🇰🇿 Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Екатерина Баранова 101 жасқа толды Осыған орай Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері майдангерді арнайы барып құттықтады. 🇰🇿 В Алматы ветеран Великой Отечественной войны Екатерина Баранова отметила 101-й день рождения По этому случаю военнослужащие департамента по делам обороны города Алматы, управления по делам обороны Алмалинского района и представители местных исполнительных органов посетили фронтовую медсестру. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🔹 Қазақстан мен Кувейт азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 🔸 Казахстан и Кувейт обсудили перспективы двустороннего сотрудничества в сфере продовольственной безопасности 🔹 Kazakhstan and Kuwait Discussed Prospects for Bilateral Cooperation in Food Security @PressMFAKZ
Акжан – культурный символ столицы Казахстана ▫️Акжан, дочь чистокровных ахалтекинцев Ганатлы и Табыс, любимица Президента Касым-Жомарта Токаева относится к уникальной изабелловой масти – таковых среди ахалтекинцев всего 3%. Она родилась в Астане 30 марта 2025 года. 📸 Шерсть кобылицы обладает оптическим эффектом: тончайшие волоски преломляют свет, создавая атласный, почти неземной блеск, благодаря чему она уже привлекла внимание социальных сетей и зарубежных изданий. ✔️ Образ Акжан гармонично перекликается с современной Астаной – городом стеклянных фасадов, мостов и бескрайней степи. Она напоминает, что настоящая сила столицы заключается не только в архитектуре и экономическом развитии, но и в ценностях, которые объединяют людей. 📌Больше интересных фактов об Акжан и ее необычной истории – в материале Kazinform. @ptrkkz
🚔 Өскеменде патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіге жол үстінде көмек көрсетті Патрульдік полиция батальонының №75 патрульдік экипажы қызмет атқару барысында жол жиегінде дөңгелегі жарылып, тоқтап тұрған автокөлікті байқаған. Полиция қызметкерлері Алмат Сыдық пен Влад Воронин бірден жүргізушіге дөңгелекті ауыстыруға көмектесті. Осылайша жүргізуші полицейлерге алғыс айтып, сапарын қауіпсіз жалғастырды. Оқиғаны қала тұрғыны видеоға түсіріп алған. Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқарумен қатар, жол қозғалысына қатысушыларға қажетті жағдайда көмек көрсетуді де тұрақты түрде жүзеге асырады. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Полицейские помогли водителю на дороге в Усть-Каменогорске Во время несения службы патрульный экипаж № 75 батальона патрульной полиции заметил на обочине автомобиль с поврежденным колесом. Сотрудники полиции Алмат Сыдык и Влад Воронин остановились, чтобы оказать помощь водителю. Они помогли заменить поврежденное колесо, после чего водитель поблагодарил полицейских и благополучно продолжил свой путь. Произошедшее снял на видео один из жителей города. Сотрудники полиции не только обеспечивают безопасность дорожного движения и охрану общественного порядка, но и регулярно оказывают помощь участникам дорожного движения, оказавшимся в сложной ситуации. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
Қазақстан мен Грузия премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Ираклий Кобахидзе жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайын талқылады 📌 Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі…
Қазақстан мен Грузия премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Ираклий Кобахидзе жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайын талқылады 📌 Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесу өткізді. Онда сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға назар аударылды. «Сіздің ресми сапарыңыз екі ел арасындағы саяси диалогтің, өзара сенім мен берік әріптестіктің жоғары деңгейін айғақтай отырып, Қазақстан-Грузия қатынастарының серпінді дамуын көрсетеді. Кеше Сіз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен мазмұнды келіссөздер жүргіздіңіз. Қазақстан Грузияны Оңтүстік Кавказдағы, Қара теңіз аймағындағы сенімді дос әрі маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. Қазақстан Үкіметі Грузия Үкіметімен диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстан Грузия үшін негізгі серіктес болып саналатынын айтып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті. «Елдерімізді тарихи тұрғыдан достық қарым-қатынастар байланыстырады. Бұл – саяси және экономикалық байланыстарды нығайтудың берік негізі. Қазақстан Грузия үшін өте маңызды серіктес және біздің қарым-қатынасымыз біз үшін ерекше маңызға ие. Екі ел арасында стратегиялық серіктестік орнатылғанына қуаныштымыз. Біз Қазақстандағы жаңғырту үдерістерін мұқият бақылап отырмыз және барлық бағыт бойынша екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі кеңейе түсетініне сенімдіміз», — деді Ираклий Кобахидзе. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды дамыту мақсатында тараптар экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі шараларды талқылады. Технологиялық әріптестікті талқылау барысында жасанды интеллект саласындағы жобаларға ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия үкіметтерінің стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және барлық келешегі зор бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзірлігі расталды. Анықтама: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара сауда көлемі $184,5 млн-ды құрады, ал осы жылдың қаңтар-сәуір айларында – $53 млн. Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта грузин тарапының қатысуымен 600-ден астам компания жұмыс істейді, 14 ұйым «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында тіркелген. 📱@KZgovernment
Верховный Суд – БДИПЧ ОБСЕ: векторы взаимодействия ▪️ Председатель судебной коллегии по административным делам Верховного Суда Аслан Тукиев провел встречу с представителями миссии БДИПЧ ОБСЕ Улви Ахундулу и Еленой Ковалевой. ▪️ Центральной темой переговоров стала подготовка к наблюдению за предстоящими выборами в Курултай, которые состоятся в августе 2026 года. ▪️ В ходе встречи стороны обсудили ключевые направления взаимодействия и обменялись мнениями по вопросам развития правовых и демократических институтов. ▪️ Особое внимание было уделено сотрудничеству Верховного Суда и БДИПЧ ОБСЕ, которое на протяжении последних лет носит последовательный и практико-ориентированный характер. ▪️ Представителям миссии была представлена информация о модернизации судебной системы Казахстана и совершенствовании выборного законодательства. Речь также шла о мерах по расширению доступа к правосудию, усилению гарантий судебной защиты, укреплению независимости судейского корпуса и внедрению цифровых технологий в деятельность судов. ▪️Встреча прошла в атмосфере открытого и заинтересованного диалога. ▪️По ее итогам стороны подтвердили готовность к дальнейшему развитию сотрудничества и реализации совместных инициатив в сфере верховенства права и совершенствования судебной практики.
Жоғарғы Сот – ЕҚЫҰ ДИАҚБ: өзара іс-қимыл векторлары ▪️Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының өкілдері Улви Ахундулу және Елена Ковалевамен кездесу өткізді. ▪️ Келіссөздердің басты тақырыбы 2026 жылдың тамызында өтетін Құрылтайдағы алдағы сайлауды бақылауға дайындық болды. ▪️ Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, құқықтық және демократиялық институттарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. ▪️ Соңғы жылдары дәйекті және практикаға бағдарланған сипаттағы Жоғарғы Соты мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. ▪️ Миссия өкілдеріне Қазақстанның сот жүйесін жаңғырту және сайлау заңнамасын жетілдіру туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту, сот қорғауының кепілдіктерін күшейту, судьялар корпусының тәуелсіздігін нығайту және соттардың қызметіне цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі шаралар туралы айтылды. ▪️ Кездесу ашық және мүдделі диалог атмосферасында өтті. ▪️ Оның қорытындысы бойынша тараптар құқық үстемдігі және сот практикасын жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.
Жоғарғы Сот – ЕҚЫҰ ДИАҚБ: өзара іс-қимыл векторлары ▪️Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының өкілдері Улви Ахундулу және Елена Ковалевамен кездесу өткізді. ▪️ Келіссөздердің басты тақырыбы 2026 жылдың тамызында өтетін Құрылтайдағы алдағы сайлауды бақылауға дайындық болды. ▪️ Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, құқықтық және демократиялық институттарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. ▪️ Соңғы жылдары дәйекті және практикаға бағдарланған сипаттағы Жоғарғы Соты мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. ▪️ Миссия өкілдеріне Қазақстанның сот жүйесін жаңғырту және сайлау заңнамасын жетілдіру туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту, сот қорғауының кепілдіктерін күшейту, судьялар корпусының тәуелсіздігін нығайту және соттардың қызметіне цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі шаралар туралы айтылды. ▪️ Кездесу ашық және мүдделі диалог атмосферасында өтті. ▪️ Оның қорытындысы бойынша тараптар құқық үстемдігі және сот практикасын жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.
🏅Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады 🇰🇿🇬🇪 Президент Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады: – Сіздің тегеурінді басшылығыңыздың…
🇰🇿🇬🇪Қазақстан Президенті мен Грузия Премьер-министрі мазмұнды келіссөз жүргізді 📍Астана, Тәуелсіздік сарайы **** 🇰🇿🇬🇪Президент Казахстана и Премьер-министр Грузии провели содержательные переговоры 📍 Дворец Независимости, Астана 🎦 t.me/aqorda_resmi
Бүгін Парламент Сенатының қорытынды отырысы өтті. Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиында Палатаның заң шығару қызметінің қорытындылары шығарылып, бірқатар заң мақұлданды. Сенат 30 жыл ішінде 890-нан астам отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заңды қабылдап, мақұлдады. Осы кезеңде 60-тан астам парламенттік тыңдау, 3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 3 мыңға жуық депутаттық сауал Үкіметке жолданды. Отырыста Мемлекет басшысының реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге орай атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сенат Төрағасы қорытынды отырыста әріптестеріне ел игілігі жолындағы бірлескен еңбегі үшін алғыс білдірді. 🚀@senate_kz
🔹 Қазақстан мен Испания ядролық қауіпсіздік саласындағы серіктестікті нығайтуда 🔸 Казахстан и Испания развивают партнерство в сфере ядерной безопасности 🔹 Kazakhstan and Spain Develop Partnership in the Field of Nuclear Safety @PressMFAKZ
❗️Полиция ескертеді: Көшедегі күмәнді QR-кодтардан сақ болыңыз QR-кодтар бүгінде күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Алайда алаяқтар да осы технологияны өз пайдасына қолданып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануда. Көшеде, аялдамаларда…
❗️Полиция ескертеді: Көшедегі күмәнді QR-кодтардан сақ болыңыз QR-кодтар бүгінде күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Алайда алаяқтар да осы технологияны өз пайдасына қолданып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануда. Көшеде, аялдамаларда, подъездерде немесе жарнама ілуге арналған тақтайшаларда орналасқан QR-кодтарды сканерлемес бұрын олардың қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Себебі қылмыскерлер түпнұсқа кодтың орнына өздерінің жалған QR-кодын жапсырып, адамдарды қауіпті сайттарға бағыттауы мүмкін. Мұндай сілтемелердің мақсаты әртүрлі болуы ықтимал. Сіздің жеке мәліметтеріңізді немесе банк карталарының деректерін алуға тырысады. Көп жағдайда азаматтар төлемді дұрыс жасадым деп ойлағанымен, қаражат алаяқтардың есепшотына аударылып кетеді. Күмәнді QR-кодтардың негізгі белгілері: — QR-код басқа жарнаманың үстіне жапсырылған; — хабарландыруда ресми емес безендіру болуы мүмкін; — "Сыйлық алыңыз", "Тек бүгін", "Жедел сканерлеңіз" сияқты асықтыратын мәтіндер жазылған; — ұйымның атауы немесе байланыс деректері көрсетілмеген. Өзіңізді қалай қорғауға болады? ✔ белгісіз QR-кодтарды себепсіз сканерлемеңіз; ✔ сілтеме ашылар алдында оның интернет-мекенжайын мұқият тексеріңіз; ✔ күмәнді сайттарға жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтерін немесе SMS арқылы келген растау кодтарын енгізбеңіз; ✔ белгісіз қосымшаларды орнатуға немесе құрылғыға қосымша рұқсаттар беруге келіспеңіз; ✔ төлем жасау кезінде QR-кодтың ресми ұйымға тиесілі екеніне көз жеткізіңіз. Егер күмәнді QR-кодты сканерлеп, жеке немесе қаржылық деректеріңізді енгізіп қойған болсаңыз, банкке дереу хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз. ⚡️ Полиция барша азаматты сақ болуға шақырады! #ЗАҢМЕНТӘРТІП 📱 POLISIA.KZ
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхе экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Германияның федералды экономика және энергетика…
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхе экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен кездесті. Жиында экономика, инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика және аса маңызды минералдар салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. «Қазақстан үшін Германия Еуропалық Одақтағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестердің бірі саналады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Германиямен ынтымақтастыққа үлкен мән береді. 2025 жылы өзара сауда көлемі $4,4 млрд-қа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,5%-ға артты. Алдағы кезеңдедегі басты міндетіміз – екі ел арасындағы дәстүрлі сауда-инвестициялық ынтымақтастықты неғұрлым дамыған өнеркәсіптік және технологиялық кооперацияға айналдыруды қамтамасыз ету. Біз өндірісті локализациялау, технологиялар трансфері және жоғары білікті кадрлар даярлау арқылы өнеркәсіп кооперациясын жаңа деңгейге шығаруға мүдделіміз», — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов. Бұл бағытта CLAAS және Horsch компанияларының Қазақстандағы ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласындағы тәжірибесі атап өтілді, бұл өндірісті кезең-кезеңімен локализациялау моделінің тиімділігін көрсетті. Аталған модель өнеркәсіптің басқа салаларына да кеңінен енгізілуі мүмкін. Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхе Қазақстанның даму серпініне оң баға беріп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуеті барын атап өтті. Германия тарапы өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша Қазақстанмен практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі екендерін білдірді. «Біздің елдерімізді ұзақ жылдарға созылған берік әрі сенімді ынтымақтастық байланыстырады. Сауданы ғана емес, өнеркәсіптік кооперацияны да дамыту, Қазақстанда жаңа өндірістер ашу маңызды. Германиялық компаниялар Қазақстан экономикасына белсенді түрде инвестиция салып келеді, алайда мен бұл әлі де мүмкіндіктердің шегі емес екеніне сенімдімін. Біздің өзара іс-қимылымыздың әлеуеті әлдеқайда кең, сондықтан екі елдің экономикасы мен мемлекеттердің мүддесі үшін бұдан да ауқымды нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Бүгінде Қазақстан өңірдегі жетекші экономика болып саналады. Қазақстанның даму жолы шынымен де ерекше әсер қалдырады. Дәстүрлі өнеркәсіппен қатар, сіздер жасанды интеллектіні дамытуға, цифрландыруға және цифрлық мемлекетті қалыптастыруға да ерекше көңіл бөліп отырсыздар. Біздің серіктестігіміз көптеген бағыттарды қамтиды», — деп атап өтті Катерина Райхе. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстан мен Германия арасында жаңа жобаларды іске қосу жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады. Анықтама: 2026 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда көлемі $1,4 млрд-қа жетті, бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 5,9%-ға артық. 2005 жылдан бері Қазақстанға шамамен $7,8 млрд герман инвестициясы тартылды. Өткен жылы Германиядан инвестиция 28,5%-ға өсіп, $700 млн-ды құрады. Елімізде герман капиталының қатысуымен 1100-ден астам жұмыс істеп тұрған кәсіпорын бар, 23 бірлескен инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 📱@KZgovernment
🔹 Еуропарламент Қазақстан Президентінің Брюссельге сапарының қорытындыларын құптап, қол жеткізілген уағдаластықтарды қолдайтынын растады 🔸 В Европейском парламенте приветствовали итоги визита Президента Казахстана в Брюссель и подтвердили поддержку достигнутых договорённостей 🔹 The European Parliament Welcomed the Results of the Visit of the President of Kazakhstan to Brussels and Confirmed Support for the Reached Agreements @PressMFAKZ
🤝 Члены делегаций двух стран обменялись следующими межгосударственными и межведомственными документами: 1. Меморандум о взаимопонимании между Министерством культуры и информации Республики Казахстан и Министерством культуры Грузии о сотрудничестве в области культуры; 2. Меморандум о взаимном сотрудничестве между Министерством искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан и Министерством экономики и устойчивого развития Грузии; 3. Меморандум о взаимопонимании между Министерством туризма и спорта Республики Казахстан и Министерством экономики и устойчивого развития Грузии о сотрудничестве в сфере туризма. t.me/aqorda_resmi
🤝Екі елдің делегация мүшелері мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Грузия Мәдениет министрлігі арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум; 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇬🇪По итогам переговоров Касым-Жомарт Токаев и Ираклий Кобахидзе приняли Совместное заявление об установлении стратегического партнерства между Республикой Казахстан и Грузией t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇬🇪Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қабылдады t.me/aqorda_resmi