Life News Новостной агрегатор

Минобороны РК » публикация №33254

Источник: Минобороны РК
Минобороны РК » публикация №33254

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына баса мән беретінін жеткізді – Алдымызда стратегиялық маңызды міндет тұр. Мемлекетіміздің басты құндылықтарын жете түсініп, жүрекпен қабылдайтын жастар тәрбиелеуіміз керек. Бұл құндылықтар – Тәуелсіздік пен Егемендік, елдің аумақтық тұтастығы, азаматтарымыздың заңды құқықтары мен бостандықтары, Қазақстанды Әділ, Құқықтық және Озық мемлекетке айналдыру. Әскер қатарындағы қызмет шынайы патриоттарды тәрбиелейтін маңызды, тіпті, басты мектепке айналғаны жөн. Дәл осы себепті әскери дәстүрлерді «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» қағидатына сай жаңғырту жөніндегі бастамаға қолдау білдірдім. Бұдан былай әскерге шақыру, ант қабылдау және әскери қызметтен босату секілді үш кезең мемлекеттік протокол тәжірибесіне сәйкес жаңа форматта, ерекше салтанатпен ұйымдастырылады. Мұндай есте қаларлық рәсімдер аталған іс-шаралардың мән-маңызын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады. Сонымен қатар жастар арасында және жалпы қоғамда әскердің беделін айтарлықтай көтереді. Сарбаз болу – зор мәртебе. Қарулы күштер сапында борышын өтеген әр азамат көпшілік құрметіне бөленуі керек. Баршамыз бірге күш жұмылдырсақ, ата-аналар әскери саланы таңдаған ұл-қыздарын мақтан тұтатындай жағдайға жететінімізге сенімдімін. Басқаша айтқанда, Отан алдындағы жауапкершілік барлық салада жоғары деңгейде адал еңбек етуден көрінеді. Әскери қызмет те осы санатта. Мемлекеттік рәміздерге құрмет және азаматтық жауапкершілік жастар дүниетанымының өзегіне айналуға тиіс. Соғыс өрті тұтанып, әскери қақтығыстар ушыққан, мемлекеттер санкциядан көз ашпаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Әлемдегі ахуалды алдын ала болжау барған сайын қиындап барады. Осындай кезде ел келешегіне енжар қараудың салдары кейін өзімізге ауыр тиюі мүмкін, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

Aqorda » публикация №33777
Aqorda » публикация №33777

Aqorda ·

Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжді аралау 📍Ақмола облысы, Щучинск қаласы **** Посещение Военного колледжа имени Шокана Уалиханова 📍город Щучинск, Акмолинская область 🎦 t.me/aqorda_resmi


ҚТЖ PRESS » публикация №13447
ҚТЖ PRESS » публикация №13447

ҚТЖ PRESS ·

🗣Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды 🔵26 маусымда Шу және Есіл локомотив пайдалану деполарының локомотив бригадалары кәсіби іс-қимылдарының арқасында теміржол өткелдерінде екі жол-көлік оқиғасының алдын алды. 🔵Сағат 08:32-де Тобыл – Есіл учаскесінің Аманқарағай-Құсмұрын аралығында 97 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі КамАЗ жүк көлігінің кенеттен жолға шығуына байланысты күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінің алдында шұғыл тежеуді қолданды. Локомотив бригадасының дер кезінде әрекет етуінің арқасында соқтығысуға жол берілмеді. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Өткел жылжымалы дабылмен: көлденең орналасқан екі қызыл шамы бар бағдаршамдармен және дыбыстық дабылмен жабдықталған. 🔵Сағат 08:41-де осындай жағдай Шу – Шығанақ учаскесінің Жиделі – Берлік аралығында орын алды. Жүк пойызының машинисі Toyota Land Cruiser көлігінің күзетілмеген теміржол өткеліне шығып кетуінен кейін төтенше тежеуді қолданды. Соқтығысудың алды алынды. Пойыздың кешігуі 6 минутты құрады. 🔵«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Пойыздың салмағы едәуір ауыр, ал оның тежегіш жолы 1000 метрден асуы мүмкін, сондықтан құрамды бірден тоқтату мүмкін емес. 🔵Теміржол өткеліндегі әрбір ережені бұзу жүргізушілердің, автомобиль және пойыздар жолаушыларының өміріне нақты қауіп төндіреді. 🔵Тек кәсіпқойлықтың, зейіннің және локомотив бригадаларының жедел әрекеттерінің арқасында екі жағдайда да қайғылы салдарға жол берілмеді. 🔵Екі жағдай бойынша да ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. 🔵Оқиғалардың алдын ала себебі – автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы. ➖➖➖ 🗣Локомотивные бригады депо Шу и Есиль предотвратили столкновения на железнодорожных переездах 🔵26 июня локомотивные бригады эксплуатационных локомотивных депо Шу и Есиль благодаря профессиональным действиям предотвратили два дорожно-транспортных происшествия на железнодорожных переездах. 🔵В 08:32 на участке Тобол – Есиль, на перегоне Аманкарагай – Кушмурун, машинист пассажирского поезда, следовавшего со скоростью 97 км/ч, применил экстренное торможение перед неохраняемым регулируемым железнодорожным переездом из-за внезапного выезда грузового автомобиля КамАЗ. Благодаря своевременным действиям локомотивной бригады столкновения удалось избежать. Водитель автомобиля скрылся с места происшествия. Переезд оборудован переездной сигнализацией: светофорами с двумя горизонтально расположенными попеременно мигающими красными огнями и звуковой сигнализацией. 🔵В 08:41 аналогичный случай произошёл на участке Шу – Шыганак, на перегоне Жиделі – Берлік. Машинист грузового поезда применил экстренное торможение после выезда на неохраняемый железнодорожный переезд автомобиля Toyota Land Cruiser. Наезда удалось избежать. Задержка движения поезда составила 6 минут. 🔵АО «НК «Қазақстан темір жолы» призывает водителей строго соблюдать Правила дорожного движения при пересечении железнодорожных переездов. Поезд имеет значительную массу, а его тормозной путь может превышать 1000 метров, поэтому мгновенно остановить состав невозможно. 🔵Каждое нарушение правил на железнодорожном переезде создаёт реальную угрозу жизни водителей, пассажиров автомобилей и поездов. Только благодаря профессионализму, внимательности и оперативным действиям локомотивных бригад в обоих случаях удалось избежать трагических последствий. 🔵По обоим случаям информация передана в правоохранительные органы. 🔵Предварительная причина происшествий — нарушение Правил дорожного движения водителями автотранспортных средств.


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20707
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20707

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

Мәжіліс төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде. __ Председатель Мажилиса подписал Распоряжение о созыве совместного заседания Палат Парламента Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов подписал Распоряжение о созыве совместного заседания Палат Парламента Республики Казахстан. «В соответствии с подпунктом 2) пункта 4 статьи 58 Конституции Республики Казахстан созвать совместное заседание Палат Парламента Республики Казахстан 30 июня 2026 года в 11.00 часов в городе Астане», – говорится в тексте Распоряжения. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram


ТРК Президента » публикация №12455
ТРК Президента » публикация №12455

ТРК Президента ·

📍Президентіміз Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты Қасым-Жомарт Тоқаев оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, кадеттердің даярлық деңгейін, әскери техникалар көрмесін және жастарға арналған Aibyn App цифрлық платформасын көрді. 🤝 Сондай-ақ Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды. @ptrkkz


Минобороны РК » публикация №33284
Минобороны РК » публикация №33284

Минобороны РК ·

Президент посетил Военный колледж имени Шокана Уалиханова 🟦Глава государства ознакомился с деятельностью Военного колледжа министерства обороны Республики Казахстан имени Шокана Уалиханова. 🟦Касым-Жомарту Токаеву продемонстрировали показательные выступления участников сбора на полосе препятствий «Айбын», созданной по аналогии с полосой препятствий Dubai SWAT Challenge, и тренировочную зону по практической стрельбе Action Air. 🟦Затем Президенту представили цифровую платформу патриотического воспитания молодежи Aibyn App и библиотеку колледжа. 🟦Кроме того, Глава государства осмотрел учебно-лабораторный корпус, в котором кадеты занимаются на симуляционных тренажерах отечественного производства. 🟦Здесь также состоялся показ современных образцов военной техники, включая бронированную машину казахстанского производства «Арлан» и современные технологии беспилотной авиации. 🟦В завершение Касым-Жомарт Токаев вручил ключи от автобуса начальнику военного колледжа Айбеку Габдрахову. ➡️Кадетский корпус министерства обороны был образован Указом Президента от 1 июля 1996 года. В 2000 году учебному заведению было присвоено имя выдающегося казахского ученого и офицера Шокана Уалиханова. В 2020 году Кадетский корпус был переименован в Военный колледж имени Шокана Уалиханова. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33776
Aqorda » публикация №33776

Aqorda ·

Президент посетил Военный колледж имени Шокана Уалиханова 🟦Глава государства ознакомился с деятельностью Военного колледжа министерства обороны Республики Казахстан имени Шокана Уалиханова. 🟦Касым-Жомарту Токаеву продемонстрировали показательные выступления участников сбора на полосе препятствий «Айбын», созданной по аналогии с полосой препятствий Dubai SWAT Challenge, и тренировочную зону по практической стрельбе Action Air. 🟦Затем Президенту представили цифровую платформу патриотического воспитания молодежи Aibyn App и библиотеку колледжа. 🟦Кроме того, Глава государства осмотрел учебно-лабораторный корпус, в котором кадеты занимаются на симуляционных тренажерах отечественного производства. 🟦Здесь также состоялся показ современных образцов военной техники, включая бронированную машину казахстанского производства «Арлан» и современные технологии беспилотной авиации. 🟦В завершение Касым-Жомарт Токаев вручил ключи от автобуса начальнику военного колледжа Айбеку Габдрахову. ➡️Кадетский корпус министерства обороны был образован Указом Президента от 1 июля 1996 года. В 2000 году учебному заведению было присвоено имя выдающегося казахского ученого и офицера Шокана Уалиханова. В 2020 году Кадетский корпус был переименован в Военный колледж имени Шокана Уалиханова. t.me/aqorda_resmi







Минобороны РК » публикация №33268
Минобороны РК » публикация №33268

Минобороны РК ·

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды 🟦Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты. 🟦Президентке халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған «Айбын» кедергілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтайтын Action Air дайындық алаңы көрсетілді. 🟦Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы таныстырылды. 🟦Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы оқу-зертхана кешенін аралап көрді. Мұнда кадеттер елімізде құрастырылған симуляциялық қондырғыларда жаттығады. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық «Арлан» брондалған көлігі және ұшқышсыз авиация қондырғылары секілді заманауи әскери техникалардың үлгілері көрсетілді. 🟦Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды. ➡️Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы Президенттің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен құрылған. 2000 жылы оқу орнына қазақ ғалымы және офицері Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. 2020 жылы Кадет корпусының атауы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж болып ауысты. t.me/aqorda_resmi





Aqorda » публикация №33760
Aqorda » публикация №33760

Aqorda ·

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды 🟦Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты. 🟦Президентке халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған «Айбын» кедергілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтайтын Action Air дайындық алаңы көрсетілді. 🟦Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы таныстырылды. 🟦Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы оқу-зертхана кешенін аралап көрді. Мұнда кадеттер елімізде құрастырылған симуляциялық қондырғыларда жаттығады. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық «Арлан» брондалған көлігі және ұшқышсыз авиация қондырғылары секілді заманауи әскери техникалардың үлгілері көрсетілді. 🟦Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды. ➡️Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы Президенттің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен құрылған. 2000 жылы оқу орнына қазақ ғалымы және офицері Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. 2020 жылы Кадет корпусының атауы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж болып ауысты. t.me/aqorda_resmi


Минобороны РК » публикация №33267
Минобороны РК » публикация №33267

Минобороны РК ·

«Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны 📍 Ақмола облысы, Щучинск қаласы **** ХІI Международный военно-патриотический сбор молодежи «Айбын» 📍город Щучинск, Акмолинская область 🎦 t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33759
Aqorda » публикация №33759

Aqorda ·

«Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны 📍 Ақмола облысы, Щучинск қаласы **** ХІI Международный военно-патриотический сбор молодежи «Айбын» 📍город Щучинск, Акмолинская область 🎦 t.me/aqorda_resmi


UKIMET » публикация №24664
UKIMET » публикация №24664

UKIMET ·

Парламент 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін тыңдады 📌 Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін тыңдады. Есепті кезеңде Үкімет негізгі бюджеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті. Шығыстардың әлеуметтік бағыты сақталды, ұлттық жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау, халықтың табысын арттыру және мемлекеттік қаржының орнықтылығын нығайту шаралары қабылдануда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы тұрақты оң серпінді сақтап қалды, ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің артуы $15 млрд-ты құрады. Экономикалық өсу аясында орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жетті, бұл ретте жұмыссыздық деңгейі жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды. Еңбекақының ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 30%-дан асты. Алдағы уақытта жұмыс осы көрсеткішті орташа әлемдік деңгейге 40% жақындатуға бағытталады. ➖ Парламент принял отчет Правительства об исполнении республиканского бюджета за 2025 год На совместном заседании палат Парламента депутаты приняли отчет Правительства об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. В отчетном периоде Правительством обеспечено исполнение ключевых бюджетных обязательств, сохранена социальная направленность расходов, продолжена реализация национальных проектов, а также приняты меры по поддержке экономического роста, повышению доходов населения и укреплению устойчивости государственных финансов. По итогам 2025 года экономика Казахстана сохранила устойчивую положительную динамику: рост ВВП составил 6,5%, а в стоимостном выражении его объем увеличился на $15 млрд. На фоне экономического роста среднемесячная заработная плата достигла 442 тыс. тенге, при этом уровень безработицы в течение года сохранялся на уровне 4,6%. Доля оплаты труда в ВВП ориентировочно превысила 30%. В дальнейшем работа будет направлена на приближение данного показателя к среднемировому уровню в 40%. 📱@KZgovernment


ҚТЖ PRESS » публикация №13443
ҚТЖ PRESS » публикация №13443

ҚТЖ PRESS ·

📍Ақтау портындағы түбін тереңдету ТХКБ маршрутының өткізу қабілетін арттырады ✅Ақтау теңіз портында кемежай акваториясын тереңдету жобасы аясында геодезиялық зерттеу жұмыстары аяқталды. ✅Теңіз айлағы акваториясының түбін тереңдету Транскаспий халықаралық көлік бағдарының өткізу қабілетін және кеме қатынасының қауіпсіздігін арттырады. Порт акваториясында тереңдету 6-7 метрге дейін ұлғайтылады, бұл кемелердің толық жүктелуін қамтамасыз етуге және жүктерді өңдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. ✅Дайындық кезеңі шеңберінде мамандандырылған түбін тереңдету флотын, техника мен жабдықтарды жұмылдыру жүргізілуде. Сонымен қатар, жуу картасының учаскесінде қоршау бөгетінің құрылысы жалғасуда. Бүгінгі таңда құрылыстың жалпы ұзындығы 785 метр болған кезде 680 метр төгу орындалды. ✅Негізгі тереңдету жұмыстарының басталуы ағымдағы жылдың шілде айының екінші жартысына жоспарланған. Жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда. ➖➖➖ 📍Дноуглубление в порту Актау повысит пропускную способность маршрута ТМТМ ✅В морском порту Актау завершены геодезические изыскания в рамках проекта по дноуглублению акватории порта. ✅Дноуглубление акватории морской гавани повысит пропускную способность Транскаспийского международного транспортного маршрута и безопасность судоходства. Проходная осадка в акватории порта будет увеличена до 6-7 метров, что позволит обеспечить полную загрузку судов и повысить эффективность обработки грузов. ✅В рамках подготовительного этапа ведется мобилизация специализированного дноуглубительного флота, техники и оборудования. Одновременно на участке карты намыва продолжается строительство ограждающей дамбы. На сегодняшний день выполнена отсыпка 680 метров при общей протяженности сооружения 785 метров. ✅Начало основных дноуглубительных работ запланировано на вторую половину июля текущего года. Полностью завершить проект планируется до конца текущего года.




Минобороны РК » публикация №33255
Минобороны РК » публикация №33255

Минобороны РК ·

Как подчеркнул Касым-Жомарт Токаев, Казахстан уделяет большое внимание всестороннему развитию подрастающего поколения – Перед нами стоит задача стратегической важности – воспитывать молодежь, которая понимает и близко к сердцу воспринимает главные ценности нашего государства: Независимость, Суверенитет, территориальную целостность страны, законные права и свободы наших граждан, превращение Казахстана в Справедливое, правовое, прогрессивное государство. Служба в армии должна стать важнейшим, ключевым этапом воспитания подлинных патриотов. Поэтому я поддержал инициативу, направленную на модернизацию армейских традиций в соответствии с принципом: «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» («Ответственный гражданин – Воин – Защитник Отечества»). Отныне три главных этапа воинской службы – призыв, принятие присяги и демобилизация – будут проходить в новом формате, торжественно в соответствии с государственной протокольной практикой. Новый церемониал придаст этим важным вехам особое значение и символизм, укрепит преемственность поколений и существенно повысит авторитет армии как среди молодежи, так и в обществе в целом. Быть солдатом – это высокая честь, и каждый, кто достойно отслужил в рядах Вооруженных сил, должен пользоваться почетом и признанием нашего общества. Мы все вместе сделаем так, чтобы родители гордились своими сыновьями и дочерьми, выбравшими воинскую стезю. Другими словами, деятельный, ответственный патриотизм –это добросовестная работа на всех участках, включая воинскую службу. Уважение к государственным символам и гражданская ответственность должны стать основой мировоззрения каждого молодого человека. В современном мире, где бушуют войны, разгораются военные конфликты, налагаются санкции на государства, а глобальная обстановка становится все более непредсказуемой, равнодушие к собственной стране может обернуться тяжелыми последствиями для нас самих, для наших граждан, – подчеркнул Глава государства. t.me/aqorda_resmi


Минобороны РК » публикация №33258
Минобороны РК » публикация №33258

Минобороны РК ·

Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының аяқталуымен құттықтады – Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының «Ерлік – елдің қасиеті» деген қанатты сөзі бар. Елге қызмет білімге ұмтылудан, қоршаған ортаға қамқор болудан, келешек алдындағы жауапкершілікті терең сезінуден басталады. Сондықтан әрбір Отан қорғаушы азамат көзі ашық, көкірегі ояу, елге жанашыр, антқа адал, талапты әрі табанды болуға тиіс. Осы күндері сіздер нағыз достық пен өзара құрметтің, ұйымшылдық пен мызғымас бірліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Жарайсыздар! Жеңімпаз болған командаларды шын жүректен құттықтаймын! Рухты жастардың осылай бір алаңда бас қосып, тәжірибе алмасуы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен сенімді нығайта түсері сөзсіз. Әр сарбаздың айбыны асқақ болсын! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанның аспаны ашық, болашағы жарқын болсын! – деп түйіндеді сөзін Президент. t.me/aqorda_resmi


Минобороны РК » публикация №33256
Минобороны РК » публикация №33256

Минобороны РК ·

Президент елімізде жасақталған «Жас сарбаз» қозғалысының айрықша рөліне назар аударды – Озық құндылықтарды дәріптейтін ұйымның қатарында 280 мыңнан астам мектеп оқушысы және студент бар. Әскери-патриоттық бірлестіктерде тәрбие алған азаматтардың көбі болашақ өмірін әскери қызметпен, құқық қорғау органдарымен және ұлттық қауіпсіздік жүйесімен байланыстырады. Мен Мемлекет басшысы ретінде жастарымыздың осындай ұмтылысын толық қолдаймын. Сіздердің араларыңызда қазірдің өзінде елеулі табысқа қол жеткізіп, құрдастары мен ізінен ерген інілеріне үлгі көрсетіп жүрген жандар бар. Бүгін осы жиынға Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтын тәмамдаған үздік түлек Арман Оңдасынов қатысып отыр. Жақында Мемлекеттік рәміздер күні аясында оған аға лейтенант офицерлік атағын өз қолыммен табыстадым. Сонымен қатар бүгінгі іс-шараға «Айбын» халықаралық жарысының өткен жылдардағы жеңімпаздары келді. Жыл сайынғы әскери-патриоттық жиында еліміздің әр өңірінің және достас елдердің талантты жастары бас қосады. Мұның мәні зор. Орайлы сәтті пайдаланып, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдерінен келген қонақтарымызға бастаманы қолдап, оған белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Мемлекет басшысы аталған ауқымды жоба осы жылдар аралығында нағыз патриотизм мектебіне айналғанын, мыңнан аса жігіттер мен қыздарды бір тудың астына біріктіргенін айтты. – Жастар мұнда әділ бәсекеге түсіп, темірдей тәртіптің не екенін біледі. Қысылтаяңда бір-біріне қол ұшын созуға және командада жұмыс істеуге үйренеді. Жарыстар тек физикалық төзімділік пен күшті ғана сынап қоймайды, ақыл-ой ұшқырлығын, тапқырлық пен шығармашылық қабілетті де шыңдайды. Сондықтан «Айбын» жиынының ең басты миссиясы – Қарулы күштер қатарында кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалды элита қалыптастыру. Мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтады. Өзара тілеулeстікті күшейтіп, халықтарымыз арасындағы достық, бірлік және түсіністік қағидаттарының беки түсуіне септігін тигізеді, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi


Минобороны РК » публикация №33257
Минобороны РК » публикация №33257

Минобороны РК ·

Далее в выступлении был отмечен вклад движения «Жас сарбаз» в патриотическое воспитание молодежи – Важную роль в формировании прогрессивной системы ценностей играет движение «Жас сарбаз», объединяющее в своих рядах более 280 тысяч школьников и студентов по всей стране. Многие участники военно-патриотических клубов связывают свою судьбу с военной службой, правоохранительными органами и системой национальной безопасности. Как Глава государства я всецело поддерживаю это стремление нашей молодежи. Некоторые из вас уже добились серьезных успехов и являются примером для своих последователей и сверстников. Здесь среди нас находится лучший выпускник Военного института Сухопутных войск имени Сагадата Нурмагамбетова – Арман Ондасынов. Недавно, в День государственных символов, я лично присвоил ему первое офицерское звание – старший лейтенант. На сегодняшнем мероприятии также присутствуют победители международных состязаний «Айбын» прошлых лет. Особую ценность имеет то, что наши ежегодные военно-патриотические сборы объединили талантливую молодежь из разных регионов Казахстана и дружественных государств. Пользуясь случаем, хочу выразить признательность нашим гостям из России, Узбекистана, Кыргызстана, Азербайджана за активное участие и поддержку данной инициативы, – сказал Глава государства. ✔️По словам Президента, этот масштабный проект стал настоящей школой патриотизма, собрав под своими знаменами свыше тысячи парней и девушек. – Здесь в условиях честной борьбы молодые люди познают основы железной дисциплины, учатся чувству локтя и оттачивают умение работать в команде. Сами состязания служат проверкой не только физической выносливости и силы, но и гибкости ума, смекалки и творческого потенциала. Поэтому главная миссия сборов «Айбын» – формирование высокопрофессиональной, интеллектуальной элиты Вооруженных сил. Такие встречи укрепляют международное сотрудничество, развивают дух солидарности и способствуют дальнейшему укреплению дружбы, единства и взаимопонимания между народами, – считает Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi


Минобороны РК » публикация №33248
Минобороны РК » публикация №33248

Минобороны РК ·

Мемлекет басшысы «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты. ✔️«Айбын-2026» бағдарламасына әскери-спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар енді. Биылғы жиын Қазақстанның бірнеше аймағынан, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 50-ден астам команданың басын қосты. ✔️Мемлекет басшысы бұл өскелең ұрпақтың рухын шыңдайтын, оларды отаншылдыққа тәрбиелейтін өте маңызды іс-шара екенін атап өтті. – Байрақты бәсекеде еліміздің ең мықты, ең жігерлі жас сарбаздары лайықты өнер көрсетті. Сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген достас, бауырлас мемлекеттердің жастары бақ сынады. Бүгін мен бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Дүбірлі дода еліміз үшін шын мәнінде аса маңызды кезеңде өтіп жатыр. Наурыз айында Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл – мемлекетіміздің келешегін айқындайтын, ұлтымыздың тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұтас жұртымыздың арман-мұратын тоғыстырған Ата заң, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды. Кез келген елдің болашағы – өздеріңіз секілді отаншыл, білімді, еңбекқор, жасампаз және батыл жастардың қолында. Қазақстанның беделін арттырып, көшін алға бастайтын да – жалынды жастар! Мен сіздерге зор үміт артамын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi


Минобороны РК » публикация №33250
Минобороны РК » публикация №33250

Минобороны РК ·

Президент 1 шілде күні мемлекетіміздің Бас құжаты – Конституция заңды күшіне енетінін, осылайша, ел дамуының мүлдем жаңа дәуіріне қадам басатынымызды еске салды – Жаңа Конституция барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз қалады. Мұндай күрделі өзгерістер еліміздің 35 жылдық тарихында да, одан бұрын да болған емес. Яғни Қазақстан сапалы ғылым негізінде өркендеу мен технологиялық өрлеу жолына түсті. Дегенмен қоғам бір мақсатқа жұмылып, ынтымақ-бірлік танытпаса, кез келген, тіпті мұқият сараланған мемлекеттік жоспардың өзі қағаз жүзінде қалады. Туған жерге – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ұмтылатын білімді, ерік-жігері мол отаншыл жастар елімізді көркейтеді. Негізгі заңның түпкі мәні де осыдан көрінеді: Конституция шын мәнінде барлық парасатты және жасампаз күштерді, нағыз патриоттарды еліміздің стратегиялық бағдарының, яғни, реформалардың жалпыұлттық жоспары мен мақсаттары төңірегіне біріктіретін берік тұғырнама іспеттес. Жаңа Конституциямыз – барша халықтың, әсіресе, өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық бағдары, өмір жолындағы темірқазығы. Осы бағыттан айнымасақ, қоғамдағы тұрақтылықты сақтаймыз, азаматтарымыз заң мен ел мүддесіне құрметпен қарайтын лайықты өмірге қол жеткізеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi


Минобороны РК » публикация №33251
Минобороны РК » публикация №33251

Минобороны РК ·

Президент напомнил, что 1 июля вступит в силу Основной закон страны, который откроет принципиально новую веху в развитии страны – Новая Конституция уже дала старт масштабной перезагрузке всех государственных и общественных институтов. Таких серьезных преобразований в 35-летней истории нашей страны, и тем более раньше, никогда не было. Речь идет о развитии Казахстана в сторону прогресса, технологичности на основе качественной науки. Стране нужны патриотичные молодые люди, обладающие знаниями и волей, стремлением служить Родине – Республике Казахстан. Но даже самые выверенные государственные планы останутся лишь на бумаге без общественного единства, консолидации, взаимной толерантности, солидарности и сплочения. В этом и заключается фундаментальное значение Основного закона. Конституция – это, по сути, прочная, незыблемая платформа для объединения всех здравых и созидательных сил, настоящих патриотов вокруг общенациональных планов и целей стратегического курса нашей страны, другими словами, курса реформ. Наша Новая Конституция – это нравственный и правовой компас, это жизненный путеводитель, который будет ориентировать всех нас, но, прежде всего, молодое поколение к достижению стабильности в нашем обществе, достойной жизни граждан на основе уважения к закону, интересов всей страны, – заявил Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi


Минобороны РК » публикация №33252
Минобороны РК » публикация №33252

Минобороны РК ·

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің негізгі міндетіміз – кәсіби деңгейі жоғары әскерилерді тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыру» ✔️Мемлекет басшысының айтуынша, патриот болу дегеніміз – мемлекеттің саясаты мен стратегиясын іс жүзінде қолдау, ел игілігіне үлес қосу, туған жердің тағдыры үшін жауапкершілік алу. – Осы қасиетті борыштың қатарында Отан қорғау ерекше, киелі парыз саналады. Әскери қызмет – азаматтықтың белгісі әрі қастерлі конституциялық міндет. Біз Қарулы күштерді дәйекті түрде жаңғыртуды қолға алдық. Армияға және әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар, жасанды интеллект пен даярлықтың озық стандарттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл – заман талабы. Сондықтан қазіргі күрделі сын-қатерлерге төтеп беру үшін дайындығымыз сақадай-сай болуы қажет. Әрбір мүмкіндікті мемлекеттің іргесін бекемдеп, қуатын арттыруға пайдалану керек. Біздің негізгі міндетіміз – кәсіби деңгейі жоғары әскерилерді тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыру. Қазіргі уақытта әскерилер жан-жақты дамыған, қоғам өмірінің барлық саласына үлес қоса алатын үлгілі тұлға екенін көрсетуге тиіс. Бүгін арнайы келген Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжді осындай табысты жұмыстың жарқын мысалы ретінде атауға болады. Биыл оқу орнының құрылғанына 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде колледж сержанттық құрамға 4,5 мыңнан аса жоғары білікті маман даярлады. Бұл бірегей тәжірибе халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi