальной изабелловой масти – таковых среди ахалтекинцев всего 3%. Она родилась в Астане 30 марта 2025 года. 📸 Шерсть кобылицы обладает оптическим эффектом: тончайшие волоски преломляют свет, создавая атласный, почти неземной блеск, благодаря чему она уже привлекла внимание социальных сетей и зарубежных изданий. ✔️ Образ Акжан гармонично перекликается с современной Астаной – городом стеклянных фасадов, мостов и бескрайней степи. Она напоминает, что настоящая сила столицы заключается не только в архитектуре и экономическом развитии, но и в ценностях, которые объединяют людей. 📌Больше интересных фактов об Акжан и ее необычной истории – в материале Kazinform. @ptrkkz
🚔 Өскеменде патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіге жол үстінде көмек көрсетті Патрульдік полиция батальонының №75 патрульдік экипажы қызмет атқару барысында жол жиегінде дөңгелегі жарылып, тоқтап тұрған автокөлікті байқаған. Полиция қызметкерлері Алмат Сыдық пен Влад Воронин бірден жүргізушіге дөңгелекті ауыстыруға көмектесті. Осылайша жүргізуші полицейлерге алғыс айтып, сапарын қауіпсіз жалғастырды. Оқиғаны қала тұрғыны видеоға түсіріп алған. Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқарумен қатар, жол қозғалысына қатысушыларға қажетті жағдайда көмек көрсетуді де тұрақты түрде жүзеге асырады. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Полицейские помогли водителю на дороге в Усть-Каменогорске Во время несения службы патрульный экипаж № 75 батальона патрульной полиции заметил на обочине автомобиль с поврежденным колесом. Сотрудники полиции Алмат Сыдык и Влад Воронин остановились, чтобы оказать помощь водителю. Они помогли заменить поврежденное колесо, после чего водитель поблагодарил полицейских и благополучно продолжил свой путь. Произошедшее снял на видео один из жителей города. Сотрудники полиции не только обеспечивают безопасность дорожного движения и охрану общественного порядка, но и регулярно оказывают помощь участникам дорожного движения, оказавшимся в сложной ситуации. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🇰🇿 Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Екатерина Баранова 101 жасқа толды Осыған орай Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері майдангерді арнайы барып құттықтады. 🇰🇿 В Алматы ветеран Великой Отечественной войны Екатерина Баранова отметила 101-й день рождения По этому случаю военнослужащие департамента по делам обороны города Алматы, управления по делам обороны Алмалинского района и представители местных исполнительных органов посетили фронтовую медсестру. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
Қазақстан мен Грузия премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Ираклий Кобахидзе жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайын талқылады 📌 Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі…
Қазақстан мен Грузия премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Ираклий Кобахидзе жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайын талқылады 📌 Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесу өткізді. Онда сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға назар аударылды. «Сіздің ресми сапарыңыз екі ел арасындағы саяси диалогтің, өзара сенім мен берік әріптестіктің жоғары деңгейін айғақтай отырып, Қазақстан-Грузия қатынастарының серпінді дамуын көрсетеді. Кеше Сіз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен мазмұнды келіссөздер жүргіздіңіз. Қазақстан Грузияны Оңтүстік Кавказдағы, Қара теңіз аймағындағы сенімді дос әрі маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. Қазақстан Үкіметі Грузия Үкіметімен диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстан Грузия үшін негізгі серіктес болып саналатынын айтып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті. «Елдерімізді тарихи тұрғыдан достық қарым-қатынастар байланыстырады. Бұл – саяси және экономикалық байланыстарды нығайтудың берік негізі. Қазақстан Грузия үшін өте маңызды серіктес және біздің қарым-қатынасымыз біз үшін ерекше маңызға ие. Екі ел арасында стратегиялық серіктестік орнатылғанына қуаныштымыз. Біз Қазақстандағы жаңғырту үдерістерін мұқият бақылап отырмыз және барлық бағыт бойынша екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі кеңейе түсетініне сенімдіміз», — деді Ираклий Кобахидзе. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды дамыту мақсатында тараптар экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі шараларды талқылады. Технологиялық әріптестікті талқылау барысында жасанды интеллект саласындағы жобаларға ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия үкіметтерінің стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және барлық келешегі зор бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзірлігі расталды. Анықтама: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара сауда көлемі $184,5 млн-ды құрады, ал осы жылдың қаңтар-сәуір айларында – $53 млн. Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта грузин тарапының қатысуымен 600-ден астам компания жұмыс істейді, 14 ұйым «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында тіркелген. 📱@KZgovernment
Верховный Суд – БДИПЧ ОБСЕ: векторы взаимодействия ▪️ Председатель судебной коллегии по административным делам Верховного Суда Аслан Тукиев провел встречу с представителями миссии БДИПЧ ОБСЕ Улви Ахундулу и Еленой Ковалевой. ▪️ Центральной темой переговоров стала подготовка к наблюдению за предстоящими выборами в Курултай, которые состоятся в августе 2026 года. ▪️ В ходе встречи стороны обсудили ключевые направления взаимодействия и обменялись мнениями по вопросам развития правовых и демократических институтов. ▪️ Особое внимание было уделено сотрудничеству Верховного Суда и БДИПЧ ОБСЕ, которое на протяжении последних лет носит последовательный и практико-ориентированный характер. ▪️ Представителям миссии была представлена информация о модернизации судебной системы Казахстана и совершенствовании выборного законодательства. Речь также шла о мерах по расширению доступа к правосудию, усилению гарантий судебной защиты, укреплению независимости судейского корпуса и внедрению цифровых технологий в деятельность судов. ▪️Встреча прошла в атмосфере открытого и заинтересованного диалога. ▪️По ее итогам стороны подтвердили готовность к дальнейшему развитию сотрудничества и реализации совместных инициатив в сфере верховенства права и совершенствования судебной практики.
Жоғарғы Сот – ЕҚЫҰ ДИАҚБ: өзара іс-қимыл векторлары ▪️Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының өкілдері Улви Ахундулу және Елена Ковалевамен кездесу өткізді. ▪️ Келіссөздердің басты тақырыбы 2026 жылдың тамызында өтетін Құрылтайдағы алдағы сайлауды бақылауға дайындық болды. ▪️ Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, құқықтық және демократиялық институттарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. ▪️ Соңғы жылдары дәйекті және практикаға бағдарланған сипаттағы Жоғарғы Соты мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. ▪️ Миссия өкілдеріне Қазақстанның сот жүйесін жаңғырту және сайлау заңнамасын жетілдіру туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту, сот қорғауының кепілдіктерін күшейту, судьялар корпусының тәуелсіздігін нығайту және соттардың қызметіне цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі шаралар туралы айтылды. ▪️ Кездесу ашық және мүдделі диалог атмосферасында өтті. ▪️ Оның қорытындысы бойынша тараптар құқық үстемдігі және сот практикасын жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.
Жоғарғы Сот – ЕҚЫҰ ДИАҚБ: өзара іс-қимыл векторлары ▪️Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының өкілдері Улви Ахундулу және Елена Ковалевамен кездесу өткізді. ▪️ Келіссөздердің басты тақырыбы 2026 жылдың тамызында өтетін Құрылтайдағы алдағы сайлауды бақылауға дайындық болды. ▪️ Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, құқықтық және демократиялық институттарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. ▪️ Соңғы жылдары дәйекті және практикаға бағдарланған сипаттағы Жоғарғы Соты мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. ▪️ Миссия өкілдеріне Қазақстанның сот жүйесін жаңғырту және сайлау заңнамасын жетілдіру туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту, сот қорғауының кепілдіктерін күшейту, судьялар корпусының тәуелсіздігін нығайту және соттардың қызметіне цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі шаралар туралы айтылды. ▪️ Кездесу ашық және мүдделі диалог атмосферасында өтті. ▪️ Оның қорытындысы бойынша тараптар құқық үстемдігі және сот практикасын жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.
🖊️Қазақстан мен Грузия: келіссөз нәтижесінде қандай құжаттар бекітілді? @ptrkkz
🏅Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады 🇰🇿🇬🇪 Президент Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады: – Сіздің тегеурінді басшылығыңыздың…
💰 Біздің Президент: «Мемлекеттеріміз энергетика секторында табысты ынтымақтастықты жолға қойды» @ptrkkz